Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет57/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   185
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ


Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты оқушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын құруы болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:

  1. Өзін-өзі тану бақыты.

  2. Адами қарым-қатынасқа үйренейік.

  3. Адам болам десеңіз.

  4. Әсемдік әлемінде.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда – 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталаудың сағаттарын білім алушылардың портфолиосында байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Портфолио – білім алушылардың өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатта болуы мүмкін.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушылардың білімін бағалау білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар білім алушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың өлшемшарты болып табылады.
Адамгершілік-рухани білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» деген бағалау болады. Егер білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кемінде 2/3 сәйкес келетін жетістіктерді көрсете алған жағдайда «сынақ» бағасы қойылады. Білім алушыға «сынақ» бағасын қоюда оның пән бойынша шығармашылық қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын талдауда білім алушының ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігі, сондай-ақ жеке шығармашылық қызметте проблеманы ұғыну тереңдігі, оның ойының бағдарлығы, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығының мазмұны, адамға және қоршаған әлемге сүйіспеншілік негізінде сабақта қойылған проблемаларды шешу жолдарын іздестіру басты назарда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет