"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-тарау. "Химия" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет27/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

2-тарау. "Химия" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. "Химия" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиялық реакциялардың энергетикасы;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
6. "Заттардың бөлшектері" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдар, иондар және молекулалар;
2) атом құрамы мен құрылысы;
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы;
4) химиялық байланыстың түрлері.
7. "Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен периодтық жүйе;
2) заттар массасының сақталу заңы;
3) стандартты электрондық потенциалдар.
8. "Химиялық реакциялардың энергетикасы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) химиялық реакцияның жылдамдығы;
3) химиялық тепе-теңдік;
4) қышқылдар мен негіздер теориялары. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
9. "Химия және қоршаған орта" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Жер химиясы;
2) көміртек және оның қосылыстары.
10. "Химия және өмір" бөлімі "Биохимия" бөлімшесінен тұрады.
11. "Химия" оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) "Атом құрылысы. Атом – күрделі бөлшек", радиоактивтілік, энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер, кванттық сандар және орбитальдар;
"Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу" тақырыбына есептер шығару;
2) Периодтар мен топтардағы "Элементтер мен олардың қосылыстарының периодты өзгеруі", период және топ бойынша қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары, периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары;
3) "Химиялық байланыс". Ковалентті байланыс, ковалентті байланыс қасиеттері, гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3, электртерістілік және байланыс полярлығы, иондық байланыс, электронды жұптардың тебісу теориясы, металдық байланыс, сутекті байланыс, кристалдық торлар;
1 зертханалық тәжірибе: "Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) модельдерін құрастыру";
4) "Стехиометрия". Химияның негізгі стехиометриялық заңдары, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса, зат мөлшері, стехиометриялық заңдар;
5) "Термодинамикаға кіріспе". Ішкі энергия және энтальпия, Гесс заңы, Гиббстің бос энергиясы, энтропия;
1 практикалық жұмыс: "Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау";
"Гесс заңы және оның салдарын қолдану" тақырыбына есептер шығару;
6) "Кинетика". Химиялық реакция жылдамдығы, концентрацияның реакция жылдамдығына әсері, қысымның химиялық реакция жылдамдығына әсері, температураның химиялық реакция жылдамдығына әсері, катализ;
"Әрекеттесуші массалар заңы" тақырыбына есептер шығару;
2 практикалық жұмыс: "Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу";
"Вант-Гофф ережесі, химиялық реакциялар жылдамдығы" тақырыбына есеп шығару;
2 зертханалық тәжірибе: "Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу";
7) "Химиялық тепе-теңдік". Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар, Ле-Шателье-Браун принципі, тепе-теңдік константасы, өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік;
3 зертханалық тәжірибе: "Әртүрлі факторлардың динамикалық тепе теңдік күйіне әсерін зерделеу";
"Тепе-теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу". Өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік тақырыбына есептер шығару;
8) "Тотығу-тотықсыздану реакциялары". Электрохимиялық потенциалдар қатары, гальваникалық элементтер, электролиз;
3 практикалық жұмыс: "Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру";
9) "Аналитикалық әдістер". Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер, хроматография;
4 зертханалық тәжірибе: "Қағаз хроматографиясы";
10) "17-топ элементтері". Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары, галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері, сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау, галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы;
5 зертханалық тәжірибе: "Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау";
11) "2 (ІІ)-топ элементтері". 2 (ІІ)-топ элементтерінің физикалық қасиеттері; 2 (ІІ)-топ элементтерінің химиялық қасиетттері; табиғи карбонаттар;
6 зертханалық тәжірибе: "2 (ІІ)-топ элементтері және оның қосылыстары қасиеттерін зерделеу";
4 практикалық жұмыс: "Эксперименттік есептер шығару";
12) "Органикалық химияға кіріспе". Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы, функционалдық топтар, гомологтық қатар, алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы, изомерия түрлері, алкандар, алкандардың жану өнімдері, алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі, галогендеу, циклоалкандар;
7 зертханалық тәжірибе: "Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру";
"Жану өнімдері және гомологиялық қатар бойынша заттардың молекулярлық формулаларын анықтау" тақырыбына есептер шығару.
13) "Қанықпаған көмірсутектер". Алкендердің құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті, стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z); алкендердің, алкадиендердің, алкиндердің қосылу реакциялары, мұнайдың құрамы, мұнай өнімдерін өңдеу әдістері, табиғи газ және көмір, олардың өндірудегі негізгі өнімдер, полимеризация;
8 зертханалық тәжірибе: "Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция";
14) "Галогеналкандар". Галогеналкандарды алу, галогеналкандардың элиминирлеу реакциялары;
15) "Спирттер: біратомды, көпатомды спирттер". Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері, этил спиртін өнеркәсіптік өндіру, фенол, оның құрылысы мен қасиеттері;
9 зертханалық тәжірибе: "Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар";
1 көрсетілім: "Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу";
12. "Химия" оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) Ароматты қосылыстар қатары". Бензол молекуласының құрылысы, бензол және оның гомологтарын алу, бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері;
1 зертханалық тәжірибе: "Бензол молекуласының моделін құрастыру";
2) "Циклді қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы". Ароматты және гетероциклді қосылыстар үшін IUPAC номенклатурасы, Ассимметриялық көміртегі атомы, кеңістіктік изомерлер;
3) "Карбонилді қосылыстар". Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы, альдегидтер мен кетондардың, карбон қышқылдарының алынуы және қасиеттері, этерификация реакциясы, күрделі эфирлер және сабын;
2 зертханалық тәжірибе: "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу";
3 зертханалық тәжірибе: "Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері";
4) "Аминдер және аминқышқылдары". Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы, аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы, аминқышқылдарының құрамы, құрылысы, биологиялық рөлі, аминқышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттері;
4 зертханалық тәжірибе: "Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру";
5 зертханалық тәжірибе: "Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртек атомын анықтау";
6 зертханалық тәжірибе: "Аминқышқылдар қасиеттері";
5) "Тірі ағза химиясы". Көмірсулардың жіктелуі және олардың құрылысы, көмірсулардың қасиеттері және қолданылуы, нәруыздар, нәруыз молекулаларының құрылымы, полипептидтер құрылымын анықтау, ферменттер ролі және қолданылуы, ДНҚ құрылымы, ATФ және энергия, биологиялық маңызды металдар, қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы, ауыр металдардың нәруыздарға әсері;
7 зертханалық тәжірибе: "Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция";
1 практикалық жұмыс: "Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары";
8 зертханалық тәжірибе: "ДНҚ моделін жасау";
6) "Синтетикалық полимерлер". Жоғары молекулалы қосылыстар, полимерлену реакциясы, поликонденсация реакциялары, полиамидтер мен полиэфирлер, пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері;
9 зертханалық тәжірибе: "Полимерлер және олардың қасиеттері";
2 практикалық жұмыс: "Пластмассаларды және талшықтарды тану";
7) "Органикалық синтез". Органикалық қосылыстардағы негізгі функционалдық топтар, органикалық заттардың генетикалық байланысы;
3 практикалық жұмыс: "Экспериментальды есептер шығару";
8) "14-топ элементтері". 14 (ІV)-топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі;
14 (ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері, 14 (ІV)-топ элементтері оксидтерінің қасиеттері, жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері;
10 зертханалық тәжірибе: "Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері";
9) "Азот және күкірт". Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері, аммиак және аммоний тұздары, аммиакты өнеркәсіпте алу, азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы, азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері, күкірттісутек және сульфидтер, күкірт оксидтері, күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері және қолданылуы; күкірт қышқылын алудың жанасу әдісі;
11 зертханалық тәжірибе: "Аммоний, сульфаттар ионына сапалық реакция";
1 көрсетілім: "Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері";
10) "Қышқыл және негіз ерітінділері". Қышқыл және негіздер теориясы, судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш, қышқыл және негіздер күші, диссоциациялану дәрежесі, буферлі ерітінділер; қышқылды-негіздік титрлеу;
4 практикалық жұмыс: "Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу";
11) "Ауыспалы металдар". Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы, кешенді қосылыстар, ауыспалы металдардың биологиялық рөлі, кешенді қосылыстар;
12 зертханалық тәжірибе: "Ауыспалы металдардың кешенді иондарының қасиеттері";
12) "Металдар өндірісі". Металдар және құймаларды алу, электролизді өнеркәсіпте қолдану, химиялық өндірістің ғылыми принциптері, металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары;
13 зертханалық тәжірибе: "Металл бұйымдарды гальваникалық қаптау";
13) "Жаңа заттарды және материалдарды өндіру". Жаңа материалдарды әзірлеу және құру, физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар, дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру, нанотехнология, нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы, жаңа полимерлерді алу, жаңа материалдардың практикалық мәні;
14) "Жасыл химия". "Жасыл химияның" 12 принципі. Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы. Жердің озон қабатының бұзылуы, Ғаламдық жылыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет