Шығармалары:
Смаханүлы Ш. Айға үшамын: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.- 55 б.
Смаханүлы Ш. Айнабүлақ: Өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1989.- 136 б.
136 б.
Смаханүлы Ш. Алтын жүмыртқа: Сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.- 71 б.
Смаханүлы Ш. Жүз шымщыма, қырық қышыма: Шымшыма - шымшымалар, мысал - сықақтар, өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.- 104 б.
Смаханұлы Ш. Жымияды жеңешем: Мысал, сықақтар, олеңдер.- Алматы: Жазушы, 1981.- 111 б.
Смаханүлы Ш. Кел балалар, күлейік: Әзіл - сықақ, мысал, шымшымалар жэне өлеңдер.- Алматы: Мектеп, 1989Д 80 б.
Смаханүлы Ш. Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің.- Алматы: Жазушы, 1965.- 76 б.
Смаханүлы Ш. Қоңыраулы шеңгел: Таңдамалылар.- Алматы: Жазушы, 1974.-263 б.
Смаханүлы Ш. Қыз сыры: Көп өрімді новеллалар.- Алматы: Жалын, 1980.- 80 б.
Смаханүлы Ш. Өткірдің жүзі: Мысал - сықақтар мен шымшымалар.- Алматы: Жазушы, 1985.- 304 б.
Смаханұлы Ш. Сатира, юмор, мысал.- Алматы: Жазушы,
1966.-24 6.
Смаханұлы Ш. Тотияйын: Мысалдар мен сықақ өлеңдер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959,- 107 б.
Смаханұлы Ш. ¥р, тоқпағым ұр !: Мысал - сықақ өлеңдер, шымшымалар.- Алматы: Жазушы, 1970.- 71 6.
Смаханұлы Ш. ¥ры тіс: Мысал - сықақтар.- Алматы: Жазушы, 1967.- 112 6.
Смаханұлы Ш. Шымшыма.- Алматы: Жалын, 1992.- 214 6.
Смаханұлы Ш. Әнші әтеш: Шығармалар, сықақтар, мысалдар.-Алматы: Жазушы, 2005.-200б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Смаханұлы Ш. //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- Т.4.- Б. 537.
Смаханұлы Шона (1924 - 1988) //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 286.
Смаханұлы Шона // Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 576.
Смаханұлы Шона. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 477-478б.
***
Мекебай А. Мәнгілік мұраттың баһадүрі // Жұлдыз.- 2008.-№3.- 123-124б.
Тоқашбаев М. Азаматтың асқар тауы: ана тіліміздің келешегі үшін аянбай күресіп өткен Смаханұлы Шона ағаның өмірінен бір үзік сыр // Анна тілі.- 2011.-10 наурыз.-10б.
Сәттібайұлы К. Шона // Алматы ақшамы.-2011.-25 тамыз.-7б.
Шона Смаханұлы, ақын, сықақшы, қазақ тілінің камқоршысы //Жұлдыздар отбасы.-2012.-№7.- 19-24б.
Снегин Дмитрий
(1912-2001)
"Елін сүйгенді ел үмытпайды". Осы бір қанатты сөз меніңше жауынгер - ардагер, халық жазушысы, жаны жайсаң азамат Дмитрий Федорович Снегинге әдейі арнап айтылгандай корінеді.
"... Адамның болмыс - бітімі үлкен бастаудың тарам - тарам иірімінен жасалады. Менімен қатар дүниеге келген замандастарым бес - алты жасында қан қызыл Қазан төңкерісін, он жеті - он тоғызында отызыншы жылдардың аласапыранын көрді..." - деп жазады жазушы кейінгі деректі повестерінде.
Иә, бүл жылдарға айрықша тоқталудың жөні бір басқа. Ол кез - ақынның кеудесінде сезімнің лапылдап жанып түрған, "Шығыстан ескен самал" атты алғашқы өлеңдер жинағы 1934 жылы жарық көрғенде, Алматы ауыл шаруашылығы институтында оқып жүрген бозбала шағы еді. Сол бір көкіректі шабыт кернеп жалындап түрған жастық суық та сүрапыл отызыншы жылдың шар болаттан соғылып, түрмыстың тауқыметі ақынның өміріне де, өлеңіне де өзіндік рең - бояумен кестеленді.
Дмитрий Федорович Снегин қаламынан дүниеге келген шығармаларда мәңгі жырланатын терең екі тақырып бар. Біріншісі - ¥лы Отан соғысында кеңес адамдарының көрсеткен жанқиярлық ерлігі туралы болса, екіншісі туып - өскен Жетісудың шырайлы өңіріне арналады, - деп жазды белгілі әдебиет сыншысы П.П.Косенко. Снегиннің еңбектеріне арнайы тоқталған осы пікірге қоса және бір тақырыптың үшы шықты: бүл оның әдебиетке келген шағынан күні бүгінге дейін үзілмей, талай мазасыз жылдардың маздаған отынан түтанып, түтастықты, ынтымақ - бірлікті жырлаған парасат мәселесі.
Д.Ф.Снегиннің үғымында поэзия дегеніміз сонау бір алақұйын үдеген үрейлі кезеңде түсау кескен "Шың үшқында" поэмасында (1934 жыл) қайгылы дауылдың соғатынын алдын ала жүреғі сезіп, тілім - тілім күй кешеді.
"Мәскеуді жаудан қорғаған генерал Панфилов бастаған дивизия жауынгерлерінің қаһармандық ерлігі дүрілдеп тұрған кез, - деп жазды Снегиннің қаламдас досы М. Әлімбаев. Сол кезде газет беттеріне С. Мұқановтың жауынгер гвардияшыларға арнап жазған өлеңі шықты. Осы олеңнің бір қатарында Дмитрий Снегиннің ерлігіне ерекше бағышталған жолдар бар. Соны оқып Д.Снегиннің тек ақжанды емес, ержүрек қаһарман екендігін де білеміз". Осы от пен оққа оранған жылдардың күнделігі кейінірек Қазақстанның белгілі жазушысы Павел Кузнецовпен бірге "Кеңес гвардияшылары" деген жинақ қүрастырып шығаруына негіз болды. Адам
мен ажалдың арпалысқан аласапыранында кеудесіне мүздай қару асынып
жүріп жазған өлеңдері баспасөз беттерінде жиі жарияланды, радиодан орындалды. Бүл тек майдандастарының емес, туған елде екі көзі төрт болып, амандығын тілеп отырған отандастарының жігерін қайрады.
1944 - тің күзінде Рига маңында Д.Снегин қатты жараланды. Содан 27 - ші артиллериялық полкке қайта оралмады. Соғыс аяқталып, жеңіс күнін отбасында қарсы алды. Бүдан соң ескі жараның орны меңдеп, әскери госпитальге қайта түсті.
"Парламенттер рейхстагтан шығады", "Күту", "Верный қаласында", тағы бірталай еңбектерінде майдандастары хақында, туған жері Жетісудың өткені мен бүгініне қалам тартады.
Халық жазушысы, қоғам қайраткері Д.Ф.Снегин Жетісудың бай табиғатын қорғауға бозторғайдай шырылдаған адам. Бізді бар ететін де, жоқ ететін де сол қоршаған орта - табиғат ана. Ал айналаға қарасаң, қураған тал, уланған ауа. Снегин осындай экологиялық зардапты жан жүрегінен, ой елегінен өткізеді.
Өзінің сексен сегіз жылдық үзақ ғүмырында озық ойлы, кішіпейіл, адал көңілімен, шынайы суреткерге тән нәзік те сезімтал, бауырмал жүрегімен халқымыздың сүйіспеншілігіне бөленіп, қазақы сары шал атанып кеткен Дмитрий Федоровичтің ізгілікке толы өмір жолы бізге әрдайым өнеге. Әсіресе, халқымыздың. қаһарман үлы Баукең (Бауыржан Момышұлы) екеуінің арасындағы достықтан гөрі екі халық арасындағы достықты еске салғандай символдық терең мәнге ие.
Баукең де Дмитрий Федоровичті шын беріле, қүлай сүйді. Дмитрий демей Митя деп еркелететін. Өмірінің соңғы күндерінде қүпия жазбаларын ешкімге сенбей Дмитрий Федоровичке ғана аманат етуінде де біз бойлай бермейтін терең сыр жатса керек.
Қазақстанның халық жазушысы, кинодраматург Снегин (лақап аты; шын фам. - Поцелуев) Дмитрий Федорович 1912 жылы 7 қарашада Алматыда туған. 1935- жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының жеміс шаруашылығы факулътетін бітірді. Студент кезінде өлеңдерін жариялай бастайды, институтты бітіргеннен кейін, Қазақстан Жазушылар одағына орыс әдебиеті секциясының кеңесшілігіне қызметке алынады.
1937 - 41 жылдары "Қазақстан" журналы бас редакторының орынбасары және 1945 - 52 жылдары бас редакторы, 1952 - 60 жылдары "Ара" - "Шмель" журналы бас редакторының орынбасары, 1961 - 63 жэне 1969 - 71 жылдары "Простор" журналының бас редакторы, 1971 - 82 ж. Қазақстан Жазушылар одағының секретары. Шығармашылық жолы 1934 жылы жарық көрген "Шығыстан соққан жел" атты алғашқы өлеңдер жинағынан басталды. 30 жылдары шыққан "Жетісу" (1936), "Менің қалам" (1939) атты поэзиялық кітаптары ауыл еңбеккерлерінің өміріне арналды. Отан соғысы жылдарында жазылған "Жылдар" (1944), "Адалдық" (1946) жыр жинақтары мен "Никита Огнивцев", "Алыстағы биіктікте" поэмаларында совет жауынгерлерінің ерлігі, жан дүниесінің байлығы суреттеледі. Қазақ халқына, оның табиғатына деген сүйіспеншілік, ыстық ықылас "Көгілдір ендік" жинағында (1946) көрініс тапқан. 50 жылдардан кейін Д.Снегин творчествосында тарихи - революциялық тақырып басты орын алады. "Верный қаласында" атты роман-
трилогиясында Алматыда Совет өкіметінің орнауы бейнеленген. Автор онда аса көрнекті революционерлер - П.Виноградов, Е.Асылбеков, Т.Бокин, Р.Маречек тағы басқалардың өмір жолымен таныстырады. "Таңертең және түске дейін екі адам" романында (1976) лениншіл - большевик Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметі, орыс және қазақ халықтарының достығы суреттеледі. Панфилов дивизиясының ерлері туралы "Шалғайдағы кіре берісте" (1948), "Шабуылға шыққанда" (1953); тың иғерушілер жайлы "Күзгі күн мен түннің теңелуі" (1961), совет адамдарының адамгершілік қасиеттері жөнінде "Рейхстагтан шыққан елші" (1962) повестері, еңбек адамдарының адалдығы жайында "Ерліктің тууы" очерктер жинағы (1956) жарияланды.
Д.Снегиннің сценарийлері бойынша "Біз Жетісуданбыз" • көркем фильмі (1959), сондай - ақ бірқатар деректі фильмдер түсірілді. Д. Снегин аудармасы арқылы "¥йғыр поэзиясы" (1934), І.Жансүгіровтің "Қеңес" (1935), Қ.Аманжоловтың "Найзағай" (1946), Н.Баймүратовтың "Ер Төлеген" (1945), С.Мәуленовтың "Туған жер" (1949) өлеңдер жинағы басылып шықты.
Дмитрий Федорович Снегин 1939 жылдың наурыз айынан КПСС мүшесі. 2-11 сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жүлдыз, Жауынгерлік Қызыл Ту, "Қүрмет Белгісі", Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1984 жылы жазушыға "Қазақстанның халық жазушысы" атағы берілғен.
Шығармалары:
Снегин Д.Ф. Бүрынғы Алматыда: Роман.- Алматы: Жазушы,1974
- кітап: Қиыр - қиянға.- 256 б.
- кітап: Біз Жетісуданбыз.- 56 б.
- кітап: Жанымызға жарасқан.- 288 б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Снегин Д. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 287б..
Снегин Д. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 478б.
Снегин Д. // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7 том.- Алматы, 2005.- 699-670б.
Соқпақбаев Бердібек.
(1924 -1991)
Туған топырағында Хан тәңіріндей биік парасатпен, адалдықпен, өтіріксіз өмір кешкен жас ұрпақтың сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазанның 15-інде Алматы облысының Ңарынқол ауылында туған. ҚазПИ-ді, КСРО Жазушылар одағы жанындағы жоғары әдеби курста оқыған.
"Жұлдыз", "Балдырған" журналдарында, "Қазақфильм" киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының апаратында жұмыс істеген . Жазушының тырнақалды туындысы "Он алты жасар чемпион" повесі 1951 жылы жарық көрді. Б.Соқпақбаевтың қаламынан жиырмадан астам кітап шыққан. Оның атын ерекше танытқан шығармасы "Менің атым Қожа" повесі болды, ол орыс, француз, украин, литва, латыш, молдаван тілдеріне аударылған. 1963 жылы "Қазақфильм" киностудйясында экрандалған. Осы көркем лента 1967 жылы Канндағы халықаралық кинофестивальда арнаулы жүлдені жеңіп алды.
Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат", "Қайдасың Гауһар", "Бастан кешкен", "Өлендер қайтып келмейді" атты повестері мен романдары басқа да шығармалары әлеуметтік - адамгершілік проблемаларды өткір қозғаған, олар кейіпкерлердің жан - дүниесіне терең бойлауымен, тақырыпты жеріне жеткізе игеруімен ерекшеленеді.
Бердібек Соқпақбаев талантты драматургтердің бірі. Оның пьесалары бойынша қойылған спектакльдер республиканың бірқатар театрларының репертуарында бар. Мысалы, "Бозтөбеде бір қыз бар", "Өлгендер қайтып келмейді", "Менің атым Қожа".
Адам өміріндегі үміті, ең асыл да қымбаты бала болғандықтан, әдебиеттегі ең қүрметтісі - балалар әдебиеті.
Кезінде оқырманынан өз бағасын алған халық қүрметіне бөленген Бердібек Соқпақбаев омірде көрген - білгенін ешбір бүкпесіз, боямасыз сол қалпында шынайы түрде жазған.
"Өлгендер қайтып келмейді" романында жазушы өз омірінің қыр - сырын сабақтап, тарақтап айтып береді. Ол кітап арқылы оқырманмен сырласып отырғандай, оларға оз басынан өткен хикаяларды бүкпесіз баяндап бергендей сенім тудырады.
Қазақтың кәдімгі халықтық әңгімелеу әдісімен жүрекке төте жол табады. Сонысымен сендіреді. Сенім - адалдық. Ал сендіру - көркемдіктің негізгі шарттарының бірі.
Шығармаларында негізінен ¥лы Отан соғысы жылдарындағы, одан кейінгі ауыл өмірінің тіршілік - тынысы және жастардың махаббаты суреттеледі.
Жазушының артына өшпес із қалдырған шоқтығы биік шығармасының бірі - "Менің атым Қожа" атты повесі. Өз шығармшылығындағы жалпы балалар әдебиетіндегі үлкен бір белесі. Халықтар тіліне және шет ел тілдеріне де аударылды. Осы шығарманың оқиға желісі мен түсірілген фильмнің Франңияда жоғары бағаға ие болғанын айтып кеттік. Қожа - қазақ балаларының Том Сойер іспетті сүйікті кейіпкері.
"Менің атым Қожа" повесі Марк Твен тәрізді әлемдік аты бар жазушылардың шығармаларымен теңдес. Қазақ топырағының шындығынан туындаған талантты шығарма.
Бердібек, Соқпақбаевтың қай еңбегін алсақ та тілі шебер, өзіне тән стилі бар, оз айтар ойы бар, дербестігі және бар, тәрбиелік мәні зор шығармалар.
Шығармалары:
Соқпақбаев Б. Таңдамалы.- Алматы: Жазушы , Т.1: Роман, повесть, эңгімелер.- 1-987.- 448 б. Т.2: Повестер.- 1987.- 431 б.
Соқпақбаев Б. Таңдамалы: Өлгендер қайтып келмейді; Роман жэне әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1979.- 463 б.
Соқпақбаев Б. Алпыстағы ауьшда: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ, 1953.-91 б.
Соқпақбаев Б. Аяжан: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1985.- 159 б.
Соқпақбаев Б.! Балалық шаққа саяхат: Повесть, роман.- Алматы: Балауса, 1992.- 528 б.
Соқпақбаев Б. Бақыт жолы: Әңгімелер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1953.- 79 б.
Соқпақбаев Б. Бастан кешкен: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970.- 342 б.
Соқпақбаев Б. Бізде бала болғанбыз: Таңдамалы шығармалар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1964.- 396 б. •
Соқпақбаев Б. Жекпе - жек: Повесть, эңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.-208 б.
Соқпақбаев Б. Жексен: Алматы: ҚМКӘБ, 1961.- 16 б.
Соқпақбаев Б. Жексен - жеке меншік.- Алматы: Жалын, 1982.- 12 6.
Соқпақбаев Б. Жолда: Очерк, әңгімелер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.- 76 б.
Соқпақбаев Б. Қайдасың Гауһар? Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1977;« 268 б.
Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа: Повесть.- Алматы: Жазушы, 2001.- 208 б.
Соқпақбаев Б. Он алты жаеар чемпион: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ, 1951.- 99 б.
Соқпақбаев Б. Өзім туралы повесть. - Жекпе - жек.- Алматы: ҚМКӘБ, 1957.- 166 б.
Соқпақбаев Б. Өлгендер - қайтып келмейді: Роман.- Алматы: Жазушы, 1974.- 343 б.
Соқпақбаев Б. Повестер, ертегілер.- Алматы: Жалын, 1990.-
479 б.
Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. Балалық шаққа саяхат: Повестер.- Алматы: Балауса.- 2006.- 344б.
Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа: Повестер.- Алматы: Атамұра, 2003.-304б.
Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді: роман.- Алматы: Ан Арыс, 2010.-368б.
Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді: роман.- Алматы: Өнер,2010.-480б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Соқпақбаев Б. Жазып та көрдім... [Өз творчествосы жайлы] //Сөзстан.- Алматы, 1983.- 4 кітап.- Б.62 - 72.
Соқпақбаев Бердібек (1924 - 1991) //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.287.
Соқпақбаев Бердібек //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.580.
***
Нұрғали Р. Таудан түскен адам //Егемен Қазақстан.-2009.- 7 қараша.-5б.
Бердібек Соқпақбаев туғанына 85 жыл //Жалын.- №3.- 25-42б.
Сыдықов Т. Болат бұғауды шайнаған жолбарыс: немесе Бердібек Соқпақбаевтың суреткерлік жанкештілігі //Қазақ әдебиеті.- 2010.- 31 желтоқсан.-12б.
Бердібек Соқпақбаев //Жұлдыздар отбасы.- 2011.-№2.- 27-34б.
Балта Ә. Тағдыры қиын кітап // Ұлан.-2010.- 23қараша.- 4б.
Баймұратов Б. Оралмас күндердің естеліктері //Қазақ әдебиеті.-2011.- 14қантар.-5б.
Досжан Д. Соқпақбаевтың өнер соқпағы //Мұқағали.-2012.- №1-2.- 60-67б.
Нүсіп А. Бақытсыздықтан бақыт тапқан... //Қазақ әдебиеті.- 2013.-15 ақпан.-14б.
Сүлейменов Асқар.
(1938 -1992)
Асқар Сүлейменов 1938 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік
Қазақстан облысы, түркістан ауданындағы Шорнақ ауылында туып,
Созақ ауданында орта мектепте оқыған. Абай атындағы Қазақ
педагогикалық институтының тарих-филология факультетін жэне
сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жүлдыз» журналында,
«Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма
театрында, «Парасат» журналында қызмет істеген.
«Бесін» (1970), «Адасқақ» (1988), «Бесатар» (1997) прозалық
кітаптары, «Болмыспен бетпе-бет» (2001) деген атпен драмалық
шығармалары жарық көрген. «Құлагер», «Арғымақ пен шабандоз» киносңенарийлерінің авторы. Б.Брехтің, Э.Хемингуэйдің,
Ж.Мольердің, Е.Шварңтың, Т.Уильямстың, С.Ахмадтың, т.б.
пьесаларын аударған. 1996 жылы «Ситуациялар» триптихы үшін ҚР
Мемлекеттік сыйлыгы берілген.
Асқар Сүлейменов - әлемдік әдеби процеске ішкерілей енген,
оның терең иірімдеріне бойлаған жазушы. Өзінің алғашқы әдеби
кезеңдегі сыни шығармаларында - ақ ол әдеби процеске әлемдік
деңғей түрғысынан қарайтынын аңғартқан болатьш. Сүлейменов
прозасы күрделі, экспериментті проза. Экспериментті болатыны - ол
әлі толқып түрған, әлі аптығы басылмаған проза. Оның поэтикалық
ұңғыл - шұңғылы әдеби тұрғыдан жете зерттеле қойған жоқ.
А.Сүлейменов прозасы XX - ғасыр жаңалықтарын бойына түтас
сіңіре білғен, жинақталған нығыз әлем.
60 жылдарда әдебиетімізге коньюнктураға мойынсүна
қоймайтын жаңа толқын келді. Осы толқынның ішіндегі бірегейі -
Асқар Сүлейменов еді. Асқар шын мәніндегі әлемдік диапазондағы
жазушы. Ол әлемдік әдебиеттің, соның ішінде модернизм үлгісінің сұлу өрнектерін өз прозасына шебер көшіре білген жазушы. Соның арқасында оның прозасы шебер сомдалған, мінсіз, әлемдік деңгейде жазылған проза боп табылады. Модернизм үлгілерінің қазақ әдебиетімен арадағы көркемдік байланыстары біздің әдебиеттануда жан - жақты зерттеле қойған жоқ. Осы тұрғыда біздің А.Сүлейменов прозасын модернизм үлгілерімен байланыстыра қарауымыздың мәні зор.
А. Сүлейменов қолтаңбасында модернизм үлгілері қалай көшіріледі немесе Асқар қолтаңбасында қандай модернистік үлгілер бой көрсетеді? Бүл жерде ең әуелі А.Сүлейменов қолтаңбасының "ой тасқыны" ("ой ағыны" деп те аталады) әдісімен байланысы туралы айта кету керек сияқты.XX ғасырдың 10 - 20- жылдары әдеби процеске еніп үлгерген "ой тасқыны" әдісі біздің әдебиеттің сыртында қалды. А.Сүлейменов психологиялық бағдардағы жазушы ретінде XX ғасырда кең тараған, алдыңғы қатардағы жазу техникасына белгілі мөлшерде соқпай тұра алмаған көрінеді. Алайда, А.Сүлейменов - таза "ой тасқыны" стиліндегі жазушы емес. Ол - бұл жаңа әдіске реализм ауылынан келген өкіл. Жалпы, А.Сүлейменов өзінің стильдік өрнегі жөнінен психологиялық бағдардағы жазушы. . Ол өзінің "бұл ерекшелігін алғашқы кезеңдерде, мысалы, "Қара шал" әңгімесімен - ақ паш еткен болатын. "Қара шал" психологиялық "ішкі монолог" әдісін шебер кірістіре жазылған туынды. Одан беріде "Ситуация", "Бесатар" атты повестерде қаламгер өзінің қолтаңбалық ерекшеліктерін айқындап көрсетті. Егер "Қара шал" импрессионистік реңктер мен жүқа символикалық қабаттан түратын психологиялық туынды болса, "Ситуация" повесі таза реалистік сипаттагы психологиялық шығарма. Бұл жерде қалыптасқан реалистік дағдыдан шетке шығу деген жоқ.
А.Сүлейменов "ой тасқыны" әдісіне өзінің жақындығын "Адасқақта" барынша байқатады. "Адасқақ" - Асқар қолтаңбасының айнасы. Осы шығармасында ол "ой тасқыны" әдісін мүмкін болған мөлшерде қолданысқа түсіреді. "Адасқақ" - ауыр ойға құрылған интелектуалды - психологиялық туынды. Шығармада жазушы түрлі баяндау түрлерін шебер қолданады.
"Адасқақ" - жазушының ішкі көрінісі. Іштегі тынымсыз жүріп жатқан- процесс. Асқарда "ой тасқыны" әдісіне ұқсас ертоқымы ауған аттай бір ойдан бір ойға кілт ауытқып кететін баяндау әдісі - механизмі де бой көрсетеді. Асқар Сүлейменов "ой тасқыны" әдісі батыстық ой - әдісі үлгісіндей өзіңдік ерекшелігімен бөлектенеді.
Асқар Сүлейменов әдебиеттің тар шеңберінде нәрсіз, сұрықсыз күйде қалған жоқ. Оның прозасының тым жаңашыл боп көрінетіні содан. Шындығында дарабоз дарын иесі Асқардың жаңашылдығы бар ескіден бой тартпай, олардың әдемісін ішке сіңіру шеберлігімен әйгіленеді. Ол мейлі үлттық үлгі болсын жазушы одан бас тартпайды. Жазушы қолтаңбасынан алуан түрлі үлгілердің бой көрсетуі соған дәлел.
Асқар Сүлейменов сырттағы жаңа әдебиеттен озіне шақ үлгіні теріп алған және оларын сүлу ғып, анық қып бізге көрсете білген қалам несі. Қазақ әдебиетіндегі Асқар эксперименті жалаң еліктеушілікке бой ұрмай, әдебиетті іштей түлеткен нәтижелі еңбек болып шықты.
Жазу бесігінен белі шыққан бетте дау - дамайды өзімен бірге ала шығатын Асқар Сүлейменов шығармалары үшін қазіргі кезде ың - шыңсыз, толасты шақ туып тұр. Бұл кезде үзаққа созылмауы тиіс. Оның шығармалары бірауыздан мақтау үшін емес, немесе, бір коргеннен, не бір оқығаннан мойындай салу үшін емес, қиналып оқу үшін, санаға сыналап сіңіру үшін жазылған. Оның шығармаларын түсінбеудің, күдікпен қараудың, келіспеудің, кей тұста ызаланудың, орта тұсынан оқымай тастаудың, кейіннен бәрібір қайталап соғудың өзі Асқар дүниелерінің өзге "түсінікті" шығармалардан ерекшелігі. Асқар Сүлейменов сөздерінің орманын оңаша аралап көріңіз, "Бесатар" мен "Адасқаққа" қайта - қайта үңіліңіз. Сол шығармалардан бас көтерғен кезде қазақ деген халыққа ренжи бергенді қойып, ғажайып бір тіл әлемінен оралғандай боласыз.
Асқар Сүлейменов қазақ әдебиетінің кедір - бұдыр даласына "Бесатар" және "Адасқақ" деп аталатын сөзден қаланған сәулет өнерінің Тәж - Махалдай қайталанбас үлгісін тастап кетті.
Драмасы бір төбе. Созақта "Жартытөбе" деген жер бар. Асекеңнің өз созімен айтсақ, драмасы жарты төбе, прозасы тагы бір жарты, екеуі қосылатын бір төбе.
Шығармалары:
Сүлейменов А. Адасқақ: Әңгімелер, повесть.- Алматы: Жазушы, 1988.- 256 б.
Сүлейменов А. Бесін: Хикаялар.- Алматы: Жазушы, 1970.- 151б.
Сүлейменов А. Болмыспен бетпе - бет: Сын мақалалар, эсселер, сүхбаттар, ой - толғамдар, аудармалар.- Алматы: "Жас қазақ", 2001.-215 б.
Сүлейменов А. Шығармаларының толық жинағы.- Алматы: Қазғұрт
Т. 1: Әнгімелер мен повестер.-2006.-368б.
Т. 2: Драма – диологтар. -2006.-336б.
Т. 3: Аудармалар.-2006.-352б.
Сүлейменов А. Бесатар: повестер мен әңгімелер.-Алматы: Атамура, 2009.-352б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Сүлейменов Асқар //Советтік Қазақстан жазушылары: Бно - библиограф. анықтамалық,- Алматы, 1987.- Б.584.
Сүлейменов А. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 484б.
Сүлейменов А. //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7 том.- Алматы, 2005.- 109-110б.
***
Қалшабек А. «Адасқақ » - ұлттық идея: немесе Асқар Сүлейменовтің филологиялық прозасы туралы // Жұлдыз.- 2009.-№10.- 177-178б.
Тәжібаев Б. Әдебиеттің төңірегіде әлсізге орын жоқ..: Жазушы Асқар Сүлейменовтің хаттары // Қазақ әдебиетті.- 2011.- 25 ақпан.- 1,11б.
Мұсабаева А. Асқар Сүлейменов шығармашылығындағы шыншылдық көріністер //Қазақстан мектебі.- 2011.- №7.- 61-64б.
Елшібай Ғ. Созақта Асқар Сүлейменовке ескерткіш қойылды //Жас Алаш.- 2011.- 21 желтоқсан.- 5б.
Нармаханова Ж. Өзі жасап алған әлемнің иесі //Ақ желкен.- 2012.- №1.- 2-3, 8-9б.
Бекмұратұлы С. Сөзі салмақты, өзі жан-жақты Асқар еді-ау //Алматы ақшамы.-2012.- 2 маусым.-23б.
Сүлейменов Олжас
(1936)
Қазақ совет ақыны, қоғам қайраткері Сүлейменов Олжас Омарұлы 1936 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында туған. ҚазМУ - дің геология факультетін 1959 жылы бітірген. 1958 жылы М.Горький атындағы әдебиет институтына түсіп оқиды. Жас ақын әрі ғалым, әрі ақын, әйгілі педагог Л.А.Озеров семинарынан дэріс алады... 1962 - 71 жылдары "Казахстанская правда" газетінің қызметкері, "Қазақфильм" киностудиясының сценарий-редакциялық коллегиясының бас редакторы, "Простор" журналының бөлім меңгерушісі, 1971 - 81 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретары, 1981 - 83 жылдары Қазақ ССР Кинематография жоніндегі мемлекеттік комитетінің председателі, 1983 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1 - секретары, СССР Жазушылар одағының секретары (1984). 1972 жылдан Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің, 1989 жылдан "Невада - Семей" қозғалысыңың председателі.
О.Сүлейменов шығармаларын орыс тілінде жазады. Түңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы шықты.
"Адамға табын, жер, енді" поэмасы (1961; Қазақстан Ленин комсомол сыйл., 1964) О.Сүлейменов есімін әдеби жүртшылыққа кеңінен мәлім етті. Туынды Ю.Гагариннің түңғыш космосқа үшқан тарихи ерлігіне арналған. Бүл поэма совет поэзиясының үздік табыстарыңың бірі ретінде танылды. Содан бері ақынның "Нүрлы түндер", "Қылықты түн", "Шапағатты шақ", "Мешін жылы", "Таңдамалы лирика", "Қыш кітабы", "Ақ дария аспанында", "Әр күн - арайлы таң", "Асудан - асу" кітаптары жарық көрді.
Олжас Сүлейменов Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның сценарийі бойынша "Бабалар жері", "Қыс қысылшаң мезгіл", "Мұхтар Әуезов туралы сөз", "Соңғы өткел", "Үндістан сазы", "Жастық шақ заставасы", "Атамекен", "Көгілдір маршрут", "Қыс - қолайсыз маусым" кинофильмдері түсірілді. "Аз и Я", "Язык письма" атты тілге қатысты зерттеулері жарық көрді.
О.Сүлейменовтің таңдамалы шығармалары "Атамекен" (аударған Қ.Мырзалиев) деген атпен қазақ тіліне аударылды. Бірқатар шығармалары СССР Халықтарының және шетел тілдеріне аударылған. Оның "Жалынның шалқуы" атты өлеңдер жинағы франңуз тілінде жарық көрді.
Ядролық сынаққа қарсы "Семей - Невада" қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері. Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967), Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.
Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі", Октябрь Революңиясы ордендерімен, коптеген медальдармен марапатталған.
Қазір заманымыздың заңғар қаламгерлерінің бірі деп танылған Олжас Сүлейменов - ақын, публиңист, кинодраматург, зерттеуші ғалым, қажырлы қоғам қайраткері.
Бүл күнде оның сөзін де, өзін де дүниенің төрт бүрышы біледі 1 ау десек, асырып айтқандық болмас!
Достарыңызбен бөлісу: |