Жапырақтар Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету. Қажетті құралдар


Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер



бет4/8
Дата13.05.2024
өлшемі2,86 Mb.
#202073
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қызықты тапсырма, практика

Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка
«Сипатына қарай шешуін тап»
Мақсаты: Заттарды қасиетіне қарай айыра білуге тәрбиелей отырып, байқампаздыққа баулу
Барысы: Тәрбиеші суреттер көрсетеді. М/ы: ақшақардың суреті – «Балалар сендердің алдарыңда ақшақардың суреті бейнеленген кәртішкелер бар. Бір қарағанда олардың бәрі бірдей сияқты,бірақ анықтап қарасаңдар оларда өзгешеліктер бар.Осыған байланысты сендерді суреттегі ұқсастықтар мен өзгешеліктерді байқап тез анықтауға шақырамын». Ақшақардың бетінде қандай өзгірістер бар?
-екі көзі,бір қызыл мұрыны бар
-бастарында ше?
-біреуінде шелек,екіншісінде кастрюль
-қолдарыңда қандай өзгерістер көріп тұрсыңдар?
-сыпырғыш,күрек,таяқшалар біреуінде оң, ал екіншісінде сол қолдарында
-түймелері нешеу?
-үш,төрт т/б
Көрнекіліктері: Заттық суреттер:ақшақарлар,
жиналмалы қуыршақтар,жатпайтын қуыршақтар,көбелектер,
аюлар, біркелкі мөлшерде әр түрлі өзгерістерімен
«Бұлар нелер?»
Мақсаты: Әрбір үй жануарларының төлдерінің аттары мен жабайы жануарлардың аттарын үйрету
Барысы: Балаларға суреттер көрсету арқылы олардың атауларын, немен қоректенетінін, тіршілігін айту.
М/ы: мысық-сүт-үй жануары, қасқыр-ет-жабайы аң т/б
Көрнекілігі: Үй және жабайы жануарлар суреттері
«Тәрелкесіне қарай кесесін таңда»
Мақсаты: Түстер туралы ұғымдарын кеңейту
Барысы: Тәрбиеші қызыл,жасыл,сары түсті ыдыстарды полотноға орналастырып былай деп әңгімелейді: Дүкенге алдымен тәрелкелерді әкелді. Дүкеншілер оларды сөрелерге орналастырды.Жоғарғы сөреге сары түсті ,ортаңғы сөреге жасыл түсті,төменгі сөреге қызыл түсті тәрелкелерді орналастырды.Балаларға сұрақ қойып қайталатады.Сонан соң кеселерді әкелді. Қане, балалар дүкеншілерге кеселерді тәрелкелерге түстеріне қарай орналастыруға көмектесейікші-деп балаларды ойынға шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет