Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар
Біркелкі пішіндерді сана Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
Қажетті құралдар:Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)
Ойын барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.
Танып ал да, атын ата Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Ойын барысы:Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
Бес санына шапалақта Мақсаты: Беске дейін санап және тәрбиешінің ұсынысы бойынша әрекетті орындап үйрету. Ойын барысы: ойынды екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5-ке дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсың.
«Қолшатыр» Мақсаты: балаларды ептңлңкке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты:Күн деген кезде балалар ойынға шығады, ал балалар жаңбыр жауды деген кезде балалар қолшатырдың астына тығылады
Керекті құрал-жабдықтар:қолшатыр
«Қуыршақты жуындыру үшін не керек?» Ойынның мақсаты: қуыршақты жуындыру үшін қандай заттар керек екенін біледі.
Ойынның шарты: Жуындыру үшін қандай заттар керегін суреттен қарап, артығын алып тастау керек.
Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: жуындыруға қажетті заттар.
«Не ұшпайды?» Мақсаты: ұшатын және ұшпайтын заттарды ажырата білу
Ойынның шарты: Суреттен ұшатын, үшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу.
Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар, құстардың суреттері.