Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет20/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
түріАнықтамалық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ШӘКЕНОВ НҮТФОЛЛА

( 1928 -1983 )
Ақын Нұтфолла Шәкенов Павлодар облысы, Ермак ауданы; Хамзин атындағы совхозда 1928 жылы туған. Қазақтың Мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет) 1948 жылы бітіртен. 1944-48 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Пионер» журналының бөлім меңгерушісі, 1948-49 жылдары Қызылорда педагогикалық инстнтутында оқытушы, 1949-55 жылдары Қазақ радиосы әдеби-драмалық хабарлар редакциясының бас редакторы, «Қазақстан пионері» газетінің жауапты хатшысы, 1966-68 жылдары Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1970-81 жылдары Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды. Алғашқы «Біздің жыр» атты өлеңдер жинағы 1949 жылы жарық көрді. Кейін замандастарымыздың жарқын келбетін, арман-тілегін шабыттана жырлаған «Жүрек сөзі» (1953), «Орамал» (1956), «Шаттық желі» (ән текстері, 1958), «Жүз ән» (ән текстері, 1973) шықгы. Нұтфолла Шәкеновтің шығармашылық бақыттылығы, қаламының салымдылығы аса дарынды композиторлармен, абыройы асқақ әншілермен өнер саласында еңбек еткендігі. Қазақ музыка тарихында өшпес орны, мол үлесі бар М.Телебаев, Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Б. Байқадамов, С. Кәрімбаев, Ә. Еспаев, Н. Тілендиев, С. Мұхамеджанов. Ш . Қалдаяқов, Е. Рахмадиев, т. б. композиторлар музыкасына сәтті өлеңдер жазуында.Талантты композиторлардың әндеріне жазылған өлеңдері шын мәніндегі халық әндеріне айналды. «Жан Сәуле», «Махаббат вальсі», «Іздедім сені», «Қызғалдағым», «Бейбітшілік сақталады», «Сен ғана», «Ақ бидай» т.б. ән-өлеңдері әлеумет-қауым рухани серігіне қалап алған үзақ жасар дүниелер. Шәкенов Н. ақын ғана емес, сан қырлы саңлақ болатын. Домбыра тартын, күй шертіп, ән салатын өз заманының сері өнерпаз ақынының бірі еді. Ол өзінің поэтикалық күш-қуатын эпика саласында да сынап сәтті поэмалар жазған. «Ұрпағым менің» поэмасы өзінің публицистикалық құдіретімен құнды. Жүрекке жылы тиер дастанының бірі «Қазақ жаны», үшінші дастаны «Сақина». Шоқтығы биік дастаны «Айгүл», заман тынысын танытатын «Байқал» поэмасы бар. Ақын өз шығармаларында дәуіріміздің тыныс-тіршілігін, замана ұлылығын, еңбек адамдарының ерен ерлігін өзіндік үнмен толғайды. Оны Қазақ ССР-нің Жоғары кеңесі Құрмет грамотасымен марапаттады. Шакенов Нұтфолла 1983 жылы дүниеден өтті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шәкенов Н. Біздің жыр: Өлеңдер жинағы. - Алматы: ҚМКӘБ, 1949-72 б;

Шәкенов Н. Жүрек сөзі: Өлеңдер - Алмаіж: ҚМКӘБ, 1953.-80 б;

Шәкенов Н. Орамал: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956.-88 б;

Шәкенов Н. Шаттық желі: Ән тіркестерінің жинағы.-Алматы:ҚМКӘБ, 1958- 68 б;

Шәкенов Н. Сурет.- Алматы: ҚМКӘБ,1959.-34 б;

Шәкенов Н. Қазақ әндері. - Алматы, 1961.-30 б;

Шәкенов Н. Айгүл. Поэма.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.-132 б.

Шәкенов Н. Менің гүлім: Өлеңдер мен поэма. - Атматы: Жазушы, 1966.-116 б;

Шәкенов Н. Жастар әні. Сөзі мен музыкасы Н. Шәкеновтікі.-Алматы. Жазушы, 1967.-6 б;

Шәкенов Н. Сақина: Поэмамен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.-79 б;

Шәкенов Н. Минка.- Алматы. Жазушы, 1973.-82 б;

Шәкенов Н. Жүз ән. (Ән текстісінің жинағы).-Алматы: Жазушы, 1973.-119 б;

Шәкенов Н. Желбіре менің жалауым.-Алматы: Жазушы, 1974.-3 б; Шәкенов Н. Бел-белес: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1975.-207 б; Шәкенов Н. Толқындар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1975.- 158 б: Шәкенов Н. Белеңдер: Өлендер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1979.-320 б; Шәкенов Н. Байқал: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы. Жалын, 1979.-95 б. Шәкенов Н. Жан Сәуле: Ән өлеңдерінің жинағы.- Алматы: Өнер, 1984.-152 б;

***
Шәкенов Нұтфолла //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан дамуинституты,1999.-680 6.

Шәкенов Нұтфолла //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиалықанықтамалық - Алматы: Жазушы, 1987 .-695 б.

Шәкенов Н. Ән қалай туды //Кітапта Шәкенов Н. Жан сәуле. Ән өлеңдерінің жинағы.- Алматы: Өнер, 1984.-3-6 б.

Шәкенов Н. Өлең жолында //Кітапта: Белеңдер: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1979-5-6 б.



Әлімбаев М. Төрт сөзі түгелімен келіскен соң... //Кітапта Әлімбаев М. Өмір. Өнер. Өнерпаз: Эссе, естеліктер, ой-толғамдар.- Алматы: Өнер, 1990.- 123-136 б.

Шакенов Н. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-338б. Шәкенов Н. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 551б.


ШӘРІПОВ ӘДИ

(1912 )
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымының докторы, жазунш Әди Шәріпов 1912 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Мариновка селосында туған. 1938 жылы Абай атындағы Мемлекеттік университетін бітірген. 1938-40 жылдары Алматы облысында мұғалім, 1944-1958 жылдар аралығында Қазақ ССР Оқу министрінің орынбасары, 1958-1963 жылдары Оқу министрі, 1963-1966 жылдар аралығында Қазақ ССР Министр Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі. 1966-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы және КСРО Жазушылар Одағының хатшысы болып қызмет атқарады.

1971-1979 жылдары ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институтының директоры, 1979 жылдан осы институтта аға ғылыми қызметкер. Ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ әдебиетінің тарихы мен проблемалары, әдебиет теориясы мәселелері, Ж. Саин мен С. Мәуленов шығармашылықтарына арналған. Отан соғысы тақырыбына жазылған бірқатар повестердің, «Сахара қызы» (1979) атты тарихи романның авторы.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап Әди Шәріпов Совет Армиясының қатарында болды. Ол Беларуссия жеріндегі, Смоленск пен Орлов облыстарындағы партизан отрядтарының құрамында неміс басқыншыларымен шайқасты, партизан отрядін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың мамыр айына дейін партизан қозғалысының Смоленск штабында жұмыс істеді.

Соғыстан кейінгі уақытта Әди Шәріпов Қазақ ССР Оқу министрінің орынбасары, Қазақ ССР Оқу министрі, Қазақ ССР Министрлер Советі төрағасының орынбасары, Қазақ ССР Сыртқы істер министрі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазір аталған институттың қазақ совет әдебиеті бөлімінде аға ғылыми қызметкер. Филология ғылымдарының докторы (1973).

Әди Шәріпов бірнеше дүркін Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі, СССР Жоғарғы Советінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Әди Шәріповты халыққа жазушы ретіңде кеңінен танытқан «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Төн», «Қапастағы жұлдыздар» атты шығармалары. Орыс және бірқатар туысқан елдер тіліне аударылған бұл повестер Отанға деген сүйіспеншілік, интернационалдық, достық идеяларын насихаттады. Әди Шәріповтың «Алыс жағалаулар» кітабында Канада, Сенегал, Гвинея; Бирма, Мысыр, Үнді қалаларына барған сапарларындағы ой-әсерлері арқау болған.

Қаламгердің «Сахара қызы» романында Қазақстанның Россияға ерікті түрде қосылу тарихын, әйел теңдігі мәселелері суреттелсе, «Дос сыры» романында 1930 жылдардағы алғашқы қазақ интеллигенциясының күрделі өмір жолы баяндалады. Әди Шәріповтың «Орман хиқаясы» атты киносценарийі бойынша түсірілген көркемсуретті фильм Ташкент қаласында өткен Азия мен Африка елдерінің кинофестивалі мен Алматыда өткен Советтер Одағының кинофестивалінде жоғары бағаланып, СССР Қорғаныс министрінің арнаулы жүлдесіне ие болды.

Әди Шәріпов- «Ж. Саиннің өмірі мен творчествосы» (1964), «Қазіргі дәуір және қазақ әдебиеті дамуының проблемалары» (1974), «Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық» (1984), «Сырбай Мәуленов творчествосы» (1985) атты монографиялардың, әдебиеттану мен педагогика салаларына қатысты.

Көптеген мақалалар жазды. Әди Шәріпов Ленин, екі Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Қүрмет белгісі» ордендерімен, СССР медальдарымен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Оған «Қазақ ССР-нің
еңбек сіңірген мұғалімі» деген құрметті атақ 1973 берілген.

ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шәріпов Ә. Қазақстан мектептері дамудың жаңа кезеңінде.-Алматы, 1959;

Шәріпов Ә. Қазақстан халық ағарту ісі 40 жылда.-Алматы, 1961;

Шәріпов Ә. Партизан қызы: Документалды повесть.-Алматы: ҚМКӘБ, 1961;

Шәріпов Ә. Жұмағали Саиннің өмірі мен творчествосы.-Алматы: ҚМКӘБ,1964;

Шәріпов Ә. Партизан қызы. Ормандағы от. Төн: Повестер.-Алматы: Жазушы,1968;

Шәріпов Ә. Алыс жағалаулар: Жол жазбалар.- Алматы: Жазушы, 1970;

Шәріпов Ә. Қапастағы жүлдыздар:Повесть және жол хиқаясы.-Алматы: Жазушы,1971;
Шәріпов Ә. Қазіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары.-
Алматы,1973;

Шәріпов Ә. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия.-Алматы, 1978;


Шәріпов Ә. Сахара қызы: Роман.- Алматы: Жазушы,1979; Шәріпов Ә.Таңдамалы. Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1982

1том: Повестер.-1982.-520 б

2том: Роман, әңгіме, қолжазбалар.-1982.-496 б

Шәріпов Ә. Сырбай Мәуленов творчествосы.- Алматы: Ғылым, 1985; Шәріпов Ә. Арбасу: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1988;

Шәріпов Ә. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия: Орта мектептің 10 сыныбына

арналған.-Алматы: Рауан, 1990.

* * *
Тәшенов Т. Әдекеңнің ескерткіші қойылар деп үміттенемін //Айқын.-2012.-8қыркүйек.-5б.

Негимов С. Ақсұнқар азамат // Егемен Қазақстан.-2012.-20қыркүйек.-6б.

Зайкенова Р. Жақсылыққа жаралған жүрек: партизан-жазушы Әди Шаріпов туралы //Қазақ әдебиеті.-2012.-7қыркүйек.-11б.



Жұмағұлов Б. Шыңның жүзі: қөғам, мемлекет қайраткері, жазушы Әди Шәріпов //Егемен Қазақстан.-2012.-5қыркүйек.-5б.

Шәріпов Ә. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-340б. Шәріпов Ә. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 552-553б.

Шәріпов Ә. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-467б.



ШИПИН ОМАР

(1879-1963)
Қазақстаның халық ақыны Омар Шипин 1879 жылы қәзіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне белсене қатысушы, Аманкелді Имановтың сенімді серіктерінің бірі. 1916жылы патшаның қазақ және басқа ұлт жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығына қарсы көтерілген сарбаздар қатарына қосылған. Сол жылдары жазған «Арман», «1916 жыл», «Аманкелдінің айбаты», «Торғай соғысы» толғаулары Торғай даласына, одан да сыртқары жерлерге кең тараған. Белгілі сыншы Құлбек Ергөбек ақын Омар Шипин жайлы былай деп жазады: «...Уақыттық талаптың біразына жауап беріп, уақыттық перделерді бүзып, бүгінге жиһазды жыры, ақындық есімі жеткен дүлдүлдерің бірі - Омар Шипин. Жүзге келген жыр жүйрігі санда бар көп ақынның бірі емес-ті. Көзі тірісінде білдік пе, жоқ па, бүгін осы шындыққа көз жетеді. Ол Жамбыл. Кенен, Нартай секілді ақындық өмірде өзінің айналасы, тәрбиелік мектебі, тарихта өз орны бар тұлғалардан.

....Ақындықтың алғы шарты-жырымен уақыт шежіресін жасауға саяды. Омар ақын жырын оқыған адам дәуір тынысын анық аңғарады 1916 жылғы улт-азаттық көтерілісіне қатысқан ол өзі өмір сүрген дәуірдің дүбірлі оқиғаларының қаисысына да ақындық қиалмен қатысып отырыпты Көзімен көрін, көңілге түйгенін жәй жырлау, шежіреішлдікті қанағат түту - Омар ақын үшін де аз. Жыр жүйдігі уақыт туғызған тақырытпы келешек көзімен. барлап, байқап өлеңге қатаңдау қараса керек. Оның жыр бұлағынан төгілген. «Әни дастан», «Аманкелді» «Ұлы Октябрь термесі», «Масаты қыз» дастандарының табиғаты осыңдай пікір тиюге итермелейді. Ойлап қарасақ, ақын өлең шіркінге жан журегі, ақыл парасаты, қарапайым тәжірибеден жиған білімді жинақтай беріп, жыр шырайына көлеңке түсірмеуге тырысады екен. Атанған дастандар тарихи сипатымен ерекшеленеді. Бұл туындыларда ол уақыттың үнін, оқиғаның сипатын беруге көркем өрнектерді молдап іздестіріпті. Жыр реңін ашатын көркемдік кестелерін ақын шама-шарқынша жазба поэзия дәстүрлеріне сабақтастыра іздепті. Екі бірдеи ғасырдың куәгері - Омар ақын жырларын өз замандастарынан бөлектейтін, оның есімін даралап бүгінмен сабақтастыратын қасиеттер осылар. Жаңа заман жасаған жағдайда арқа сүйеп, көмей толы жырының шын бағасын біліп, күмбірлете жыр толғапты. Бұл табиғаты тұлпар ақынның жағдайға қарай жабыға айналып барып, қайта түлеуі секілді. Бұл шын жыр жанпозының бабына келген хас жүректің белгісі еді». Ақының «Әни-дастаны» Әліби Жанкелдинге арналса, «Ыбырай» дастанында қазақ халқының ағартушысы Ыбырай Алтынсаринің ұстаздық қызметін тебірене жырлайды. 1941-42 жылдары Омар Шипин «Аманкелді» дастанын жеке кітапша етіп бастырды. 1943 жылы ақын Ленинград майданына барып, жауынгерлер алдында жыр толғады. Осы сапары жөнінде «Маидан жолында» атты туындысын жазды. Жалпы алғанда оның өлеңдері бейбітшілік, патриотизм, халықтар достығы тақырыптарына арналған Ақын мұрасы бүгінгі жас ұрпаққа осы жағынан бағалы да, қүнды. Омар Шипин 1963 жылы дүниеден өтті.



ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шипин О. Аманкелді батыр.-Алматы: ҚМКӘБ.Д942;

Шипин О. Торғай атырабында: Таңдамалы өлеңдер.-Алматы: ҚМКӘБ.1948;

Шипин О. Халық атынан: Өлеңдер-Алматы:ҚМКӘБ.1950;

Шипин О. Екі дастан. – Алматы: ҚМКӘБ, 1950; 1957;

Шипин О. Өмір өрнегі.-Алматы: ҚМКӘБ. 1952;

Шипин О. Жеткіншек: Өлеңмен жазылған әңгіме.-Алматы: ҚМКӘБ., 1953;

Шипин О. Туған жер.-Алматы: ҚМҢӘБ. 1955;

Шипин О. Тың үстіндегі ту: Өлеңдер мен дастандар.-Алматы: ҚМКӘБ., 1957;

Шипин О. Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер мен дастандар. –Алмат:ҚМКӘБ.1961;

Шипин О. Аманкелді батыр: Дастан.-Алматы: Жалын, 1985;

Шипин О. Дастандар. /Қүраст. С.Әсіпов, Б.Бекбаев.-Алматы: Жазушы, 1989.



***
Шипин Омар (1879-1963). //Қазақ әдебиеті -Алматы, 1999.- 693- 694 б.

Шипин Омар (1879-1963). //Советтік Қазақстан жазушылары.-Алматы,1987.-700-

701 б.

Ергөбек Қ. Халық жырының ақберген ақсақалы. (Омар Шипин). //Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар.-Алматы, 2003.-283-290 б.



Шипин Омар. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-341-342б.

Шипин Омар. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 555-556б.

Шипин О. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-514б.


ШОЙБЕКОВ ҮСЕН

(1937)

Шойбеков Үсен 1937 жылы 5 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданыңың Тассай ауылында туған. Жазушы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1967-87 жылдары облыстық халық ағарту бөлімінде инспектор, әдіскер, мұғалімдер білімін жетілдіру институты директорының орынбасары, директор қызметтерін атқарды. 1987 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1958 жылдан бастап жариялана бастады. Кейіннен «Сұсты күндер» (1978), «Бейбіт күндер» (1981) сынды әңгімелер мен повестер жинақтары сондай-ақ, әқімшілік, әміршілдіқ жүйенің барынша дәуірлеп тұрған шағындағы халқымыздың хал-жағдайын суреттеп, «тоқырау»кезінің бет-бейнесін ашып көрсете білген «Парыз» (1986), «Жұт» (1990), «Құрбандар» (1991) атты романдары жарық көрді. Жазушы «Парыз» романында қазіргі ауыл өмірінің болмыс-келбетін жетек көрсете отырып, қешегі тақырау дәуірінде етек болған мемлекет мүлкін талан-таражға салушы жемқорлармен күресті баяндайды. «Жұт» романында автор қейіпкері әлеуметтік әділеттік үшін қиындықтарды жеңеді. Үсен Шойбековтың шығармалары оқырманды бірден баурап алады, тілі шұрайлы, әсерлі оқылады.


ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шойбеков Ү: Сұсты күндер: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1978.-І35б. Шойбеков Ү. Бейбіт күндер: Повесть және әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1981.

Шойбеков Ү. Парыз: Роман.-Алматы: Жалын, 1986.



ІІІойбеков Ү. Жұт: Роман: Жалын, 1990.

Шойбеков Ү. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-342б.

Шойбеков Ү. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 556б.


ШУХОВ ИВАН

(1906-1977)
Шухов Иван 1906 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов станциясыңда туғаң. Петропавл педагогика техникумында, Омбы жүмысшы факультетінде, Мәскеудегі Әдебиет институтында оқып, бітірген. 20-шы жылдары баспасөз бетіңде И. Шухов журналист-очеркист ретінде көрінді. 1934-37 жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка ауданындағы «Ударник» газетінің редакторы, 1963-74 жылдары аралығында « Литературный Казахстан» альманағының (қазіргі «Простор») бас редакторы болды.

Шығармалары 1926 жылдаң жариялана бастады. «Өшпенділік» романында (1931) әлеуметтік, саяси-экономикалық, адамгершілік мәселелері көтеріліп, орыстар мен қазақтардың жаңа заман орнатудағы жолын, еңбегін, халықтар достығын, ескінің тозып, жаңаның озуын шынайы баяндайды. «Қасірет белдеуі» романы (1931) қазақ, орыс халықтарының Қазан көтерілісіне келу жолдарың суреттеуге арналған. Шухов шығармашылығына М. Горький зор баға берген, жазушының қазақтар өмірі тым қатал, әрі нанымды етіп суреттелгеніне баса назар аударған. Солтүстік Қазақстандағы коллективтендіру тақырыбы «Отан» (1936) романында жалғасын тапқан. «Майдандағы армия» романында (1940) қөтерілген тарихи оқиғалар 1-ші дүниежүзі соғыспен Қазан тоңкерісі, Азамат соғысымен,«Алтын алқап» кітабы (1957), «Американың күндері мен түндері» (1960), «Югославия күнделігі» (1963) т.б. очерктер жинағы, «Туған ел және жат жер» деген прозалық топтамасы (1968), «Пресновка әсерлері» атты өмірбаяндық повестер шоғырының апғашқы болімі («Қоқырау», 1970), «Қара шеңбер» әңгімелер жинағы, «Қазақстан желі отіңде» очерктер жинағы (1931), «Комескі ои» пьесасы (1933) т. жарық көрді. Көркем аударма саласында жемісті еңбек етіп, С. Мұқановтың «Ботакөз», «Өмір мектебі» романдарын, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің, Ә. Әбішевтің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударды. Шуховтың көптеген туындылары КСРО және шетел халықтарының тілдерінде басылды. «Өшпенділік» (1935), «Қасірет белдеуі» (1972) романдары қазақ тіліңде жарық көрді.

«Халықтар достығы» орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет және медальдарымен марапатталған. Алматы қаласындағы бір көше, №53 мектеп, Петропавловск қаласындағы бір көше мен орталық қалалық кітапхана, Пресновск станциясындағы мектеп И.П. Шухов есімімен аталады.

Жазушының туған жерінде әдеби-мемориалдық музей-үй ашылған.
* * *
Шухов Иван. //Қазак совет энциклопедиясы: 12 томдық.- Алматы, 1978.- Т12. Шухов И.-Б.297

Шухов И. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы: Жазушы, 19І7.-704-705б.

Шухов И. //Қаз. ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.-Алматы: Қаз.сов. энциклопедиясы, 1989.-

Т.4. тіл, әдебиет, фольклор, өнер, архитектура.- 720б

Шухов И. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы: Қазақстан даму институты, 1999.- 697

Шухов И. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-343б.

Шухов И.. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 559б.

Шухов И. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-567б.



Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
Шығармалары:
Сқақбаев марал
Тиесов мағзұм
Тоқмағамбетов
Шығармалары
Шаймерденов сафуан
Шүкіров зейнолла

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу