"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


- тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет33/61
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82866
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
Байланысты:
v1900018382.07-03-2019.kaz (1)

3- тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
22. Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік санын көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.2 кодында "10" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімше, "2" – оқу мақсатының реттік саны.
1- бөлім:

10- сынып

Өркениет: даму ерекшеліктері


11- сынып

Өркениет: даму ерекшеліктері


Білім алушылар:

10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану

11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану

10.1.1.2 "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу

10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру

11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру

10.1.2.3 өркениеттің индустриалды түрінің ерекшеліктерін түсіндіру

11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау

10.1.2.4 өркениеттің постиндустриалды дамуының ерекшеліктерін түсіндіру

11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау

10.1.2.5 ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау

11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу

10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау

11.1.2.1 мемлекеттер мен аймақтардың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи-географиялық фактордың рөлін негіздеу

10.1.3.2 ежелгі өркениеттердің дамуына діни наным-сенімдердің әсерін анықтау

11.1.2.2 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу

10.1.3.3 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу

11.1.2.3 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау

10.1.3.4 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау

11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау

10.1.3.5 аймақтардың өркениеттік ерекшеліктер трансформациясының себептерін анықтау

11.1.3.2 өлшемшарттар негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу

10.1.3.6 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау

1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау

10.1.3.7 әлемдік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру

11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау

10.1.3.8 әлемдік діндер ілімдеріндегі жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау

11.1.3.5 дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудің ықтимал жолдарын болжау

10.1.3.9 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау






10.1.3.10 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау






10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау






10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау






10.1.4.3 өркениеттерді жақындастыру факторы ретінде дипломатияның маңызын анықтау






10.1.4.4 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау






10.1.4.5 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру






10.1.4.6 отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселелердің себеп-салдарлық байланысын анықтау






10.1.4.7 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау






10.1.4.8 өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау






10.1.4.9 жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалау






2- бөлім:

10- cынып

Этникалық және әлеуметтік процестер


11-сынып

Саяси-құқықтық процестер


Білім алушылар:






10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемелекет" ұғымын қолдану

10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану

11.2.1.2 құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғышарттарын зерттеу

10.2.1.3 этногенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

11.2.1.3 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау

10.2.1.4 Л.Н. Гумилевтің этностардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми көзқарастарының ерекшеліктерін зерттеу

11.2.1.4 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асу ерекшеліктерін салыстыру

10.2.1.5 әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру

11.2.1.5 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу

10.2.1.6 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау

11.2.1.6 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану

10.2.1.7 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени лікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу

11.2.1.7 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының байланысын анықтау

10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік" терминдерін қолдану

11.2.1.8 азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлін анықтау

10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау

11.2.1.9 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау

10.2.2.3 тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын бағалау

11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау

10.2.2.4 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау

11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау

10.2.2.5 қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін бағалау

11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану

10.2.2.6 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу

11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау

10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану

11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқындар" терминдерін қолдану

10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық лаңкестіктің таралу себептері мен салдарларын анықтау

10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру

11.2.3.3 халықаралық қауіпсіздік жүйесінің дамуының ықтимал нұсқаларын болжау

10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу

11.2.3.4 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау






11.2.3.5 қауіпсіз әлем дамуының ықтимал жолдарын болжау

3- бөлім:

10- cынып

Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан


11-сынып

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы


Білім алушылар:

10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану

11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал -демократия", "марксизм", "экзистенциализм", "прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану

10.3.1.2 мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктерін түсіндіру үшін мемлекеттің пайда болу теорияларын салыстыру

11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау

10.3.1.3 тарих контекстінде мемлекеттік құрылыс формасының өзгеруінің заңдылықтарын анықтау және талдау

11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу

10.3.1.4 мемлекеттердің тарихи түрлеріне тән белгілерін анықтай отырып, салыстыру

11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру

10.3.1.5 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру

11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау

10.3.1.6 тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау

11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау

10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру

11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану

10.3.2.2 антикалық дәуірде империялардың пайда болуының себептері мен салдарларын талдау

11.3.2.5 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау

10.3.2.3 эллинизмді таратудағы А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау

11.3.2.6Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану

10.3.2.4 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау

10.3.2.5 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өтудің заңдылығын тұжырымдау

11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану

10.3.2.6 дәйекті қорытындылар жасау арқылы араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтау

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі туралы қорытындылар жасау

10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының салдарларын салыстыру

11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау

10.3.2.8 моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау

11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану

10.3.2.9 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау

11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу

10.3.2.10 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату

11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану

10.3.2.11 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау

11.3.3.8 Қытай Халық Республикасы мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін талдау

10.3.2.12 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру

11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау

10.3.2.13 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау

11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру

10.3.2.14 дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын талдау

11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау

10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау

11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуының ұзақ мерзімді жоспарының тиімділігін дәлелдеу

10.3.3.2 буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру

11.3.3.13 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсынудың өзектілігін негіздеу

10.3.3.3 революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау






10.3.3.4 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу






10.3.3.5 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау






10.3.3.6 социалистік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерін түсіндіру






10.3.3.7 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау






10.3.3.8 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау






10.3.3.9 қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасау






4-бөлім:

10- cынып

Мәдениеттің дамуы


11-сынып

Білім мен ғылымның дамуы


Білім алушылар:

10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу жолдарын түсіндіру

11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу

10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау

11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау

10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау

11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау

10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру

11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау

10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракционизм", "модернизм", "постмодер- низм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреа- лизм", "хайтек" терминдерін қолдану

11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру

10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау

11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу

10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау

11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау

10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау






10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау

11.4.1.8 тарихи даму контекстінде жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды анықтау

10.4.3.1 деректерді талдау негізінде адамзаттың рухани-адагершілік құндылықтардың қалыптасу қайнар көздерін анықтау

11.4.1.9 заманауи жоғарғы білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау

10.4.3.2 дәйекті қорытындылар жасай отырып, қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мысалдарын зерттеу

11.4.2.1 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолдану

10.4.3.3 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау

11.4.2.2 әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерінің анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылық- тарын анықтау

10.4.3.4 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру

11.4.2.3 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау

10.4.3.5 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау

11.4.2.4 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану

10.4.3.6 болашақтағы адамның моральдық бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын болжау

11.4.2.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу






11.4.2.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ықтимал жолдарын болжау






11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу






11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау






11.4.3.3 робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттеу






11.4.3.4 ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану






11.4.3.5 жаңа ғылыми бағытттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау






11.4.3.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлерінің дамуынның маңызын түсіндіру

23. Осы оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.






Жалпы орта білім беру

деңгейінің жаратылыстану-


математикалық бағыттағы


10-11-сыныптарына арналған


"Дүниежүзі тарихы"


оқу пәнінен жаңартылған


мазмұндағы үлгілік оқу


бағдарламасына қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 10-сынып:

Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшеліктері

Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері

"Өркениет" түсінігі

10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану;

10.1.1.2 "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру


Өркениеттердің жіктелуі

Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік

10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру;

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау


Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;

10.1.2.3 өркениеттің индустриалды түрінің ерекшеліктерін түсіндіру


Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі

10.1.2.4 өркениеттің постиндустриалды дамуының ерекшеліктерін түсіндіру;

10.1.2.5 ақпараттық технологиялар дың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау


Әлем өркениеттерінің тарихы

Ежелгі әлем өркениеті

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;

10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау;


10.1.3.2 ежелгі өркениеттердің дамуына діни сенімдердің әсерін анықтау;


10.1.3.3 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу


Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;

10.1.3.2 ежелгі өркениеттердің дамуына діни наным-сенімдердің әсерін анықтау;


10.1.3.4 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін, оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау;


10.1.3.5 аймақтардың өркениеттік ерекшеліктер трансформациясының себептерін анықтау


Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

10.1.3.6 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау;

10.1.3.7 әлемдік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру;


10.1.3.8 әлемдік діндер ілімдеріндегі жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау;


10.1.3.9 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау;


10.1.3.10 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау


Өркениеттердің өзара әрекеттесуі

Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы

10.1.4.1 себеп-салдарлық байланыс ты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау;

10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдар дың рөлін анықтау


Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы

10.1.4.3 өркениеттерді жақындас тыру факторы ретінде дипломатия ның маңызын анықтау;

10.1.4.4 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау


Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы

10.1.4.5 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру;

10.1.4.6 отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселе лердің себеп-салдарлық байланысын анықтау;


10.1.4.7 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау


Мәдениеттер диалогі

10.1.4.8 өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау;

10.1.4.9 жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалау


2-тоқсан

Этникалық және әлеуметтік процестер

Антропогенез және этногенез

Адамның шығу тегі теориялары

10.2.1.1 антропогенездің теорияларын жүйелеу және тұжырымдау

Этностардың пайда болуытуралы теориялар

10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану;

10.2.1.3 этногенездің теорияларын жүйелеу және тұжырымдау;


10.2.1.4 Л.Н. Гумилевтің этностардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми көзқарастарының ерекшеліктерін зерттеу


Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта

10.2.1.5 әлем картасын пайдалана отырып тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру;

10.2.1.6 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау;


10.2.1.7 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени лікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу


Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар

Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары

10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік"терминдерін қолдану;

10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстар дың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау;


10.2.2.3 тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын бағалау


Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері

10.2.2.4 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдар- дың рөлін талдау;

10.2.2.5 қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін бағалау;


10.2.2.6 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу


Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары

Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі

10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану;

10.2.3.2 социгенез теорияларын жүйелеу және тұжырымдау


Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары

10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру;

10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу


3 - тоқсан

Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан

Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер

Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары

10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану;

10.3.1.2 мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктерін түсіндіру үшін мемлекеттің пайда болу теорияларын салыстыру


Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін

10.3.1.3 тарих контекстінде мемлекеттік құрылыс формасының өзгеруінің заңдылықтарын анықтау және талдау;

10.3.1.4 мемлекеттердің тарихи формаларына тән белгілерін анықтай отырып, салыстыру


Саяси режимдердің типтері

10.3.1.5 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру;

10.3.1.6 тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау


Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар

Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы

10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек -парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру;

10.3.2.2 антика дәуірінде империялардың пайда болуының себептері мен салдарларын талдау;


10.3.2.3 эллинизмді таратуда А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау


Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде

10.3.2.4 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау;

10.3.2.5 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау


Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары

10.3.2.6 дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау;

10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының салдарларын салыстыру


Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы

10.3.2.8 моңғол шапқыншылығы ның Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау;

10.3.2.9 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау


Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері

10.3.2.10 наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату;

10.3.2.11 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау


ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері

10.3.2.12 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру;

10.3.2.13 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау;


10.3.2.14 дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын талдау


Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде

Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы

10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау;

10.3.3.2 буржуазиялық революция лардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру;


10.3.3.3 революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау


Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде

10.3.3.3 революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау;

10.3.3.4 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу;


10.3.3.5 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау;


10.3.3.6 социалисттік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру


Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары

10.3.3.7 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау;

10.3.3.8 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау;


10.3.3.9 қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасау


4 - тоқсан

Мәдениеттің дамуы

Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары

Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі

10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіру;

10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау


Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы

10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік- терін анықтау;

10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру;


Өнер – қоғам дамуының бейнесі

Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері

10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракцианизм", "модернизм", "постмодернизм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреализм", "хайтек" терминдерін қолдану;

10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау;


10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау


Зманауи өнердің даму тенденциялары

10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау;

10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау


Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары

Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы

10.4.3.1 деректерді талдау негізінде адамзаттың рухани-моральдық құндылықтарының қалыптасу қайнар көздерін анықтау

Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі

10.4.3.2 дәйекті қорытындыларды жасай отырып, қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеруінің мысалдарын зерттеу;

10.4.3.3 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау


Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі

10.4.3.4 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру;

10.4.3.5 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау;


10.4.3.6 болашақтағы адамның моральдық бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын болжау


2) 11-сынып:

Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаттары.

Білім алушылар тиісті:


1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшеліктері

Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық

Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану;

11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу


Дәстүрлі (аграрлық) экономика

11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау;

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру


Нарықтық экономика

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру;

11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау


Жоспарлы (социалистік) экономика

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру;

11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау


Экономиканың аралас түрі

11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру;

11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу


Мемлекеттің экономикалық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері

Табиғи-географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы

11.1.2.1 мемлекеттер мен аймақтардың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи-географиялық фактордың рөлін негіздеу

Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары

11.1.2.2 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу;

11.1.2.3 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекет тердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау


Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі

Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі

11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау;

11.1.3.2 алғышарттардың негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу


Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары

1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау;

11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау;


11.1.3.5 дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудің ықтимал жолдарын болжау


2-тоқсан

Саяси-құқықтық процестер

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекет түсінігі

11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемлекет" ұғымын қолдану;

11.2.1.2 құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғышарттарын зерттеу


Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі

11.2.1.3 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау;

11.2.1.4 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекет принципте рініңжүзеге асу ерекшеліктерін салыстыру;


11.2.1.5 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу


Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы

11.2.1.6 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану;

11.2.1.7 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының тарихи байланысын анықтау


Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар

11.2.1.8 азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін анықтау;

11.2.1.9 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау


Әлемнің қазіргі саяси жүйесі

Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі

11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау;

11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау


Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі

11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану;

11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау


Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі

Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер

11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқын" терминдерін қолдану;

11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық терроризмнің таралу себептері мен салдарларын анықтау;


11.2.3.3 халықаралық қауіпсіздік жүйесінің дамуының ықтимал нұсқаларын болжау







Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері

11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау;

11.2.3.4 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау;


11.2.3.5 қауіпсіз әлем дамуының ықтимал жолдарын болжау


3 - тоқсан

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы

Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары

11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал-демократия", "марксизм", "экзистенциализм", прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану;

11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау;


11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу


ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер

М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы

11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру;

11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау;


11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау


Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы

11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану;


11.3.2.5 - азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау


Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші

11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.2.5 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азамат- тық позициясының маңыздылығын бағалау;


11.3.2.6 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану


ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың. басындағы көрнекті саясаткер-реформаторлар

Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;

11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану;


11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытын- дылар жасау


Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты"

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау


Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану;


11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу


Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;


11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану;


11.3.3.8 ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдау


Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге"

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау


11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау;


11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру


Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау;


11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігін дәлелдеу;


11.3.3.13 Қазақстан Республикасы ның Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсыну өзектілігін негіздеу


4 тоқсан

Білім мен ғылымның дамуы

Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде

Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері

11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу;

11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау


Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін

11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау;

11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау;


11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру


Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні

11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу;

11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау;


11.4.1.8 тарихи даму контекстінде жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды анықтау;


11.4.1.9 заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау


Ғылыми-техникалық прогресс

Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері

11.4.2.1 мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолдану;

11.4.2.2 мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;


11.4.2.3 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау;


Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары

11.4.2.4 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану;

11.4.2.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу;


11.4.2.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ықтимал жолдарын болжау


Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар

11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу;

11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер дің ықтимал салдарын болжау


Қазіргі ғылымның перспективті салалары

11.4.3.3 робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттеу;

11.4.3.4 ғылымның заманауи тенденция ларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану;


11.4.3.5 жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау;


11.4.3.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру







Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрінің


2019 жылғы 7 наурыздағы


№ 105 бұйрығына 19-қосымша







Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің


2017 жылғы 27 шілдедегі


№ 352 бұйрығына 203-қосымша







Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің


2013 жылғы 3 сәуірдегі


№ 115 бұйрығына 421-қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
2. "Дүниежүзі тарихы" пәнін оқыту өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымын және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған. Тарихты зерделеу патриотизмге тәрбиелеу, білімалушылардың бойында азаматтық-құқықтық сананың қалыптасуына, жалпы мәдениеттік даму, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы әлеуметтенуге септігін тигізеді.
3. Дүниежүзі тарихы пәнін тереңдетіп оқу оқушылардың әлем тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының әртүрлі тарихи кезеңдегі негізгі сұрақтары бойынша түсінік қалыптастыруды көздейді.
4. Оқу пәнінің мақсаты - дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін тереңдете және жан-жақты оқытуын қамтамасыз ету негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
5. Оқу пәнінің міндеттері:
1) әртүрлі тарихи кезеңдегі қоғамдағы негізгі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени мәселелер туралы білімдерді қалыптастыру;
2) тарихи кезеңдер бойы адамзат қалыптастырған патриотизмді, толеранттылықты, гуманистік ғұрыптар мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
3) әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
4) оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
5) тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу қабілетін дамыту;
8) коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет