«Жалпы медицина» курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәні бойынша рубежді бақылау сұрақтары


Әскери жерлердегі инфекция қоздырғышының пайда болуына байланысты ескертпелі іс- шаралар



бет20/21
Дата08.10.2023
өлшемі1,76 Mb.
#184168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Эпид 2

33.Әскери жерлердегі инфекция қоздырғышының пайда болуына байланысты ескертпелі іс- шаралар
34.Бактериологиялық қару. БҚ туралы түсінік. БҚ қолдану түрлері мен тәсілдері.

Бактериологиялық (биологиялық) қару (орыс. бактериологическое (биологическое) оружие) — жаппай зақымдаушы қару. Оның әсер етуі адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде жаппай әр түрлі ауру туғызатын микроорганизмдер мен уларды пайдалануға негізделген. Бактериологиялық қарудың негізі ауру туғызатын микроорганизмдер мен улардан тұрады: вирустар, бактериялар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, ботулизм уы, т.б. Адамдарды зақымдайтын микроорганизмдер: обаның, тырысқақтың, түйнеме, туляремия, бөртпе және іш сүзегінің, пситтакозаның қоздырғыштары т.б. Малдарды зақымдау үшін түйнеме мен маңқа (сапа) қоздырғыштарымен катар ірі қара, шошқаның және т.б. аусыл, обаларының вирустары да колданылуы мүмкін. Өсімдіктерді ауруға ұшырататын бірқатар микроорганизмдер белгілі. Дәңді дақылдарда масақтың қараюы, картоп фитофторозасы, күріш пирикулярнозы, т.б. Адам бактериялық заттармен тыныс мүшелері, асқазан-ішек жолдары, шырышты қабықтары аркылы, сондай-ақ осы вирустармен зақымданған таратушылар шаққан кездерде закымданады. Атмосфераның жерге жақын қабаттарын аэрозольмен зақымдау үшін бактериялық заттар сұйық немесе құрғақ рецептуралар түрінде қолданылады. Сонымен қатар олар зақымданған жәндіктер, кенелер мен кеміргіштер арқылы да тарайды. Ауаның жерге жақын қабатын закымдау және ауру таратушыларды тарату үшін: жарылу арқылы әсер ететін (ракеталардың биологиялық жарылыс бөліктері, авиациялык бомбалар мен кассеталар, артиллериялық снарядтар. миналар мен фугастар), механикалық жолмен ашылатын (вирус тараткыштар салынған энтомологиялық бомбалар, контейнерлер) биологиялык қару-жарақтар мен аспаптар қолданылады. бактерологиялық қаруды зымыран, ұшақ, т.б. жеткізуші техниканы қолданады.
35.Бактериологиялық барлау, түрлері, оған қойылатын талаптар. 
Барлау Азаматтық қорғаныс іс-шаралары мен күштерінің әрекеттерін қамтамасыз етудің аса маңызды түрі болып табылады. Ол төтенше жағдайлардан қорғау және зақымдаушы заманауи құралдарын қолдану ке-зіндегі құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу жөнінде дер кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті мән-жай туралы мәліметтерді алу мақсатында алдын ала ұйым-дастырылады және жүргізіледі.
Барлауға қойылатын басты талаптар: үздіксіздік, белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық, алынған барлау мәлметтерінің кешіктірілмеуі мен дұрыстыгы болып табылады.
барлау орындалатын міндеттері оларды жүргізуге жұмылдыратын күш пен құралдардың сипатына байланысты радиациялық, химиялық өрт сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериологиялық, ветеринарлық және фитопатологиялық болып бөлінеді.
Барлаудың негізгі міндеттері:

  • бейбіт уақыттағы күнделікті жағдайларда — мал шаруашылың өнімдерінің, ауаның, судың, топырақтың, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және сыртқы ортаның басқа да нысандарының радиоактивті, химиялық, бакте-риологиялық уландырушы заттармен зақымдануына лабораториялық тексеріс пен үздіксіз бақылау жүргізу;

  • қалалар мен басқа да елді мекендердің санитарлық-гигиеналың жай-күйі мен жануарлар орналасқан, жайылатын және су ішетін жерлердің эпизоотикалық жай-күйін анықтау;

  • ауа мен егінде өсімдік ауруларын қоздырғыш споралардың бар екендігін анықтау;

  • сыртқы орта объектілерінің радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық зақымдану деңгейлерін арттыру көздерін айқындау және оларға тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру;

  • төтенше жағдайлар туу қаупін білдіретін белгілерді анықтау;

  • бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда апат ошағы (ауданы) мен оның таралу бағытының шекараларын анықтау; *

  • тікелей қатер төніп тұрған объектілер мен елді мекендерді айқындау;

  • адамдар шоғырланған жерлерді анықтау;

  • құтқару жүмыстары жүргізілетін жерлерге техниканың келетін жолдарын белгілеу;

  • ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану жай-күйі мен оларда шұғыл көмекке мұқтаж зардап шегушілердің бар-жоғына көз жеткізу;

  • технологиялық желілер мен коммуналды-техникалық тораптардағы апат орындарын, ондағы қирау деңгейлерін анықтау;

  • алда тұрған құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарының көлемін, олардың жүргізу жағдайларын анықтау;

  • техниканы, механикалық қүралдарды және т.б* қолдану мүмкіндіктерін анықтау;

  • Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстырған кезде сыртқы орта объектілерінің зақымдану деңгейіне зертханалық және үздіксіз бақылау жүргізу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет