!Науқас 37 жаста. Қақырықты жөтелге, ауыр жұмыс істегенде тез шаршағыштыққа, кешкі тершендікке шағымданады. 1 жыл бұрын туберкулез анықталған, емнің интенсивті фазасын қабылдап, кейін жұмыспен басқа қалаға кеткен. Бойы 173. Дене салмағы 53. Т 38,90С. Өкпенің жоғарғы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы бронхиальды, жөтелгеннен кейін ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: өкпенің жоғарғы бөлігінде домалақтанған қуыстар, төменгі бөліктерінде – әр түрлі ошақтар, қабырғааралықтары қысқарған, диафрагма куполы көтеріңкі екендігі байқалады. Қақырықта микроскопиялық ТМБ-сы табылған. Диагноз қойыңыз:
*Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, рецидив, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы *Созылмалы диссеминирленген өкпе туберкулезі ыдырау фазасы, рецидив, 4 категория, 1В диспансерлік бақылау тобы *Кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1Вдиспансерлік бақылау тобы *+Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі себілу сатысында, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы