16
нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке
керек...
Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат
мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді
пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек
бахас адамды түземек түгіл, бұзады...
Үшінші
-
әрбір
хақиқатқа
тырысып
ижтиһатыңмен
көзің жетсе, соны тұт, өлсең
айрылма! Егерде
ондай білгендігің өзіңді
жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің
құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп
құрмет күтесің?
Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару
бар адамның ішінде:
бірі - мұлахаза қылу,
екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі
қуатты зорайту жаһатінде болу керек.
Бұлар
зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында
жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе
бар. Содан қашық болу керек...
Алтыншы
- ғылымды, ақылды сақтайтұғын
мінез деген сауыты болады.
Сол мінез
бұзылмасын!
Достарыңызбен бөлісу: