«Жанр теориясы мен поэтикасы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері



бет7/13
Дата06.02.2022
өлшемі99,31 Kb.
#58869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері.

  1. Әдеби процесс(үдеріс.)

  2. Жанрлық канондар мен жанрлық дәстүрлер.

  3. Әдеби тек түрлері.

Жазу кезеңдері.
Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік. Белгілі бір схема, ереженің болмауы.
Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері.Кездейсоқтық факторлар. Мақсатты ізденіс.
Шығармашылық үшін жазушы өмірбаянының елеулі маңызы.Өмір материалын іздеу,табу,қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу.
Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау.Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшіліктері.
Әдеби тек.
Бұл ұғымның күрделі болмысы. Тарихи сипаты.Терминді анықтаудағы шартты пікірлер.
Эпос, лирика, драманың шығу тегі.Тұрмыс-салт жырлары;өнердегі синкретизм.
а) Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы.Автолық толғам.Адамның ішкі өмірі. Баяндаушы тұлғасы.Баяндаушы монолог.
ә) Драма.Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті.Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар.
Уақыт межесі.Театр шарттары.Сахна талаптарына бейімделу.
Актер ойыны, режиссер шешімдері.
б) Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері.Көңіл күй ахуалы.Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем.
Шағын формалар ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы.Әсер тұтастығы.Әнге ыңғайлас сипат.
Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер. Очерктер, колжазбалардағы шынайылық пен автор толғаныстары.
«Сана тасқынының»әдебиеті. Ой мен әсер хаосы.
Әдеби жанрлар.
Жанр жіктемесінің күрделі сипаты.Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы.
Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі.
Роман. Кең тыныстылық. «Жүрек поэзиясы» мен «тұрпайы тіршілік» (Гегель) арасындағы тартыс.Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский).Романдағы адам мен тағ-
дырдың «сәйкессіздігі» (Бахтин).
Повестьаралық жанр.Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы.Мазмұн тереңдігіне мән арту.
Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы.
Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары мен қазіргі сипаты.Әңгімедегі көлем мен айтар ойдың жарасымды өрімі.
Лирика жанрлары.Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты.Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен қуатты ширығыс.
Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика.
Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы.
Драмадағы қайшылықтың тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік
белсенділігі.Өз дәуірінің рухани адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін қақтығыстар.М.Әуезов, Ж. Аймаутов,Т.Ахтанов, т.б. туындылары.
Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғышарттар.Сахна өнері, сайқымазақ-
шылармен тығыз байланыс.
Әдебиеттер:1-12,18,21,26,28,29,32,33,34,35,37,39,51,53.
12-дәріс: Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.

  1. Көркемдік әдіс туралы түсінік.

  2. Көркемдік әдіс негізгі дүниетаным (Аристотель, Белинский пікірлері).

  3. Әдебиет дамудағы әдіс қалыптасуы (классицизм, сентементализм, романтизм, реализм).

  4. Әдеби ағым-бағыттарының ерекшелігі (Энгельс, Горький пікірлері).

  5. Қазақ және орыс әдебиеттеріндегі ағымдар мен бағыттар.

  6. Стиль оның әдіспен бірлігі және шеберлік.

Әдеби процесс. Бұл ұғымның әлемдік ауқымды. Көркемдік даму заңдылықтары.
Дүниежүзі әдебиеттеріне тән ортақ мезеттер. Салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдары.Халықаралық әдеби байланыстар.
Көркемдік бағыт.
Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар.Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы.
Көркемдік әдіс.
Көркемдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы және көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт – идеялық- эстетикалық мәселелер бірлі-
гі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі:реализм мен романтизм.
Стиль.
Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль – көркемдік форманың қа-
сиеті. Стильдік принциптер.
Көркемдік тәжірибе.
а) Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі.Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі.Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт – санадағы шектелушілік.Қасіретті адам.Бойкүйездік.Орта ғасыр-
лық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгі-
лік мұраттарын қалыптастырудағы мәні.Дара тұлға. Мінез бен әрекет.Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Барокко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіресе асқақтық, үш бірлік ұстанымдары.Шынайы өмірден алшақтау.
ә) XVIII ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасат-
ты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар.Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы.
Романтизм - әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілік.
Сыншыл реализм өмір шындығын қамтуға мімкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдардың беріктігі. «Кішкене адам» мәселесі. Бейнелеу обьектісінің кең-
дігі.
Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшіліктері. Батыс Еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешіліктер.
Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге мейлінше жан-жақты, шынайы көзқарас. Арзан ұраншылық пен талантты дүниелердегі айырмашылық.
Қазіргі кезеңдегі мифологиялық реализм аталатын бағыттың қыр-сыры.
Г. Маркес, А. Карпентьер, М. Астуриас,М.Льоса, т.б.
б) Қазіргі терминология бойынша реализмге жатпайтын әдеби бағыт,бағдар-
лар. Натурализмнің философиялық негізі – позитивизм. Тәжірибие, ғылыми дәлелділікті ұнатудың себептері. Э. Золяның «Тәжірибиелік роман» теориясы.
Модернизм ұғымындағы әдебиетке жататын экспрессионизм, сиволизм, фу-
туризм, сюреализм, абстрационизм, т.б. тенденциялары. Символизмнің үздік өкілдері. Дж. Джойс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж-П. Сартр, А. Сент – Экзюпери сияқты дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу , адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары.
в)Модернистік дүниетаным:
Импрессионизм. Ағайынды Гонкурлер мен Э. Зояның импрессионистік қиялдары . Көру , сезіну және оны жеткізудегі қаламгердің өз табиғатына адалдығы. Тек қана суреттеу , бірақ баға бермеу идеясы. Поль Верлен әуезділік туралы. Рене Гильдің ер-
кін өлеңді қолдауы. Символизммен туыстық. Ішкі монологтың (Э. Дюжарден), «сана тасқынының» (М. Пруст) импрессионизм эстетикасынан өрбуі.Жан тарихы. Даралық сапалар, көріністерді іздеу.Естелік, әсерлер толқыны. Субъективтілікті дәріптеуші кубизммен (Г. Апполинер) үндестік.
Интуитивизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасы-
нан өріс алған сюрреализм . Өмір шындығы емес, оны көру шындығының маңызы. 1924 жылғы «Сюрреализм» журналындағы манифест. П.Элюар үшін «сапырылыс пен ойсыздықтың» «ақиқаттығы» (А. Бретон).Екінші манифест (1929).Революциялар мен «ғажайыптарға» ғашықтық аңсары. Лирика – негізгі жанр.Антироман өкілдерінің (Ф. Сол-
лерс) сюрреализммен тамырластығы.
Экзистенциализм. Өмірдің мәнін мансұқ ету. Тіршіліктен мағына таппау.
Әдеттегі құндылықтардан жатсыну. Ар-ождан тазалығына сенбеу. А.Камдің «Бөгде адам», Ф.Кафканның «Өзгеру» романдарындағы қалыптасқан тәртіпке қарсылық.
Әдебиеттер: 1-12,15,16,18,19,21,22,23,33,34,35,36,37,39,43,45,46,47,
49,50,52,53,55,56,57,59.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет