Жапырақтар Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету. Қажетті құралдар



бет6/8
Дата13.05.2024
өлшемі2,86 Mb.
#202073
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қызықты тапсырма, практика
13 сабақ. XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым, Жұбанов 2
Ойынның мазмұны: Топқа гүл тістеген күшіктің кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылады. Күшік аузына тістеп кірген гүл шоғын терең дем алып иіскейді де, тыныс шығарған кезде гүлдер шашырап кетеді. «Ой балалар, мына гүлдерім шашылып қалды ғой, сендер маған көмектесесіңдер ме?» -деп сұрақ қояды. Ол үшін гүлдердің түстерін анықтайық. Әрқайсың жерден жинап алған гүлдің түсін атауларың керек. Енді осы түстерге сәйкес көбелектерді қондырайықшы-деп ұсыныс жасалады 
Көрнекілігі: Түрлі –түсті гүлдер, көбелектер
«Үлкен-кіші»
Мақсаты: Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету.Үлкен-кіші, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту
Ойынның мазмұны: Әр түрлі көлемдегі ойыншықтар мен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады
Көрнекілігі: Ойыншықтар мен жануарлар суреттері
«Қай жануар артық»
Мақсаты: Жасырылған жануарларды табу арқылы тілдерін дамыту. Шарты: Жоғалған жануарлардың атауларын айту, қай жануардың қасында тұрғаның тақтадан көрсету. Көрнекілігі: Жануарлардың, үлестірмелі суреттер.
«Қолымда не бар?»
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар. Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. 
«Дауысын сал!»
Ойынның мақсаты: құстардың түрлерін және олардың дауыстарын салуды үйрету. Ойынның мазмұны: Құстардың суреттерін таратып береді. Кімде қандай құстың суреті, оның дауысын салады. 
Көрнекіліктер: құстардың суреттері
«Не жоқ?» 
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту, жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Шарты: ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет