Жалпы ережелер



бет75/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204
Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту - өткен тарих туралы, адамзаттың өзара әрекетімен туындаған тарихи оқиғаларды оқу мен талқылау оқу кезінде оқушылардың әлеуметтік тәжірибелерін байыта отырып, жүйелендірілген білім қалыптастыруға ықпал етеді. Әртүрлі дүниетанымдық, құндылық-мотивациялық, әлеуметтік жүйелерден туындаған, тарихи қоғамдық процестердің логикалық ерекшелігін түсіну қабілеттерін дамыту түйінді рөл атқарады.

Сабақтарда оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес тарихи тұрғыдан ойлаудың (белсенді және проблемалық оқыту, жобалау, тұжырымдамалық оқыту) әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану қажет.

Білім беру процесінде компьютерлік технологияларды және жобалық әдістемелерді пайдалануға ерекше назар аударуды талап етеді. Оқушылардың білім алу мүмкіндіктері мен алған білімдерінің қолдану аясын түсініп, бұл технологияларды әдеттегі әдістермен шебер қолдана білу мұғалім үшін маңызды.

Әдістемелік жағынан жоба тақырыптары және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаж және т.б.) оқушыларға алдын-ала беру керек. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды аталған шығармашылық жұмыс түріне қарай, оның орындау талаптары таныстыру қажет. Тапсырмаларды дайындау кезінде оқушылар тек қана білім алып қоймай, сол оқиғаны түсіну, оқиғаның басты кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы туралы өзіндік ойы болып, сезінуі қажет.

Топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады: шағын-конференция, пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жобаларды қорғау және т. б. Бұл ретте жобаларды жеке немесе ұжыммен, педагогиканың ынтымақтастық принциптерін қолдана отырып мұғалім мен оқушы бірге орындауы да мүмкін.

Өткен заманның кез-келген құбылысын осы заманның контекстінде, бұрын болған оқиғаларды және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады.

Оқыту төмендегідей тарихи түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:

- өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);

- себеп және салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси процестерге әсер етті);

- дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

- ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылу кезеңінде мемлекеттің саяси құрылысының айырмашылығы мен ұқсатығы неде);

- түсіндіру (мысалы, әртүрлі зерттеушілер сол немесе басқа тарихи оқиғаларды қалай сипаттайды).

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқу кезінде пәннің мазмұнына сәйкес тарихи зерттеулерді (болжамды ұсыну, зерттеу үшін сұрақтарды құрастыру, дереккөздерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, қорытыныдылар мен нәтижелерді тұжырымдау, өзіндік ұстанымын анықтау) өткізудің дағдыларын қалыптастрыу мен дамыту ұсынылады.

Мұғалімнің сабаққа арнайы дайындайтын тапсырмалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы тиіс:

- тапсырманы орындау мақсаты мен қолжетімділігі;

- дифференциацияны көздеу;

- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

- проблемалық оқыту;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

- ақпараттың және терминологияның күрделілік деңгейі;

- әдебиеттер тізімі;

- ақпараттың тартымдылығы мен дәйектілігі;

- бағалау үшін мүмкіндіктерінің бар болуы.

Сыныптағы практикалық жұмыс, өздік жұмысы, үй тапсырмасын орындау оку процесінің құрамдас бөлігі.Практикалық сабақ тарихи дереккөздерімен және әртүрлі көзқарастарды салыстыра білуді жетілдіру, қоғамдық-тарихи даму мәселелері бойынша өзіндік ұстанымын білдіру сяиқты жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты. Практикалық тапсырмаларды орындау пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнатуды, ақпараттарды өңдеудің әмбебап тәсілдерін меңгеруді көздейді.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қызығушылығына байланысты сабақтар мамандандырылған (белгіленген тақырып бойынша) немесе кіріктірілген болуы мүмкін.

Жұмыстың келесі аспектісінде –оқушылардың білім мен білік дағдыларын бағдар уақыт пен кеңістігінде тарихи карталарды пайдалану ықпал етеді, картада тарихи оқиғалардың жай-күйін және олардың даму динамикасын көрсететін тапсырма болуы мүмкін.

Үй жұмысының мақсаты – қосымша материалдар арқылы сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға итермелейді және оқу үрдісінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерінің біріне жатады.

Сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін:

- ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық және т.б.);

- қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма және т.б.);

- тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);

- шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);

- өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

«Дүниежүзі тарихы» бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1) Каталаун даласы шайқасының 1565 жылдығы (451-2016);

2) Батыс Рим империясының құлауының 1540 жылдығы (476-2016);

3) 567 жылы Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда келісімі мен әскери шарт жасалды (1450 жыл).

2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:

- тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;

- мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын зерделеу;

- тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу тиімді білім беру тәжірибесін тарату болып табылады.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет