Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет4/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
#59
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Шығармалары:
Өмірбеков Ж. Ана мейірі: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.- 86 б.
Өмірбеков Ж. Анна Никифоровнаның жүз жетпіс баласы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 23 б.
Өмірбеков Ж. Батырдың қалыңдығы: Поэма.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.- 88 б.

Өмірбеков Ж. Елеусіз: Поэма.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.- 19б.


Өмірбеков Ж. Жер ұшқындары: Поэма, өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1976.- 83 б.
Өмірбеков Ж. Жиырма төрт сағат: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 83 б.
Өмірбеков Ж. Замандасым – сырласым: Очерктер.- Алматы: Қазақстан, 1967.- 164 б.
Өмірбеков Ж. Кешкі ән: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.- 119 б.
Өмірбеков Ж. Көңілімнің құстары: Дастандар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.- 223 б.
Өмірбеков Ж. Қызыл су: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1975.- 176 б.
Өмірбеков Ж. Мың терезе: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.- 88 б.
Өмірбеков Ж. Перзенттерім: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1980.- 408 б.
Өмірбеков Ж. Тас – түйін: Повесть.- Алматы: Жалын, 1980.- 172 б.
Өмірбеков Ж. Шуақты күндер: Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы, 1986.- 152 б.
Өмірбек Ж. Таңдамалы.- Алматы: Қазақстан.-2010.-320б.
Өмірбек Ж. Қызыл қырғын: Өмірбаяндық хикаяттар.-Астана: Елорда.-2011.-232б.
Өмірі мен шығармашылығы :
Өмірбеков Жаппар // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 248.
Өмірбеков Жаппар //Советтік Қазақстан жазушылары: Био- библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 490 491 б.
Өмірбеков Жаппар //Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық аңықтама.-Алматы.-2005.-424б.
***

Қашқынов Ж. Жапекең жаққан шырақтар //Ұлан.- 2001.- 30 қаңтар (№5).- Б.5.


Негимов С. Жары да, жаңы да шуақты еді //Қазақ әдебиеті.- 2011.-25ақпан.-12б.

Өтетілеуов Ермек

(1938-2006)
Сұлбалар сыры
Соғыстың соңғы жылдары. Кең байтақ Қазақстанның солтүстік қалаларының бірі - Ақмоланың қақаған қаһарлы қысы. Үлкен базар маңындағы саман үйдің іші ығы - жығы адам. Өздері әзер сыйысып, қысылып отырған екі семьядан басқа бұл үйде апта сайын алыстан қалаға базарлап келген қонақтар - сонау қырдағы алыс ауыл Қорғалжыңдағы ағайын - жекжат, таныс - тамырлар көп болатын.

Міне, солардың бірі Борқай ағай бір қап суық алып, үйге кіріп келді де, таң қала, тұрып қалды:

- Балалардың бәрі далада дуылдасып ойнап жүр, мынау

болса тағы үйде отыр ма, қашан таусылады мұның шимайлары?

- Білмеймін, сызғылайды да жатады, әйтеуір. Аға інілерімен бір ауық ойнап келеді де, қайта кіріседі. Бүкіл қабырғаны бүлдіріп болды жазған… - деді ата - аналарының бірі.

Әңгіме, үй ішіндегі абыр - сабырға көңіл аудармай, шал - кемпірлердің сөздеріне құлақ түрмей, төр жақтағы бұрышта өз "жұмысымен" әлек болып жатқан алты жеті жасар бала туралы еді. Ол, мұнда қайдан пайда болғаны белгісіз, кішкене көмір - қарандашпен ақ балшықпен сыланған үй қабырғасына әлдебірдемелерге ұқсайтын қарапайым бейнелер деуге де келмейді, сызатыны - жартылай танылар қайдағы бір аңдар, үй жануарлары мен көше көріністерінің сұлбалары сияқты бірдемелер - тін. Ол ойына келгенін қабырғаға түсіре беретін. Ал ойына көп нәрсе келетін. Оны көптеген жұмбақ жайттар ойландыратын: айнала толы шал - кемпірлер мен балалар қайдан келді? Тамақ неге жетіспейді? Үлкендердің бәрі неліктен көңілсіз жүр? Соғыс деген немене өзі? Китлері (қарт адамдар солай атайтын) кім? Осы сияқты немесе осыған ұқсас тағы басқа тірлік сауалдары баланың басына жиі келетін де, ол ойға шомылатын. Ойға қалып отыратын, отыратын да, қайтадан қабырғаға жабысатын. Үлкендер алғашқыда баланы ауырып қалды ма деп қауіптенген де еді. Бірте - бірте оның бұл әдетіне үйреніп кетті де, әлгі "өнеріне" көңіл аударуды да қойды. Ал бала болса, өз сұрақтарына өзінше ойша жауап берген болып, соларды қабырғаға қарындаштың құйтырқысыз сызықтары арқылы түсіре берді, түсіре берді.

Одан әрі мектептегі жылдар әуелі Ақмолада, кейін шексіз тың даланың төрі Қорғалжыңда жалғасты. Бала сурет салуға бұрынғыдан бетер беріле түсті. Ол кластың қабырға газетін жасап, оқушылар кеші өтетін зал мен Жаңа жылдық ертегілер бөлмесін көркемдеп, безендіруге белсене ат салысты. Әлденеше рет сыйлық алып, жүлдегер атанып жүрді. Оның мектептес құрбыларының ішінде бір де біреу сол кезде мұны түбі суретші болмайды деп ойламаған еді.

…Алайда, өкінішке орай, әр уақытта ойлағаның бола бермейді. Мен де сондай жағдайға тап болдым: 1956 жылы Москва полиграфия институтының көркемсурет бөліміне сынақ тапсырдым, бірақ "әттеген - ай" - дан аса алмадым.

Ауыл мектебіндегі мұғалімдік, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтындағы студенттік шақтар да есте. Сол жылдары ҚазПИ-де ашылған эксперименттік бөлім - қазақ мектептерінде орыс тілі әдебиеті мен қазақ тілі әдебиетінен сабақ беретін арнайы мамандар даярлау бөлімінде оқитын студенттердің бір ерекшелігі бар еді. Олардың жарымы он жылдықты немесе педучилищені ана тілінде, енді қалған бір бөлігі мектепті орыс тілінде тамамдап келген қазақ жастары болатын. Мен солардық екінші тобына жататынмын - он жылдықты орысша бітіргенмін. Кейін бұл бөлім аса ауырлылығына байланысты төртінші курста екіге бөлініп, студенттер өздері қалаған тіл - әдебиет факультетіне ауысқан - ды. Мен орыс тілі мен әдебиеті мамандығын қаладым. Мұны тәптіштеп айтып отырған себебім - қазір көп жастарымыз: "Мен орыс мектебін бітіргенмін, сондықтан қазақша білмеймін", - дегенді сылтау етіп, ана тілінен мақұрым қалып жүр. Бұл - ешбір негізсіз, дәлелсіз желеу. Өз басым оған қарсымын. Бәрі адамның өзіне байланысты. Жасынан құлаққа сіңісті ана тіліңді былай қойғанда, үйреніп, білем дегендер табиғаты тіптен басқа шет тілдерді де игеріп кетіп жатқан жоқ па?! Мамандығым орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болғанымен, мен ана тілімді аса қастерлеуімнің арқасында ұмытпай, ұмытпақ түгіл, сол тілде алғаш рет әдебиетке келдім. Әуелі өз күшімді аудармада байқадым. Екі тілде оқығанның әсері болар, көңілге ұнаған орыс жазушыларының шығармаларын аударғың келеді де тұрады. Содан өзіме оңтайлы - ау деген орыс ақындарының балаларға арналған жеңіл де ойнақы өлеңдері мен шағын әңгімелерін аударып жүрдім. Оның бәрі көркемсөзге жаттығу сияқты әрекеттер еді.

Бірде, туған өлке - Қорғалжың аудандық газетінде қызмет істеп жүріп, сонау алыстағы балалық шағымдағы сүйікті машығым - Ақмоладағы саман үйдің қабырғасына сызған сұлбаларды есіме алдым. Есіме алдым да, ең алғаш рет балаларға жазып көрдім. Оларым өлең жолдары еді. Ол жолдар: өз күшіне күпсініп, үй жануарларының бәрін бірдей көтеріп әкете алғанына мақтанған алып піл туралы еді. Ал өлең негізі ессіз бала кезімде қиялдап отырып қабырғаға сызған әлгі жан - жануарлар сұлбаларынан туған-ды.

Кейбір шығармалар жолы тумысынан жеңіл болады. Менің сол бір өлеңім де сондай сәтті сапарға аттанды. Әуелі ол өзіміздің аудандық газетте, одан облыстық, кейін республикалық "Балдырған" журналында басылды. Ал 1965 жылы жеке суретті - кітапша болып "Жазушы" баспасынан жарық көрді. Бұдан соң орыс тілінде - "Костер", украин тілінде - "Барвинок", болгар тілінде - "Дружинка" журналдарында жарияланды.

Менің балалар жазушысы болып қалыптасуыма республикалық "Балдырған" журналында қызмет істеген жылдардың үлкен маңызы болды. Дәл осы қауымда мен он жыл бойы үшы - қиыры жоқ әсем әлем - "Баластан" атты балалар елінде болдым. Қажетті қолдау мен күнделікті ақыл - кеңестерді кішкентайларға жазатын үлкен ағалардан алып тұрдым. Менің творчестволық тағдырыма аты әйгілі балалар ақындары М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, Ж.Кәрбозиндермен бір редакцияда бірге қызметтес болғандығым үлкен әсер етті.

Мен балаларға арнап өлең, әңгіме, тақпақ, санамақ, ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, түрлі инсценировкалар жаза бастағаныма жиырма жылдан асыпты. Содан бері негізгі оқушыларым - мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер мен октябряттардан бір айныған емеспін. Себебі мен олардық балалық еркінділігін, аңғалдығын, ақ жүректігін, "даналық" былдырын жақсы көремін.

Олар үшін он шақты кітап бердім, көркем әңгіме де жазамын ара - тұра.

Аудармамен әлі де айналысып келемін. Ана тілімізге О.Дриздің, Я.Акимнің, Б.Заходердің өлеңдерін, С.Михалковтың мысал әңгімелерін, К.Ушинский, Л.Толстойдың кішкентайларға арналған әңгіме, мысалдарын аудардым.

Алматылық ақын Г.Брейгинмен бірлесе отырып, қазақ халқының біраз күлдіргі аңыздары мен әңгімелерін орыс тіліне аударып шықтық. Олар "Жалын" баспасында 1980 жылы "Бір уыс тұз" деген атпен жеке кітап боп жарияланды.

Мен 1938 жылы 1 қаңтарда Ақмола қаласында туыппын. Қырықтың қырқасынан ассам да, өзімді әлі бала сезінемін. Сол себепті де олармен араласпай, оларға жазбай тұра алмайтын жағдайым бар. Сол себепті де оларды ойлағанда:

Өкінбей, қалам домалап,

Қолдан түсер кезінде,

Еш кетті деп еңбегім -

Қазақтық қара домалақ

Бір баласы есінде

Қалса болды өлеңім! -

деген арман - тілегім барын да жасыра алмаймын.


Е. Өтетілеуов

Шығармалары:
Өтетілеуұлы Е. Абылай және қазақ батырлары.- Алматы: "Аруна Ltd", 2001.- 11 б.
Өтетілеуов Е. Алақай! Кішкентайлар кітабы: Өлеңдер, аңыздар, санақтар, жұмбақтар.- Алматы: Жалын, 1981.- 112 б.
Өтетілеуұлы Е. Апта - Неделя - The week; Бес саусақ - Пять пальцев - The five finders.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 32 б.
Өтетілеуұлы Е. Әдептілік әдемілік.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 56 б.
Өтетілеуов Е. Әдептілік - әдемілік.-Алматы:Мектеп,1976.-33 б.
Өтетілеуов Е. Балақай: Өлеңдер, әндер, тақпақтар, ертегілер, аңыз, сықақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар.- Алматы: Жалын, 1986.- 255 б.
Өтетілеуұлы Е. Бар ма, жоқ па?- Алматы:Аруна Ltd,2000.-10 б.
Өтетілеуұлы Е. Бәрінен қымбатты - Дороже всех - The dear eit.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 32 б.
Өтетілеуов Е. Биік үйдің балалары.- Алматы: Жалын, 1976.- 128 б.
Өтетілеуұлы Е. Бос шелек: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1968.-36 б.
Өтетілеуов Е. Ең күшті адам: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1984.- 103 б.
Өтетілеуов Е. Жалауша: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.- 100 б.
Өтетілеуов Е. Жанашыр: Әңгімелер.- Алматы: Рауан, 1997.- 159 б.
Өтетілеуов Е. Жұлдызша: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.- 30 б.
Өтетілеуұлы Е. Жыл он екі ай - Круглый год - The wholt year rovnd.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 32 б.
Өтетілеуұлы Е. Жылдар және жаңа жорамалдар - Про восточный календарь - The oriental endar.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 32 б.
Өтетілеуұлы Е. Кім болам? - Алматы: Аруна Ltd, 2000.- 10 б.
Өтетілеуұлы Е. Қазақ оркестрі - Казахский оркестр - The Kazakh orchestra.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 32 б.
Өтетілеуұлы Е. Қазақстан - Отаным - Казахстан - моя Родина - Kazakhstan, my mother country.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 31 б.
Өтетілеуұлы Е. Төрт түсті жер үсті - Четырехцветная земля - The ditti of four cjior. Төлдер әні - Песенка детенышей - The ditty of baby animais.- Алматы: Алматыкітап, 2002.- 32 б.
Өтетілеуов Е. Тілашар: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1982.- 88 б.
Өтетілеуұлы Е. Хайуандармен танысу.- Алматы: Аруна Ltd, 2000.- 10 б.
Өтетілеуұлы Е. Үш жұрт.- Алматы: Аруна Ltd, 2001.- 11 б.
Өтетілеуқлы Е. Ісмерлер - Мастера - SkiIIed workmen.- Алматы: Алматыкңтап, 2002.- 32 б.
Өтетілеуов Е. Ең күшті адам: Өлендер, ойындар, санамақтар, жұмбақтар, ертегілер, аңыздар.-Алматы: Раритет.-2008.-224б.

Өмірі мен шығармашылығы:
Өтетілеуов Ермек. // «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр»: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 250.
Өтетілеуов Ермек //Советтік Қазақстан жазушылары: Био- библиограф. анықтамалық. – Алматы, 1987.- Б. 493 – 494.
Өтетілеуов Е. Сұлбалар сыры //Қазақ совет балалар жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян жинағы.- Алматы, 1987.- Б. 148 – 153.
Өтетілеуов Е. //Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы, 2005.-426б.
Пфеффер Нора

(1919-2012)
Нора Густавовна Пфеффер 1919 жылдың 31 желтоқсанында Тбилиси қаласында туған. А.С.Пушкин атындағы Тбилиси педагогикалық институтында, ағылшын және неміс тілдері факультеттерінде оқыған. Оқуды Москва, Алматы шет тілдер институтында жалғастырған.

Тбилиси медициналық техникумында, Алматы шет тілдер институтында ұстаздық еткен. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарған. Ұзақ уақыт Солтүстік Қазақстанда неміс және ағылшын тілдерінің оқытушысы болып қызмет атқарды.

Н.Пфеффердің әдеби қызметі 1959 жылдан басталады. Оның алғашқы туындылары "Нойес Лебен", "Фройндшафт" газеттерінің беттерінде басылған. Содан бері бірнеше өлеңдер жинағы "Қазақстан" баспасынан шықты. Балаларға арнап жазады. Оның шығармалары бірқатар жырлары СССР және ГДР мектеп оқулықтарына енген. Композитор О.Гейльфусоммен бірігіп неміс әндерін жинастырып кітап қылып шығарды.

Нора Пфеффер кейбір қазақ, орыс, грузин, латыш ақындарының өлеңдерін неміс тіліне аударған. Н.Пфеффердің аударуымен О.Сүлейменовтың, Т.Молдағалиевтің, А.Шамкеновтың, А.Тәжібаевтің, Ж.Саинның өлеңдері неміс тілдеріне аударылды. Өзінің "Приключение Отара", "Обезьянка Мик" және "У синего Черного моря" атты жинақтары орыс және латыш тілдеріне аударылған.

Дарынды ақынның өлеңдерінің көбі балаларға арналған. Оның әдемі де көрнекті кітаптары - "Малыш", Из - за шишек не плачут", "Путешествие Отара", Беседы и игры для детей", "Слепой дождик", "Обезьянка Мик", "Заяц - парикмахер" т.б. балалық шақты көзге елестетеді.

Н. Пфеффер кітаптары Халықаралық кітаптар жәрмеңкесіне әрдайым ұсынылады. Оның өлеңдері балалар альманағы мен мектеп оқулықтарына енгізілген.

Нора Пфеффер "Фройндшафт" газетінің премиясымен марапатталған. 1977 жылы Қазақстан Жазушылар одағы "Алматы" туралы өлеңі үшін республикалық премиямен марапаттады.

Өмірі мен шығармашылығы:

Пфеффер Нора //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 500 - 501.


Пфеффер Нора //Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: Анықтамалық.-Алматы.-2004.-252б.
Пфеффер Нора //Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.-437б.

Раевский Николай Алексеевич

(1894 - 1982)
Николай Алексеевич Раевский 1894 жылдың 12 шілдесінде Вологда облысының Вытегра қаласында туған. 1913 жылы Каменец - Подольск гимназиясын бітіріп, екі жыл Петроград университетінің жаратылыстану факультетінде оқыған. 1915 жылы Михайлов артиллерия училищесіне түсіп, бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1924 жылы Прага университетінің жаратылыстану факультетіне қабылданады. Оны 1930 жылы бітіріп, жаратылыстану ғылымдарының докторы дәрежесін алады. Сонымен бір мезетте Прагадағы француз институтының әдеби секциясы курсынан өтеді. 1945 жылы КСРО-ға қайтып оралады. 1950 - 1961 жылдары Минусинск (Краснояр өлкесі) ауруханасының бірінде диагностикалық клиника лабораториясының меңгерушісі болды. 1961 жылы Алматыға ауысып, 1977 жылға дейін Қазақ республикалық экспериментальдық клиника институтында ғылыми қызметкер болып істеді.

Н.Раевский Пушкинтану ісімен 1924 жылдан шұғылданады. Бұл зерттеулерінің нәтижелері көп жылдан кейін "Жазушы" баспасынан "Если заговорят портреты" деген атпен басылып шықты. Содан кейін Пушкин жөнінде "Портреты зоговорили", "Друг Пушкина - Павел Воинович Нашокин" басылымдары жарық көрді.

Соңғы жылдары "Джафар и Джан" мен "Последняя любовь поэта" повестері басылып шықты. Жазушының документалист - әдебиетші ретіндегі жолы 1965 жылы жарық көрген шағын ғана "Егер портреттерге тіл бітсе" кітабынан, ал беллетрист - жазушы ретіндегі жолы "Жафар мен Жан" (1966) ертегі - повесінен басталады.

Әйгілі әдебиетші "Жафар мен Жан" және "Ақынның соңғы махаббаты" кітаптарының шет елдік басылымдарында ерекше сүйсініспен көрсеткен. Қилы - қилы тағдырды бастан кешіп кешеуілдеп жарық көрген "Жафар мен Жан" повест словак тіліне "Шахзада Жанның махаббаты" деген атпен, ал соңғысы "Ақынның соңғы махаббаты" - деген атпен қаз - қалпында аударылыпты. Сөзден ой, ойдан сөз туындап жатты. "Ақынның соңғы махаббаты" кітабы 1984 жылы аударылғанда Чехославакияның ірі тарихи романисі Ян - Ленчо кезінде Чехославакияның жерінде тұрған автор тағдырына қызығып, сұрастырып бағыпты. Қызық болғанда шет елдік әріптесінің сұрауына Қазақстан Жазушылар одағы: "- Сіз тағдырына қызығып отырған Николай Алексеевич Раевский аман - есен, Алматыда тұрады" деп жауап бергенде ол таңданысын жасыра алмапты. Аңсары билеген чех жазушысы 1984 жылы арнайы келіп қос ғасыр куәгері - тоқсанды еңсерген қария, тағдырының соқпа - соқпасы көп Н.А.Раевскиймен жолығысып, кеңінен әңгімелесіпті. Өзінің арнайы ала келген кітабын: "ХХ ғасырдың ұлы жазушысы Н. А. Раевский және оның жары Надежда Михайловнаға. 04.08.1984" деген қолтаңбамен сыйлапты.

Сәби шыр етіп жарық дүниеге келгенде дәм таусылып, тәні тиер жердің топырағы бұрқ ете түседі деген сөз бар емес пе, қазақта?! Шамасы, шалғай Украина жерінде Николай Алексеевич шаранаға оранып, жанарына алғаш жарық нұр шалынғанда Алматы топырағы алған демдей бір көтеріліп басылған болар, сірә. Мынау жалғанда ұзақ та, бұралаң жолды ғұмыр кешкен Н.А.Раевский 1982 жылы желтоқсанның 16 күні Алматыда көз жұмды.

Өмірі мен шығармашылығы:
Ергөбеков Қ. Дүние бір қисық жол бұраңдаған… //Ергөбеков Қ. Баянғұмыр.- Алматы, 1991.- Б. 145-155.
Раевский Николай (1894 - 1982). //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 253.
Раевский Николай //Қазақ әдебиеті: энциклопедиалық аныктамалық.-Алматы, 2005.-438б.

Райымбеков Әбулақап

(1923)
Әбулақап Райымбеков 1923 жылдың 15 желтоқсанында Жезқазған облысының Ұлытау ауданындағы "Ұлытау" совхозында туған. 1931 жылы Қарсақбай мыс қорыту комбинатына келіп, құрылыс цехында жұмыс істеген. Кейін балалар үйінде, Қарсақбай орта мектебінің жанындағы интернатта тәрбиеленген.

1939-1941 жылдарда Қарсақбай аудандық мемлекеттік банкісінің бухгалтері, 1941 - 1948 жылға дейін Жезқазған аудандық "Қызыл кенші" газетінің әдеби қызметкері, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары болады. 1940 жылы облыстық газетке "Есембектің әңгімесі" деген тұңғыш очеркін жариялаған. 1948 - 1951 жылдары - республикалық "Лениншіл жас" газетінің әдеби қызметкері, 1952 жылы Жезқазған руднигіндегі шахта жұмысына оралып, 1953 жылы сондағы жұмысшы жастардың орта мектебін ойдағыдай бітіреді де, Алматыдағы Әль - Фараби атындағы ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түседі. 1958 жылы журналист мамандығына ие болады. Ұлытау ауданының "Шеңбер" совхозында, Жезқазған руднигіндегі №2 орыс орта мектебінде, №22 кәсіптік училищеде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ береді, тәрбиеші - оқытушы болып істеп, № 44,51 шахталарда жаңа техника хронометражисі болып забой жұмысшыларымен бірге 3,5 жыл еңбек етеді. 1963 жылы КазГУ - дің аспирантурасына түсіп, 1966 жылы "Жұмысшы табы қазақ совет поэзиясында" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

1971 жылға дейін Ташкенттің Низами атындағы пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне қазақ әдебиеті пәндерінен дәріс берген. 1971 - 1978 жылға дейін - Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1980 жылдың қараша айынан бері - Әль - Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетінің доценті болды.

Әбулақап Райымбеков жарты ғасыр өмірінде өзінің дастандарын, жырларын күні бүгінге дейін жұмысшы табына, өзі туып өскен, шахтада жұмысшы болып бірге еңбек еткен кеншілер мен мысшыларға арналған бірнеше өлеңдер мен дастандар жинақтарының және "Қазақ поэзиясындағы жұмысшы образы" деген зерттеу кітабының авторы.

Оқушы қауымға ұсынылып отырған "Құрыш білек" атты жыр кітабы - оның ұзақ жылғы өлең жолындағы бір жиынтығы. Бұл жинақтың да негізгі тақырыбы біреу: ол - Жезқазған кеншілерінің бұрынғы, қазіргі өмірі, іс - әрекеті, көңіл күйі, олардың көпке ортақ сыры.

Өлеңдер бір қарағанда қарапайым, жұпыны тәрізді көрінгенмен, онда нақтылы айтпақ ой, шынайы өмір сипаттары бар. "Алуан - алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер" дегендей, бұл кітап Әбулақап Райымбековтың көп жылғы ақындық еңбегінен сұрыпталған, оқушы назарына татырлық бірқыдыру жемісі болмақ.

Әбулақап Райымбековтің елін жырлағанына алпыс жылдан асыпты. Осы жылдар ішінде оның он шақты жыр кітабы жарық көрді.

"Кешіккен махаббат" кітабына ақынның ең таңдаулы өлеңдері мен дастандары топтастырылды. Ақын шығармаларының көпшілігінде өзі туып өсіп, еңбек еткен Жезқазған кеншілерінің өмірі мен ерлік жолын жырлауға адалдығынан айнымайды. Сондай - ақ, табиғатты аялау, Отанды сүю, достық пен махаббат сезімдерінен құрылған лирикалық жырлары да өз оқырманын тапты деп ойлаймыз.


Шығармалары:
Райымбеков Ә. Жез дария: Дастан мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.- 96 б.
Райымбеков Ә. Жез қазғандар: Поэма.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.- 56 б.
Райымбеков Ә. Жезқазған әуендері: Толғаулар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1966.- 82 б.
Райымбеков Ә. Жұмысшы мәртебесі: Қазақ прозасындағы жұмысшы тақырыбы туралы зерттеу.- Алматы: Жазушы, 1980.- 171 б.
Райымбеков Ә. Кешіккен махаббат: Өлеңдер мен дастан.- Алматы: Жазушы, 1991.- 304 б.
Райымбеков Ә. Қазақ поэзиясындағы жұмысшы образы: Зерттеу.- Алматы: Жазушы, 1971.- Б.142 б.
Райымбеков Ә. Құрыш білек: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1975.- 80 б.

Өмірі мен шығармашылығы:
Райымбеков Әбулақап //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.502 - 503.
Райымбеков Әбулақап //Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: аныктамалық.- Алматы, 2004.-253б.
Райымбеков Әбулақап //Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы, 2005.-439б.

Райымқұлов Рахметолла

(1913 - 1978)
Райымқұлов Рахметолла 11 мамырда қазіргі Ташкент облысы, Қараманас ауылында дүниеге келген. 1929 жылы төрт кластық білімімен Ташкент қаласындағы Қазақ педагогикалық техникумына түскен. Оны 1933 жылы бітіріп, Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауылында өзі оқыған мектепте мұғалім болған.

Аудандық "Алға" газетінің редакторы қызметін атқарады. Сол жылдардан бастап ұзақ уақыт баспасөзде істеген. 1935 - 1936 жылдары Ташкенттегі педагогикалық институтта оқиды. 1937 жылы Алматыдағы Қазақстан Коммунистік Журналистер институтына ауысып, оны 1939 жылы бітіріп шығады да, "Сталин жолы" (қазіргі "Қазақстан әйелдері") журналына жауапты хатшы қызметіне қалдырылады. 1941 жылы "Социалистік Қазақстан" газетіне ауысады. Сол жылы майданға кетіп, 1946 жылдың қаңтарына дейін әскер қатарында болды. Соғыстан оралысымен Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде очерк және фельетон жанрларынан семинар сабағын жүргізеді, 1949 - 1953 жылдары Полиграфия және баспасөз қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің төрағасы болып екі рет сайланады. 1953 - 1961 жылдары "Жұлдыз" журналында жауапты хатшы, "Қазақ әдебиетінде", "Жұлдыз" журналында проза бөлімінің меңгерушісі болды. 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болып істеген.

1974 жылдан творчестволық жұмыста болды. Алғашқы әңгімелер жинағы "Уәде" 1958 жылы жарық көрді. Кейін Қазақстанда Совет өкіметін орнату және нығайту жолындағы күресті, елімізді коллективтендіру кезеңіндегі тап тартысы, советтік өмір шындығын әр қырынан суреттейтін "Жасыл беле" (1960), "Түйелі адам" (1962), "Перделі пенде" (1966), "Балдақты адам" (1967), "Бұрылыстар" (1967), "Қыз айна" (1970), "Бала жігіт" (1977), "Жапандағы жапырақ" (1981) тағы басқа әңгімелер мен повестер, "Болаттың сынығы" (1959), "Мөлдір аспан" (1972), "Бұған сенбе - ертегі" (1974), "Әкесінің арқасында" (1975) пьесалары облыс театрларында қойылды.

Р.Райымқұлов көркем аударма саласында С.Айнидың "Бұқара" трилогиясының екі кітабын қазақшалаған. Біраз туындысы орыс тіліне аударылған.

Р.Райымқұлов жарамсақтығы жоқ, турашыл, адал, бағытынан қаймайтын адам еді. Ол жас жазушыларға барынша көмектесті, шығармаларын талдап хат жазып, өңдеу, жетілдіру жағына көп жігер салатын. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

Шығармалары:
Райымқұлов Р. Бала жігіт: Повесть пен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1977.- 206 б.
Райымқұлов Р. Болаттың сынығы: Роман.- Алматы: Жазушы, 1975.- 264 б.
Райымқұлов Р. Бұрылыстар: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 248 б.
Райымқұлов Р. Жапандағы жаңғырық.- Алматы: Жазушы, 1981.- Т.1.- 477 б.
Райымқұлов Р. Жасыл белес: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1974.- 465 б.
Райымқұлов Р. Көкжал: Әңгіме.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.- 21 б.
Райымқұлов Р. Қыз - айна: Әңгімелер - хикаялар.- Алматы: Жазушы, 1970.- 183 б.
Райымқұлов Р. Суретші: Повестер мен әңгіме.- Алматы: Жалын, 1982.- 200 б.
Райымқұлов Р. Түйелі адам: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.- 72 б.
Райымқұлов Р. Уәде: Әңгімелер жинағы. - Алматы: ҚМКӘБ, 1958.- 128 б.
Райымқұлов Р. Жапандағы жаңғырық. Екі томдық шығармалар.-Алматы: Жазушы.-1981ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет