«Жаратылыстану ғылымдар» факультеті «Биология» кафедрасы



бет1/9
Дата02.04.2024
өлшемі173,89 Kb.
#200444
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
биотех рефарат баука


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Жаратылыстану ғылымдар» факультеті
«Биология» кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Витамин өндірісі. Микробтық синтез көмегімен алынатын витамин.

Қабылдаған: Умиров Б. З


Дайындаған: Кенжебай А. Қ
Тобы: ЖБЛ - 112

Түркістан 2024
Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Витаминдердің классификациясы

  2. Витаминдер және өндірісі

  3. Ферменттер өңдіру

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
“Витамин” терминін катализдік қабілетке ие заттарды белгілеу үшін алғаш рет 1911 жылы поляк ғалымы Казимир Функ ұсынған. Ол бери-бери ауруын зерттеу барысында анықтаған кристалдық препаратына бастапқыда “Витамайн” (Vitamine) деген атау берген. “Витамайн” сөзі латынның vitaөмір, ағылшынның amine-азоты бар қосылыс, амин деген сөздерінен құралған.
• 1920 жылы Джек Сесиль Драммонд “Vitamine” сөзінен “е” әрпін алып тастауды ұсынды. Себебі сол кезде құрамында аминдік компоненті жоқ С витамині ашылған болатын.
• Витаминдер – өте аз концентрацияда организмге биологиялық күшті әсер ететін кіші молекулалы органикалық заттар топтары. Олар клеткада өте аз мөлшерде болады және биологиялық белсенділікке ие. Витаминдердің жеткіліксіздігі – ферменттердің биокатализдігін бәсеңдетеді, зат алмасу процесіне, организмнің өсіп жетілуіне әсер етеді.
• Кофактор ретінде ферменттердің активті орталықтар құрамына кіру негізінде витаминдердің биологиялық активтігі қамтамасыз етіледі. Сондықтан, витаминдердің жеткіліксіздігі – ферменттердің биокатализдігін бәсеңдетеді, алмасу процестеріне, организмнің өсіп жетілуіне әсер етеді.
• Табиғатта витаминдер негізінен өсімдіктер мен микроорганизмдерден алынады. Кейбір витаминдер көп жағдайда (мысалы, кобаламиндер) тек микроорганизмдермен синтезделеді.
• Витаминдердің көп бөлігін өндіруде химиялық синтез жетекші орынға ие болса да, микробиологиялық әдістердің практикалық маңызы да зор [1].

Негізгі бөлім
Витаминдердің классификациясы. Барлық витаминдер өздерінің физико-химиялық қасиеттеріне қарай екі класқа бөлінеді. Олар:

  1. Майларда еритін витаминдер;

  2. Суда еритін витаминдер.

Витаминдерді алу жолдары. Суда еритін және майда еритін витаминдерді химиялық және микробиологиялық синтезбен дайындайды. Микробиологиялық синтезбен 1930-1940 жылдары витамин бөлініп алына бастады. Микробиологиялық синтезбен дайындағанда әртүрлі микроорганизмдер пайдаланылады. Мысалы:
- цианкобаламин, В12, - Propionibacterium freudenreichii var. shermanii, Pseudomonas denitrificans;
- рибофлавин, В2 - Eremothecium ashbyii, Ashbya gossipii, B. subtilis, Asp.niger;
• - бетакаротин – Blakeslea trispora, (+) және (-) дақылы;
- никотин қышқылы, РР – Gluconobacter oxydans және Erwinia punctata, Corynebacterium spp., (биотрансформация жолымен дайындалады).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет