«Кім жылдам?» Ойынның мақсаты: шапшандыққа, жылдамдыққа үйенеді
.
Ойынның шарты: Шашылып жатқан көкністер мен жемістерді екі себетке жинайды
Керекті құрал-жабдықтар:жемістер мен көкөністер муляждары.
«Ажырат» Ойынның мақсаты: киімдерді ажырата білуді үйренеді.
Ойынның шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді сары сөмкеге салу керек.
Көрнекілігі:қысқы, жазғы киімдердің суреттері.
«Түрлі түсті моншақтарды тізу» Ойынның мақсаты: Түстеріне қарай кезектестіріп тізуге үйрету
Ойынның барысы: Қонаққа қуыршақ немесе аю келеді , өзімен бірге моншақтарды әкеліп, әдемі моншақ жасауға көмектесулерін сұрайды.
Тәрбиеші екі түсті моншақты қолына ұстай отырып,бірінші қызыл, сонан соң ақ моншақты тіземіз –деп көрсете отырып балалардың орындауларын қадағалап отырады
Кұрал-жабдықтары:Ақтүсті -8 қызыл түсті -8 моншақтар, диаметрі-2 см. Жіптер және қорапшалар
«Кімге не керек» Ойынның мақсаты: Түрлі мамандықтың еңбек құралдарын танып айта білуге үйрету
Ойынның шарты:Тәрбиеші тақтаға әр түрлі мамандық иелерінің суретін орналастырады.Үстел үстінде мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар бейнеленген кәртішкелер. Тәрбиеші осы бейнеленген кәртішкелерді сәйкестендіріп, өз мамандық иелерінің қасына орналастыру керектігін түсіндіреді.
М/ы: тігіншіге-ине,құрылысшыға-қалақ, мұғалімге-кітап т.б
Көрнекілігі: Әртүрлі мамандыққа қажетті құрал-жабдықтар бейнеленген карточкалар