а) Үлгі бойынша өздігінен жүргізілетін жұмыс. Үлгі бойынша
жүргізілетін өздігінен жұмыс нұсқау іспетті берілген үлгі негізінде
орындалады. Оқушыларға бірнеше сөйлем беріп, олар осы сөйлемдердің
тыныс белгілерін өздігінен қойып шығады, немесе белгілі бір грамматикалық
ережеге негізделген бірнеше сөз тақтаға жазылады да, оқушылар дұрыс
жазылған я қате екендігін айтады, немесе белгілі бір грамматикалық ережеге
байланысты мысалдар айту талап етіледі.
ә) Қайта құрылым ретінде жүргізілетін өздігінен жұмыс. Жетілдіріп
қайта жазу, қайта құрастыру бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыста
оқушылардың жеке әрекеттері мәтін құрылысын қайта құру негізінде жүзеге
асырылады. Өздерінің білім мен тәжірибесінің көлемінде оқушы өтіліп
отырған материалдың ішкі құрылысын өздігінен ойластырады, материалға
байланысты қандай әрекет жасауға болатындығын сипаттайды. Өздігінен
жүргізілетін бұл жұмыста берілген тапсырманы орындау ұстанымдары
міндетті түрде хабарланады, ал оқушылар тапсырманы нақты орындап
шығады. Бұл кезде тапсырма құрылысына өзгеріс енгізіледі немесе кейбір
жағдайда оның құрылысы қайта жасалады. Жұмыстың бұл түрінде оқушылар
жалпы ережелерді, заңдылықтарды, ұғымдарды, әртүрлі жағдаяттар мен
ахуалдарды өздігінен пайдаланады, жалпы ережеге сәйкес мысалдар ойлап
табады, ұсынылған мәтіндерді мақсатқа орай қайта құрады.
б) Әртүрлі нұсқаулар бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс. Бұл
жұмыс оқушылардан өздігінен таныс емес мәселелерге талдау жасай отырып,
қажетті жаңа деректер алуды талап етеді. Ол үшін оқушылар, әрине, өздері
бұрыннан игерген білімдерін пайдаланады. Бірінші жағдайда оқушылар
әртүрлі дерек, оқиға, құбылыс, заңдылықтардың ұқсастықтары мен айырым
белгілері ашады, оларды елеулі белгілері бойынша топтастырады,
арасындағы себептік я салдарлық байланыстарды анықтайды, бірнеше
нұсқада салыстырмалы талдау жасайды. Екінші жағдайда оқушылар
эксперимент жасай отырып, оларға бұрыннан белгілі заңдылықтарды
пайдаланудың жолын көрсетеді я эксперименттік жолмен оларға бұрыннан
белгілі жалпы заңдылықтарды жеке құбылысқа немесе құбылыстар тобына
пайдаланудың жолын көрсетеді. Өздігінен істелетін бұл жұмыс білімнің
жекелеген сипаттарын ғана емес, сонымен бірге сол білімнің тұтас
құрылысын пайдаланады. Бұлай ету, біріншіден, оқушыларға қазіргі
өмірімізде ғылымның рөлі туралы нағыз мағлұмат беріп, білімге деген
құмарлығының артуына көмектеседі, екіншіден, оқу үдерісіндегі елеулі
75
байланыстарды анықтап, логикалық қортындылар жасап отыруға үйретеді,
ойлау қабілетін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Әртүрлі нұсқада өздігінен
жүргізілетін жұмыстың осы екі ерекшелігі оқушыларда шығармашылық
әрекет жасау қабілетін қалыптастыруға негіз болады.