Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


-2020 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында (7-10 сыныптарға), оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға



бет40/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

2019-2020 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында (7-10 сыныптарға), оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға «JuniorSkills» ерте кәсіптік бағдар беру және мектеп оқушыларына арналған базалық оқыту жобасы жұмысын бастайды.
Бүгінде білім беру ұйымдарында мектеп түлектерінің кәсіптік таңдауы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант көлемімен, мектепте оқытылатын таңдау пәнінің жеңілдігі, ата-анасының және достарының ұсыныстарымен анықталады.
Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілінің бірі білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл жұмыстар мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбиелеу процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі.
Бұл жұмыс үлкен өмірге қадам басқан адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды, ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс.
Қосымша білім беру аясында әр түрлі бағыттағы мамандықты таныстыру кең ауқымда жүргізіледі, олармен таныса отырып жасөспірімдер өз мамандығын саналы түрде таңдауға дайындалады.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымды пайдалануға болады.
Экологиялық тәрбие аясында білім алушылармен білім беру ұйымдары, аудан, қала территориясындағы жасыл алаңдарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор.
Жалпы білім беру ұйымдарына «Экочелендж», «Экоқалқан», «Эко-десант», «Гүлді калейдоскоп», «Ең жасыл кабинет», ««Жасыл» алтын», Плоггинг «Экожүгіру» және т.б. тәрізді жобаларды ауқымды түрде енгізу ұсынылады.
Білім алушының интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мынадай элективті курстарды өткізу ұсынылады. «Жүрек тілімен өткізілетін физика», «Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» элективті курстарын өткізу. Сонымен қатар, зияткерлік іс-шаралар: ойындар, конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мектеп және студенттік медиа орталықтар, балалар БАҚ-ы, сайттар ашу, оқушылар арасында робототехника бойынша кешенді іс-шара, спидкубинг және басқа зияткерлік спорт түрлері бойынша фестивальдер.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру; үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі, халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер
аталған бағытты жүргізудің негізгі механизмі болып табылады.
Көркем-эстетикалық тәрбие аясында оқу орнында біздің мәдени жетістіктерді - кітаптарды, пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын – ертегілер, аңыздар, болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.
Тәрбие жұмысының бесінші бағыты ретінде «Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты» салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құрады.
Жалпы білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу маңызды.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы өткізетін бұқаралық - спорттық іс-шаралар тізіміне сәйкес, білім алушылар 9-дан астам спорт түрлері бойынша ҚР колледждерінің студенттері мен оқушыларының Қысқы ойындарына қатысуы тиіс. Ойын түрлері шаңғы тебу, қысқы президенттік көпсайыс, коньки тебу, шорт-трек, қысқы спорттық бағдарлау, хоккей, бенди (допты хоккей), мәнерлеп сырғанау, футзал.
Республикалық көпсалалы балалар мен жасөспірімдер турнирлеріне және халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы дүниежүзілік Гимназия) қатысуға білім алушыларды кеңірек тарту қажет.
Тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі жасөспірімдердің ұрпақ жаңғырту қабілетін сақтау, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу, АҚТҚ-ның алдын алу, сонымен қатар салауатты өмір салтының негіздері бойынша оқу семинарларын өткізу болып табылады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында әдіскерлер мен мұғалімдерге арналған, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік құралдар орналастырылған: «Қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін оқыту және тәрбиелеу процессіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар», «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша әдіскерлерге арналған нұсқаулық», қауіпсіз білім беру ортасының келесі компоненттері кіріктірілген бастауыш, негізгі орта буын оқу пәндерінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері: «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Табиғи апаттардың қаупін азайту», «Киберқауіпсіздік», «Балалардың жарақат алуының алдын алу», «Экологиялық қауіпсіздік».
Академия әдістемелік жинақта директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдері мен әдіскерлерге мынадай материалдарды ұсынады:

  1. «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы: тәжірибе, бастамалар, әлеуметтендіру» («Жас Ұлан», «Ұлы Дала скауттары», жас патриоттар Академиясы және т.б.) әдістемелік ұсынымдама.

  2. «Мектеп оқушысының кітап оқу іс - әрекеті» әдістемелік ұсынымда.

  3. «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдама

  4. «Ұлттық қазына»: мұражайлардағы «жанды» сабақтар әдістемелік ұсынымдамасы

  5. «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): «Әлеуметтік –тарихи тәжірибе» бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдама

  6. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдама

Осылайша, 2019-2020 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тұтас кешені белсенді өмірлік стратегиясы бар және патриоттық сезімін жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет