Екінші бөлім
Пунктуациялық икемділік пен дағдыны қалыптастырудың
әдіс-тәсілдері
2.1. Пунктуациялық икемділік пен дағдыларды қалыптастыра
оқытудағы жаттығулар жүйесі
Оқушыларға әдеби тілді ауызша және жазбаша түрде меңгерту,
оларды сауатты етіп даярлау ісін қамтамасыз
ету-мектептің ең басты
міндеттерінің бірі. Оқушылар мектепте оқып жүрген кезінде қазақ тілі
грамматикасының, орфографиясы мен пунктуациясының негіздерін меңгеріп,
дұрыс оқуға, жазуға, сөйлеуге дағдылану да жаттығулардың маңызы үлкен.
Негізінде, оқушылардың қазақ тілі грамматикасының ережелерін
игеруі тәжірибелік іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асады.
Грамматикалық
құбылыстарға берілген анықтама, тілдік құбылыстарға
қытысты ережені түсіну және оны ұғуы-оқушылардың оқу материалын
игеруінің алғашқы бастамасы ғана. 5-10-сыныпта
оқушылардың жадында
орфограммалардың жазылуы сақталып қалу үшін қайталама қабылдау
әдістерін қолдану қажет болады. Орфограммалар бойынша қайталап
жаттығуларда тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі.
Жаттығу неғұрлым жиі
орындалса, оқушылардың ережені игеруі соғұрлым жеңілдейді.
Грамматикалық тұлғаны тану оны қабылдаумен бір мезгілде жүзеге асады.
Сөйтіп орфографиялық жаттығулар орындау үстіндегі оқушылардың күрделі
аналитикалық-синтетикалық қызмет, біріншіден, ережені игеруге, екіншіден,
орфографиялық дағды қалыптасуына негіз қалайды.
73
Ережеге негізделген пунктуацияны игеру үстінде оқушылардың күрделі
ойлау қызметі дамиды, өйткені ереже негізіне қандай да бір грамматикалық
және фонетикалық қортындылар беріледі. Тыныс белгілерге байланысты
жаттығуларды орындау сипатына қарай біз: 1) көру сезімі арқылы орындалатын,
2) есту сезімі арқылы орындалатын, 3) түйсінудің басқа әртүрлі
жолдары
бойынша орындалатын жаттығулар деп бөліп қарастырдық.
1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: