28.Стафилококк пен стрептококкпен шақырылған тері жамылғы инфекциялары. МКБИ жағдайында инфекциялық бақылау
Стафилококктар (Staphуlococcus туыстығы)
Стафилококтар – Micrococcacеae тұқымдастығына, Staphilococcus туыстастығына жатады, бактериялардың 31 түрі бар. Соның ішінде адам патологиясында роль атқаратын:
aureus – алтын түсті
epidermidis – эпидермальды
saprоphуticus – сапрофитті. Стафилококктар грам оң, шар тәрізді жасушалар, диаметрі 0,5-1,5 мкм, қалыпты жағдайда жұғындыда жүзімнің шоғыры тәрізді орналасады, талшықтары болмайды, спора түзбейді, S.аureus-тің көптеген штаммдары капсула түзеді
Емханаларда iрiңдi қабыну процесстерi көрiнiс беретiн науқастар стафилококктардың негiзгi ошағы болып табылады. Стафилококктар қоршаған ортада көп уақытқа дейiн тұрақты болу салдарынан қарым-қатынас (контакт) арқылы жұғады. Стафилококктар құрғатуға өте тұрақты, оларда күн сәулесiнiң зор әсерiне қарсы арнайы пигмент бар. Қайнатсаң 70-80°С 20 минут ішiнде жойылады.
Стафилококктар ағзаға терімен, шырышты қабаттың жарақатынан кіріп әр түрлі аурулар тудыруы мүмкін, жас өспірімдердің безеулерінен бастап (acne) ауыр, летальдығы 80%- жететін перитонитке, эндокардитке, сепсиске және септикопиемияға алып келуі мүмкін. Стафилококктар сыздауықтардың, гидроадениттердің, абсцесстердің, флегмоналалардың, остеомиелиттердің; соғыс уақытында-жарақаттардың іріңді асқынулардың себебі болып табылады. Аллергиялық қасиеттері болғандықтан псориаздың, геморрагиялық васкулиттің, тілменің, бей арнайы полиартриттің себебі болады. Стафилококктармен инфицирленген ас тағамдармен уланулардың жиі кездесетін себептері болады. Стафилококктар – жаңа туылған балалалардың сепсисінің негізгі себепшісі, сепсистің (септицемия-іріңді қан) негізінде ретикулоэндотелиальды жүйенің ағзалардың жарақатына алып келеді. Септикопиемия – қоздырғыштар әр түрлі ағзалармен ұлпаларда іріңді ошақтарды шақырады, яғни бұл іріңді метотұздармен асқынған сепсис. Сау адамдардың ағзасы стафилококктарға тұрақты. Стафилококкты инфекциялардан кейін антитоксиндер пайда болады, ол стафилококктарға қарсы тұрақты иммунитет тудырады. Шырышты қабаттың жергілікті иммунитерін IgA – қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |