Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет39/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

7. Жаттығудың бір түрі – диктант.
Бұл –оқушылардың көргенін,
естігенін дұрыс жазуға төселдіреді және грамматикадан үйренген білімін іс
жүзінде қолдана білуге үйретеді. Сондықтан тыныс белгілеріне байланысты
диктант жұмысы жиі жүргізіледі. 
Біз сабақ үстінде жүргізілетін жаттығулардың басты-басты түрлеріне
ғана тоқтадық. Жүргізе берсе жаттығудың түрлері көп. Оларды өз орнында
ұтымды пайдаланса, сөзсіз оқушылардың сабақ үлгіру, сөйтіп сапалы білім
алу дәрежесін арттырады. Бір сабақтың үстінде жаттығудың бір-ақ түрін
қолдану – оқушыларды сабаққа аса көп қызықтырмайды, қайта
жалықтырады. Сондықтан сабақ сайын жаттығудың үш-төрт түрін –жаңа
түрімен ауыстырып, қызықты етіп өткізіп отыру – оқушылардың ынтасын
арттырып, жаңа сабақты тең меңгеруге, өткенді еске үнемі түсіріп отыруға
баулиды. 
8. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушыларға өз ана
тілінің грамматикасы мен пунктуациясының ережелерін жете
меңгертуге,
сөйтіп, теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге үйретеміз.
Оқушылардың қатесіз жазуы – грамматика мен пунктуацияның ережелерін,
оның заңдарын жете білудің нәтижесі болмақ. 
79


1. Пунктуациялқ ережемен жүргізілетін жұмыс мынадай кезеңге
бөлінеді:
Бірінші кезең-оқушылардың тыныс белгісін (белгілерін) қою не қоймау
жолдарын меңгерту;
Екінші кезең-оқушыларға пунктуациялық ережені қолдануды үйрету. 
Бұл кезеңде мынадай әдістер тиімді болып табылады. 
1. Мұғалімнің сөзі;
2. Оқушылардың өз бетінше пунктуациялық ережені талдау;
3. Ережені түсіндіру;
4. Оқушылардың өз бетінше бақылау материалдарын талдауы. 
Оқушылардың жаңа пунктуациялық норманы игеру барысында:
Пунктуациялық-мағыналық бірлік аталады; Тыныс белгінің (белгілерді қою
не қоймау жағдайлары) (орны, бөлектердің грамматикалық және мағыналық
ерекшеліктері) айтылады; Кесте-таблицаны құру арқылы олардың бір-бірімен
байланысты анықталады; Тыныс белгісін (белгілерді) таңдау жағдайлары
графикалық белгілермен (сөйлем сызбасында) көрсетеді.
Пунктуациялық ережемен жүргізілетін жұмыс элементтері:
Пунктуациялық-мағыналық бөлікті атау, ережеге енетін жағдайларды атау;
Оқулықтан ережені оқу (деңгейі төмен сыныпта) не оны өз бетінше
құрастыру (деңгейі жоғары сыныпта).
Оқушыларға пунктуациялық ережені қолдануды үйретуде жүгізіледі:
Айтылған ой алгоритімінің үлгісін талдау; Мұғалімнің жетекшілігімен
өтілген пунктуациялық ережені қолдану; Оқушылардың пунктуациялық
ережені өз бетінше қолдануы.
А.В.Текучевтің пікірінше пунктуациялық ережені математикалық
нақтылықпен пайдалануға болмайды. Өйткені тыныс белгілерді қою көбінесе
тілдің ерекшелігі мен стиліне жазушының бұл сөйлем құрылысында берген
ой белестерінен, кейде жазушының жазудағы өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты болатындығын ескертеді. Сондықтан пунктуация бойынша
жүргізілетін сабақтар тек грамматикамен ғана емес, сонымен бірге
стилистикамен, жазушылар тілін зерттеу мен әдеби шығармаларды талдаумен
байланысты болуы керек.
Тұжырымдағанда, оқушыларды пунктуациялық икемділіктерді
қалыптастыруда мынадай бағыттарда жаттығу жүргізіледі:
1. Пунктуациялық ережелер туралы түсінік және олардың түрлерін игерту
арқылы, пунктуациялық жағдаятты таба білу (орфограмманы таба білу);
2. Мағыналық бөліктерді тыныс белгілерімен дұрыс рәсімдеуге
жаттықтыру;
3. Пунктуациялық талдау жүргізе білу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет