Жансыздандыру



бет10/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Жансыздандыру

Газды наркоз. Сүйық газдардан (эфирден. хлороформнан және т.б.) газ тәрізді наркоздық заттардың әсерінен тез ұйкы келтіреді және тез оянумен аяқталады. Бүл олардын жоғары сіңу қабілетіне иелік екендігі, қанға және тамырға тез өтеді.
Организмде газды наркотиктер бөлектеніп кетпейді, организм клетка-ларымен бірігіп оларға әсер етпей, өзгермеген түрінде сыртқа шығады, ішкі мүшелерге зиянды емес. Осыған байланысты наркоздың басқа түрлері жа-ман әсер ететұғын науқастарға газды наркоз қолданылады.
Газды наркоз маскалы, аспап немесе интубациялық әдіспен беріледі. Көбінесе азот қышқылы және циклопропан оттегімен қолданылады.
Наркоздың азот қышқылымен клиникалык өтуінде эфирдегідей сатылар байқалады, бірақ оның өзгешеліктері бар: бірінші сатысы тез басталып және 1-2 мин болады, демігу сезімі болмайды, эйфорияда ("көңілді көтеруші газ) мас болу жағдайы пайда болады: II - сатысы әдетте жақсы білінбейді; III-сатысы 5-10 минуттан кейін басталады, бірақ бұлшық еттер әлі босамайды; сондыктан азоттын қос тотығы кебінесе басқа наркотиктер (эфир, барбиту-раттар және т.б.) және бүлшық ет релаксанттарымен бірге қолданылады.
Асқынуларынан оттегі жеткіліксіздік (гипоксия) пайда болуы мүмкін, сондықтанда жеткілікті оттегі қоры болуы керек.
Циклопропанмен берілген наркоз азоттың қос тотығын пайдаланғандағы сияқгы отеді. Оттегімен де беріледі. 3-5 процент мөлшерлі шоғырлығы анальгезия және есінен айыру, 10-13 пропентті мөлшерде үстіртін наркозды, 20-25 процент мөлшерлі наркоздың хирургиялық операция жасау фазасына әкеледі. Шоғырлығын жоғарлатуда тыныс алу жолдарын сал етуі мүмкін, сондықтан аспапта науқастың дем алатын араласпасында циклопропанның шоғырлығын үздіксіз көрсетуші есепші аспап (счетчик) болуы керек. Басқа жағымсыз қасиеті әдеттегі шоғырлығында жүрек қарыншаларының талшықтарының жиі-жиі тартылуын (фибриляциясын) жасауы мүмкін. Осыған байланысты жүрек ауруларында циклопропан пайдаланбайды. Оны басқа наркотиктермен бірге пайдаланған жөн. Көбінесе Шейн-Ашман араласпасы: 13,7 процент келемінде циклопропан, 58,9 процент келемді оттегі және 29,4 процент көлем азоттың қос тотығы пайдаланылады. Циклопропанның ауа немесе оттегімен араласпасы жарылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет