«Жалпы медицина» курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәні бойынша рубежді бақылау сұрақтары


Жеке құрамды эпидемияға қарсы және бактерияларға қарсы қорғауды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру



бет19/21
Дата08.10.2023
өлшемі1,76 Mb.
#184168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Эпид 2

31.Жеке құрамды эпидемияға қарсы және бактерияларға қарсы қорғауды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Эпидемияға қарсы шаралар — бөлімдер мен бөлімшелер жеке құрамынын денсаулыты мен ұрысқа қабілеттігін сактауға бағытталған шаралар жиынтығы. Эпидемияға қарсы шаралар әскердің жеке құрамы арасында қарсыластар бактериялық құралдар қолданған жағдайда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Оған ұрыс қимылдары ауданы мен әскер орналасқан жердегі санитариялық-эпидемиялық жағдайды бақылау мен барлау жүргізу, жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтау мен госпитальға салу, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу шараларын жүргізу, дезинфекция, дезинъекция мен эпидемия ошағында дератизация жүргізу, жұқпалы ауруларға қарсы жеке құрамда егу жұмыстарын жүргізу және т.б. қамтылады.[1]

32.Санитарлық - эпидемиологиялық барлау, оның міндеттері, талаптары. Инфекциялық аурулары бар ошақтарды эпидемиологиялық қадағалауда жүргізілетін шаралар, қажет ететін күш пен құралдар, өткізу тәртібі
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудегі медициналық қызметтің әскери бөлімшелерінің міндеті болып табылады:
- жұқпалы аурулардың ошақтарын анықтау;
- әскерді жұқпалы аурулар ошақтарымен қатынаста болмауын ескерту;
- әскерді сапалы тағам және сумен қамтамасыз етуді медициналық бақылау;
- санитарлы-эпидемиологиялық барлаудың жоғарғы эшелонын (армиялық, майдандық) ақпараттау;

  • индикация үшін сынамалар алу және оларды зерттеу үшін бригаданың медициналық ротасының зертханасына, қосымшалар СЭЗ-на, майданның санитарлы-эпидемиологиялық жасағының зертханасына материалдарды жіберу.

Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын негізгі талаптар-ға:үзіліссіз дер кезінде жүргізу, нақты мәліметтер жинау, бір бағытта жүргізу, эшелонмен тасу жатады.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негізгі әдістері:айналаны тексеру, байқау, сұрастыру болып табылады. Әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының өзгертілуі туралы үзілмейтін мәліметтер алып отыру үшін медицина қызметінің бастығы санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастырады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тұрғындар пункттерін және нысаналарды үзбей үнемі тексеру мақсатында жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау әскери бөлім мен ауданға (аймаққа) жеке беріледі және әскери құрамның жұқпалы сырқаттанушылығы туралы мәліметтер негізінде, аймақтың санитарлы-гигиеналық жағдайына, санитарлық-эпидемиологиялық және биологиялық барлаудың қорытындысы бойынша, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау негізінде беріледі.
Әскери бөлімнің және әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы: қолайлы, тұрақсыз, қолайсыз және төтенше болады деп қабылданған.
Әскери бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы болып саналады, егер:
- жедел жұғатын ауру мүлдем болмаса;
- әскери бөлімнің қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдайына (бұрын-соңды бұл жерде кездеспеген) бірен-саран жұқпалы аурулар кездессе;
- әскер орналасқан ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы сәтті болса;
- ықтимал қарсылас әскер арасында биологиялық қаруды қолданбаса;
Бөлімнің әрекет ету ауданы қолайлы болып саналады, егер:
- жергілікті тұрғындар арасында жедел жұқтырылған ауру болмаса;
- жергілікті тұрғындар арасында бірен-саран жұқпалы аурулар бар және олардың әрі қарай таралуына жағдай жоқ;
- әрекеттегі орналасу ауданының санитарлы-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық;
- эпизоотиялық жағдай әскерге қауіп төндірмейді;
- қарсылас әскердің әрекеттегі орналасу ауданында биологиялық қаруды қолданбаса.
Әскери бөлімнің және оның орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы болғанда бөлімнің медициналық қызметінің күштерімен жоспарлы эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет