Д.Н.Кашкаров (1933,
1938)
: «жануарлардың морфологиялық
ұқсастығы мен тіршілік нысанынан
олардың гіршілік ортасының
сипатын айнадан көргендей айқын ажыратып білуге болады» деп
дәріптеді. Сондай-ақ
Д.Н.Кашкаров (1944) жануарларды сыртқы
ортаның эртүрлі факторларына бейімделуіне негіздеп тіршілік
нысанына жіктеудің бірнеше жүйесін жасап үсынды. Жануарларды ол
климатқа бейімделу түргысынан жылы канды, салқын қанды деген
екі үлкен топқа бөледі де, оның эрбірін иерархиялық кіші топтарга
жіктейді. Тіршілік ететін ортасы және
соган байланысты қозгалу
ерекшелігіне қарай жүзетін, қазатын, үшатын, жер бетілік, агашта
тіршілк ететін т.б. топтарга бөліп, эрбір топты тагы да кіші топтарға
жіктейді.
А.Н.Формозов (1929, 1956, 1964) қозғалыс ерекшелігіне сәйкес
сүтқоректілерді:
1
) жер бетінде жүрушілер;
2
) жер қазушылар; 3)
агашта тіршілік етушілер; 4)
ауада тіршілік етушілер; 5) суда тіршілк
етушілер деген бейімдік топтарға бөлуді үсынды.
Тіршілік нысанын зерттеу саласына энтомолог ғалымдардың
косқан үлесі мол. Атап айтсақ төменгі сатыдағы жэндіктердің тіршілік
нысанын зерттеуге Гизин (1960), С.К.Стебаева (1970), толық емес
пішін өзгерісімен (гемиметабола) дамитын жәндіктердің тіршілік
нысанын зерттеуде В.П.Уваров (Ііүагоу, 1938), ГЛ . Бей-биенко (1950)
жэне Л.Л. Мищенко (1951), О.А.Чернова (1952), М. Н. Нарзикулов
(1970), И. В. Стебаевтар елеулі еңбек сіңірді. Толық пішін өзгерісімен
дамитын (голометабола) жәндіктердің дернэсілдерінің тіршілік
нысанын зерттеп, оларды экологиялық топтарға жіктеудің ғылыми
теориялык негізін қалауда М.С.Гиляров (1942, 1949), А.М.І ерасимов
(1952), Ю.Б.Дизер (1954), И.Х.Шарова (1957, 1960, 1976, 1982),
Н.П.Кривошейна (1959), С.И.Келейникова (1963, 1969)
қатарлы
энтомолог галымдардың еңбектері үлкен үлес қосты. Толық пішін
өзгерісімен
дамитын
ересек
жэндіктердің
тіршілк
нысанын
Г.С.Медведев (1961, 1970), В.Г.Мордкович (1970, 1977), И.В.Стебаев
(1971), Г.А.Мазохин-Поршняковтар (1952, 1954) зерттеп оларды,
морфоэкологиялык топтарға жүйеледі. Тіршілік нысаны туралы
теориялық багытты жетілдіруге Ф.Н.Правдин (1971), М.С.Гиляров
(1957, 1970), Д.А.Криволуцкийлердің зерттеулері маңызды рөл
атқарды.
Жануарлардың тіршілік нысанының түсініктемесі ретінде
бірнеше мысал келтірейік. Мысалы, мүхиттьщ терең суында еркін
жүзіп бірге тіршілік ететін теңіз жебесі, кальмар, бараккуда балык,
түлен және ерте заманда теңізде
тіршілік еткен ихтиозавр, бесеуін
салыстырып корсек, олардың барлыгының сыртқы пішіні сүңгуір
105
қайық тәріздес екенін көреміз. Олардың кай-қайсы жылдам жүзетін
жыртқыш жануарлар. Судың тығыздыгы ауадан 800 есе артык екенін
еске алсақ, қысымы мол терең суда жылдам жүзу оңайга түспейтіні
айқын. Жылдам жүзіп қорегін ұстап жеуге бөгет жасаушы судың
кедергісін азайту талабының эсерінен бұлардың барлыгының денесі
сүңгуір тэріздес болганы
белгілі. Олардың сыртқы пішіні,
жыртқыштық мінезі, жылдам қозгалысы,
жемін құткармай ұстауга
бейімделгендігі жэне қармауышы барлыгы терең суда жыртқыштык
жасап тіршілік етуге бэрі де бірдей бейімделгенінің
белгісі. Ал
систематикалык тұргьщан алып карасақ, оларда ешбір туыстастык
жоқ: теңіз жебесі - қылтан жақтылар типіне, кальмар - былқылдак
денелілер типіне, барракуда — балықгар класына, ихтиозавр —
бауырымен
жоргалаушылар класына, түлен - сүткоректілер класына
жатады.
15-сурет. Сүңгуір пішінді гидробионттар тобының тіршілік
нысаны:
1
- жебе (кылтан жақтылар типі);
2
- кальмар (былкыддак
денелілер типі); 3 — баррикуда (балықгар класы); 4- ихтиозавр
(бауырымен жорғалаушылар класы); 5 - түлен (сүтқоректілер класы).
Топырақга тіршілік ететін геобионт жануарлардың пішіні
жылан немесе құрт тэріздес — жіңіппсе, ұзын жэне жұмыр болады.
Достарыңызбен бөлісу: