Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет6/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
#59
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Шығармалары:
Салықов Кәкімбек //Советтік Қазақстан жазушылары: Био -
библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.520 - 521.

Салықов К. Аққу жеткен.- Алматы: Қайнар, 1995.- 158 б.

Салықов К. Жезкиік: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы,. 1973.- 135 б.

Салықов К. Жұлдызды жылдар тынысы: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1978.- 287 б.. '

Салықов К. Мәңгі шырақ: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1979.- 192 б.

Салықов К. Нұрлы күндер: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жалын, 1976.- 158 б.

Салықов К. Парасат сыры: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жалын, 1980.- 192 б.

Салықов К. Сыр: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1970.- 103 б.

Салықов К. Шын жүректен: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1981.-336 6.

Салықов Қ. Күзгі сарын: Өлендер мен поэмалар.- Астана: Елорда, 2005.- 296б.

Салықов Қ. Отырар сазы: Күй-дастан және өлендер.- Астана: Фолиант, 2005.- 156б.

Салықов Қ. Мәңгі шырақ алауы: Өлендер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 2007.- 416б.

Салықов Қ. Көңіл назы: Өлендер.- Алматы: Жазушы, 2008.- 208б.

Салықов Қ. Дүлділдердің дүбірі: Өлен, толғаулар.- Алматы: Қазығұрт, 2011.-328б.



Өмірі мен шығармашылығы:

Салықов Кәкімбек // Қазақ ССР: 4томдық қысқаша


энциклопедия.- Алматы, 1989.- Т.4.- Б. 513.

Салықов Кәкімбек // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр:


Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.263 - 264.
Салықов Қәкімбек // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 453б.
Салықов Қәкімбек // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7 том.- Алматы, 2005.- 535б.
Тілеубаев С. Жезкиік- ғұмыр // Ана тілі.- 2009.- 22қантар.-6б.

Сұлтанов Қ. Айтылмаған сыры көп // Айқын.-2012.- 24 ақпан.-5б.

Нұрғожаев Ж.. Жезкиік // Жетісу.- 2012.- 3 наурыз.- 10б.

Қажыбай Т. Жезкиік жырлары, моп-мөлдір сырлары // Ана тілі.- 2012.- 1-7наурыз .- 6-7б.

Кекілбайұлы Ә. Көкейкесті армандарды көксеген // Егемен Қазақстан.- 2012.- 24ақпан.- 5б.

Жақып Б. Өлеңі Көкшетаудай көркем ақын // Ақиқат.- 2012.- №3.- 35-39б.



Самойленко Александр

(1948)
Александр Павлович Самойленко 1948 жылдың 14 тамызында Алматы облысының Талғар қаласында туған. 1971 жылы қазіргі Әль - Фараби атындағы ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университет) журналистика факультетін бітірген. Содан кейін "Простор" журналының документальды проза бөлімінің меңгерушісі болған. Кейіннен "Литературная газетаның" Қазақстан бойынша меншікті тілшісі.

А. Самойленко ұзақ уақыт аңшы мен балықшылардың жұмыстары, олардың бастан кешкен оқиғалары туралы жазған. Ол өзінің шығармашылығында табиғатқа көп көңіл боліп, оны сақтау үшін күрестерге ат салысуда. Осы тақырыпта 1973 жылы "Сказки и быль о Чернохвостом" атты әңгімесі шықты. 1974 - 1976 жылдары "Простор" журналында Балқаш туралы очерктері, 1977 жьшы "Простор" журналында "Назначение" атты повесі басылды. Ал 1979 жылы "Год журавлей" атты әңгімелер мен очерктер жинағы жарыққа шықты.

А. Самойленко қазақ тілінен Т.Иманбековтың "Соңғы жорық" , үйғыр тілінен Х.Абдуллиннің "Тас түйін" атты кітаптарын орыс тіліне аударған.

Ал 1989 жылы "Жазушы" баспасынан А. Самойленконың "Диагноз" атты повесті және әңгімелер кітабы жарық көрді.


Өмірі мен шығармашылығы:
Самойленко Александр //Советтік Қазақстан жазушылары: Био- библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.521 - 522.

Самойленко Александр //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықта-

малық.- Алматы.- 2005.- 453б.

Санбаев Сәтімжан

(1939-2013)
Санбаев Сәтімжан Хамзаұлы 1939 жылы 16 қыркүйекте қазіргі Атырау облысы, Мақат селосында туған. Орынбор ауыл шаруашылығы институтын, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. 1966 - 1971 жылдары "Жазушы" баспасында редакңия меңгерушісі, Азия - Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

1974 - 1976 жылдары Павлодар трактор заводында инженер - конструктор, 1983 - 1986 жылдары Балқаш кен - метеллургия комбинатында инженер, 1989 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып істеген. Қазір шығармашылық қызметте.

Сәтімжан Санбаев шығармаларын көбіне орыс тілінде жазған. "Ақ аруана" (1969) атты тұңғыш жинағы, "Жол жалғыз ғана" (1970), "Коп ажал" (1974), "Шолейт даладағы құрықтар" (1976), "Аңыз аңсағанда" (1989), "Біздің өміріміздің жыл маусымдары" (1981) атты повестері мен романдары бар.Бұларда қазақ даласындағы Совет окіметінің орнауы, еңбекші халықтың озгерген омірі, жаңаның салтанат құруы суреттелген. "Ұшы -қиырсыз жол", "Той боларда", "Шоқан Уәлиханов" көркем фильмдеріне түскен. "Бір қүты мүнай" драмасының, "Ақшаңқан таулар" атты көркем фильмнің сценариін жазды.

"Бір қ9ты мүнай" атты драмасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қойылып жүр. Абай Құнанбаевтың қара сөздерін, М.Әуезовтің, С.Бегалиннің, Ә.Сәрсенбаевтың повесть әңгімелерін орыс тіліне аударған. КСРО Жазушылар одағы мен ВЦСПС - тің жұмысшылар тақырыбына арналған шығармалар конкурсының лауреаты (1981). "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.




Шығармалары:
Санбаев С. Аруана: Повестер мен роман/- Алматы: Жазушы,
1976.- 373 б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Санбаев Сәтімжан //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.264.

Санбаев Сәтімжан //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.-Т.4.- Б. 514.

Санбаев Сәтімжан //Советтік Қазақстан жазушылары: Био -
библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 522-523.

Санбаев Сәтімжан //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 453б.



Сарай Әнес

(1937)
Сараев Әнес Төлендіұлы 1937 жылдың 21 қарашасында Астрахань облысы, Володар ауданы, Құрмалай селосында туған. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Балық аулау кәсіпшілігінде жұмыс істеген. Кеңес Армия қатарында болған. 1964 - 1965 жылдары "Егемен Қазақстан", "Жас Алаш" газеттерінде әдеби қызметкер, Балқаш қалалық телевизиясында аға редактор (1966), 1967 - 1971 жылдары "Жас Алаш" газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, бөлім меңгерушісі болды. 1971 - 1982 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, болім меңгерушісі, 1982 - 1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесші, 1978 - 1997 жылдары "Жазушы" баспасында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор боп істеді. 1998 жылдан шығармашылық жұмыста.

"Мұнарлар шақырады" атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. Кейін "Қараша өткен соң" (1974), "Бозқырау" (1973) әңгімелер мен повестер жинағы, "Тосқауыл" (1976), "Алтын арал" (1984) атты романдары басылды. "Тойтиып қалды", "Қу тазша", "Ару Алматы" пьесалары облыстық театр сахналарында қойылды.

"Еділ - Жайық" атты романы қазақ әдебиетіне қосылған елеулі үлес болып табылған шығармалар қатарында бағаланды. 1992 жылы "Еділ - Жайық" романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Осы аталған шығармалардың бірсапырасында Маңғыстау, Атырау өңірінің бұрынғы - соңғы тыныс тіршілігі шынайы қөрініс тапқан.

Әнес Сарайдың бүкіл өмірі мен жазған шығармаларының тұтас тұлғасы теңізбен, теңіз дүниесімен байланысты.

Маңғыстаулық жас мұнайшылар өмірін суреттеген "Жұлдызды жан" повесі бойынша кезінде "Мосфильм" "Біз жастармыз" атты көркемфильм түсірді. Әнес Сарай көркем аударма мен драматургия саласында да табысты еңбек етті. Шығармалары орыс, украин, қытай, татар, өзбек, мари, үйғыр тілдеріне аударылған. Кейінгі кезде тарихи зерттеуге ден қойып, осы салада игілікті жүмыстар атқаруда. "Асылдың сынығы", "Адайдың арғы тарихы", "Исатай - Махамбет" атты зерттеу кітаптары осы ізденістің жемісі.
Шығармалары:
Сараев Ә. Алтын арал: Роман.- Алматы: Жалын, 1984.- 376 б.

Сараев Ә. Босқырау: Повесть, әңгімелер,- Алматы: Жазушы, 1973.- 158 6.

Сараев Ә. Еділ - Жайық: Роман.- Алматы: Жалын, 1992.- 608 б.

Сараев Ә. Екі тарлан: Исатай - махамбет тарихы туралы зерттеу.- Алматы: Арыс, 2003.- 424 б.

Сараев Ә. Исатай - Махамбет тарихы: Зерттеу.- Алматы: Өлке, 1997.-408 6.

Сараев Ә. Қараша өткен соң: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1971.-135 6.

Сараев Ә. Мұнаралар шақырады: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.- 110 6.

Сараев Ә. Тосқауыл: Роман.- Алматы: Жазушы, 1976.- 34 6.



Өмірі мен шығармашылығы:
Сараев Әнес. //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық,- Алматы, 2004.- Б. 265.

Сараев Әнес. //Советтіқ Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 524 - 525.

Сараев Әнес Төлендіұлы //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.-Т.4.-Б.515.

Сарай Әнес //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 455б.

* * *
Сарай Ә. Аңыз түбі – ақиқат : (Жазушымен сұхбаттасқан Г. Бектасова) //Түркістан.-2012.-15 қараша.- 11б.

Сарай Ә. Жастарға айтатыным: маған еліктемендер! // Қазақ әдебиеті.-2010.- 12-18ақпан.- 1,6б.


Сарғасқаев Сансызбай
(1925 -1995)
Сарғасқаев Сансызбай (29.4.1925 Жамбыл облысы,
Красногор ауданы, Шарбақты селосы) - қазақ совет жазушысы, Ұлы
Отан соғысына қатысқан. 1942 - 43 жылдары аудандық "Красногоршы" газетінде жауапты хатшы, 1949 - 72 жылдары "Қазақстан пионері", Лениншіл жас" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты
хатшы, редактор, "Жұлдыз" журналында жауапты хатшы болды.
Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады.
Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. "Достар"
(1952), "Бір отрядта" (1953), "Сәуленің жаңа достары" (1954), "Бір
көшенің бойында" (1961), "Сынған тіс" (1963), "Шындық" (1964),
"Көңілді балалар" (1966), "Тәмпіш қара" (1974) атты повестер мен әңгімелер жинақтарында жас жеткіншектердің ой - арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер - білімге деген құштарлығы, бір - біріне адалдығы, достық қарым - қатынасы суреттелген. Жаңашыл да жасампаз адамдар туралы. "Үстаз" (1979), "Сұлутөр" (1983) романдары жарық көрді. Оның кітаптарының бәрі мектеп оқушыларының тыныс - тіршілігінен сыр шертеді.Жазушының көптеген шыгармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған.

С.Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты корнекті окілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды.

Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен наградталған.

Шығармалары:
Сарғасқаев С. Алғашқы асулар: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1975.-416 6.

Сарғасқаев С. Балалар: Әңгімелер мен очерктер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 92 б.

Сарғасқаев С. Баланы жастан,- Алматы: Қазақстан, 1979.-207 б.

Сарғасқаев С. Біз төртеу едік: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1969.- 172 6.

Сарғасқаев С. Бір отрядта: Повесть.-Алматы: ҚМКӘБ, 1953.- 716.

Сарғасқаев С. Коңілді балалар: Повестер жинағы.- Алматы:

Жазушы, 1966.- 464 б.

Сарғасқаев С. Қағаз бен қалам: Әңгімелер мен мысалдар.- Алматы: Жалын,1984.- 65 6.

Сарғасқаев С. Қайсар қыз:Повестер.- Алматы: Балауса, 1992.- 576 б.

Сарғасқаев С. Сұлутөр: Роман.- Алматы: Жазушы,1983.- 278 б.

Сарғасқаев С. Тәмпіш қара: Повестер.- Алматы: Жазушы,
1974.-248 6.

Сарғасқаев С. Үстаз: Роман.- Алматы: Жалын, 1979.- 181 6.


Сарғасқаев С. Шындық: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1964.-

120 6.


Сарғасқаев Сансызбай Жұмбақ қыз: Повестер.- Алматы: Анатілі,2005.-272б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Сарғасқаев Сансызбай (1925 - 1995) //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.266.

Сарғасқаев Сансызбай //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 526.

Сарғасқаев Сансызбай //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 455-456б.

Сариев Шөмішбай

(1946)

Мектеп қабырғасында жүргенде - ақ талаптылық танытып аудандық газетке мақала, өлеңдерін шыгара бастаған шәкірт бүгінде ел таныған белгілі ақын, ғалым, журналист, қаламгер 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясында туған. 1971 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітіріп шыққан соң "Қазақстан" баспасында редактор болып орналасып, іскерлікке ысылып кейін "Жүлдыз" журналында он бес жыл бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Қазір Қазақ Үлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы эдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты.Каламынан туған шығармалардың үшы - қиырына көз жүгіртсек қыруар дүние тындырғанын көруге болады. Ә.Тәжібаевтың алғы созімен шыққан "Балдәурен" жыр кітабынан бастап он беске тарта жинағы жарық көріпті. Әсіресе, "Теңізден соққан жел", "Тағдыр", «Заула», «түлпар – уақыт», "Өң мен түс", "Үш өлшем", "Тағдыр жыры", "Біздің ғасыр", "Сағынышым - теңіз", "Тамаша", "Сүйінші", "Арайлы көктем" сынды кітаптарын оқырман жылы қабылдап, әдебиетші қауым лайықты бағалаған туындылардың басын қүраған.

Сонымен қатар аударма саласында да жемісті еңбектенді. Т.Шевченко, Г.Гулия, О.Бергольц, И.Абашидзе, А.Дементьев, Ф.Алиева, Ахмат Фаиз Ахмат, Р.Рождественский, тағы басқа ақындардың шығармаларын ана тілімізге аударған.

Әр ақынның өмірге, өнерге келу жолы әрқалай. Бір - біріне үқсамайды. Өлең өрнегі, айла – тәсілі, аяқ алысы, сөз саптауы, ой - толғамы, қүлаш - қарымы әр басқа. Бір ақын асықпай тәй – тәй, басып қаз түрып, бірте - бірте бой түзейді, ой қозғайды. Енді бір ақын мәреден шыға екпіндеп, келе - келе арыны азайып, ынтығы басылып, бәйғе шаңының қою қүшағында қалып жатады.

Шөмішбай Сариев «Аспаннан осы қалпы киімшең түсе салған секілді.. Алғашқы өлеңдері қандай болса, әлі солай, бір сәт екпіні басылып көрген емес».

Өмірдегі Шөмішбай өлеңде де алдыңғы толқын ағаларынан аз лебіз естімеғен екен. Қазақ олеңінің небір марқасқа тарландары мен коғам қайраткерлерінің бірер ауыз ілтифат - ықыласына назар аударып көрейікші. "Шөмішбай Сариевтың өлеңдері табиғат, өмір суреттерін эстетикалық талғамды қабылдауымен, лирикалық кейіпкерлерінің әрі шынайылығымен, әрі қарапайымдылығымен баурайды". (Мұхамеджан Қаратаев.) Тарлан ағаларымыздың тап басып тауып айтқан қанатты пікірлері бір - бірінің жүрегінің ақиқат шындығын ашып берген.

1994 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген Шөмішбай Сариевтың "Сағынышым теңіз" деп аталатын өлеңдер мен поэмалардан түратын таңдамалы кітабына Ғафу Қайырбеков "Қос қанатты ақын" деген алғысөз жазған екен. Сонда Ғафекең былай депті. - "Менің сөз басын, қос қанатты ақын деп бастауыма келсек - Шөмішбай қазір он шақты жылдың көлемінде музыкаға өлең, жыр, текст жазумен шүғыл айналысып жүр. Бүл жолда ол оте сәтті қадамдар жасап, есімі әмбеге белгілі ақынға айналды. Қазір бұл салада Шөмішбай ең қайрат көрсетіп келе жатқан белді таланттарымыздың бірі. Оны музыка қайраткерлері қатты қадірлеп, творчестволарына ортақ жанашыр да есебінде, әнге өлең жазудың жалықпас шебері ретінде бағалайды":

Ғафекең айтса айтқандай, бүгінгі күнде Шөмішбай өлеңдеріне жазылған ән саздары қазақ жерінің әр қиырына тарап, шалқар шартарапқа шалқып кетті. Оның "Атамекен", "Домбыра туралы баллада", "Қазағымның күйлері - ай", "Асыл ана", "Ғашықтар жыры", "Сәлем саған туған ел", "Ойлан,

балам" әндеріне жазған өлеңдері ән әуенімен астасып, жүптасып, жақсы жарасым тауып, халық жүрегіне жол тапты. Шөмішбай Сариевтың ән әлемі - өзінше әңгіме қылуға түрарлық үлкен тақырып. Әсіресе, оның саңлақ сазгер Кеңес Дүйсекеевпен бірлесе жүмыс істеуі оның ән жолындағы бағын ашты, абыройын асырды. Бүл жайындағы әңғімені марқүм қазақ өлеңінің талантты өкілі, өзі де талай әндерге саз жазып, ән мерейін осіруге үлес қосқан, марқүм Сағи Жиенбаевтың: "Ақындардың бір - біріне үқсамағаны жақсы ғой. Ш.Сариевтың бір ерекшелігі - оның өлеңдерін үлкен - кіші әнге қосып айтады. Ал, әнге айналған өлеңнің әрқашан өмірі үзақ", - деген пікірімен пайымдасақ та жетіп жатыр.

Мағыналы да, мәнді ән өлеңдерін Шөмішбай Сариев шығармаларынан көптеп жолықтыруға болады. Ендеше, Ғ.Қайырбеков әлдеқашан айтып кеткен «Қос қанатты ақын!» деғен бағалы сөзін қайталамасқа хақың қалмайды!

Сөйтіп, Шөмішбай ақын туған жер төсінде жыр жүгін арқалап болашаққа қарай батыл қадам басып келе жатыр. Сол жолда қандай бағытта, нені нысана түтып, қайда келе жатыр? Оны да ақынның өзі айтып қойған:

Жайсам арай жүрегім,

Озбау үшін көлеңкем,

Күнге қарай жүремін!

Ендеше, ардақты Аралына асыққан Сырдариясы сияқты Жырдарияға айнала бастаған ақын келер үрпаққа қалай, кіммін! - деп бармақ. Оны да ақынның өзі айтып қойған:

Қанатымын жыр атты ақиықтың,

Жаңа бетін ашатын тарихтың.

Танысалық, кел бермен, Келер үрпақ,

Ақыныңмын - Шөмішбай Сариевпын!

Шығармалары:
Сариев Ш. Біздің ғасыр:Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы,1989.- 96 б.

Сариев Ш. Заула, түлпар уақыт.- Алматы: Жалын, 1979


Сариев Ш. Сағынышым- теңіз: Өлендер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1994.- 320б.

Сариев Ш. Қос қанат: жүз бір өлен және жүз бір ән-өлен.-Алматы: «Әсем-систем», 2004.- 316б.

Сариев Ш. Еқі томдық шығармалар жинағы: поэзия.-Астана: Елорда, 2006

1-ші том.- 344б

2-ші том.- 360б.

Сариев Ш. Шөл даланың ұлымын….: өлендер.- Алматы: Қайнар, 2008.- 208б.



Өмірі мен шығармашылығы:

Қайырбеков Ғ. Қос қанатты ақын //Сариев Ш. Сағынышым -


теңіз: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы, 1994.- Б. 5-8.

Сариев Шөмішбай //Советтік Қазақстан жазушылары: Био –


библиограф.- Алматы, 1987.- Б. 528.

Сариев Ш. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 266-265б.

Сариев Ш. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 456-457б.

Сариев Ш. // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7 том.- Алматы, 2005.- 577б.

***

Сариев Ш. Өзін үлкен ақын санамаған ақынға өлен жазып керегі жоқ? //Жұлдыздар отбасы.- 2009.- №19.- 17-22б.



Қирабаев С. « Қүнмен бірге тіршілікті оятып…» // Қазақ әдебиеті.-2010.-12 ақпан.- 4-5б.

Сатаев Амантай

(1933-2003)

Жазушы Амантай Сатаев 1933 жылы Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Шәкей ауылында дүниеге келген. Ол өз қатарластары тәрізді орта мектепті, онан соң Москваның тарихи - архив институтын 1957 жылы бітіреді. Алғашқы еңбек жолы мен шығармашылық қадамын Қарағанды облыстық газетінде әдеби қызметкерліктен бастайды.

Білімді де жігерлі жас өзінің журналистика мен әдебиеттегі шығармашылық мақсатын да ерте айқындап, оқырмандар мен көрермендер назарына

Қүрманғазы, Тәттімбет, Сүлтанмахмүт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин- тәрізді өнер иелерінің омірінен тың деректерге қүрылған пьесалар мен сценарийлер жазып, жүртшылықтың назарын аударған. Жазушы тарихи қүжаттармен терең де жан - жақты жүмыс істеу, іздену арқылы Федор Достоевский, Тарас Шевченко тәрізді әдебиет алыптарының қазақ даласымен тығыз байланысын нақты көрсететін, халықтар достығын жырлайтын елеулі телерадиопьесалар үсынды.

Ол өзінің Қалтай Мүхамеджанов, Әкім Тарази және тағы басқа әріптестерімен шығармашылық ынтымақтастық жасап, бірнеше туындылардың авторы болды.

Драматург, сңенарист Амантай Сатаев 1969 жылы Москвадағы М.Горький атындағы әдебиет институтының Жоғары курсын бітірғен соң, коп жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында әдеби кеңесші, Республикалық Ескерткіштерді қорғау қоғамында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті.

Өзінің қырық жылдан астам шығармашылық жолында жазушы, драматург, тарихшы ретінде Амантай Сатаев қаламынан туған "Аққуды атпас болар" (1966), "Ақын ізімен" (1968), "Ботакөз" (1970), "Бір шаңырақтың астында" (1971), "Ағады Ақеділ" (1976), "Қайла мен айна" (1977) және тағы басқа бірталай прозалық, драмалық туындылар, инсценировкалар көрермендер тарапынан лайықты бағасын алған еді.

Ол 1990 жылдардан бері бірыңғай шығармашылық жүмыста болды, кейіннен зейнеткерлікке шықты. Еліміздің тәуелсіздігі жылдарында жазушы - тарихшы Амантай Сатаев қаламгерлік белсенділік байқатып, Әз Тәуке, Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Бөгенбай батыр және т.б. тарихи көрнекті тұлғаларымыз жөнінде деректерге бай, танымдық сипаты мол әр алуан мақалалар жазып, баспасөзде жарияланды.

Амантай Сатаев қалам ұстағандардың екісінің бірі бара бермейтін деректі фильмдер сценариін жазудың хас шебері болды. Бұған кезінде көрерменін риза қылған "Саржайлау", "Біздің Сәбит", "Сахна ақсақалы", «Достық» ән атты фильмдердің Амантай сценарийлері арқылы жасалғаны айғақ.Әдебиеттің бары мен жоғын тарихи деректермен түгендеуде, соны ғылыми айналымға түсіруде - байытуда көп еңбек сіңірген, абзал азамат, қаламгер Амантай Сатаевтың бейнесі оны білетіндердің жүрегінде үзақ сақталады.
Шығармалары:

Ағады Ақеділ: Башқүрт жазушыларының әңгімелері / Қүраст: А.Сатаев.- Алматы: Жазушы, 1966.- 288 б.

Сатаев А. Аққуды атпас болар: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1966.-149 6.

Сатаев А. Ақын ізі: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1970.-214 6.

Сатаев А. Дала күйлері: Повестер мен новеллалар.- Алматы: Жазушы, 1968.- 156 б.

Сатаев А. Қырық қарлығаш.- Алматы: Жазушы, 1971.- 10 6.

Сатаев А. Бәрі де көңілімде, көз алдымда: естеліктер.- Алматы: Қайнар, 2012.- 512б.

Өмірі мен шығармашылығы:

Сатаев Амантай / Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 530-531 б.

Амантай Сатаев: Некролог // Қазақ әдебиеті.- 2003.- 25 шілде (№30),- Б.15.

Үяда не көрсең... [Жазушы тарихшы - архивист Амантай Сатаев ХҮІП ғасырда өткен қазақтың хан - сұлтан, батыр - билері жайлы «Жел өтіндегі ел» деген кітабы туралы] // Қазақ батырлары.- 2000.- №5^Б.4.

Сатаев Амантай // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 267-268б.

Сатаев Амантай // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 457-458б.


Сәмәди Зия

(1914- 2000)
Сәмәди Зия Ибадатұлы 15 сәуірде Алматы облысы, Панфилов
ауданы, Ханкай ауылында туған. Кеңес мектебінде білім алған ол
І931 жылы ата - анасымен бірге Шығыс Түркістанға кетеді. Мүнда
ол білімін жетілдіре жүріп, Құлжа мектебінің бірінде ұстаздық етеді
әрі "Іле" газетінде қызмет жасайды. Қытай революциясы жеңгеннен
кейінгі жылдарда түрлі саяси - қогамдық жұмыстар атқарады. Ол
Синьңзян ұйғыр автономиялық ауданының Мәдениет министрі болып қызмет етеді, ұйғыр мәдениет қайраткерлерінің делегацияларын баеқарып КСРО, Үндістан мемлекеттеріне де барады. Синьцзян ұйғыр автономиялық ауданында Жазушылар одағын құруда зор еңбек етеді. Оның тікелей қатысуымен 1957 жылы Үрімші қаласында тарихта түңғыш рет ұйғыр жазушыларының съезі ашылады. 1961 жылдың қарашасында туған еліне оралады.

Алғаш ақындық өнерімен қалам ұстаған ол 1934 жылы "Раушан" атты драма жазады. Бұл шығармасын кейін өңдеп, "Қаңды дақ" деген атпен қайыра шығарып, шетелдік ұйғырлар драматургиясының негізін қалады. 1936 жылы "Ғарип және Сәним" пьесасын жазды. "Сыры ашылды" (1937), "Мейірімді ана" (1937), "Қаһарлы минуттар" (1945), " "Зынданда" (1946), "Зұлымдыққа тосқауыл" (1951), "Еріксіз ерлер" (1970), "Жұпархан" (1973 - 76) тағы басқа пьесаларында күресі, сүйіспеншілік, адамгершілік, ескі мен жаңаның арпалысы, етектен тартқан мешеулік, бүгінгі шынайы өмір баяндалады. Отаршылдарға қарсы күресті суреттеген "Майымхан" романы (1965), Жазықсыз жапа шеккендердің қайғы - қасіретін корсеткен "Бір тартым темекі" (1970), 20 ғасырдың 30% жылдарындағы ұлт - азаттық қозғалысына арналған "Жылдар сыры" дилогиясы (1-кітап 1967, 2-кітап 1972, 3-4 кітап 1989) ауыл жастарының шаттық тұрмысын, ой - арманын баяндаған "Өрік гүлдеген. кезде" повесі (1976), азаттық жолында мерт болғандар туралы "Ғани батыр" (1979) жарық көрді.

"Маймхан" романы орыс тіліне аударылды және өзбек тілінде екі рет жарық көрді. Ол бойьінша "Год дракона" кинофильмі түсірілді (реж. А. Әшімов) Көптеген шығармалары СССР Халықтарының тілдеріне аударылған. С. Мұқановтың "Қашқар қызы" поэмасын, Ғ. Мүсіреповтың "Кездеспей кеткен бір бейне" повесін шығармаларын тәржімалады. Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталған. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет