Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тыныс белгілері қойылған сөйлемдер мен сөздерге



Pdf көрінісі
бет37/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

3. Тыныс белгілері қойылған сөйлемдер мен сөздерге
пунктуациялық талдау жасату.
Мұнда интерактивті тақтаға (экранға)
көрнекті етіп мынадай сөйлемдер жазылады. 
- Бұл сөйлемдерді алдымен мәнерлеп оқытылып, соңынан оқушыларды
тыныс белгілеріне назар аудартылады. Осындағы тыныс белгілер бойынша әр
оқушыға жеке-жеке талдау жасатылады. Мысалы: - Осы сөйлемдегі үтірлер
қандай ережеге байланысты, не үшін қойылған? 
- «Қарағандыға, Лизалардың тойына», деген сөздерден кейін неге үтір
қойылған, не үшін? Деген сұраққа жауап іздеттіріледі. Мысалы, оқушылар
«Лизалардың тойына» деген оңашаланған айқындауыш мүше. Яғни ол –
«Қарағандыға» деген сөзді айқындап тұр. Сондықтан айқындауыш мүшенің
яғни «Лизалардың тойына» сөзінің екі жағынан да үтір қойылады, -деп жауап
бермек.
Жаттығуды бұл ретпен жүргізу, біріншіден, оқушыларды айтуға, білуге
талпындырса, екіншіден оқушылар белсенді түрде қатысады. Сондай-ақ
пунктуациялық талдау арқылы әрбір оқушы тыныс белгілердің қойылу
себебін анықтайды. Барлық грамматикалық материалдарды қайталап
пысықтайды. Бір тыныс белгісінің қойылу себебін анықтау үстінде оқушы
көптеген грамматикалық ережелерді еске түсіреді. Бұл – оқушылардың
тыныс белгілерін қоя білуге үйретеді, жаттықтырады. Грамматикадан білімін
бекіте түсетін болады. 
4. Тыныс белгілерінен алған білімін пәнаралық байланыстыру.
Мысалы: әдебиет сабағында жаттаған кейбір өлең сөздерді не мәтін
үзінділерін оқушыларға жатқа жаздырып, тыныс белгілерін қою
тапсырылады. Бұл – оқушылардың оқығанда, жаттағанда, тыныс белгісіне
назар аудара оқуына дағдыландырады. Мұндай жұмыс әр пәндегі мәтіндер
бойынша да жүргізіледі. 
5. Сыныптан тыс оқыған кітабына, газет, журналдарға қойылған
тыныс белгілеріне назар аудартып отыру.
Мұнда сабақ үстінде газет пен
журналдарда ірі етіп жазылған сөйлемдер мен сөздердің қойылу себептерін
сұрап отыру. Бұл – оқушылардың әрбір тыныс белгілеріне өз бетінше талдау
жасай алуына жаттықтырады, ынталандырады. Оқушылардың тәжірибелік
білімін дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет