Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет11/24
Дата06.12.2022
өлшемі307,85 Kb.
#161480
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
399-өзгерген 4сынып ктж

Өзіңді тексер.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау (Мазмұндама)

4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
4.1.2.1* шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды
өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша, толық, ішінара мазмұндау

1








Болашаққа саяхат

Армандар орындалады

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен
шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету

1











Келешектің ғылымы

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу.

1











Қазыналы жердің болашағы

4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

1











Жақсы тілектер еліне саяхат

4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас
оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

1











Жеті түсті желбір гүл (жалғасы)

4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен
салыстыру

1











Өтірікшілер еліне саяхат

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт
жолды) жазу

1











Роботтың болашағы

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

1











Ғажайыптар еліне саяхат

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс- әрекеті, мінез-құлқының өзгеру
себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

1











Болашақтың кітабы

4.1.2.1* шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды
өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша,
толық, ішінара мазмұндау

1











Жоба сабақ

4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас
оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

1











Өзіңді тексер

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

1











Өзіңді тексер. Бөлім бойынша жиынтық бағалау (Шығарма)

4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен
шығарманың композициялық
құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау

1











Білімді бекіту

4.1.2.1*шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша/ толық/ ішінара мазмұндау

1











Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру; 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.

1











Жылдық қорытындылау

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

1








Математика
Түсінік хат

«Математика» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


«Математика» оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім
алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.
Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:
1) логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
2) оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
3) сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
5) тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
7) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
8) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
4. «Математика» пәнінің оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушының сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
4-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағатты құрайды.
«Математика» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Сандар мен шамалар»: көптаңбалы сандар, натурал сандар қатарындағы санның орны, көптаңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және дөңгелектеу, көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамы, разрядтық қосылғыштардың қосындысы, миллион, бөлшектер, бөлшектерді салыстыру, дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар, пайыз, бүтіннің бөлігін пайызбен көрсету, сандармен амалдар орындау, бөлшектерді қосу және азайту, көбейту мен бөлудің қасиеттері, натурал сандардың жіктелуі, көптаңбалы сандарды қосу және азайту, калькулятор көмегімен есептеулер, 10, 100, 1000-ға бөлу, сандарды көбейту және бөлу, санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге көбейту және бөлу, көптаңбалы сандарды қалдықпен бөлу, аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға түрлендіру, пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру, шамалар және өлшем бірліктері, шамаларды өлшеу, салыстыру және өрнектеу, шетелдік және ұлттық валюта, олармен әрекеттер;
2) «Алгебра элементтері»: сандық және әріптік өрнектер, өрнектерді құрастыру, бірнеше айнымалысы бар өрнектер, бөлшектерді қосу және азайту, бөлшектері бар өрнектерді салыстыру, жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі, қуып жету қозғалысы мен бір бағыттағы қалып қою қозғалысына байланысты формулалар, сандарға қалдықпен бөлу формуласы, теңдіктер мен теңсіздіктер, теңдеулер, қос теңсіздіктер, теңдеулерді шешу;
3) «Геометрия элементтері»: геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі, тікбұрышты үшбұрыш, куб, тікбұрышты параллелепипед және оның элементтері, үшбұрыштардың жіктелуі, тікбұрышты параллелепипедтің көлемі, фигуралардың аудандары, геометриялық фигураларды кескіндеу және салу, перпендикуляр түзулер, симметрия осі, симметриялы және симметриялы емес жазық фигуралар, бұрыштың градустық өлшемі, пирамида, цилиндр, конустың жазбасы, нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты, нысандардың қозғалыс сызбалары, бастапқы орын және бағыт;
4) «Жиындар. Логика элементтері»: жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындар арасындағы қатынас, жиындардың қиылысуы мен бірігу аймақтары, жиындардың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері, пікірлер, математикалық мазмұны бар тұжырымдар, ақиқат және жалған тұжырымдар, логикалық есептер, тізбектер, сандар, бөлшектер тізбектеріндегі заңдылықтар, тізбектерді құрастыру, заттардың комбинациялары, комбинаторика есептері;
5) «Математикалық моделдеу»: есептер және математикалық модель, есептерді моделдеу, есептерді талдау және шығару, есептердің алгебралық және арифметикалық тәсілдері, математикалық тіл, бөлшектерді салыстыру, бөлшектермен амалдар, латын алфавитінің әріптерімен белгілеу және оқу, пайызды % символымен белгілеуді қолдану, бұрыштың градустық өлшемін 0 символымен белгілеуді қолдану, қозғалыс графиктері, сызбалары.
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, оқу тапсырмаларын береді.
Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептерді шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады

мәліметтері толық емес есептерді
ажырата біледі;
есепті жетіспейтін мәліметпен
толықтыра алады;
жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артық мәліметтер берілген есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.

артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;
есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;
бақылай, салыстыра және қорытынды
шығара алады

3

Графикалық модельдеу
Графикалық модель-сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі

есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; есеп мәтінін және оған сай келетін
сызбаны сәйкестендіре алады;
есептің берілгендерімен
модельді толтыра алады; сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар. Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.

заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;
элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;
топтастыра және қорытынды жасай алады.

«Математика» пәнін оқытудағы жұмыс түрлері:

  1. оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;

  2. ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;

  3. математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау); 4) өздігінен жоспар мен графиктер құру.

«Математика» пәнін оқытуда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту көзделеді.
Математиканы оқыту үдерісінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс түрлері:

  • тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

  • математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

  • тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).

Аталған жұмыс түрлерін білім алушының қабылдауына қарай әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Мысалы:

  • оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу және оларды қолдау; жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

  • проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру; білім алушылардың жетістіктерін бағалау;

  • оқушыларды зерттеу іс-әрекеттеріне баули отырып, белсенді оқуға ынталандыру; оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Математиканы оқытудағы әдістер:

  • оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

  • түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

  • мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс. түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ ның мүмкіндіктерін пайдалану;

  • математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру; оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың жұмыс барысында сандық ресурстарды қолдану құзыреттілігін арттырып, бос уақытында технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды.
Математика пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан

Әр тоқсанда

4-сынып

3

3

3

3

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет