Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының



бет8/8
Дата04.11.2016
өлшемі1,41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Шалқар қаласы.

Жұмағали ӘЛИЕВ,

еңбек ардагері, зейнеткер

ШАРАПАТ

Егде шағыңда кейінде қалған жылдарды ойласаң, көңіл әлем-жәлем болады. Әр кезең өз оқиғаларымен қызық. Кеңес Одағының ауылдарды ұжымдастыру қиқуы тұсында дүниеге келген біз қаршадайымыздан еңбекке жегілдік, бойымыз бекімей тұрып-ақ шөп шаптық, сабан айдадық, саналы жылдар қоғам малын бағумен өтті. Әйтеуір өзіміздің, өзгелердің атағына ұят келтірмей адал еңбегімізбен зейнет демалысының игілігін көргенімізге шүкіршілік етеміз.

Қонақбай Назаровты Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары Қарабұтақ, Ырғыз аудандарында басшы қызметтер атқарып жүргенінде көрдім. Ауылдас ағалар Сағитжан Әминовтің, Іскендірдің үйлеріне келіп жүрді. Денелі, көзқарасы адамды иментетіндей еді. Қожайын мен бәйбішесі жаны қалмай қазанға барды салып, асып жатады. Мұндайда біз сияқты балалар қарнының тойғанына мәз.

Жалпы Қонекең ескерімділігімен, адамдарға қайырымдылығымен, қолынан келгенше жақсылық жасауға ұмтылатындығымен есте қалған ғой.

Қазыбек деген ағамыздың мына әңгімесі жадымда қалыпты. Қонекеңнің Ырғыз аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жүрген кезі. Көрші Шалқар ауданының ұжымшарлары етке тапсырылатын малды өткізу үшін Ырғыздағы қабылдау-сою мекемесіне айдайды ғой. Әр ауыл малын кезекке тұрғызбай тапсырып, құтылғысы келеді. Өйтпесе малшының берекесі кетеді, мал салмағын жоғалтады, әр бас есепте, шығын болуы да кәдік.

Тығырықтан қалай шығу керек. Қасындағы серіктерімен ақылдасып, Қазыбек аупарткомде Назаровқа кіреді. «Солай да солай, сіздің пәрменіңіз керек. Жайымыз кетті» дейді. Байыппен тыңдаған Қонекең:



  • Сағитжанның үй-іші аман ба? Мен де шалқарлықпын ғой, - депті. – Мен сіздердің қанша жерден, қандай қиындық көріп келгендеріңізді сезінемін. Сіздердің айдап келген малдарыңызды шығынға ұшыратуға болмайды. Мүмкіндігін қарастырармыз.

Ары қарай шаруа сәтімен оңғарылып, ауылға оралған адамдар Сағитжанның үйіне сәлемдесіп, мән-жайды айтқан.

Шалқар ауданы.

Жұмабай ЖАНСҮГІРОВ,

еңбек ардагері, зейнеткер
СӘН-САЛТАНАТЫ КЕЛІСТІ КӨШ
Біздің қазақ ежелден ата-текті білуге көп мән берген ғой. Тұрғыластарым тәрізді мен де өзімнің, кемпірімнің шыққан әулеттерімізді зерттей жүруді дағды қылдым. Асыл сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жатқан Тілеу батыр айтұлының бір тармағы Дәулейден төрт арыс – Бектау, Қоңызақ, Қамбар, Көшен шығады. Күні кешеге дейін бұл ауылдың ақсақалдары №71 «Кеңдала» разьезінде тұрып келді. Ырғыз ауданында жауапты қызмет атқарып жүрген Қонекең немере ағайыны Орынбасар – Ардақ деген ерлі-зайыпты адамдардың үйіне түскенінде балаңдау жігітпіз, жүріс-тұрысына қызыға қарайтынбыз. Ауылдағылардың сырт жерде атамекен мерейін көтеріп жүрген азаматқа құрметі айрықша, бірінен соң бірі кезектесіп шақырып, барын дастарқанға қояды, құнарлы әңгіменің тиегін ағытады. Қонекеңмен аталас Қожахметтің, Махамбеттің, Баймағанбеттің бар кезі. Қожахметтен менің кемпірім Қамқа туған, Махамбеттен – Бисенбай, Баймағанбеттен – Әли. Бәрінің де ұрпақтары өсіп-өнді, ақар-шақар ауыл.

Қонекең Сағитжанның апасы Шолпанға үйленген ғой. Нақтылап айтсақ, Әмин мен Алмағанбет бірге туады, Әминнен – Сағитжан, Алмағанбеттен – Шолпан. Апамыздың тағдырын текті азаматпен қосып, іргелі ауылдың бәйбішесі болуы – бізге де қуаныш. Сағитжанның үйіне жездемізбен келгенінде малын сойып, қолына су құйып, барымызша қызмет жасаушы едік. Біздің ауылға райкомдар (тұрғылықты халық аупартком хатшыларын солай айтатын – Ж.Ж.) сирек келетін. Қонекең әр сапарында бізді «жас» демей хал-жайымызды сұрайтын.

Оның елдің қалың ортасынан шыққан, кез келген жанмен тіл табысатын адам екені аңғарылып тұрды.

Қонекең болса бізді қалжыңға тартып тұратын. Кейін қай ауданда жүрсе де қайын жұртымен байланысын үзген емес. Сағитжан ағамыз дүниеден озғанда Шолпан апам қасында ұлдары Жалғас пен Талғат бар, арнайы келіп, көңіл айтты, жаназасына қатысты.

Өмір өз заңымен жүріп жатыр, бір кезде Қонекеңдерге қонақ күтуші ретінде қызмет қылған менің жасым 80-ге келді. Жетпіске тарта шаруа қожалығын біріктіріп отырған Шалқар селолық округінде бата берер ардагерлердің бірімін, кемпірім екеуміз он баланы тәрбиелеп өсіріп, қызығын көрудеміз.

Қонекең мен Шолпан апайды еске алып, кітап шығаруға ниеттенген ұрпақтарына алғысымызды айтамыз.


Шалқар ауданы.

Жұмамұрат ЕСБОЛСЫНҰЛЫ,

еңбек ардагері, зейнеткер
КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ
Облыстық «Ақтөбе» газетінің биылғы 15 наурыздағы санында ағалы-қарындасты Жалғас және Елнұры Назаровтардың «Естелік кітап шығарсақ дейміз» деген тақырыппен хабарламасы жарияланды. Игі ниетті әңгіме өткеніңді еске салады екен. Бір отырыста Шалқар селолық округінің әкімі Қойшыбек Әминовке 1957 жылғы желтоқсан айында Маяқұм деген жерде ардақты ағамыз Сағитжанның үйінде жоғарыдағы хабарламада сөз болған Қонақбай Назаровпен бірге болғанымды айттым. Содан Қойшыбек осы жайды қағазға түсіруімді өтінді.

Ең алдымен өзім туралы. 1940 жылы дүниеге келдім. Әкем Есболсынның арғы тегі Тілеу Айтұлының үшінші баласы Әлдебердіден – Тәңірберген, одан Сәмбет, одан Есенғұл, Битен, Бақыршы, Таңсықбай, одан Есболсын. «Жаңа жол» ұжымшарында басқарма төрағасы Әбукәкім Байсалбаев әкеме Маяқұм деген жерден сиыр қыстағын салуды айтады да оны ферма меңгерушілігіне бекітеді. Неге екені белгісіз, 1957 жылдың күзінде әкем бұл қызметін Сағитжан Әминовке тапсырады.

Ол кезеңде де көшіп келіп, қоныстанушы (переселенец) деген болған. Ортаншы ағам Тағыбек темір жолда тым-тәуір қызмет етіп жүрген жерінен жұмыстан шығып, ұжымшарға мүше болды. Маяқұмда сиыр қыстағы салынды, ағама тиесілі тұрғын үй де пайдалануға беріліп, отбасымен кіріп алды. Осы жерде төрт-бес отбасы қоныстанып, ұжымшар малын бағуды кәсіп етті.

Өзім Шұбарқұдықта ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінде тракторшы мамандығы бойынша оқып жүрмін. Желтоқсан айында демалысқа келдім. Бірнеше отбасы бір үйдеміз. Сағитжан адамның үйіне қонақ келді. Бейтаныс азамат, қасында әйелі мен екі-үш жас шамасындағы баласы. Қожайынның балалары Алтынбек пен Қойшыбек есейе қоймаған. Содан Сәкең маған мініс атын беріп, жақын маңайдағы Көпмола стансасындағы дүкеннен дастарқанға қоятын тағамдар алып келуді айтты. Келген қонақтар жездесі мен апасы екен.

Өзім атқа құмармын. Қуанышым ерекше – Алла сәтін салып, Сәкеңнің атының шамасын білетін болдым. Маяқұм мен Көпмола арасы – он бес шақырымдай. Көп кідірмей шаруамды бітіріп жеттім-ау.

Дастарқан жайылды. Төрде отырған азамат атағына бұрын сырттай қанық Қонақбай Назаров болып шықты. Бір көргеннен-ақ есте қаларлықтай жан екен, арғы-бергі тарихты білуге құмарлығы бар. Шәйдің үстінде әкем екеуі біраз әңгіменің басын қайырды. Қалманбеттің ұрпақтары Асан, Үсен, Әбдібай, Аманжол, Қазыбек жайлы сұрастырып отырды. Өкініштісі – әлі буынымыз қатпаған біздер: «кейін керек болар-ау, зер салып тыңдайық» демеппіз. Қонағымыз Маяқұмның бір беткейіндегі сиыр суаратын құдығымызды «Төлегеннің жүнді құдығы» деп қалды. Сөйтсек ел ішінде осылай аталады екен. Суы бетіне шығып жататын, ферманың үш жүздей ірілі-ұсақты малын суаруға мол жететін. Қазіргі күнд орны бар, бірақ байлығы кейін қашқан.

Қонекең ауылдағылардың бірінен соң бірі қонақасы ішіп кетуді өтінген әңгімесіне қызмет ретімен бөгеле алмайтынын айтып, ризашылығын білдірді. Ұйқысынан ерте тұрып, серіктерімен жолға шықты. Сол күні Маяқұмның құдығына таяу жерде ата-баба қыстауының орнына баласын аунатты. Риза болғанымыз – есте сақтау қабілеті жақсы, басқа да қыстаулардың орнын көрсетіп, «Мынау – бәленшенің, екіншісі – түгеншенің үйлері еді» деді. Жадымда қалған және бір қасиеті – мені баласындай дастарқанға шақырып, қасына отырғызуы болды. Училищеде оқып жүргенімде айтып ем, мақұлдап, арқамнан қақты. «Мамандықты дұрыс таңдапсың, қазір жаппай тың игеру науқаны жүріп жатыр, енді шаруаны техникамен атқарамыз, өзіңе өмірлік азық қой» деді.

Арада біршама жылдар өткенде Қойшыбек екеуін Шалқарда, аудандық партия комитетінің ғимараты алдында көрдім. Барып, сәлемдесіп ем, қуанып, рахметін айтып жатыр. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді» деген, баяғы 1957 жылғы бекзат қалпынан көп өзгермеген.


Шалқар қаласы.




Жалынды сөздің иесі
Талғат қонақбайұлы назаров,
Сматолла молдашұлы беркімбаев,
Ақтөбе қаласы.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі
2013 -> 1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу