«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дүниетану
Оқу пәні қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
«Дүниетану» пәнін меңгеруде бастауыш сынып оқушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады. «Дүниетану» пәнінің сабақтарында мұғалімге зілзалалардың, экологиялық апаттардың қауіп-қатері жағдайында қауіпсіз іс-әрекет ету мәселелерін талқылау ұсынылады.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқушылардың білім, білік, дағдылары ауызша сұрақтар, бақылау, тест жұмыстары, тәжірибелік жұмыстар мен диктанттардың нәтижелері бойынша бағаланады.
Оқушыға «5» деген баға, егер ол оқу материалын табиғаттағы құбылыстарға жасалған бақылауларды ескеріп, жүйелі де логикалық түрде байланыстыра отырып баяндаған (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға, егер оның жауабы «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, дегенмен оқушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, қойылады. Осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушының өзі түзетеді.
Оқушыға «3» деген баға, егер ол оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасындағы байланысты орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.
Оқушыға «2» деген баға, егер оқу бағдарламасының көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де тәжірибелік жұмыстарды орындай алмаса қойылады.
21-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны
Тоқсан
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Тексеру
|
Бақылау
|
Тексеру
|
Бақылау
|
I
|
1
|
1
|
1
|
1
|
II
|
1
|
1
|
1
|
1
|
III
|
1
|
1
|
1
|
1
|
IV
|
1
|
1
|
2
|
1
|
Барлығы
|
4
|
4
|
5
|
4
|
Тест жұмысын бағалау
Тест қиындығы жағынан орташа деңгейлі тапсырмалардан тұрады. Қатені табу; дұрыс жауапты таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету түріндегі тест тапсырмаларын қолдануға болады.
Тест жұмыстарын орындау үшін оқушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Тақтада өтілетін тест тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып немесе іліп, оны оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
22-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау
Базалық деңгей
|
0-60%
|
60-77%
|
77-90%
|
90-100%
|
Баға «2»
|
Баға «3»
|
Баға «4»
|
Баға «5»
|
Достарыңызбен бөлісу: |