Жапырақтар Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету. Қажетті құралдар



бет3/8
Дата13.05.2024
өлшемі2,86 Mb.
#202073
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қызықты тапсырма, практика
13 сабақ. XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым, Жұбанов 2
«Төлдерін тап та, көрсет»
Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу
Шарты: тақтада көсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету.
Керекті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: жануарлардың, төлдердің суреттері
.
Үй құрлысының ретін көрсет
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар. Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
«Керісінше айт»
Мақсаты: Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. Көрнекілік: доп Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.
«Кім не жейді?»
Мақсаты: Логикалық ойлауды,сөйлеуді,
талғамды,байланыс құруды және түсіндіре білуді дамыту
Барысы: Өсімдіктер мен жануарлары бар карточкалаар жинағын дайындайды. М/ы: шөп-қоян-қасқыр: шаян-балық-итбалық-ақ аю:шырша бүршігі-тиін-сусар:өсімдік (шырын)-көбелек-бақа-құтан және т.б. Балаларға карточкалар таратылады.(карточкаларды лайықты суреттермен бетперделермен ауыстыруға болады)
Көрнекілігі: Өсімдіктер мен жануарлар бейнеленген суреттер
«Апта күндері» 
Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету 
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру.
Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет