Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет6/13
Дата23.10.2016
өлшемі2,44 Mb.
#24
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Ахмедов Ғалым Хакіұлы //« Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия.- Алматы ,1998.- 573 .

Ахмедов Ғалым //Советтік Қазақстан жазушылары : Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық .- Алматы ,1987.- 41 б.

Ахметбеков Кәрібай

1940

Жазушы, публицист, аудармашы Кәрібай Ахметбеков 1940 жылы

12 ақпанда Жамбыл облысының Сарысу ауданының «Көркею» колхозында дүниеге келді.

1957 жылы Сарысу ауданында Байқадам орта мектебін бітірген соң, осы мектепте аға пионер вожатый болып істеді. 1963 жылы қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, оны бітіргеннен кейін ауылда мұғалімдік қызмет атқарады. 1966 жылы республикалық қазіргі « Жас Алаш» газетінде, Қазақ совет энциклопедия-сында әдеби қызметкер, республикалық көркем - әдеби «Жұлдыз»

журналында істеген.

Творчестволық жұмыспен 1960 жылдан бері айналысады. Алғашқы сатиралық өлеңдері республикалық газет- журналдарда жарық көрді. 1962 жылы сатиралық шағын әңгімелері жарияланған. «Ара» журналының конкурсында екінші бәйгені жеңіп алды. «Бұл кім еді?» атты коллективтік сатиралық жинаққа (1963) өлеңдері кірді.

Алғашқы прозалық жинағы 1973 жылы «Сый орамал» деген атпен «Жа-

зушы» баспасында жарық көрді. «Ақдала» (1975), «Алакөл» (1978),

«Жеңіс сарбазы», «Жалаулы жасыл дүние», «Егіз қайың» атты әңгімелер мен повестер жинағы кітап болып шықты, «Қасірет» романы (1991), «Ақдала» роман- дилогиясы (1999) жарияланды, «Солдат победы», «Седая степь» кітаптары орыс тілінде шықты.

Бұл аталған шығармаларда автор ел өмірінің бүгінгі шындығын көрсетуге тырысты. Кешегі кеңестік дәуірдегі орын алған қиянаттар мен қасіреттер кітап беттерінен әсем көрініс тапты. Партиялық басқарудағы солақайлықтар, ұраншылдықтар көркемдік шеберлікпен еш боямасыз кестеленді. Қазақ халқының борандық өмірі «Көкбөрі» повесінде шынайы аңдатылды. Халқымыздың жоңғар басқыншылығымен қаһармандық күресі

«Жетім жасақ», «Ар кезең» әңгімелерінде арқау болды. Жазушының «Жеңіс сарбазы», «Жалаулы жасыл дүние» және « Қасірет» романындарында автор сонау 30- жылдардағы ашаршылық тауқыметін, сталиндік қуғын- сүргін қасіретін баяндайды. Ал «Жетінші пайғамбар» атты драмалық шығарма-

сында «Шоқан- Айша» повесінде халқымыздың ұлы Шоқан Уәлихановтың тарихи шыншыл бейнесі өрнектеледі. Шоқанның шын трагедиялық тағдыры алғаш рет көркем шығарма бетіне түсті.

Жазушы көркем аудармамен де шұғылданады. Чех жазушысы Ян Козак-

тың «Қасиетті Михаил» романын, чуваш жазушысы Михаил Юхманның «Ақ қайың әні» атты кітабын, «Якут ертегілерін» және орыстың белгілі жазушы-

сы Виктор Астафьевтің «Ұрлық», «Жанаргүл» повестерін қазақшаға аудар-

ған.


Соңғы жылдары «Қазақтелефильм» студиясының бас сарапшысы және

«Қазақстан» баспасы директорының орынбасары қызметін атқарады.


Шығармалары :
Ахметбеков К. Сый орамал: Әңгімелер.- Алматы : Жазушы, 1973.- 96 б.

Ахметбеков К. Ала көл: Роман.- Алматы: Жазушы, 1979.-346 б.

Ахметбеков К. Жеңіс сарбазы: Повестер мен хикая.- Алматы: Жалын, 1980.- 224 б.

Ахметбеков К. Жалаулы жасыл дүние: Повестер мен әңгімелер.- Алматы : Жалын, 1985.- 240 б.

Ахметбеков К. Ақдала: Роман.- Алматы: Жазушы, 1988.- 544 б.

Ахметбеков К. Егіз қайың: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1990.- 416 б.

Ахметбеков К. Қасірет: Роман.- Алматы: Жазушы, 1991.- 432 б.
Өмірі мен шығырмашылығы туралы :

Ахметбеков К. Шығарманың атасы – ой, анасы – тіл..: (Өз творчествосы туралы ) //Сөзстан: 6 кітап.- Алматы , 1985.- 114 б.

Нұржекеұлы Б. Ағалыққа жараған: (Жазушы К.Ахметбеков) //Әдебиет айдыны.- 2006.- 17 тамыз.

Сегізбайұлы К. Өзіңсіз өтер бұл тойың: (Жазушы Кәрібай Ахметбекұлы 70- те) //Жұлдыз.- 2010.-№2.- 128- 136 б.



Ахметбеков Нұрқан

(1903- 1964)
Қазақстанның халық ақыны Нұрқан Ахметбеков Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы «Жаркешу» ауылында 1903 жылы кедей шаруаның отбасында туған. Жетімдік қасіретін ерте көрген Н.Ахметбеков тиіп- қашып молдадан хат таниды.

Халықтың ауыз әдебиетімен танысу Нұрқан талантының көзін ашып, көңілін оятады. Ол он жасынан өз бетімен өлең, жыр айтуға машықтана бастайды. Жаңа қоғамды, жаңа өмірді жырлауға ден қояды.

Нұрқан Ахметбеков ұзақ жылдар бойы өзінің туған жері Амангелді, Торғай аудандарын аралай жүріп, ақындық өнерімен ел ішіне танылады, сонымен қатар Торғай өңірінің алғашқы ауданаралық театрын құрып, сауықкеш үйірмелеріне басшылық етті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен халықтың жігерін көтеріп, жеңіске деген үмітін оятты. 1943-1946 жылдары Алматыда өткен халық ақындарының айтыстарына қатысты. Осы айтыстарда ол қазақстанның басым көпшілігіне танылды. «Есім сері» (1929), «Жасауыл қырғын»,

«Аманкелді» дастандарын жазып мұра қалдырды. Ақынның ұзақ жылдар бойы жырлаған сүйікті кейіпкері – Аманкелді батыр. Жазба әдебиет дәстүрін жіті меңгере алған Н.Ахметбековтың «Аманкелді» поэмасы басқа ақындарға қарағанда өзгешелігімен ерекшеленеді. Аманкелді бейнесін ақын өмірдің қиыншылығын көрген әлеуметтік қайшылықтарға төтеп берген қолбасшы батыр ретінде жан- жақты сомдай білген.

Нұрқан Ахметбеков шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан жазды: «Есім сері», «Қарға» (1938), «Күләндам» (1934), т.б. Ақынның «Жасауыл қырғыны» дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1953).

Нұрқан Ахметбековтың өзі шығарған «Күй басы», «Июнь толқыны»,

«Жеңіс» атты күйлері де бар.

Нұрқан Ахметбековтың ақындық өнеріне, шығармашылығына әдебиетші ғалымдар жоғары баға беріп, жан- жақты талдау жасады. «Қазақ совет әдебиеті тарихының» 1 -томында ақын шығармашылығына арнайы бөлім берілген, онда оның өмір жолының негізгі беттері, ақындық шеберлігі жайлы кеңінен талдау берілген.

Нұрқан Ахметбеков 1964 жылы дүниеден өтті. Қостанай облысы Торғай аудандық мәдениет үйіне , орта мектепке, көшеге Н.Ахметбеков есімі берілген.


Шығармалары :
Ахметбеков Н. Шығармалар: Өлеңдер, айтыстар, дастандар.- Алматы : Ел- шежіре, 2007.- 280 б.

Ахметбеков Н.Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1972.

Ахметбеков Н. Жасауыл қырғыны : Поэма.- Алматы : ҚМКӘБ, 1952.

Ахметбеков Н. Тосын толғау: Поэмалар, өлеңдер жинағы.- Алматы : ҚМКӘБ,1958.

Ахметбеков Н. Аманкелді: Поэма.- Алматы : ҚМКӘБ,1962.

Ахметбеков Н. Жасауыл қырғыны: Поэмалар.- Алматы . Жазушы, 1972.

Ахметбеков Н.Аманкелді: Дастандар.- Алматы : Жазушы, 1990.-520 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Ахметбеков Н. //Қазақстан : Ұлттық энциклопедия: І Том.- Алматы : 1998.- 574 б.

Ахметов Ш. Нұрқан Ахметбеков //Қазақ әдебиетінің тарихы: Т. І .-Алматы,1964.

Әсіпов С. Топжарған: Нұрқан Ахметбеков.- Алматы, Жазушы, 1980.
Ахметов Әбдікәрім

(1924- 1983)
Белгілі қазақ ақыны Әбдікәрім Ахметов «Көзайым» атты таңдамалы өлеңдер мен поэмаларының жинағына жазған алғы сөзінде былай дейді :

«Мені көркем сөзге құнықтырған терме, хиссалар болса керек. Әкемнің өзі

«әліпті таяқ деп білмесе де» сөзге құмар кісі еді. Үйдегі үлкен қара сандыққа қолына түскен кітаптарды жинап, кілтін жан таппайтын жерге тығып қоятын. Қолы бос кештерде хат танитын інілеріне, кейінірек маған оқытып тыңдауды жарататын. Ал үйімізге жырау- жыршы келе қалған кеш біз үшін торқалы тойдай еді».

Демек, оның әдебиеттегі алғашқы ұстаздары халық қазынасы мен Сыр бойының сүлейлері болғаны ғой.

Әбдікәрім Ахметов Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Көктөбе ауылында жұмысшы отбасында туған. Он тоғыз жасында Совет Армиясы қатарына шақырылып, 1946 жылы Харьковтың әскери дәрігерлік училищесін бітіреді.

1950 жылдан бастап ол «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») , Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газет-

терінде істейді.1961- 81 жылдары «Жазушы» баспасында редакторлық қызмет атқарады.

Ақын жиырмаға жуық өлең жинақтарын шығарды, солардың біразы жас жеткіншектерге арналған.

Ә.Ахметовтың қаламынан туған «Екінші дәптер», «Нан туралы сөз»,

«Өшпеген жалын», «Толқындағы өмір», «Салқын самал», «Ашық аспан»,

«Жерұйық», «Маржандария», «Жапырақ жауған шақ», «Кеш жарық» кітап-тары қазақ поэзиясында дарынды бір ақынның болғанын куәлендіреді.

Әсіресе, өмірінің соңғы он шақты жылында ақын ойлы, отты жырларын өндіріп жазды.

Жазушының бастан кешкен өмір жолы оның шығармашылығына із тас-

тамай кетпейтіні белгілі. Мұны Ә.Ахметов өлеңдерінен де кездестіреміз. Жастық шағы ел басына қауіпті қатер туған Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарына тура келген ақын:

... Он жеті , он сегізде бозбалалық,

Жүрмедік жорға мініп, қызға барып.

Жылан жыл- мың тоғыз жүз қырық бірдің

Ел шырқын сұрапылдай бұзғаны анық.

Сонда біз қынай белге қайыс буып,

Бес қару бойымызды майыстырып,

Аттандық қасиетті қанды ұрысқа,

«Катюша» оқпанынан жай ұшыртып,- деп толғанады.

Ақын шығармаларының негізгі өзегі етіп елдік пен ерлікті, махаббат, адалдықты, күйініш пен сүйінішті, еңбек зейнетін алады. Әбдікәрім Ахметовтың балаларға арнап жазған «Кішілік- кісілік», «Ардақ пен қоян»,

«Жаңа жыл жыры», «Күз көріністері», «Төрт түлік пен төрт жігіт» тағы да басқа көптеген өлеңдері жас оқушыларын әдептілікке, кісілікке, табиғатты сүюге, еңбекке баулитын сәтті дүниелері. Оның «Халықбек», «Үлкен сый-

лық» ертегілерінің оқиғасы қызықты жас оқырманға түсінікті тілмен жазыл-

ған.


Әбдікәрім Ахметовтың қаламынан бірнеше поэма, дастандар туды. Олардың көпшілігі, әсіресе ертегі, аңыз сюжеттеріне жазылғандары, балаларға арналған. «Көкшетау аңызы», «Шәуілдір аңызы», «Екібастұз аңызы» поэма- дастандарының қай- қайсысында болсын, ел аузында сақталған сюжеттік оқиғаны көп өзгертпей, сол қалпын берік сақтап отырады. Дегенмен, ақын оларды тек поэзия тіліне көшіруші ғана емес, аңыздың адамгершілік, гуманистік идеясын терең ашып көрсетеді.

Сонымен, Әбдікәрім Ахметов – қазақ балалар әдебиетінде өзіне лайықты орны бар ақын деп толық айта аламыз.

Ә.Ахметов оннан астам кітап аударған. Ол М.Лермонтовтың, Л.Украинка,

С.Маршак, Э.Межелайтистің өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Жазушы» баспасынан ақынның 60 жасқа толуына орай «Зейнет» деп аталатын бір томдығы жарық көрді. Кітапқа енген ертегі- аңыздар туған халқымыздың елдігі мен ерлігін мадақтайды, халқымыздың ата жұртында, кең даласында тұнып тұрған ғажайып сырлар мен сұлулықтарды жырлайды. Бұлардың әрқайсысынан оқушы өзіне ғибрат болар тәлім алады, ой түйеді. Әбдікәрім Ахметов 1983 жылы ұзақ науқастан кейін қайтыс болды.

Шығармалары :
Ахметов Ә. Өлеңдер.- Алматы : ҚМКӘБ,1953.

Ахметов Ә. Халықбек: Ертегі.- Алматы. ҚМКӘБ,1958.

Ахметов Ә. Нан туралы сөз: Өлеңдер.- Алматы : ҚМКӘБ,1957.

Ахметов Ә. Өшпеген жалын: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : ҚМКӘБ,1961.

Ахметов Ә. Тыру- тырау тырналар : Өлеңдер, ертегі, аңыздар.- Алматы :Жазушы,1974.

Ахметов ә. Кеш жарық: Өлеңдер мен дастандар.- Алматы : Жазушы,1981.

Ахметов Ә. Шарайна :(Өлеңдер мен толғаулар).- Алматы : Санат, 2005.- 128 б.
***

Ахметов Ә. //Советтік Қазақстан жазушылары : Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы , 1987.- 44 б.



Ахметова Күләш

(1946)
... Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты Күләш Ахметованың

«Көңілдің кейбір күйлері» деген өлеңі өмір философиясына арналған. Өткен дәуір мен келер уақытты екі күшке санайды, келешектің жетегінде жүріп, өткен күндердің кейбір шақтарын сағынады» , - деп Сәбит Мұқановтың өзі Күләшқа деген ілтипатын осылайша білдірген.

Күләш « Ақын» деген өлеңінде:

Сен үшін адал перзент, жырың бақыт,

Ғасырға өзің болып жүр үн қатып...

Жырыңның бір парағын жыртқаны үшін,

Жылатты біреу ұлын шырылдатып,-

деп өзінің алғашқы аяқ алысынан- ақ, арыны мен адымын, кім екенін айғақтап бере алды, ақын табиғатын бүкіл жан- дүниесімен түсінетінін көрсетеді.

Күләш Ахметова 1946 жылы Қырғызстанның Жамбыл облысымен көршілес Кировка селосында туған. Жамбылдағы (қазіргі Тараз) медицина училищесін бітіргеннен кейін ҚазМУ- дің журналистика факультетін тәмамдады.

1973-74 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде, 1977- 80 жылдары республикалық «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде қызмет істеді.

Күләш Ахметованың «Өмірімнің суреті көңілімде» деп айтқанының өзі ақынның өршіл өлеңін , өлеңдегі өршілдігін көрсететін көркемдік даралығының бір көрінісі іспеттес.

Бұған оның отыз жылға жуық шығармашылық жолы мен еңбектері дәлел. «Ақ гүлім менің» (1975), «Сен менің бақытымсың» (1977), «Жапы-

рақ – жаздың жүрегі» (1979), «Махаббат жылы» (1980), «Мейірім» (1981),

«Бұлақтағы жұлдыздар» (1982), « Жасыл жағалау» (1984), «Ләйлектер

қайтып келгенде» ( 1985), «Арғымақтар даласы» (1987), «Сен жанымда жүрсең» (1989), «Наурыз нұры» (1991) атты жыр жинақтары, өлеңдері мен поэмаларының тақырыптары оқырман жүрегін баурап, жоғары бағасына ие болған кітаптар. Ақын өлеңдерінде мейірім, шапағат, адамгершілік, адалдық, әділдік, туған жерге деген сүйіспеншілік өзіндік өрнекпен суреттеледі. Соңғы жылдары ақын өлеңдерінің дені экология тақырыбына арналған. Ғасырлар бойы халқымыз аңсаған азаттық, еліміздің тәуелсіздік алғанын ақын аса бір толғаныспен жырлайды:

«- Тәуекел.- дедім, Ант еттім.

Тәуелділікке көнбеске.
Құбылаға басты берсем де,

Құлдыққа елді бермеске.

Жылынып едім шуақтан,

Су ішіп едім бұлақтан,

Бұлақтарымды кірлетпен,

Бұрымдыларымды жылатпан.

Жәрдем бер бізге аспан, көк !

Армандап едім жастан көп.

Азапқа жақын халқымды

Айбарлыларға қоссам деп!

Осылайша ақын патриоттық рухты паш етеді, халқын тәуелсіздікті қорғауға шақырады.

«Сен менің бақытымсың» жыр кітабы үшін Күләш Ахметоваға 1977 жылы Қазақстан Жастар сыйлығы берілді.

Бүгін де ақын шығармашылық жұмыста, қазақ поэзиясына өз үнімен үлес қосуда.

Ақын өлеңдері ТМД және шетелдердің біраз тілдеріне аударылды. Оның таңдаулы өлеңдері орыс тілінде «Жазушы» баспасынан «Чудесный сад» атты жинаққа кірді. Сонымен қатар К.Ахметованың аудармасымен А.Ахматова, Б.Ахмадуллина, Э.Межелайтис, А.Межиров, П.Ислам секілді көрнекті ақындардың өлеңдері қазақшаланды.


Шығармалары:
Ахметова К. Ақ гүлім менің.- Алматы : Жазушы,1975.

Ахметова К. Махаббат жылы: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы,1980.

Ахметова К. Арғымақтар даласы.- Алматы : Жалын,1987.

Ахметова К.Ләйлектер қайтып келгенде: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы,1985.

Ахметова К. ,Асанов С. Сен жанымда жүрсең: Махаббат кітабы.- Алматы : Жалын, 1989.

Ахметова К.Күн шыққанда күліп оян: Өлеңдер мен поэмалар.- алматы: Ана тілі, 1996.


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Айтұлы Н. Жыр жүйрігі : Ақын Күләш Ахметованың шығармашылығы туралы ) // Егемен Қазақстан.-2006.-5 желтоқсан.

Бегманов Қ. Халқына бақ пен құт сыйлаған ақын : ( Күләш Ахметова)

// Қазақ әдебиеті.- 2006.-19 мамыр.

Кекілбаев К. Жебеу жырлар: К.Ахметованың авторлық кешінде айтылған сөз // Ахметова К. Күн шықса күліп оян.- Алматы,1996.-5-8 б.

Шілдебайұлы З. Жырдағы жұлдыз: ( Көрнекті ақын К.Ахметова- 60 жаста) // Қазақ әдебиеті.- 2006.- 26 сәуір.


Ахтанов Тахауи

(1923- 1994)
Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтанов – Ұлы Әуезовтің ыстық ілтипатын естіп, бір шоғыр талантты топ жазушылардың көшбасшысы бола білген ардақты қаламгер, қаһарман жазушы. Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысқан.

19 жастағы Т.Ахтанов «Кек» деген өлеңінде:

Кеудем кектің көрігіндей

Лебім бейне жанған от.

Ызам орман өртіндей ,

Жалайды ішті жалын боп.

Тарқамас іште күйігім,

Жалынына кегімнің ,

Өртенгенше ең соңғы

Ата жауын елімнің,-

деп жазған шумақтарын оқығанда Сәбит Мұқанов : «Ау мынау

атылғалы тұрған мылтық, жарылғалы тұрған бомба ғой», - деп Жазушылар одағы мүшелігіне қабылдапты.

Содан былайғы 47 жыл жазушылық өмірінде Т.Ахтанов соғыс пен бейбітшілік туралы өшпес мұра қалдырды.

Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының Шетырғыз селосында туған. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтының екінші курсынан майданға аттанады. Алғашқы өлеңдері майдандық газеттерде жарияланады. Өлеңдері соғыстан кейін баспадан шыққан «Жастар даусы» деп аталған өзімен қатарлас ақындардың топтама жинағына енген.

Т.Ахтанов көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда бөлім бастығы, «Жұлдыз» журналының редакторы (1953- 54), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1954- 57), Республикалық Мемлекеттік кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызмет атқарады.

1956 жылы жазушының Қаһарлы күндер» романы жарық көрді, бұл роман бірнеше рет қайта басылып, орыс, неміс т.б. халықтар тіліне аударылды. Романда екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында қарапайым жауынгердің көрсеткен ерлігі шынайы бейнеленген. Жазушының

«Махаббат мұңы» (1960), «Дала сыры» (1963), «Боран» (1966), «Шырағың сөнбесін» (1973) романдары, «Таңдамалы шығармалары» (1974), 5 томдық шығармалар жинағы (1985)жарық көрді. «Боран» романы үшін Т.Ахтановқа 1966 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл роман орыс, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, грузин, армян, әзербайжан, украин, белорус т.б. тілдерге аударылды. «Шырағың сөнбесін» дилогиясында жазушы соғыс қасіретін қарапайым қазақ әйелінің көзімен бере білді.

Т. Ахтановтың 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Күтпеген кездесу», «Махаббат мұңы», «Әке мен бала», «Ант»,

«Жоғалған дос», «Күшік күйеу» пьесалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. Бұл пьесалар орыс және туысқан халықтар театрлары сахнасында жүріп жатыр.

Тахауи Ахтанов әдебиет зерттеу саласында да біраз мұра қалдырды.

«Ғабит Мүсірепов» (1956), «Керуен» (1969), «Көкейкесті» (1980) кітаптарында әдеби процесс жайында ой- толғаныстарын ортаға салады. Ол А.С. Пушкиннің «Алтын әтеш туралы ертегісін», А.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романын, И.С. Тургеневтің, М.Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Т.Ахтанов І және 2 – дәрежелі Отан соғысы, «Еңбек Қызыл Ту», «Ха-

лықтар Достығы», «Құрмет Белгісі», 2 мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталды.

Тахауи Ахтанов 1994 жылы 25 қыркүйекте қайтыс болды.


Шығармалары :
Ахтанов Т. Шығармалар : 5 томдық.- Жазушы,1983.

Ахтанов Т. Қаһарлы күндер: Роман.- Алматы . ҚМКӘБ,1956.

Ахтанов Т. Махаббат мұңы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы : ҚМКӘБ,1960.

Ахтанов Т. Дала сыры: Повестер мен әңгімелер.- Алматы : ҚМКӘБ, 1963.

Ахтанов Т. Боран : Роман, повестер, әңгімелер.- Алматы : жазушы, 1966.

Ахтанов Т. Шырағың сөнбесін Роман; Ант: драма.- Алматы Жазушы, 1973.

Ахтанов Т. Таңдамалы шығармалар: 2 томдық.- Алматы : Жазушы, 1974.

Ахтаноы Т. Қаһарлы күндер: Роман.- Алматы: Атамұра,2003.-384 б.

Ахтанов Т. Махаббат мұңы: Таңдамалы шығармалар.- Алматы , Раритет, 2005.- 288 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Бердібаев Р. Роман және заман .- Алматы ,1967.

Жұмабек С. Талант тектоникасы // Жұмабек С. Сын әуені.- Астана,2001.- 36 б.

Кекілбаев Ә. Қайсар талант // Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат.- Алматы . Жазушы, 1996.- 592 б.

Құндақбаев Б. Тахауи Ахтанов жазушы драматург // Құндақбаев Б. Уақыт және театр.- Алматы , Өнер, 1981.- 228 б.

Омаров І. Қаһарлы күндер, қаһарлы жандар : Т.Ахтановтың « Қаһарлы күндер» романы туралы // Омаров І. Әдеби толғамдар.- Алматы , 1988.- 114 б.

Замандас жайлы толғаныс: Т.Ахтановтың « Боран « пьесасы туралы // Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.- Алматы , 1985.- 268 б.

Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы .- Алматы,1971.

Шаймерденов С. Сегіз қырлы жазушы // Әдеби толқындар.- Алматы, 1986.- 139 б.


***

Құлбарақов С. Соғыс және сәби : Т.Ахтанов шығармасындағы соғыс қасіреті бейнеленуінің бір қыры // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 6 мамыр.



Аширов Ахмеджан (Әшіриа)

(1938)
Ахмеджан Аширов 1938 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,

Малыбай селосында туған. 1956 жылы Панфилов педучилищесін бітіріп, ҚазМУ- дің филология факультетіне түскен. Университетті бітіргеннен кейін мектепте сабақ бере жүріп, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасында оқыған.

А.Аширов республикалық «Коммунизм туғи» газетінде қызмет істеп, кейін Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болып біраз жыл істеді.

А.Аширов әдебиеттегі жолын қысқа әңгімелер жазудан бастады. Оның алғашқы әңгімелері «Таңғы самал», « Қилы адамдар» жинағына енеді. Жазушы ұйғыр әдебиетінде повесть жанрының қалыптасуына да көп еңбек сіңірді. 1965 жылы А.Ашировтың ауыл жастарының өміріне арналған

«Осылай өмір сүргім келеді» деген тұңғыш повесі жарық көрді. Содан бері оның бірнеше кітаптары шықты: «Мұны ұмыта алмаймын» (1969),

«Солмайтын гүлдер» (1977), «Нұрана» т.б. хикаяттары ұйғыр әдебиетіне жаңа бір соны есімнің қосылғанын айғақтайды.

Жазушының кітаптарынан оның туып- өскен аймағының суретін көріп, ауыл адамдарының өмірінің қыры- сырын терең ұғасың. Оның кейіпкерлері қиын ғұмыр иелері. Олармен жүздесе отырып, халқымыздың соғыстан бергі уақытта бастан кешкен өміріне куә боласың. Жазушы «Жалғыз жалбыз»,

«Диқан» шығармаларында жер-ананың ажарының тая бастағанын, өзендердің тартылып, тоғайлардың жоғалып бара жатқанына жаны ауыра суреттейді.

А.Аширов өз уақытының көкейкесті мәселелерін көтеріп, терең жан иірімдерін қозғайды. Ел мен жер тағдыры дара тұлғалардың айшықты тағдырымен астасып жатады. Сондықтан да А.Аширов шығармаларының туысқан халықтар тіліне аударылуы заңды құбылыс.

Жазушы қаламынан қайталанбас әйелдердің бейнесі сомдалып, М.Горький, Ғ.Мүсірепов дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғасын тауып жатқандай. А.Ашировтың тарихи романы «Едіқұт» түркі халықтарының ертеректе басынан өткен оқиғаларды сөз етеді. Бас кейіпкері арқылы Шыңғысхан заманының шындығы шынайы елес береді. А.Аширов


драматургия жанрында да ойдағыдай еңбек етіп жүр. Оның «Өлмейтіндер» пьесасы ұйғыр музыкалық комедия театры сахнасында қойылып жазушы талантының жаңа қырын ашты. Ол аударған Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың «Ой, жігіттер-ай» және испан классигі Гарсиа Лорканы

«Қанды құдалығы» да қойылып көрермендердің ілтипатына бөленіп жүр.

Соңғы жылдары А.Аширов «Арзу» журналын жарыққа шығарды. Қазір ондаған кітаптың авторы . Ахмеджан Аширов шабыты нағыз толысқан кезі. Ұйғыр әдебиетінің көркем шығармаларымен ұдайы толығып, қанат жайып жатса, оның ішінде А.Ашировтың да қосқан үлесі аз емес.



Шығармалары :
Аширов А. Осылай өмір сүргім келеді: Повесть.- Алматы : Жазушы,1965.

Аширов А. Мұны ұмыта алмаймын: Повесть.- Алматы : Жазушы, 1969.

Аширов А. Солмайтын гүлдер: Повесть.- Алматы : Жазушы, 1977.

Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Аширов Ахметжан // Советтік қазақстан жазушылары : Биобиблиографиялық анықтамалық. – Алматы ,1987.- 52 б.

Әбдікәрімұлы С. Жазғаны жарық көретін жазушы : ( Жазушы Аширов Ахметжан) // Әдебиет айдыны.- 2008.-18 желтоқсан.

Байтұрсынұлы Д. Біз бір-бірімізді сағынып тұратынбыз : ( Жазушы , драматург, « Ильхам» сыйлығының лауреаты жазушы А.Аширимен сұхбат)

// Әдебиет айдыны.- 2005.- 13 қазан.



Әбдіков Төлен

(1942)
Төлен Әбдіков Қостанай облысы Жангелдин ауданының, Еңбек аулында 1942 жылы туған. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін «Қазақстан пионері» ( қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977- 79 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі қызметін атқарды. Онан кейінгі жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1994 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

Т.Әбдіковтың «Райхан» атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың «Таңғы шық» әңгімелер жинағында (1964) жарияланды. Сонан бергі кезеңде «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар» ( 1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған .

«Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді.

Т.Әбдіковтың кезінде жұртшылық жылы қабылдаған повестеріндегі халық өкілдері – бүгінгі жас ұрпақ өнеге етер моральдық биіктерге толайым таразы. «Тозақ оттар жымыңдайды», «Бәтіш қыз бен ер Сейіт» атты повестері адалдық адамгершілік бастауларының неде екенін дәлелдеп берген туындылар.

Жазушының «Бәтіш қыз бен ер Сейіт» хикаясының негізінде

«Өтелмеген парыз» атты көркем фильм түсірілген.

Жазушының халқымыздың басынан өткен ең күрделі тарихына қалам тартып жүргеніне куә «Өліара» романы. Романға 1931 жылдан 1933 жылға дейінгі ашаршылық қарсаңында қазақ ауылының ахуалы арқау болған, яғни дауыл қарсаңындағы ауыл еді.

Жазу ісінің шеберлік қасиеті әсіресе әңгіме жанрында айшықталды. Оқырманды өткір, ішкі, сыртқы құрылымымен, философиялық мәйегімен тәнті етеді. («Жат перзент», «Министрдің өлімі» т.б.)

«Біз үшеу едік» атты драмалық шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында қойылды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілу, өмірдің мән – мағынасына философиялық тұрғыдан қараумен ерекшеленеді.

Төлен Әбдіковтың жекелеген әңгіме, повестері орыс, украин, өзбек, қырғыз т.б. тілдеріне аударылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет