Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)


-кесте. «Үмбет» табиғи қаумалында кездесетін өсімдік  тұқымдастары



Pdf көрінісі
бет84/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
кітап 2
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
 
6-кесте. «Үмбет» табиғи қаумалында кездесетін өсімдік 
тұқымдастары
 
№ 
Тұқымдас 
Түрлерінің саны 

Asteraceae
 
49 түр
 

Fabaceae
 
33 түр
 

Polygonaceae
 
32 түр
 

Brassicaceae
 
20 түр
 

Apiaceae 
17 түр 

Poaceae 
16 түр 

Chenopodiaceae 
11 түр 

Lamiaceae 
7 түр 
Мойынқұм шөлінің 25,5% өсімдік қорын жоғары 
сатыдағы өсімдіктер құрайды. 
Өсімдіктерді экологиялық топтарға бөліп қарастырсақ:
Құмды –44 түр; 
қырқалар– 11 түр; 
құмаралық зоналарда – 7 түр. 
Өсімдік дүниесін көрсету үшін 3 участок жердің өсімдік 
түрлеріне талдау жасалды. Олардың түрлері анықталды.
№1 участок. Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тұрар 
Рысқұлов ауданы, "Үмбет" аң шаруашылығы, аудан 
орталығынан 100км солтүстік-батыс бағытта орналасқан. 
Мойынқұм шағылдары мен Шарбақты көлінің аймағы.
Географиялық координаты: 
N 43037/24,0// 
E 72034/26,0// 
Теңіз деңгейінен 502 метр биіктікте. 


212 
№2 участок. Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тұрар 
Рысқұлов ауданы , "Умбетское" аң шаруашылығы, Баскөл 
көлінің аймағы.
Географиялық координаты: 
N 43
0
37
/
08
// 
E 72
0
25
/
52,4
//
Теңіз деңгейінен 506 метр биіктікте. 
№3 участок. Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тұрар 
Рысқұлов ауданы, "Үмбет" аң шаруашылығы, жүзгүн-қоян-
суек жоталарының құмдары.
Географиялық координаты: 
N 43
0
31
/
56,6
//
E 72
0
19
/
20,5
//
Теңіз деңгейінен 517 метр биіктікте. 
Солардың біразына кесте арқылы сипаттама берейік. 
(Кесте 5) 
7-кесте. 1 Участоктың ботаникалық алауан түрлілігіне 
сипаттама 
№ Өсімдік түрлері 
Фитоценотиялық рөлі 
1 Phrágmites austrális 
Сулы-батпақ 
өсімдіктерінің 
доминанты 
2 Cynodondactylon 
Шалғындық өсімдіктің доминанты 
3 Leymus multicaulis 
Шалғындық өсімдіктің доминанты 
4 Halimodendron 
halodendron 
Доминант, 
бұталы 
өскіндерді 
құрайды 
5 Elaeagnus oxycarpa 
Доминант 
6 Puccinellia gigantea 
Шалғындық өсімдіктің доминанты 
7 Glycyrrhíza glabra 
Құмаралық зона доминанты 
8 Agropyron fragile 
Құмаралық зона доминанты 
9 Echínops albicaulis 
Құмның маңызды компоненті 
10 A. terra-albae 
Құмаралық зона доминанты 
11 Gypsóphila paniculáta Доминант
12 Chondrilla brevirostris Маңызды компонент 
13 Cannabis satila 
Құмаралық зона доминанты 


213 
7-кестенің жалғасы 
14 Lactuca seriola 
Компонент 
15 Xanthium strumarium Көл жағасында бұталар түзеді 
16 Carex physodes 
Эфемероид доминанты
17 Carex pachystilis 
Эфемероид доминанты
18 Poa bulbosa 
Эфемероид доминанты
8-кесте. 2 участоктың ботаникалық алауантүрлілігіне 
сипаттама 
№ Өсімдік түрлері 
Фитоценотиялық рөлі 
1 Phrágmites austrális Сулы-батпақ 
өсімдіктерінің 
доминанты 
2 Cynodondactylon 
Шалғындық өсімдіктің доминанты 
3 Leymus multicaulis Шалғындық өсімдіктің доминанты 
4 Onopordon 
acanthium 
Компонент 
5 Vexibia 
alopecuroides 
Компонент 
6 Secale sylvestris 
Доминант 
7 Calligonum 
leucocladum 
Доминант 
8 Glycyrrhíza glabra Құмаралық зона доминанты 
9 Artemisia 
terra-
albae 
Доминант 
10 Chondrilla 
brevirostris 
Маңызды компонент 
11 Xanthium 
strumarium 
Компонент 
12 Centaurea pulhella Компонент 
13 Polygonum patulum Компонент 
14 Ehedra intermedia 
Субдоминант 
15 Carex physodes 
Эфемероид доминанты
16 Carex pachystilis 
Эфемероид доминанты
17 Poa bulbosa 
Эфемероид доминанты


214 
9-кесте. 3 участоктың ботаникалық алуан түрлілігіне 
сиаттама 
№ Өсімдік түрлері 
Фитоценотиялық рөлі 
1 Phrágmites austrális 
Сулы-батпақ 
өсімдіктерінің 
доминанты 
2 Leymus multicaulis 
Шалғындық 
өсімдіктің 
доминанты 
3 Dendrostellera arenaria Доминант 
4 Secale sylvestris 
Доминант 
5 Allium sabulosum 
Компонент 
6 Halimodendron 
halodendron 
Доминант, бұталы өскіндерді 
құрайды. 
7 Calligonum 
caput-
medusae, 
Доминант 
8 Glycyrrhíza glabra 
Құмаралық зона доминанты 
9 Acanthophyllum 
pungens 
Компонент 
10 Agropyron fragile 
Доминант 
11 Echínops albicaulis 
Құмның маңызды компоненті 
12 Taeniatherum crinitum Компонент 
13 Artemisia leucodes 
Доминант 
14 A. terra-albae 
Доминант 
15 Eremurus indenensis 
Компонент 
16 Alhagi 
Доминат 
17 Corispermum 
orientalis 
Компонент 
18 Hyalea pulchella 
Компонент 
19 Chondrilla brevirostris Мағызды компонент 
20 Cannabis satila 
Доминант 
21 Heliotropium 
dasycarpum 
Компонент 
22 Jurinea 
kraschenninikovii
Компонент 
23 Carex physodes 
Эфемероид доминанты
24 Carex pachystilis 
Эфемероид доминанты
25 Poa bulbosa 
Эфемероид доминанты


215 
10-кесте. Үмбет табиғи қаумалдың өсімдіктерінің 
арақатынасы 
Туыста 
рының 
түрлер жалпы 
түрлер 
Таксондары 
Тұқым-
дастары 
саны 
саны 
санының 
Мөлшері. 
процентпе
н 
l.Eguisetophyta 



0.42 
2.Polypodiophyta 

11 
13 
1.84 
3.Pinophyta 



0.85 
4.Magnoliphyta 
74 
51 
82 
97 
1.class 
Magnoliopsida 
58 
63 
12 
75 
2.class Liliopsida 
16 
87 
70 
25 
Барлығы: 
85 
100% 
Үмбет 
ерекше 
қорғалатын 
табиғи 
қаумал 
территориясында Орта Азияның флорасының шөлді 
зонасында өсетін өсімдік түрлері кездеседі деп айтуға [87]. 
Бірақ, туыстар мен түрлердің саны жағынан 
айырмашылықтары бар. 
 
11-кесте. Үмбет ерекше қорғалатын табиғи аймақ 
флорасының тіршілік формаларының мөлшері. 
№ 
Тіршілік формаларының 
түрлері 
сандар
ы 
түрлер санынан % 
мөлшері 

Ағаштар. 
17 
2,4 

Бұталар 
37 
5,2 

Жартылай бұталар 
22 
3,1 

Шөптесін өсімдіктері. 

а)Көп жылдықтар 
43 
62,4 

б)Екі жылдықтар 
38 
5,4 

в)Бір жылдықтар 
15 
21,3 


216 
7.3 Үмбет ерекше қорғалатын табиғи аймақтың 
жануарлар дүниесі 
«Үмбет» ерекше қорғалатын табиғи қаумалдың 
жануарлар дүниесі 37 түрге жуық болып табылады. 
Қазақстан аумағында осы зерттеліп отырған мекен 
фаунаға өте бай болып, жабай сүтқоректілер көп мекендейтін 
орта, 
ә
сіресе көпшілігі шөл зонасының жануарлары болып 
табылады. Олар осы аймаққа ұзақ жылдар бейімделген. 
Қазақстан Республика аймағындағы шөлейтті зоналарда 
мекендейтін кеміргіштер, жыртқыштар осы территорияда 
жақсы таралып отыр. Туран фаунасынан бұл жерде тек қана 
қосаяқ (Paradicusstenodactus), Иран-Ауған фаунасының тек 
бір ғана өкілі кездеседі – қызылқұйрық майтышқандар. 
Мойынқұмның оңтүстік шөлейттерінде қояндар көптеп 
кездесетіндігі байқалды. 
«Үмбет» ерекше қорғалатын табиғи қаумалда 
Қазақстанның шөлейтті аудандарының 3 өкілі кездеседі: 
үлкен қосаяқтар, саршұнақтар, жайрандар.
Зерттеліп отырған ауданның фаунасының доминантты 
түрі- кеміргіштер. Олардың 6 туысы, 14 түрі кездеседі. Осы 
жерлерде 
мекендейтін 
жыртқыштар, 
қолқанаттылар, 
тұяқтылар көбінесе миграцияға ұшырап отырады. Ал 
кеміргіштер болса миграцияға ұшырамай жылда бір жерде 
мекен етеді, сондықтан да олар тұрақты түрде көбейіп 
отырады. Екінші орынды жыртқыштар отряды алады. Мұнда 
олардың 3 туысы кездеседі: ит тұқымдастары, мысық 
тұқымдастары. Олардың 9 жуық түрі бар. «Үмбет» ерекше 
қорғалатын табиғи қаумалда, экожүйеде ерекше орынды 
қояндар алып отырды. Олар қыстық ұйқыға кетпей, жыл 
бойы белсенді түрде мекен етті. Қаумалдың шөл 
биотоптарында жарқанаттылардың мекен ортасы болып 
табылады.
Шөл зонасында тұяқтыларда мекендейді. Олардың адам 
үшін маңызы үлкен. Адамдар ежелден бұл аймақтарда үй 
малдарын жайған. Сонымен қатар, бұл жерлерде жабайы 
жайрандар (Gazellesubgutturoza) мен қабандар (SusScrofa
)


217 
мекендеген. Сол жердің адамдары сол себептен аңшылықпен 
айналысқан. Шөл зонасында кейбір түрлер көп 
таралған.Оларға майтышқандар, жайрандар, жарымкүндік 
майтышқан, үй тышқандары жатады. Ал құстардан көп 
кездесетіндер: сексеуіл торғайлар, жорғаторғайлар.
Кеміргіштердің көп болуы жыртқыштардың күндіз де, 
түнде де көп болуына себепші болады
. Ә
сіресе байғыздар мен 
үкілер көп болады. Олардың негізгі қоректері кеміргіштер 
болып табылады. Түлкілердің де негізгі қорегі осы 
кеміргіштер болып табылады.
Қазақстанның оңтүстігін қамтитын құмды шөлейттер 
батпақты шөлейттерден өзінің өсімдік жануарларымен
ерекшеленеді. Мойынқұмның сулы режимінің ерекшелігінен 
территория түрлі өсімдіктерге бай болып табылады. Осы шөл 
зонасында аштар мен бұталар өседі. Сондықтан, бұл шөл 
зонасында экологиялық жағынан ағашпен байланысты 
сүтқоректілер мекендеп отырады. Бұл сүтқоректілер ағаш 
бұтағымен ж
ән
е жапырағымен қоректенетін үлкен 
майтышқандар болып табылады. Псаммофилдер өзінің 
морфологиялық жағынан болбыр құмның үстімен тез 
жүгіруге бейім болып келеді. Саршұнақта ұзын тұяқтары мен 
саусақатары ж
ә
не қатты шошақталған жүні, ал кесірткелерде 
саусақтың мүйізделген қабықтары болады. Қояндар мен 
майтышқандарды псаммофилдерге жатқызуға болмайды, 
дегенмен олар ағаш өсімдіктермен тығыз байланыста 
болғандықтан басқа шөл зоналарына қарағанда осы 
территорияда саны өте көп болады. Үлкен майтышқан 
сексеуіл өскіндерімен қоректенеді, сондықтан басқа 
кеміргіштерге, 
яғни 
батпақты 
зонаның 
сары-сұр 
саршұнақтарына қарағанда ол қыстық ұйқыға кетпеуге 
бейімделген. Тышқандар мен майтышқандар Мойынқұм 
биоценозында жетекші орынды алады. Бұлар үлкен ін жасап 
өсімдіктермен қоректенетін құрт-құмырсқаларды қорек етеді, 
ал өздері түнгі жыртқыштарға , яғни жапалақ, үкі, түлкі, 
қарсақтарға қорек болып табылады. Шөл зонасында тек 
шөптермен қоректетіндігі тез жүгіруші тұяқты жайрандар 
осы территорияда жақсы таралғандығы анықталды. Осы 


218 
аймақта шөппен қоректенетін топтасып жүретін кеміргіштер 
саршұнақтар мен үлкен майтышқандар кең таралған болып 
табылады [88].
Доминатты түрлерге: осы аймақты ұзақ уақыт 
мекендеген түрлер жатады. 
Түлкі (Vulpes vulpes) – Ол адам мекендейтін территория 
жанында жүреді, шөл зонасында көп таралған, аңшылықта 
көп ауланатын жыртқыш болып табылады.
Борсық (Meles meles) – өзінің інінен шықпауы 
н
әти
жесінде қадағалауға ж
ән
е жылдағы санаққа мүмкіндік 
береді. Осы жерде мекендейтін маңызды түрге жатады. 
Қабан (Sus scrofa) – Оларды құмда қалдырған ізінен 
келіп кетуін байқауға болады ж
ән
е суы мол көлдердің 
жағасындағы қамыс арасында мекендейді. 
Қарақұйрық (Gazella subgutturos.a)
 –
Мойынқұм шөлінің 
ең бағалы 
жән
е көркем жануарларының бірі. Өйткені, 
жайрандар болмаса бұл шөлдің байлығы 2есеге кем болатын 
еді.
Саршұнақ (Spermorhilusfulvus) – бұлар сазды жерлерді 
мекендеп, өзінің түрімен шөл ландшафтын көркейтіп 
отырады. 
Ондатра (Ondatra zibethicus) – көлде мекендейтін жануар 
болып табылады. Өзінің індерімен қамысқа ерекше түр береді 
ж
ән
е су құстарына ұя салуға мүмкіндік беріп отырады. Олар 
басқа жақтан Орта Азияға жерсінген жануар болып 
табылады. Оның тері өте бағалы болып табылады. Оларды 
аулау 1985-2000 жылдар аралығында өте жоғары болды. 
Қазір оларды аулауға тиым салынған. 
Үлкен майтышқан (Rhombomusopimus) – кеміргіштердің 
арасында ең белсенді түрі, себебі жолында кездескен бар 
шөпті жеп қоректенеді. Оны сексеуілден анық байқауға 
болады.
Қоян (Lepus tolai)
– 
кешкі мезгілде жолдан көруге 
болады ж
ән
е осы аймақтағы көп таралған түрге жатады.
Осы сегіз түр шөл зонасындағы жетекші рольде мекен 
ететін жануарлар болып табылады.


219 
Қарақұйрық - қазір жер шарыңда сиреп кеткен ж
ә
не 
құрып бара жатқан жануар ретінде Қызыл кітапқа енгізілген 
түр болып табылады. Соңғы уақыттарда қарақұйрық 
Қазақстанның Үстіртте, Бетпақдалада, Зайсан ойпатында өте 
аз кездеседі. Бұл жануар аздап болсада Қызылқұм мен 
Мойынқұмда, Сарыесік-Атырау құмдарыңда біраз кездеседі.
Қазіргі таңда табиғат байлығын қорғап, қадірлей білу 
м
әсел
есі бүкіл жер шары үшін аса маңызды проблемалардың 
бірі. Саналуан табиғат байлықтарының бірі жануарлар 
дүниесі екені белгілі.
Қарақұйрықтың тіршілік ортасына сипаттама беретін 
болсақ, бұрынғы кездері қазіргі қарақұйрық мекендейтін 
жерлерде жазы құрғақ, қысы қатал жылдар жиі болып 
тұратын. Бірақ, бұл кездерде қарақұйрық топтары қазіргі 
қыстайтын жерлерінен де жылырақ, оңтүстік аймақтарға 
миграцияланып отырған. Бірақ, түрлі себептермен тұз 
тағыларына бұл жерлерден өздеріне қажетті қорек табу 
оңайға түспеді. 
Ә
сіресе, қыс айлары қолайсыз болған 
жылдары қарақұйрықтардың өсіп-өнуіне мүмкіндік бола 
бермеді. Қазіргі уақытта бұл хайуанатты бұрын көптеп 
кездесетін мекендерінен көру қиынға түседі. Өте аз кездеседі, 
саны бірлі-жарымнан аспайтындығы анықталды. Бұл жағдай 
тек біздің еліміздің территориясынан ғана байқалып қоймай, 
қарақұйрықтар мекендейтін басқа да аймақтарданда 
байқалып отырды. Сондықтан, қарақұйрық сирек кездесетін 
ж
ән
е жер бетінен жойылып кету қаупінде тұрған хайуанат 
ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп отыр. Сол себептен 
қоршаған ортаның бір мүшесі — қарақұйрықты кең байтақ 
жерімізде аман сақтап, оның санын көбейтіп, келешек 
ұрпақтарымызға жеткізу бүгінгі күннің өзекті м
әсел
есі болып 
отыр. 
Қарақұйрық — шөл ж
ән
е шөлейт аймақтарда өмір 
сүруге бейімделген, шағын денелі аша тұяқты, қуыс 
мүйізділер тұқымдасына жататын аңдардың бір түрі болып 
табылады. Бітім-тұлғасы өте сымбатты болып келеді. Оның 
сүйрік денесі, сұңғаң бойы, жіңішке ұзын мойыны, шағын 
көлемді басы, қамыс құлақтары, мөлдіреген қарақаттай бота 


220 
көздері мен жеңіл қимылы өзіне еріксіз көз тарттырады. 
Бұлардың алдыңғы сирағы артқысынан 
сәл
қысқалау болып 
келеді, олар сондықтан орындарынан жеңіл қозғалып; алысқа 
секіруге бейім болып келеді. Еркек қарақүйрықтардың 
мүйіздерінің түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап 
иілген, ұзындығы 20- 30 сантиметрдей, ашаланбаған 
әд
емі 
қара-қоңыр болады [89]. Ұрғашыларында мүйіз болмайды, 
бірақ кейбіреулерінен 2-5 см мүйіздерінің тұқылы болады. 
Денесінің ұзындығы 100-105 см, ал шоқтығының биіктігі 
жерден 70-75 см. Құйрығы денесінің ұзындығының бір 
бөлігін құрайды. Түсі қара немесе кара қоңыр болады. 
Сондықтан да, бұл аңды Қазақстан мен Орта Азия елдері 
қарақұйрық деп атаған. Ал Персияда, Закавказияда 
«джейран» деп атайды», Монғолияда «Қарасульта» деп 
атайды. Қарақұйрықтың түсі өзі мекендейтін ортасына сай 
өзгеруге бейім, яғни сұрғылт болса, ал бауыры, тамағы, 
сирақтарының ішкі ж
әне
екі санының құйрығының асты 
немесе таңы ақшыл болады. Таңындағы ақшыл аймақтың 
формасы дөңгелек болады. Мұны көбінесе «айнасы» деп 
атайды. Карақұйрықтың өз жауын көріп жалт беріп секем 
алғанда, басқа сықарларына «сақтаныңдар» дегендей белгі 
беруі үшін бұл «айнасының» маңызы өте зор болып 
табылады. Олар қыста жазғысынан ашықтау, ақшыл құм 
түстес болып өзгеріп отырады. Жүні қалың, түбітсіз шуашы 
жоқ құрғақ болғандықтан тез сынғыш болады. Сирақтары 
қамшының сабындай жіңішке болады, ал тұяқтары үшкір 
болып келеді. Алдыңғы тұяқтарының ұзындығы 4,9-5,6 см, ал 
артқылары алдыңғыларынан 
сәл
қысқалау. Сондықтан 
секіруге 
жән
е қалың қармен жүруге икемсіз болады. 
Топырағы тығыз, құмды жерлермен жақсы жүреді. Мұндай 
жерлерде сағатына 70-80 км жылдамдықпен жүреді. 
Бірақ, бұл жылдамдығы 20 минут жүгіргеннен кейін 
кеми береді, себебі олар тез шаршайды. Жерге түскен ізінің 
формасы жүрек 
тәр
іздес болып келеді ж
ән
е өте үшкір 
болады. Қарақұйрықтың текелерінің орташа салмағы 27-33кг, 
ал ұрғашыларыныкі-21-23 кг болады. Кейбір өте сирек 
кездесетін ересек текелерінің салмағы 40 кг дейін жетіп 


221 
отырады. Мұндай текелерді он жасар кезінде қазақтар «үйір 
басы» немесе «құлтекелер» деп атаған деп жазылған. 
Қарақұйрықтың мойынын созып, басын жоғары көтерген 
кезінде тамағының астындағы бездері бұлтиып шығып 
тұратындығы байқалады. Соған қарап оларды кейде «зобты 
киік» деп атайды. Қарақұйрық құмалақтарының көлемі 
қойдың құмалағындай болады [90].
Жер шарында қарақұйрық Закавказьенің оңтүстігі мен 
шығысында, Орта Азияда, оңтүстік Қазақстанда, Қашқарияда, 
Гобида, Алашанда, Ордоста сондай-ақ солтүстік Тибеттегі 
шөл ж
ән
е шөлейт аймақтардағы жазықтықтарға, тау етектері 
мен қыраттарға таралғандығы анықталған. Таралу аймағының 
солтүстіктегі шекарасы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс 
жағалауларынан бастап Ембі, Ұлытау, Балқаш көлінің 
оңтүстігін жағалап отырып, Зайсан ойпатын қамтып, Сауыр, 
Тарбағатай тауларының етегіне дейін созылған. Ал 
оңтүстіктегі шекарасы Аравия түбегінен бастап шығыстағы 
Пакистанға дейінгі аумақты қамтып отырады. Бұл жануардың 
түрінің біздің елде таралған мекендеріне жете тоқталсақ: 
қарақұйрықтар өткен ғасырда Закавказьенің шөлді 
аудандарында көптеп кездесіп отырған. Мұнда Кура-Арқа 
ойпатына, Апшерон түбегіне, Карабах, Миль Мурган 
далаларына түгел таралып отырған. Осы жерлерді зерттеуші 
ғалымдардың м
ә
ліметі бойынша XIX ғасырдың 70-
жылдарына дейін қарақұйрықтар Грузия республикасының 
астанасы Тбилиси қаласының айналасында көптеп кездесіп, 
оны жүйрік итпен аулау өріс алып, қала базарларында оның 
д
әм
ді етімен еркін сауда жасаған деп жазылған. Ол жерге өте 
жақсы бейімделе алған. Бұдан кейінгі жылдарда Закавказье 
территориясында қарақұйрық саны біртіндеп азая бастаған. 
Өткен ғасырдың соңғы жылдары олар Армения жерінен 
мүлдем кездеспейтін болған, себебі олар толық аулап 
тастаған. Бұл аң үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдары 
Закавказье территориясында тек Азербайжан жеріндегі Кура 
ойпатында ж
ән
е Аджинур мен Кабристан қыраттарында, 
адам аяғы сирек басатын, 
әл
і де игерілмей жатқан аймақтарда 
ғана кездесіп отырған. Олардың сол жақтағы саны 4—5 


222 
мыңнан аспайды. Бұдан кейінгі жылдары Закавказье 
далаларын ауыл шаруашылығына толық пайдалану үшін 
жүргізілген жұмыстардың барысында осы істерді жүргізуші 
адамдар мұнда мекен ететін қарақұйрықтарға қамқорлық 
жасаудың орнына оларды атып, қырып жойып, санын өте 
азайтып, тіпті бұл жерлерден мүлде жойылып кетті. 1960 
жылы Закавказьеде самолет көмегімен жүргізілген санақтың 
м
ә
ліметі бойынша қарақұйрық бұрын мыңдап кездесетін 
Мурган далаларынан мүлдем кездеспеген, ал Джейранчале, 
Аджинур, Миль-Карабах ж
ән
е Ширван далаларында өте аз 
кездескен. Осы аталған далаларда көлемі 14,3 мың шаршы км 
жерде бар-жоғы 130-аң қарақұйрық табылған. Бұл жағдай 
жергілікті жерлердің табиғат жанашырларын қатты 
ойландырып, жануарлар дүниесін қорғау саласында біршама 
жұмыс істеуге түрткі болған. Қарақүйрық биологиясын жете 
тексерген еліміздің белгілі ғалымы А.А.Слудскийдің м
әл
іметі 
бойынша, Бареакелмес аралын мекендейтін бұл аң жазғы 
уақыттарда 70, ал қысқы уаңыттарда 37 түрлі өсімдікпен 
қоректенетіндігін айтқан. Қыста азық ететін өсімдіктерінің 16 
түрі бұта ж
ән
е жартылай бұта 
тәр
іздес, 7 түрі бұта тектес, 12 
түрі бір жылдың ж
ән
е көп жылдық шөптер болған. Қыста 
көбінесе 
қылшаны, 
тікенді 
түйесіңірді, 
көкпекті, 
бұйырғынды, сұр теріскенді, сексеуілді, жыңғылды, жусанды 
ж
ән
е сайғақ шөпті қорек еткен. Ал, көктем мен жазғы 
азығына шөл даланың қылшасы, бидай-ық, раң, қоқырбасы, 
өлеңшөп, су жағаларындағы қамыстың жапыраңтарын, иісі 
бұрқыраған жусан мен алабота, итсигек сияқты бойында 
ылғалы мол өсімдіктерді қорек етеді екен. Бұл аралдағы 
карақұйрықтар сонымен қатар су толқыны жағаға шығарып 
тастаған кіші зоостераны қысы-жазы бірдей жейді екен. 
Қарақұйрықтың бойындағы ерекшелігі, олар басқа 
жануарлар, 
ә
сіресе, үй жануарлары азық ретінде 
пайдаланбайтын адраспан, түркмен түйетабаны, черкез, бүрлі 
қос масақшалы ж
ән
е қызыл тамырлы қылшалар, жертезек 
бұйырғыны, итсигек 
жән
е текесақал сияқты ұлы өсімдіктерді 
сүйсініп жей береді екен. Кез келген хайуанатта бола 
бермейтін мұндай қасиет қарақұйрықты өсімдігі сирек шөл 


223 
далаларда азықтың түрлерімен қамтамасыз етіп, өмір сүруіне 
мүмкіндіктер туғызатыны анық. Бұл аңның етінің д
әм
ді, 
оның шипалық қасиеттерінің мол болуы да осыған 
байланысты. Жусан мен баялыштан басқа өсімдік 
өспейтіндей болып көрінетін құлазып жатқан Бетпаңдалада 
шөлінің өзінен бұл аңдар 47 түрлі өсімдік тауып жейтіні 
ғалымдарға көптен белгілі болды. Бұл шөлейттерде олар 7 
түрлі астық тұқымдас, оның ішінде 
әсір
есе жуашықты, 
қоңырбасты, бидай мортығын, боздық үш түрін, өлеңнің екі 
түрін, лала гүлдері тұқымдасына жататын жуаның 3 түрін ең 
жақсы қорегі. Сонымен қатар, бұл жерлерде изенді, 
баялышты, торсылдақты, адраспанды, астрагалдың үш түрін, 
қарағанды, мияның екі түрін, жусанның үш түрін, қылшаны 
ж
ән
е 
сексеуілді 
де 
азығына 
пайдаланады 
екен. 
Бетпақдаланың көпшілік өсімдіктері қураған уақыттарда, осы 
даладағы өсетін тобылғы түсті; жантақты қорек етіп, осы 
өсімдіктер өскен жайылымдардан ұзамай жайылады [91]. 
Олар өздерінің басқа мекендерінде де осындай өсімдік 
түрлерін пайдаланатындығы белгілі болды. Еліміздің 
оңтүстік шығысындағы қара құйрық мекендері Іле ж
әне
Сөгеті далаларында жыл бойы олар жусан, қандым, астрагал, 
изен ж
ән
е сексеуілді қорек етеді екен. Ал, көктем мен жазда 
бетеге, боз, тобылғы Тянь-Шань қызылбояуы, жуа тағы басқа 
да осы мекендерде кездесетін өсімдік түрлерін жеп 
қоректенеді екен. Жұт жылдары қорек ететін өсімдіктердің 
азайған уағында қарақұйрықтар өзен бойларындағы 
тоғайларға топтасып онда өсетін шеңгелдерді қажалап жейді. 
Жақсы жайылып, тойған қарақұйрықтың қазанындағы жеген 
тамағының салмағы 2-тен 3 кг дейін болып, 
тә
улігіне 6 кг 
әр
түрлі өсімдікпен қоректеніп тіршілігін жалғастырады екен. 
Көктем мен жаздың алғашқы жартысында шөлді жерлерде 
ылғал мол болатындығына байланысты, қарақұйрықтар бұл 
уақытта су ішпей-ақ өсімдіктердің бойындағы ылғалымен 
қанағаттанып отырады. Тіпті тақырларға тоқтаған 
көлшіктердің маңайында жайылып жүрсе де суды сирек ішеді 
екен. Бұл аң шөлге өте төзімділігі соншалық, жаздың ыстық, 
аптапты күндерінің өзінде күнделікті су ішпейді екен. 


224 
Суаттан 70—80 км қашықтықтағы шөлді жайылымдарда 
жайылып, суға үш-төрт күнде бір-ақ рет барып отырады. 
Жайылымдарында ылғалы мол өсімдіктер мен су болмайтын 
жылдары олар мекен жайларын ауыстырып суы бар жерлерге 
жылжып отырады екен. Ал қысқы уақыттарда су табылмаса 
қар жалап өмір сүре береді. Егер мекендерінде қара суық 
қатты болып, өзендердің беті қатып, қар түспеген 
жағдайларда бұл жерлерде қорек ететін өсімдіктері көп 
болғанымен тұрақ таба алмайды да, қарақұйрықтар 
оңтүстіктегі суы қатпаған аудандарға қоныс аударып 
миграцияланып отырады. Бұл аңның ерекше тағы бір қасиеті 
1 литр суының құрамында 10-14 грамға дейін тұз болатын, 
ащы теңіз суларын да іше беруге бейім. Осындай 
қасиеттерінің барлығы тұз тағысы — қарақұйрықтың шөлді 
далаларының табиғат жағдайларына жете бейімделген 
қайталанбайтын хайуанат екенін көрсете түсетіндігі анық. 
Көктем айлары шөлді далаларда ерекше болады. Бұл 
уақытта қыстай қар мен жаңбыр күйінде түскен ылғалдың 
арқасында өсімдіктердің барлығы көктей бастайды. Осы 
уақыт мұнда өмір сүретін хайуанаттар үшін ең қолайлы 
мезгіл болып, олардың тіршілігіне жақсы жағдай туа 
бастайды. Бұл кездегі қарақұйрықтың негізгі қорегі көктемде 
жаңа шыққан балауса шөп болып табылады. Олар таң 
атқаннан сағат 8—10-ға дейін жайылып, жан-жағы жақсы 
көрінетін ашық тақырларға жатып, бірер сағат дем алады да, 
қайта жайылуға кірісіп кетеді. Осылайша жайылу мерзімі 
қайталана отырып, түнгі 10-11-ге дейін созылып отырады. 
Дем алып жатқан қарақұйрықтар кезектесіп басын жоғары 
көтеріп, айналасын бақылап отырады екен. Басқа тіршілік 
иесін көрсе орнынан атып тұрып басқаларына белгі береді. 
Ал, түнгі демалысын қыраттардың беткейлерінде, немесе 
үлкен тақырларға жатып өткізеді екен. Бұның өзі ұрланып 
келіп бас салатын жауларын алыстан сезіну үшін қажетті 
тіршілік қорғаныстары болады. 
Жылдың осы мезгілінде олар суға сирек барады. Суға 
барар жолында асықпай жол-жөнекей жайылып су ішетін 
жеріне жақындағанда қайтадан кейін қайтып, ілгері жүріп, 


225 
суат басында жауының бар-жоғын анықтайтын қимылдар 
жасап отырады. Су ішуге б
әр
і бірдей бармай, су жағасынан 
алыстау жерде бір екеуі қарауылдап тұрады екен. Ал 
қарауылда тұрған қарақүйрықтар алдыңғылары су ішіп 
қайтқанда ғана суға бет алып отырады. Олар суды сақтық 
шаралары ретінде қамысы мен қоғасы жоқ ашық жағалаудан 
ішуге тырысады екен [92]. 
Жаздың ыстық күндері жайылымға таң қылаң бере, сағат 
жеті, жеті жарымға дейін шығады да, 30-40 минуттай 
демалып, 9-10-ға дейін қайта жайылуға шығады. Бұл уақытта 
шөл далаларда күн ысыйды, қарақұйрықтар күн көзінен 
жасырынып, күннің қызуы қайтқанша қалың бұталы 
сексеуілдің, жыңғылдың немесе тораңғының түбінен 
тұяқтарымен тарпып жасаған жатақтарында күйіс қайырып, 
көлеңкелеп жатуға тырысады. Мұндай демалыстарын кей 
уақыттарда ашық самал соғатын құм төбелер мен 
қыраттардың беткейлерінде өткізеді екен. Барса-келмес 
алаңдарында мекен ететін қарақұйрық-тар күннің ыстық 
уақытында көбінесе теңіз жағалауларына топтасады екен. 
Теңіз суымен шөлін қандырған аңдар жағалаудағы су шетінен 
«жатақтар» жасап орналасып, күннің ыстығынан қорғанып 
отырады. Кейде денесін жағадағы таяз суға жартылай салып 
жататындары да болады екен. Күннің қызуы қайтып, кешкі 
салқын түсе бастаған уақыттан түн ортасы ауғанша 
жайылымға шығып отырады. Түнгі жайылымның кезінде 
демалыстары 20-30 минуттан бір сағатқа дейін созылады. 
Осындай түнгі қысқа демалыстарының көпшілігін ересек 
қарақұйрықтар тік тұрып өткізеді де, су ішуге көбінесе 
таңертең барады екен. Белгілі бір жерден су ішеді де, 
күнделікті 
жүрген 
жолын 
ешқашан 
өзгертпейді. 
Қарақұйрықтың бұл мінезін аңшылар үшін өте қолайлы, 
өйткені жолына қақпан құрып ұстай береді.
Мұндай көмекті шөлді жерлерде мекен ететін бұлдырық, 
бозторғай, дуадақ сияқты құстар да көрсетеді екен. Демалған 
уақыттарында да олар бір-біріне алыс жатпайды. Демалып 
жатқанда немесе жайылымда жүргенде тыныштық бұзылып 
қауіп төнгендей жағдайды сезсе, олар сезік туғызған заттан 


226 
не болмаса жауынан бірден қашпай, жақын арадағы 
бұталардың қалқасына тығылып, тыныштық бұзушыны 
бұтаның арасындағы саңылаулардан бақылай-ды, егерде бұта 
арасында саңылау болмаса мойнын созып басын бұта 
арасынан шығарып көруге тырысады. Қауіп төндіруші 
тікелей өздеріне қарай бағыт алса ғана одан тез қашып 
құтылуға тырысады. Аналық бастар жауларынан қашқанда 
лақтарын алдына салып қорғай жүреді, егер тсп мүшелері 
аралас бастардан жас текелер, шыбыштар, лақтар, ересек 
аналықтар мен текелерден тұрса, онда топ айналасын ересек 
текелер қоршайды. Ал топ мүшелері ылғи текелерден тұрса 
бұларды топ ішіндегі ең 
әл
ді, ересек теке бастап қашады да 
қалғандары соңынан еріп отырады. Егер, аңшы топтап жеке 
жүрген қарақұйрықты қуса, ол тезірек жақын маңдағы топқа 
қосылуға тырысады екен. Қашып келіп топқа қосылған аңның 
жүгіру жылдамдығы топпен бірге бұрынғысынан біршама 
артып отырады. Осылай біраз жер қашқан соң қуғынға 
ұшыраған қарақұйрық шаршап, шеттей береді екен. Сол кезде 
топ мүшелері жапатармағай қашып, қалың топ ішіне түскен 
қуғындалған қарақұйрық байқалмай, шеттеп, барып жата 
қалып отырады. Мұны аңшы көбіне байқамай, өзгелерінің 
соңынан қуа береді екен. Осылайша қуғынға ұшыраған басқа 
қарақұйрықтар басқа топтарға қосылып, үйреншікті 
әд
іспен 
қуғыншыдан құтылып отырады. Ал шаршап барып тығылып 
қалған қарақұйрық тез демалып, бұрынғы қалпына келеді. 
Көп уақыт су ішпеген 
жән
е қатты семірген аңдар қуғынға көп 
шыдамай ұсталып қалады.
Қарақұйрықтың таңқаларлық қасиеттерінің бірі- олар 
атты немесе машиналы адаммен қатар кездесе қалған 
жағдайларда қашпай, бірге жарысып, жолын көлденеңдеп 
кесіп өтуге тырысады екен. Мұндай мінезімен олар көп 
жағдайларда аңшыға қиындықсыз ілініп, оның оңай олжасы 
бола алады. Қарақұйрықтың көру ж
ә
не есту мүшелері жақсы 
жетілген. Ол далалы жерлерде қимылдаған кішкентай заттың 
өзін 1-1,5 км қашықтықтан жақсы көре алады. Сол сияқты, өз 
жауының қимылының дыбысын алыстан естиді. Ал, иіс сезу 
мүшесі онша дамымаған. Осыны пайдаланған қасқырлар 


227 
қарақұйрықтардың су ішетін жерлерін біліп алып, қамыс 
қоғалардың арасына тығылып жатып, суға келген кезінде 
тосыннан шабуыл жасап отырады. Текелерінің мүйізі түп 
жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр 
түсті ұз. 35 -45 см болады, ешкілері – тоқал болады.Құйрығы 
кішкентай, қара-қоңыр түсті болады. Тұяқтары кішкентай, 
қара түсті, сопақша
әр
і үшкір болып табылады. Тері 
жамылғысы құм түстес, сарғыш-сұр түсті. Көз алды, шат, 
тұяқ аралық иіс бездері, көру ж
ән
е есту мүшелері жақсы 
жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табыса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет