Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет58/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   185
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ


Музыка
«Музыка» пәнінің мақсаты білім алушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген. «Мұғалім – оқушы» технологиясы шынайы шығармашылық қарым-қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы оқушылардың шығармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.
«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Музыка сабағында жұмысты бағалау
«5» бағасы – аталған үш критерийлерге немесе алғашқы екеуіне сәйкес болғанда қойылады: музыкаға қызығушылық таныту, оған тікелей эмоционалды жауабы, тыңдаған немесе орындалған шығарма туралы өз ойын айту; іздену жағдайы барысында анықталған, оқушының белсенді жігері, және музыканы қабылдау барысында ең алдымен бастапқы білімдерін қолдану білігі; орындау дағдысының өсуі, бұл оқушының дайындық деңгейі мен сабақтағы белсенділігін есепке ала отырып, бағаланады.
«4» бағасы – екі немесе бір критерийлерге сәйкес болғанда;
«3» бағасы – берілген критерийлерге сәйкес болмағанда;
«2» бағасын қоюға жол берілмейді, себебі ол баланың қызығушылығын және соған сәйкес сұлулық пен мейірімділікке деген қажеттілігін жояды.


Бейнелеу өнері
Пәнді оқыту эстетикалық сезімдерін, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».
Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
«5» бағасы: оқушы сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алады, меңгерілген материалды дұрыс түсіндіреді және алған білімін іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені айрықша аңғарады және жеткізе сипаттай алады.
«4» бағасы: оқушылар бағдарлама материалын толық меңгерді, бірақ қосымша сипатта жеткіліксіз мазмұндайды; бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бірақ бейнені нақты сипаттай алмайды.
«3» бағасы: оқушылар сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алмайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздік жібереді.
«2» бағасы: материалды мазмұндауда өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет