Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет18/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
түріАнықтамалық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ШАЙМЕРДЕНОВ САФУАН
(1922
-2007)

Көрнекеті жазушы, белгілі драматург Сафуан Шаймерденов Солтүстік


Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданы Амангелді селосында
1922 жылы 15 сәуірде дүниеге келді.

1943-45 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1950 жылы С.М.Киров атындағы Қаз Му-дің (қазірғі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет) филология факультетін бітірді. «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды облысындағы

тілшісі (1950-52), «Әдебиет және искусство» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952-55), «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары (1955-56), Қазақстан жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956-58), (1961-63) хатшысы, (1958-60) «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, (1971-76) Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның бас редакторы болып қызмет атқарды.
1976 жылдан бастап шығармашылық жұмыста.Сафуан Шаймерденов елуінші жылдардың орта тұсында «Болашаққа жол» атты романымен үлкен әдебиетке тың тақырыппен өзінше даңғыл жол сала келді. Мәулен мен Инештің адал махаббаты, абзал адамдық қүпиялары әлі күнге сол бір жас, жаңа, таза қалпында жазушының барлық кітаптарын бір желіге тұтастыра, күре тамырдан лүпіл соғып, бір деммен тұтасып тұр. «Мезгіл» мен «Қарғаш», «Жыл құсы» мен «Өмір нұры», «Ит ашуы» мен «Мәжнүн тал» повестерінің қай-қаисысы болмасын, автордың ардақ тұтқаны адам, аспанга көтеретіні - адамгерішлік. С.Шаймерденовтың «Дөкей келе жатыр», «Өкіл әке» тағы басқа пьесалары республикалық және облыстық театрларда қойылды. Оның повесі жұмысшылар тақырыбына жазған ең үздак кітап ретінде ССРО жазушылар
одағының сыйлығына ие болды, «Үздік еңбегі үшін» медалімен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Пьесалары мен «Бала арманы» бастаған әңгімелері, «Сыбызғы сазына»
бөленген көркем очерктері мен эсселері, Қазақ республикасының
Мемлекеттік сыйлығын алған «Ағалар алақаны», кемеңгер Тагорды
қазақшаға аудару қазақ әдебиетіне жазушының қосқан зор үлесі.

Сафуан Шаймерденов тілге мұқият, өте талғампаз, мәдениетті жазушы.


Оның шығармалары нәзік лиризмге, түнық парасатқа толы.

Жұртқа мәлім желтоқсан оқиғасы тұсында Орталықтың әміріл


саясатына қарсы алғашқылардың бірі болып барынша батыл үн қатқан
қаламгер Шаймерденов болды. Ана тілінің тағдырына бел шеше айқасқа
түскен ат төбеліндей аз азаматтардың бірі де сол еді. Сафуан Шаймерденов 2007жылы дүниеден озды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шаймерденов С. Төрт томды шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1996- 2002

Т.1. Роман және пьесалар.-1996.-480 б.

Т.2 Повестер, әңғімелер, пьесалар.-1997.-528 б.

Т.З. Пікірлер, ойлар, толғаулар.-1999.-544 б.

Т.4. Ағалардың алақаны.- Естеліктер.-2002.-456 б.

Шаймерденов С. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы, 1982

Т.1. Роман, әңгімелер.- 448 б.

Т.2. Повестер, портреттер.- 519 б.

Шаймерденов С. Екі томдық таңдамалы шығармалар. - Алматы: Жазушы, 1978

Т.1. Роман және повестер.- 392 б.

Т.2. Повестер мен мақалалар.- 410 б.

Шаймерденов С. Болашаққа жол: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1953.-320 б.

Шаймерденов С. Қазақ әңгімелері. - Алматы: ҚМКӘБ, 1956.-48 б.

Шаймерденов С. Инеш: Роман. – Алматы: ҚМКӘБ, 1959.-328 б.

Шаймерденов С. Мінез: Әңгімелер мен очерктер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960.- 206 б.

Шаймерденов С. Мезгіл. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1964- 151б.

Шаймерденов С. Жанар мен Данар. – Алматы: Жазушы, 1965.-14 б.

Шаймерденов С.Таныс көрші. Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1966.- 116 б.

Шаймерденов С. Инеш: Роман.- Алматы: Жазушы, 1967.-344 б.

Шаймерденов С. Қарғаш: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 204 б.

Шаймерденов С. Жыл құсы: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970.- 255 б. Шаймерденов С. Шалдуар: Төменгі класс және мектепке дейінгі балалар

үшін.-Алматы:Жазушы,1971.-86 б. Шаймерденов С. Сыбызғы сазы.- Алматы: Қазақстан, 1971.-946 б.

Шаймерденов С. Өмір нұры: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.-455 б.

Шаймерденов С. Әнім сен едің: Пьесалар жинағы. - Алматы: Жалын, 1976 - 275 б.

Шаймерденов С. Селдің екпіні: Повестер мен әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1977.-216 б.

Шаймерденов С. Мәжнүн тал: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалың 1980.-112 б.

Шаймерденов С. Дөкей келе жатыр: Пьесалар.- Алматы: Өнер, 1983.- 328б. Шаймерденов С. Жанар мен Данар: Әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1985.- 33 б. Шаймерденов С. Ағалардың алақаны: Повестер, әңгімелер, эсселер.- Алматы:

Жазушы, 1986.-365 б.

Шаймерденов С. Әдеби толқындар: Қазақ әдебиеті жайлы ойлар.-Алматы:

Жазушы, 1986.-317 б.

Шаймерденов С. Ағалар алақаны: Повестер, әңгімелер, эсселер - Алматы: Жазушы, 1990.-399 б.



***
Шаймерденов Сафуан //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық . – Алматы: Жазушы, 1987.-677-678 66.

Шаймерденов Сафуан //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиа.- Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты-1999.-678 б.
Шаймерденов Сафуан // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-

2004.-331б. Шаймерденов Сафуан // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-

Алматы.-2005.- 541б.

Негимов С. Сөз зергері //Егемен Қазақстан.-2008.-20ақпан.-5б.

Ыдырысов Ә. Шуақ пен ерлік //Қазақәдебиеті.-2012.-14қыркүйек.-7б.

Шыныбеков Ж. Қаһармандық көрінісі //Егемен Қазақстан.-2012.-18қыркүйек.-10-11б,

Шаймерденова Б. Сәулетті сәттер // Егемен Қазақстан.-2012.-14сәуір.-5б.

Шаймерденова Б. «Колбинның алдында 38 минут сөйлеп еді..» //Қазақ әдебиеті.-2012.-13сәуір.-5б.

Қоңырова З. Асыл ұяның алтын дігегі //Ана тілі.-2012.-16тамыз.-9б.

Жұмаділов Қ. Ағалардың алақаны // Егемен Қазақстан.-2012.-24тамыз.-9б.

Елеукенов Ш. Қазағының қарағайы //Егемен Қазақстан.-2012.-13қыркүйек.-6б.

Шалқаров Кеңесжан

(1939)
Қазақтың талантты ақын, жазушы және сазгері Кеңесжан Шалқарұлы Барызтегі 1939 жылы 19 сәуірде Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағына қарасты Дөрбілжін ауданындағы Еміл өзенінің бойында ауқатты бай шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Шалқар үкілі домбыра ұстаған өнерпаз, ел ішінде атқа мінген, батыл азамат болған. 1928 жылғы тәркілеу саясатына қарсы шығып, Семей облысының Абай, Шұбартау, Ақшатау,Аягөз атырабында тарихқа белгілі "Шұбартау"кетерілісінің басшыларының бірі болды. 1930-31 жылдардағы ашаршылықта халық қамын жеп, қарсы тұрған. 1930 жылдары Семей ОГПУ-інің жазалаушы отрядының бастығы А. Карасартовпен ұлы ақын Шәкәрім үшін шайқасқа түскен. Тарихта болған осы оқиғаны Кеңесжан қаламынан " Зауал заман"атты екі кітаптан (біріншісі-"Шұбырынды", екіншісі-"Шырға" ) тұратын дилогия болып жазылды. Оның алғашқысында 1931 жылғы Қарасартовтың зұлымдығынан ажалға ұшыраған Шәкәрім қажы тағдыры, балалары-Ғуфыр, Қабыш, Ахаттың және ашаршылыққа ұшыраған жұрттың ар-ғы бетке асуы арқау болса, екінші кітапта босқындардың басшысы Шалгиз, Алдынкөл, Шәпет, Жабағытай, Икелер мен ақынның кенже ұлы Зияттың тағдыры суреттелген.

Кеңесжан аймақтық Шәуешек гимназиясын тәмәмдап, Үрімшідегі тұңғыш ашылған Шыңжаң университетінде оқып, одан жолы болмай, Шыңжаң институтының Кытай тілі факультетінде үш курсын бітіргеннен кейін,тағдыр тәлкегіне тағы ұшырап, білімін Абай атындағы Казақ мемлекеттік университе- тінде жалғастырып, қазақ тіл-әдебиеті факультетін 1965 жылы бітіріп шығады.

Еңбек жолын қазақ радиосында бастады. Халықаралық "Шалқар"ұлттық музыкалық радиосының алғашқы тілшісі болды. Республикалық «Казақстан»,"Кайнар","Ғылым" баспаларында ,"Жетісу" газетінде редактор, әдебиет-өнер болімінің меңгерушісі міндетін атқарды. Ақын 1997 жылдан шығармашылық жұмыста .

Халықаралық Жамбыл және Казақстан Журналистер одағы сыйлықтарының иегері Кеңесжан Ыалқар "Сәске сыры","Шуақ","Шарапат","Ақ сапар","Айнагүл","Ақ көбелек","Емілден өскен леп" , "Сағыныш қанатында" , " Ботақан", " Жоңғар даласында" т. б. Он беске жуық өлеңдер, "Еміл қызы", " Асыл ойлар"т.б. хикаяттар жинақтарының авторы." Зауал заман", "Сүмбілден ұшқан сұңқар" романдары мен "Үлкен жолдын, үстінде", "Көгілдір"өлең жинақтары баспа жоспарында. Кеңесжан-табиғатында лирик ақын.



Оның жырларының бойынан көктем гүлдерінің иісі аңқиды.Оның жырларынан мелдір бұлақтын сыңғыры, кектем жапырағының сыбдырын естисіз.Мейірімге толы туған мекеніне, балалық күндеріне арналған жырлары, ай астында ақ сүйек ойнаған балалық, қой күзеткен жастық ғүмыр, сол жас кездегі Кеңесжан жырларына ұлттық реңк береді. Таби-ғаттың көктемі де, жазы да, күзі де, қысы да Кеңесжан өлеңдерінен өз бояуларымен ,өз болмыстарымен жақсылыққа,мейірімге, махаббатка үндеп,бір ізгілікке бастап бара жатады. Оның "Шуақ","Шарапат" атты жинақтарын және жас ақындар жинағына кірген "Көлден ескен леп"атты жыр топтамасын оқып отырып,сезім гүлдерінің ашыла түскенін,

Баса алмай тұрмын кеңіл күй аптығын,

Алдымнан жүрек тербер сый ап бүгін.

Өзіңе қарай берсем,минут сайын,

Әкеме жақындаған сияқтымын.

Баса алмай кеттім тағы күй аптығын,

Жанымда әлдилеген сый ап бүгін.

Өзіңе қарай қадам басқан сайын,

Алдымнан анам шығар сияқтымын.— деген жолдарды оқығанда ақынның туған жерғе деген сағынышын, көздің жасындай таза махаббатын сезіп, оқырман да осы өлеңді бір түрлі аялап, ардақтап, риза көңілмен қайталап оқи бастайды.

Кеңесжан Шалқар өз өлеңдерінде өкініштерін,сағыныштарын жыр жолдары арқылы гүл дестесіне айналдырып, оқырман жүрегін жақсылыққа,нұрға бөлейді. "Перронда"деген елеңін оқып отырып, ақын көзінің көрегендігіне, көңілінің зеректігіне қуанасыз.

Бір тобы кетті ілгері,

Ақ тілеу атты күй ұстай.

Адамның ылғи күндері

Өтсе екен өстіп,қиыспай.- дейді ақын.

Кеңесжан поэзиясы сағыныш сағымын қанат қылып қалықтайды,табиғат тамашасымен тәнті етеді. Туған жер топырағы ақынның ең асыл шабыты. Сонымен бірге, сәбилер әлеміне саяхат шегетін балалар ақыны екенін де айта кеткен жөн."Айнагүл", «Ақ көбелек»,"Ақ бұлттар", "Ботақан" өлең жинақтары соның айғағы. Ол бірде бұлт болып бүкіл аспан бетіне сиқырлы сурет болып қалықтаса, бірде кебелек болып адырдан асып, балалық болып елестейді. Бала мінезіне тән жаңылтпаштар мен жұмбақтар жазған. Мысалы, " Бауырында төрт таған, жауырында тоста-ған" (тасбақа),"Үкінің баласында байғыздың ағасында "(жапалақ) секілді болып кете береді.

Кеңесжанның тағы бір қырларының бірі-сазгерлігі. Жоңғар даласындағы шертпе күйдің шебер шыңы, күй атасы Байжігіт пен дәулескер күйшілер Бейсембі мен Кұлыншақ, Кұдайбергендердің әрі әкесінің күйлерінен сусындап өскен домбырашы да.

Ақындық пен сазғерлікті қатар бастаған Кеңесжан қырыққа жуық ән, отызға тарта күйдің авторы. Казақ радиосының алтын қорында " Карасай", " Жамбылдың Кұлансазы", " Ор қоян", " Ағалар жаназаңа бара алмадым" т.б. ән-күйлері сақтаулы.

Зерделі зергерге әдебиеттің қай жанры да етене жақын. Кеңесжан поэзия, проза саласымен қатар аудармамен де көп шұғылданған.Ол Мұстай Кәрім, Д. Кугультинов, Г.Абашидзе және монгол, өзбек, ұйғыр ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Казақтың белгілі қаламгері Кеңесжан өмір жолында талай-та-лай рухани қасіреттің жан шыжғырған жайларын басынан өткізеді. Ол ақын болып танылғаннан кейін,бірнеше поэзиялық жыр кітаптары жарияланған соң, Үшәріп "үлгісімен" Карасартовтардын "тарихи" жайларды қопсытып, тіміскілеуімен, ақын кітаптарының баспадан шығуына кедергі жасаумен бірге, жуанның тұқымы, байдың әулеті, қашқынның тұқымы деген желеумен жұмысынан да шектеген.



Шығармалары:
Шалқаров К. Ақ сапар:Өлеңдер жинағы.-Алматы: Жазушы,1975.

Шалқаров К. Шарапат: Өлеңдер мен балладалар.-Алматы:Жазушы,1980

Шалқаров К. Жоңғар даласында:Жыр-жинақ.- Астана:Елорда,2002.
* * *
Шалқаров К. //Казақ әдебиеті: Энциклопедия. –Алматы: Білік, 1999. -680 б.

Шалқаров К. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-332-

333б. Шалқаров К // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.-

543б.



ШАҢҒЫТАЕВ ҚУАНДЫҚ
( 1925-2001)
Қазақ әдебиетіне «Ар» деп келген ақсұңқар ақын Қуандық Төлегенұлы Шаңғытаев 1925 жылы 21 наурызда Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауданында дүниеге келген.

Қазақ мемлекетік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік улттық университеті) филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1941 жылы Қазақ мемлекеттік баспасында редактор болып бастады одан кейін Ақтөбе мүғалімдер институтында кафедра меңгерушісі, «Ақтөбе правдасы» газетінде бөлім меңгеруішсі, «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1962 - 64 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып сайланды. Мұнан соңғы жылдары «Қазақфильм» студиясының сценарии алқасының бас редакгоры, Қазақ радиосының әдеби хабарлар тарату редакциясының бас редакторыт «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болып істеді.

Қуандық Шаңғытбаевтың «Ар» атты түңғыш өлеңдер жінағы 1945 жылы Мұхтар Әуезовтің алғы сөзімен жарық көрді. Аз жазылғанымен саз жазылған, талғампаздық пен мәдениетіліктің ұрпаққа үлгі болар тамаша мектебін қалыптастырған ақын поэзиясы кеңінен танылып, оқырмандардың айрықша ықыласына бөленді. Қ. Ш Шаңғытбаевтың поэзиясы «Біздің Пушкин» атты кітапта айтылғанындай, «қандай ауқымды зерттеудің де объектісіне айнала алатын ғажайып әлем» еді.

Зерттеушінің: «Әсіресе, тілінің шұрайлылығы, кестелілігі, өрнектілігі, сөзінің саздылығы, сылдырап келетін ішкі келісімі, мінсіз түр- қалпы жағынан Қуаңдық Шанғытбаев жырлары арғы-бергідегі қазақ өлеңінің ең асыл үлгілерінің қатарына қосылады», дегені де дәлбаға Өнер сүйетін, өнерге құштар көзі ашық, көкірегі ояу, көкте - күміс айды, жұлдызда -таңшолпанды, жерде тау болса - занғарын, су болса— шәрбәт, зәмзәмін, көл болса – шалқарың, гүл болса - лаласын, жел болса - жұпарын, құс болса - аққуын жырлап, өмірбақи қолынан қаламы сусып түскенше тек сұлулықты сүйіп, тек сұлулыққа сұқтанды. «Жырдың сұлу жорғасы» - деп Оразалин айтқандай, сұлулық ақын жырының жан азығы болып еді.

Көкектің айы құлпырды,

Гүл ие жерге, күн ие.

Айнала абат нұр тұнды,

Жарқырап кетті дүние.

Ақын өзінің саналы ғұмырын осынау ғажайып әлемнің құндылығын жалықпай тербетіп, жанын сала сөзден маржан теруге, ойдан таспадан берік қамшы өруге арнап өтп.

Драматург ретінде Қ. Шаңғытбаев Қанабеқ Байсейітовпен бірлесіп «Беу, қыздар-ай» комедиясын, «Алтын таулар», «Айсұлу» операларының либреттосын жазды. Оның А. С. Пушкин шығармаларына жасаған аудармалары - сөз өнерінің інжу -маржаны. Қуандық Шаңғытбаев қазақ тіліне М. Ю. Лермонтовтың, М. Горькидың , Омар Хайямның , Надерпурдың , Р. Бернстің шығармаларын аударған. Ол аудармашылық қызметі үшін Халықаралық Пушкин сыйлығына ие болды.

Қ. Шаңғытбаевтың өлеңдеріне бірнеше әндер жазылды: «Дубосеково зиратында»-әні Н. Тілендиевтікі, «Тыныштық әлемге » - әні С. Мұхамед-

жановтікі, т. б.

Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев ССРО медальдарымен және Қазақ ССРО Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

2001 жылы 19 ақпанда қарапйым да қайырылымды, жұмыста принципшіл азамат, шығармашылықта қажымас қаламгер Қазақстанның халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев дүние салды.



ШЫҒАРМАЛАРЫ.
Шаңғытбаев Қ. Арма, Республикам: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1974.-92 б;

Шаңғытбаев Қ. Лирика: Таңдамзлы.- Алматы: Жазушы, 1976 -212 б.;

Шаңғытбаев Қ. Жыр жаһаны: Аудармалар.- Алматы: Жазушы, 1980.-336 б; Шаңғытбаев Қ. Гүл толқын: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1982.-108 б;

Шаңғытбаев Қ. Сарша тамыз: Өлеңдер.- Алматы: Жалын. 1980.-120 б;

Шаңғытбаев Қ. Жыл құсы: Өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1987.-232 б;

Шаңғытбаев Қ. Ар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 2002.-120 б.





***
Шаңғытаев Қуандық // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-325-334б. Шаңғытаев Қуандық // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 545б.

Шаңғытбаев Қуандық (1925-2001) //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.

Шанғытбаев Қуандық (1925-2001) //Советтік Қазақстан жазушылары. Биобиблиографиялық анықтамалық.-Алматы, 1987.

Асабаев З. Сұлулыққа іңкәр ақын // Ана тілі.-11сәуір.-10б.


ШАХАНОВ МҰХТАР

(1942)
Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында туған. Көрнекті қазақ ақыны әкеден 9 жасында айырыған М. Шаханов 7-ші сыныпты бітірген соң еңбекке араласты. Ол трактордың тіркеушісі жұмысын істеген, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің корректоры, әдеби қызметкері, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Оңтүстік облыстар бойынша тілшісі, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.

Қазақстан меценаттар клубының «Тарлан »- Платин сыйлығыньң жүлдегері, Халықаралық ақпараттық Нобель орталығының Альфред Нобель атындағы және Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының Альберт Эйнштейн атындағы алтын медальдарының иегері, XX ғасырда туған парасатты перзенттернің бірі - Мұхтар Шахановты - « біздің Мүхтардан », « Шығыстың Шахановына » айналған абзал ақыны, сонау алпысыншы жылдары поэзия патшалығына, өз даусы, өз болмысы, өз соқпағы, өз үнімен дарабоз арғымақтай екпіндете енді. Ақын жырларындағы мөп-мөлдір шинайлық, нәзік лирика, құс қанатымен есер самал желдей шуақ сезім, тәтті мұн терең он кернейді бой-бойымызды. Бұл ақын- жүрегінен лықси ақтарылған сөз -поэзия құдіреті!

Көкірегімде төрт сәуле бар

Төрт бақыттан тұратын.

Төртеу- менің мұратым! - деп кең дүниенің тар есігін жалғыз емес, бірден төртеу болып тұтастана, тұлғалана кірді.

Тағдырыңды тамырсыздық

індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана!

Туған жері- түп қазығы айбыны,

Туған тіл- сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт - санасы тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі, - деп

төрт тірек тағанымызды түгендей, төрт құбыламызды тугелдеп берген ақын да осы Мұхтар.

Вальс королі атанған Шәмшінің жан дүннесі де Мұхтар Шахановтың өмірімен өзектесті, олар қамшының өріміндей кірігіп кетті. Жастар жүрегіне дәру болған «Арыс жағасында», «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик» сияқты әндер қазақ жерін шарлап кетпеді емес пе? Мұхтар Шаханов сазгер ретінде де республика жұртшылығына кеңінен белгілі. Кезінде Ғ. Мүсірепов «қазіргі қазақ әндерінің классикасы» деп атаған, ақынның «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде»,

«Мен саған ғашық едім», «Арал қасіреті», Желтоқсан тағлымы» атты әндері де өнерқұмар жүртшылықтың аузында. Мұхтардың шығармашылық одақтастығынан туған ән-әуендер тіпті көп. Сондай-ақ Нүрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр», Әсет Бейсеуовтың «Жайықтан қайтқан тырналар», Ескендір Хасаңғалиевтің «Айналайын», «Өмір-өзен» атты әндерінің де мәтіндері Мұхтар Шахановтың жүрегінен шыққан өлең өрімдері. Оның «Танакөз» поэмасы сол жетпісінші жылдары жастар газетінің бірнеше нөміріне жарияланып, жұртты дүр сілкінтті. Жастар баспасының жанынан шығатын «Жалын» альманағының «Біздің лауреаттар» атты сериасы бойынша Мұхтар Шахановтың «Махаббагты қорғау» атты жыр жинағы шықты. Оның шеберлігінің алтын тілі — аңыз әңгімелерді әдемі өр'е білетіндігінде. «Күретамырды іздеу», «Сейхундария», «Сенім патшалығы», «Отырар элегиясы», «Махаббатты қорғау», тағы да басқа көптеген поэма дастандары, балладалары ғасырлар бойы халық арасында қордаланып жатқан қазына хиқаяларды қазақы қалыпқа салып, қайта қорыта. алғандығының көркем керінісі.

Мұхтар Шаханов сонымен бірге белгілі қоғам қайраткері. 1986 жылы Кеңес одағына тұңғыш рет тоталитарлық жүйеге ұйымдасқан түрде ашық қарсы шыққан қазақ жастарын ақтап алуда, ол өз басына төнген қауіпке қарамай ерлікке барабар іс етті. Апат аймағы — Арал теңізі маңындағы адамдарды қорғау туралы әлемдік деңгейде дабыл қақты. 1988 жылы 62 жыл үзілістен соң Қазақстанда және Орта Азияда «Наурыз» мерекесінің қайта тойлануына мұрындық болды.

ҚСРО халық депутаты, ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Халық депутаты болып сайланды. 1993-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және Өкілетті Елішсі қызметінде болды.

Мұхтар Шаханов-Қырғыз Республикасының халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының халық жазушысы (1996), бірнеше шет елдік және отандық академиялардың, университеттердің, ЮНЕСКО-ның «Брорукер» клубының құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Брорукер» клубы сыйлықтарының иегері, 2002 жылы М. Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А. Эйнштейн атындағы алтын медалі, Туркияның Гебзе қаласьнда «Түркі тілдек халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілді.

Шығармалары дүние жүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылған. Ақынның поэзия кештері Мәскеуде, Стокгольмде (Швеция), Глазгода, Эдинбургте (Шотландия), Ренеде (Франция), Кобэде (Жапония), Берлинде, Дрезденде, Кельнде (Германия), Исламабадта (Пакистан) т.б. елдерде өтті.

Мұхтар Шахановтың Ш. Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшыньң зары» атты эссе кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы көп тілдерге аударылып, өз республнкамызда және шет ел театрларында жүріп жатыр. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. Сондай-ақ бұл драма да бірнеше мемлекеттік сахналарынан орын алды.

Ф. Хитцер «Европа үстіндегі найзағай» деп аталған М. Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты романы әлемдік поэзиядағы жаңа кұбылыс ретінде бағаланды. 1999 жылы ЮНЕСКО өзінің арнайы шешімімен Париждегі өз штаб-үйінде шығарманың тұсау кесерін өткізіп, оны әлемдік барлық басты тілдеріне аударуға ұсыныс жасады. Ал, 2002 жылы ақынның «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты екінші романы да ЮНЕСКО өткізген «Жібек жолы бойындағы ғылым мен руханият» халықаралық конференциясы шеңберіндегі «Тарихи-адамгершілік жадыны жоғалту қаупі және тәубаға келу мәселесі» бойынша дөңгелек үстелге негіз болды.

Қазір Қазақстан үкіметінің арнайы қаулысымен қайта жарық көре бастаған «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшыларының басын біріктіретін «XXI ғасыр және «Руханият» атты халықаралық «Элита» клубының президенті.





ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шаханов М. Өлеңдер – Алматы: Жазушы, 1966- 48 б. (Түңғыш кітап).

Шаханов М. Ай туып келеді: Балладалар мен өлеңдер, әндер және поэма.- Алматы: Жазушы, 1970.-54 б;

Шаханов М. Қырандар төбеге қонбайды: Балладалар, өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1974.-95 б;

Шаханов М. Сенім патшалығы. - Алматы: Жалын, 1977.-207 б;

Шаханов М. Ғашықтық ғаламаты: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1979;

Шаханов М. Махаббатты қорғау: Өлеңдер, балладалар, поэмалар. - Алматы:

Жалын, 1982.-256 б;

Шаханов М. Ғасырларды безбендеу: Өлеңдер, балладалар, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1988.-304 б;

Шаханов М. Дәуір дастандары: Өлеңдер, балладалар, поэмалар - Алматы.
Жазушы,' 1993.-320 б;

Шаханов М. Таңдамалы жырлар.-Алматы: Шарапат, 1993.-61 б;

Шаханов М. Танакөз: Жыр кітабы.- Алматы: Рауан, 1996.-160 б;

Шаханов М. Құз басындағы аңшының зары (Ғасыр айрығындағы сырласу).- Алматы, 1997.-352 б;

Шаханов М. Жаңа қазақтар: Таңдамалы жырлар //Құраст. Қ. Ағыбаева.- Алматы: Білім, 2000.-224 б;

Мұхтар Шахановтың әндері. - Алматы: Дастан.-2000.- 2 аудиокассет;

Мұхтар Шахановтың әндері.- Алматы: Жас қазақ , 2000.-64 б.




Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
Шығармалары:
Сқақбаев марал
Тиесов мағзұм
Тоқмағамбетов
Шығармалары
Шәкенов нүтфолла
Шүкіров зейнолла

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу