Сабақ үстінде оқушылардың түгел
жұмыс істеуін, олардың түгел
орындауын қадағалай жүріп, бір-екі оқушыға оқытып, тыныс белгісін, оның
себебі мен түрлеріне талдау жасатамыз. Қатесі
басқа оқушыларға айттыру
арқылы түзетіледі. Бұдан кейін барлық оқушы кеспе қағаздағы сөйлемдерді
дәптерлеріне көшіріп алады. Кеспе қағаз жиылып алынады. Мұны оқушылар
былай орындап шығады. «Дәмеш біресе жылаған шешесіне қарады,
біресе
еңсесі түскен әкесіне қарады» деген сөйлемде «Дәмеш біресе жылаған шешесіне
қарады» деген сөйлемнен кейін үтір қойылады. Себебі: бұл – кезектес салалас
сөйлем «біресе» деген кезектес салаластың жалғаулығы арқылы байланысып тұр.
Сондықтан әр жай сөйлемнен кейін үтір қойылады, - деп қорытады.
Тыныс белгілерін көшіртіп жазу арқылы қою – оқушылардың өтілген
материалды ойына қайта салып, ұғымын шыңдай түседі, ойлау қабілетін
дамытады. Ынтасын арттырып, дағдысын қалыптастырады. Өйткені бір тыныс
белгісін қою үшін сол тыныс белгінің қойылатын
орындарын ой елегінен
өткізеді. Сөйтіп бір тиянақты қорытындыға келіп тыныс белгісін қояды.
Достарыңызбен бөлісу: