«Жалпы медицина» курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәні бойынша рубежді бақылау сұрақтары


ЕПҰ медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және жоюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар



бет16/21
Дата08.10.2023
өлшемі1,76 Mb.
#184168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Эпид 2

26. ЕПҰ медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және жоюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Медициналық қалдықтар (бұдан әрі - МҚ)қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 5 қауіптілік сыныбына бөлінеді:
А сыныбы - ҚТҚ ұқсас қауіпті емес медициналық
қалдықтар;
Б сыныбы - қауіпті (эпидемиологиялық) медициналық қалдықтар;
В сыныбы - төтенше (эпидемиологиялық) қауіпті
медициналық қалдықтар;
Г сыныбы - құрамы бойынша өнеркәсіп
қалдықтарына ұқсас токсикологиялық қауіпті
медициналық қалдықтар;
Д сыныбы - радиоактивті медициналық
қалдықтар;
Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық
қалдықтарды сорттау және уақытша сақтау үшін
пайдаланылатын үй-жайлар Кодекстің 144бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес
көзделеді:
1)Медициналық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге
асыратын адамдар оларды көлік құралына тиеген
сәттен бастап белгіленген орында қабылдағанға
дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын
сақтаулары қажет.
2)Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау
және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде,
ыдыстарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында
(бұдан әрі - ҚКЖҚ), контейнерлерде жүзеге
асырылады.
3)Медициналық қалдықтардың әр сыныбы үшін
контейнерлер, ыдыстар мен пакеттер әртүрлі бояумен
таңбаланады.
4)Контейнерлердің құрылымы су
өткізбейтін болуы керек, бөтен адамдардың олардың
ішіндегісімен жанасуларын болдырмау қажет.
5)Медициналық қалдықтарды қолмен нығыздауға және медициналық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды жеке қорғаныш құралынсыз жүзеге асыруға жол берілмейді.
Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру
Б сыныбындағы медициналық қалдықтар арнайы
қондырғыларда: газбен тазалағыштары бар жағу
қондырғыларында (инсинераторларда) немесе
залалсыздандыру қондырғыларында
(автоклавтарда) залалсыздандырылады.
Медициналық қалдықтардың жағу өнімдері мен
залалсыздандырылған қалдықтар А сыныбының
медициналық қалдықтарына айналып, ҚТҚ ретінде
көміледі.
Пайдаланылған шанышқылы және басқа да өткір
заттар (инелер, қауырсын тәрізді құралдар,
ұстаралар, ампулалар) алдын ала сұрыпталмастан
кәдеге жаратылатын ҚКЖҚ-на қабылданады.
27Санитариялық-эпидемиологиялық барлау, міндеттері, оны жүргізу тәртібі , құрамаларында және оған қойылатын талаптар.Бір және бірнеше жұқпалы аурулары бар ошақтарды эпидемиологиялық тексеру: қажетті күштер мен құралдар, жүргізу тәртібі.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау–медициналық барлаудың бір бөлігі. Бұл медициналық қызметпен әскердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, олардың орналасу ауданын және алдағы болатын соғыс әрекетін, әскердің жылжу бағытын, ықтимал қарсылас әскерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, олардың орналасу ауданын және медициналық қызметтің жағдайын, жергілікті тұрғындар мен басқа да контингенттерден, табиғи ошақтардан немесе қарсыластың әскерінен әскерге жұқпалы аурулардың ену мүмкіндігін анықтайтын, олар туралы мәліметтер жинайтын шаралар жиынтығы.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудегі медициналық қызметтің әскери бөлімшелерінің міндеті болып табылады:

- әскерді сапалы тағам және сумен қамтамасыз етуді медициналық бақылау;
- санитарлы-эпидемиологиялық барлаудың жоғарғы эшелонын (армиялық, майдандық) ақпараттау;
- индикация үшін сынамалар алу және оларды зерттеу үшін бригаданың медициналық ротасының зертханасына, қосымшалар СЭЗ-на, майданның санитарлы-эпидемиологиялық жасағының зертханасына материалдарды жіберу.Қосымшалар эпидемиологы барлаудың мәліметтерін жинақтайды және қажетті эпидемияға қарсы шараларды дайындайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын негізгі талаптар-ға:үзіліссіз дер кезінде жүргізу, нақты мәліметтер жинау, бір бағытта жүргізу, эшелонмен тасу жатады.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негізгі әдістері:айналаны тексеру, байқау, сұрастыру болып табылады. Әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының өзгертілуі туралы үзілмейтін мәліметтер алып отыру үшін медицина қызметінің бастығы санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастырады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тұрғындар пункттерін және нысаналарды үзбей үнемі тексеру мақсатында жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау әскери бөлім мен ауданға (аймаққа) жеке беріледі және әскери құрамның жұқпалы сырқаттанушылығы туралы мәліметтер негізінде, аймақтың санитарлы-гигиеналық жағдайына, санитарлық-эпидемиологиялық және биологиялық барлаудың қорытындысы бойынша, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау негізінде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет