3. Геохронология немесе геологиялық жыл санау. Бұл термин геологияда жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының пайда болған кезі мен ретін білдіретін уақыт бөліктерінің жүйесі.
Ол геохронология шкала түрінде көрсетіледі. Геологиялық жыл санау эра – заман, период – дәуір (палеоген, неоген, төрттік), эпоха – кезең (мысалы, төрттіктің плейстоцен, голоцен) бөлінеді. Абсолюттік уақыт шамасы миллион жыл. Геологиялық картада бұлар әр түрлі түспен белгіленеді т.б. с.с.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Геология ғылымы нені зерттейді?
2.Геология мен географияға ортақ қандай ғылым?
3.Жер қыртысының құрамын зерттейтін қандай ғылымдарды білесіңдер?
4.Геологияның қандай зерттеу әдістері бар?
5.Литосфералық тақталар тестоникасы қашаннан бастап қалыптаса бастады?
Әдебиеттер: Н.Тұяқбаев т.б. «Жалпы геология курсы». Алматы «Білім», 1993.
№ 14 дәріс.
Тақырыбы: Жаратылыстану ғылымдары және экология.
Мақсаты:Экологиялық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін экология ғылымының не екенін көптеген мәліметтер негізінде жан-жақты ұғындыру.
Дәрістің мазмұны:
1.Экологияда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар.
2.Ғаламдық ойлауды құрайтын экологиялық таным.
Қазіргі атом, космос және зымыран заманында адамзат баласының табиғатты өзгертіп, оны халық игілігіне айналдыру әрекеті күннен-күнге күшейе түсуде. Жердің жасыл желегінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан ағыл-тегіл алынып жатқан табиғи байлық көлемі жыл сайын артып келеді. Тез пайда табу мақсатында биосфераның талай мыңдаған жылдар бойы жасалған үйлесімі жойылуда. Адам табиғатты «жеңді», оны құртумен шұғылданып, өзінің де осы табиғаттың кішкене бөлшегі екенін де ұмытты. Демек, табиғатты «жеңуі» іс жүзінде адамзаттың өзін-өзі құрту болып табылады. Осы уақыттағы адамзат қоғамы құрлықтың 50 пайыздан астамын өз пйдасына жаратып, өзен суларының 12-13%-н, орман-тоғай қорының 50% пайдаланады. Жыл сайын құрылыс және өндіріс мақсаттары үшін 4 мың км3 астам жыныстар аударыстырылып, жер қойнауынан 100 миллиард тоннадан астам кен қазылып алынады. 7 миллиард тонна шартты отын жағылып, дүниежүзілік мұхит суларына 600 миллиард тонна өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдық сулар мен 1,5 миллиард тонна мұнай төгіледі. 800 миллион тоннадан астам металл балқытылынып, егістік, бау-бақша егілетін жерлерге төрт миллион тонна улы қосылыстар (минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер, гербицидтер) себіледі. Атмосфераға 25 миллиард тоннаға дейін түрлі заттар шығарылып тасталады. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3 миллиард тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы, 1 миллион тоннадай шаң-тозаң шығып тұрады екен. Тек Қазақстан бойынша жылына адам басына шаққанда (2002 жылғы дерек бойынша ) 12,2 тонна көмір қышқыл газы ауаға шығарылады. Республикамызда өнеркәсіптің қатты қалдықтарының 20 миллиард тоннасы, тұрмыстық қалдықтардың 14 миллиард м3, радиактивті қалдықтардың 22 миллион тоннасы жиналып қалыпты. Бұл «байлықтарды» қайда жібереміз, қалай құтыламыз, әлі белгісіз.
Кейінгі кезде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, бұл көрсеткіш өсе беретіні сөзсіз. Өйткені халық саны жылдан-жылға өсіп келеді.
Табиғат бір-бірімен теңестірілген біртұтас экологиялық жүйе. Бұл жүйенің біреуі ғана бұзылса, барлық экологиялық жүйенің бұзылуына әкеліп соғады. Бұзылған экологиялық жүйені бұрынғы қалпына келтіру адамзат баласының қолынан келмейді. Осы уақытта өнеркәсіптің жедел өсуіне байланысты биосферадағы табиғат көріністеріне (ауа, су, жер, өсімдік әлеміне және жануарлар дүниесіне) әсер ететін неше түрлі улы химиялық қосылыстар – көміртегі, күкірт, азот, сынап, радиоактивті элементтер және т.б. заттар мөлшерден тыс көбейіп кетті.
Экологилық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін – экология ұғымының не екенін жан-жақты білу қажет.
Экология ғылымы - өмір талабына сай, биосферадағы өзгерістерге байланысты халықтың әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге бағытталған биология ғылымының жаңа саласы.
Экологиядағы қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: экожүйе (грек сөзі oikos – үй, орын және жүйе Tansley, 1935) – тірі заттар мен өлі заттар бірігіп табиғаттың экологиялық жүйесін құрайды. Экологиялық жүйе деген терминді 1935 жылы ағылшын ғалымы-экологы А.Тэнсли биология ғылымына енгізген. Ағылшын және Америка Құрама Штаттарының ғалым-биологтары бұл терминді кең көлемде өз ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолданады. Сонымен экологиялық жүйе биосферада тіршілік ететін тірі организмдердің өмір сүру заңы. Биоценоз (грек сөзі bios – тіршілік және koinos – жалпы) – тіршілік ету, өсіп-өну жағдайлары ортақ, эволюциялық процеспен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жан-жануарлардың тобынан құралған табиғи кешен. Биогеоценоз – жер бетіндегі біркелкі табиғи құбылыспен (атмосфераның, өсімдіктердің, жан-жануарлардың, микроорганизмдердің, топырақтың және гидрологиялық жағдайдың ерекше түрдегі) олардың компоненттерінің қарым-қатынасы, бірімен-бірінің зат алмасу және энергия алмасуын, сонымен бірге табиғаттың басқа құбылыстарының арасындағы алмасуын айтады. Олардың бірімен-бірінің диалектикалық бірлестікте болуы және тұрақты түрде қозғалыс жасауы. Адаптация (латын сөзі adapto – бейімделемін), адаптациогенез – организмнің құрылысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайына қарай бейімделуі.
2. Туған елдің табиғатын жан-тәнімен сүйетін, әрі оның қоры азайып кетпеуіне жаны ашитындардың алдыңғы қатарында географ мамандар тұрады. Жыл сайын әлемімізде 75 млн жас сәби дүниеге келеді. Оның 1,5 млн немесе 2%-дайы әр түрлі мутагендердің әсер етуі нәтижесінде пайда болған. Адамның терең ойластырмаған іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, жер мен су ластанды. Геосферадағы мұншалықты жедел өзгерістерге бейімделе алмаған жануарлар мен өсімдіктер өледі, ол бұрын табиғи популяцияның трофикалық байланыстардың бұзылғандығын білдіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері құрып бітеді, басқалары «Қызыл кітапқа» тіркеледі. Популяциялардың ішкі құрылымын әлсірету олардың теңгергіштік қызметінің әлсіреуіне әкеліп соғады. Ғаламшарымыздың – біздің үйіміздің ластануы жүріп жатыр. Ж.Б.Ламарктың 1820 жылдың өзінде «Адамның міндеті әуелі жер шарын мекендеуді жарамсыз етіп, өз тұқымын жоюда тұр» деп әулиелікпен жазған сөздері орынды сияқты. Адамзатты тек қана ауқымды шаралар кешенін жасау арқылы құтқаруға болады. Ол миллиардтаған қаржыны талап етеді. Мұнымен қатар өз көлемі жағынан В.И.Вернадскийдің биосфера іліміне жақындайтын жаңа кешенді ғылымды жасау керек. Мұндай ғылымға қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс туралы деректердің барлығы т.б., сондай-ақ оларды жою туралы ғылымда белгілі барлық жетістіктер түгел кіруі керек. Әзірге мұндай бағдарлама ғалымдардың ойында.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Осы кезде адамзат қоғамы құрлықтың қанша пайызын пайдаланды?
2. Осы кезде адамзат қоғамы өзен суларының қанша пайызын пайдаланды?
3. Осы кезде адамзат қоғамы орман қорының қанша пайызын пайдаланды?
4. Өмір талабына сай, биосферадағы өзгерістерге байланысты халықтың әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге бағытталған биология ғылымының жаңа саласы...
5. Экологиялық жүйе деген терминнің биология ғылымына енген жылы...
6. Экологиялық жүйе терминін енгізген ғалым...
7. Тіршілік ету, өсіп-өну жағдайлары ортақ, эволюциялық процеспен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жан-жануарлардың тобынан құралған табиғи кешен ...
8. Адаптация ...
Әдебиеттер: 10. 11-17 б.б.
№ 15 дәріс.
Тақырыбы:Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстың бейнесі.
Мақсаты:«Жаратылыстану негіздері» пәнінің соңғы дәрісі болғандықтан бұл ғылымның осы кезге дейінгі даму сатымсына қорытынды жасап, болашағына немесе, ғаламдық дамуына тоқталу.
Дәрістің мазмұны:
1. Қазіргі заманғы жаратылыстанудың жалпы заңдылықтары.
2. Ғылым дамуының болашақ жағдайы.
1. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми жаратылыстық бейнесі біріншіден ғылым адамзат мәдениетінің эволюциясы кезеңдерінің бірі. Ғылым өзінің даму барысында мәдениеттің басқа салаларының, оның ішінде философия мен діннің жетістіктерін қамтып, негізінен жаңа сападағы құбылыс ретінде көрінеді.
Екіншіден қазір де ғылым дамуында басты нәрсе, адамның өзін, оны қоршаған әлемді түсінуі ме, немесе табиғатты бағындыру ма?
Үшіншіден Ғылым әлемді зерттейді, ал техника оны өзгертеді. Ғылымның дамуы қазір халықаралық мәселе болуда.
2. Қоғам мен әрбір жеке адамның алдына болашақ жаңа ғаламдық мәселелер (проблемалар) қоюда. Бұл мәселелер ғылыми әдебиетте ХХI ғасыр дабылдары деп аталады. Оларға мыналар жатады:
- өндірістің өнім үнемдейтін жаңа деңгейлеріне көшуін қамтамасыз
ететін технологиялық дабылдар;
- планета ресурстары мен адамзат санының келісімді мөлшерін
қамтамасыз ететін демографиялық дабылдар және т.б.
Бұл дабылдар шешімі адамзат деңгейінен де, жеке адам деңгейінен де ғаламды мәдениеттің бірігуінде жатыр. Әр бір мәдениетті адам мен біртұтас адамзаттың болашағы үшін этикалық жауаптылыған көрсететін планетарлық гуманизм. Оның негізгі тұжырымдары «Гуманистік Манифест – 2000» атты құұжатта келтірілген. Оның негізгі идеясы қазіргі заманғы және болашақтағы қауіпсіз, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Маңызды мәселелерге: тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Ғылым ...
2.Жаратылыстану ғылымының бастапқы кезеңдегі мақсаты?
3.Ғылым әлемді зерттейді, ал техника ...
4.Қазіргі дамудың басты факторы болып отырған ғылыми техникалық революцияға адамзат қай ғасырда келді?
5.Әр елдердің ғалымдары неге бірлескен зерттеулер жүргізеді?
6.Жаратылыстық ғылымдар неге топтастырылады?
7.«ХXI ғасыр дабылдары» ішінде ғаламдық мәселелерден қоғамдық түсініктің артта қалып қоюына байланысты дабыл қалай аталады?
8.«Планетарлық гуманизмді» қалай түсінесің?
9.«Гуманистік Манифест – 2000» деген құжатта ...
10Қазіргі заманғы және болашақтағы қауіпсіз де, жайлы адамзаттың өмір сүру ортасын қалыптастыру қандай құжатта қарастырылған?
Әдебиеттер: 1. 223-230 б.б.
6. Практика (семинар) жұмыстарының жоспары – жоспарланбаған.
7.ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1 лабораториялық сабақ.
Тақырыбы: Социометрияда математиканы қолдану.
Мақсаты: Берілген мәліметтерді математикалық өңдеу негізінде әлеуметтік топтардағы нақты жағдайда студенттер тобындағы өзара қатнастың жайын білу.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
Жеке парақ қағазға өзіңнен басқа барлық студенттердің фамилиясын бағана түрінде жазып шық. (Тек сабаққа қатнасып отырғандарды)
Әрбір фамилияның қарсысына өзіңнің сол студентке қатысты пікіріңді көрсететін: егер жағымды десең +, жағымсыз-келіспейтін болсаң - , оған бейтарап қарасаң 0-белгісін қой.
Жағымды, жағымсыз, бейтарап +,-,0-белгілеріңді жеке-жеке-бөлек қосып, нәтижесін (анонимно) оқытушыға тапсыр.
Социометриялық кестені төмендегі үлгі бойынша құр.
Рет саны
|
Фамилиясы, аты жөні.
|
+
|
-
|
0
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
...
|
|
|
|
|
n
|
∑
|
∑(+)
|
∑(-)
|
∑(0)
|
Әр жолға қатысып отырған бір студент фамилиясы жазылады.
Төменге ∑- әр көрсеткіштің қосындысын көрсет, одан соң (∑∑) барлық қосындыны көрсет.
Социиометриякалық көрсеткіштің нәтижесін есептеңіз, ол үшін:
а) өз ара тіл табысу көрсеткіші (взаимности) G=∑(+) / ∑*∑
б) келіспеушілік көрсеткіші (конфликтности)V=∑(-) / ∑*∑
в) бейтараптық көрсеткіші: N=∑(0) / ∑*∑
Нәтижелерді үш таңбалы санға дейін дөңгелектеңіз.
Көрсеткіштердің ғылыми негізделген басқыштаушылығын (градация) пайдаланыңыз, олар:
а) G- көрсеткіші үшін.
0,20-0,45 өзара тіл табысу нашар.
0,46-0,65 өзара тіл табысу қанағаттанарлық.
0,66-0,85 өзара тіл табысу жақсы.
0,86-1,00 өзара тіл табысу өте жақсы.
б) Ү- көрсеткіші үшін:
0-0,05-келіспеушілік аз.
0,06-0,18-келіспеушілік орташа
0,19-0,25-келіспеушілік жоғары.
0,26—0,35 келіспеушілік өте жоғары.
Өздерің оқитын топтың бірлігі мен келіспеушілік дәрежесін анықтаңыз.
ТҮЙІН (резюме)
Шағын әлеуметтік топтардағы өзара қарым-қатнас-бұл топтардың іс-әрекетінің нәтижесін, шығармашылық мүмкіндігін, топ мүшелерінің денсаулық жағдайын және т.с.с.жақтарын көрсететін психологиялық жиынтық-қозғаушы күші (фактор). Математиканы қолдану өзара қарым-қатынастың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс тек ғылыми зерттеу жұмыстарында ғана емес, сарамандық жұмыстарда да кең қолданылады. Мысалы спорттық команданы, корабльдер экипажын жасақтағанда жанұядағы қарым-қатынастың жайын анықтағанда т.б. қолданылады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Социометриялық кестенің әр бағанының қосындысы нені көрсетеді?
Топтың көрсеткішінің нәтижесі топ мүшелерінің санына байланысты ма?
Социометриялық үш көрсеткіштің қосындысы неге тең?
Зерттеліп отырған топтағы бейтараптық көрсеткішіндегі айқын айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?
Социометриялық көрсеткіштің нәтижесінің студенттердің курсы жоғарылаған сайын өзгеруін күтесіз бе?
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Лекции по методике конкретных социальных исследовании (Под.ред.Г.М.Андреевой. М.:МГУ.1972. с.143-173.
2.Методы социальной психологии /Под.ред.Е.С.Кузьмина. Л.:ЛГУ,1977. с.61-132.
№2,3 лабороториялық сабақ.
Тақырыбы: Жуық сандармен жұмыс
Бағдарлама бөлімі: Ғылыми танымның методологиясы. Метрология. Математиканың ғылымдағы орны.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
1.Мына сандарды дөңгелектеңдер: 21,43; 128,72; 2,15; 8,387;
А) ондық бөлшекке дейін
Б) бүтінге дейін
В) ондыққ дейін
Ол үшін дөңгелектегенде жетпейтін, артық, түзетілген жағдайдағы ережені пайдалану керек. Әр жағдайда дөңгелектенген кейін мәнді санды көрсет.
2.Екі санды қосыңыз: 241,3 және 25,56
А) дәл есептегенде
Б) жуықтап есептегенде
Мұнда бірінші жағдайда дүрыс, екіншісі дұрыс емес. Оған көз жеткізу үшін, алып тасталатын сандарды «?» белгісімен ауыстырып қосу жүргіземіз.
241,3??
25, 56?
266, 8 ??
Көрсетілгендей «жүзден» бөліктегі сан белгісіз, ондық бөлшекке дейінгі сан жуық – күмәнді. (біріншіден үштің өзі де күмәнді сан, екіншіден оған іргелес алынып тасталатын сан 4 немесе 5 болуы да мүмкін).
3.Жуық сандарды қосудың ережесін тұжырымдаңдар, онда дөңгелектеу қандай принципке байланысты және қандай дөңгелектеу дәрежесінде жүргізілетінін көрсету керек. Осы ережемен қарастырылған мысалдан жуық сандарды қосудың ұтымды ережесі шығады: жуық сандарды қосқанда, алдын ала қосқандарды дөңгелектеп алу керек. Алынған мәліметтерді қосқанда қорытындысы ұтымды әдістегідей болатынын көреміз.
4.Жоғарыда берілген сандарды пайдаланып әуелі дәл сандармен, соңынан жуық сандармен азайтудың ережесін тұжырымдаңдар. Оларды қосудағыдай нәтижелерімен салыстырыңдар.
5. 24,3 және 1,5 сандарын көбейту.
А) дәл сандар деп
Б) жуық сандар деп
Бірінші жағдайдағы 36,45 нәтиже дұрыс, екінші жағдайда дұрыс емес. Бұған көз жеткізу үшін «?» белгісін қойып:
24,3?
1, 5?
????
1215?
243?
36,????
Сонымен, қосудағыдан мұнда өзгешелік күмәнді сан мұнда ондық бөлшекке дейін емес, бірлік сан болады. Жуық сандарды көбейтудің қандай дәрежеге дейін дөңгелектеуге болатынын тұжырымдап жазыңдар.
6.Шыққан ережеден жуық сандарды көбейтудің тиімді әдісін тұжырымдап ережесін жазыңыз.
7.Бесінші бөлімдегі берілген мәліметті пайдаланып немесе басқа кез келген мәліметпен бөлу жүргізіңіздер, мұнда да әуелі дәл мәнін сосын жуық мәндерін қарастырыңыздар. Жуық сандарды бөлудің ережесін және тиімділік жолын көрсетіп нәтижені көбейтудегі жағдаймен салыстырыңздар.
ТҮЙІН.
Жуық сандар мен математикалық есептеулер ережесі, дәл сандармен есептеуден өзгеше. Бір ережені екіншісімен алмастырғанда нәтижесінің сандық мәні дұрыс болмайды. Ол дұрыс нәтиже көрсетпейді, сондықтан дұрыс қорытынды жасау мүмкін болмайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Дәл сандарды дөңгелектеуге бола ма?
2.Егер алынып тасталатын сан жалғыз 5 болса, түзету арқылы дөңгелектеу ережесін қолдануға бола ма?
3.Егер жуық сан дәл санға бөлінетін болса және де бөлгіштегі мәнді сан бөлінгіштегіден аз болса қалай еткен дұрыс болады?
4.Жуық сандармен жұмыс істегенде электрондық калькуляторды пайдалуға бола ма, жауабынды негізде?
Әдебиеттер:
1.Деденко Л.Г., Керженцев В.В. математическая обработка и оформление результатов эксперимента. М., МГУ, 1977 100-103 б.
2.Фетисов В.А. Оценка точности измерений в курсе физики в средней школы М., Просвещение 1974 15-25 б
№4,5,6,7 лабороториялық сабақ.
Тақырыбы: Космостық метрология
Бағдарлама бөлімдері: Бүкіл әлем құрылысы. Күн жүйесі.
Теориялық бөлім
Жердің алшақ объектілерге дейінгі қашықтығы мен қозғалы жылдамдығын өлшеу түрлі қиындықтар туғызады. Біріншіден, өлшенетін шамалар өте үлкен мәнге ие жердегі мәндермен салыстырған кезде олар толық қамтыл,ан болып шығады. Мүмкін бұл шамаларғамыс жүйесінің мөлшерін қолданатын да шығар, бірақ бұл шамалар онда үлкен мәнге ие болады. Екіншіден, зерттелетін объектілермен тікелей қатынасорнатылмайтыедықтан, күрделі қосымша өлшеу методын жасау керек. Олар теориялық модельдер негізінде құрылған, бірақ оларды тәжірибе жүзінде тексеру қиын немесе тіпті мүмкін емес. Бұл алынған қорытындылардың интерпритациясын күрделендіреді және бүкіл әлем туралы ғылымның дамуын тежейді.
Бірақ та түрлі қиындықтарға қарамастан космостық метрология көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Соның ішінде зерттелетін объектілердің қашықтығы, қозғалу жылдамдығы, көлемі, химиялық құрамы, жасы, температурасы, тығыздығы т.б.
Жұмыс барысы:
1. А.б – космостық ұзындық мөлшерінің ұғымы. 1 а.б – бұл жерден күнге дейінгі орташа арақашықтық.
1 а.б ~ 150 млн км = 1,5*10 11 м
нақты мәні: 1,495985*10 11м
Былайша айтқанда, жердің күнге дейінгі арақашықтығы – 1а.б-ға тең, ал Күннен Нептунға дейін орташа түрде ~ 30 а.б.
2. Парсек космостық ұзындықтың бірлік ұғымы. Бір парсек дегеніміз (пс немесе пк) –ұзындықтың бұрыштық мөлшері. 1а.б-да 1 сек. тең космостық объектіге дейінгі арақашықтық. «Парсек» сөзі күрделі екі сөзден құралған «параллакс» және «секунда». Параллакс – бағытталу дегенді білдіреді.
Астрономияға парсектің енгізілуі космология мақсаттары үшін триангуляция әдісінің қолданылуына негіз болды. База ретінде мұнда 1а.б қолданылады. Парктикада жарты жылдық уақыты бар жұлдыздың 2 еселік бағыттаушы өлшенеді. Бұл уақыт аралығында жер өз орбитасының бір нүктесінен полярлы қарама-қарсы нүктеге ауысады, яғни 2а.б-ға.
1 пс-ң км-ға мәнін анықтап берілген ойларды жұлдыз паралаксының өлшеуі бойынша қағаз бетіне түсіріңіз.
Жауап: 1 пс~ 3,09*10 13 км (нақты түрде: 3,086*10 13 км)
Осылайша жұлдыздық объектілерге дейінгі L қашықтықты бүкіләлемде жоғарғы нақтылықпен есептейтін формула мынадай: L (nc) = ½ мұндағы L – бұрыштық секундта өрнектелген объект параллаксы. Практикада бұдан да ірі бірліктер қолданылады. Мысалы 1 кпс және 1 мпс. Оларды км-мен өрнектеңдер.
3. Жарық жылы – үшінші жалпы космостық бірлігі. Бір жарық жылы дегеніміз – жарықтың космостағы бір жер жылындағы жүріп өтетін қашықтығы. Космостағы жарық жылдамдығының вакуумдағы жарық жылдамдығынан айырмашылығы жоқтың қасы.
1 жарық жылын км-мен өрнектеңдер.
Жауап: ~ 9,44*10 12 км
Галактикааралық қашықтық бірлігі – 1 млн ж.ж. Мысалы біздің галактикадан Андромеда тұмандығына дейінгі қашықтық - 2,2 млн ж.ж.
2.Доплердің оптикалық эффектісіне негізделген космостық объектілердің жылдамдығын өлшеу методын меңгеріңдер.
ТҮЙІН.
Тәжірибелі космостық зерттеулерді жүргізу өмір талабы, оны шешу үшін космостық метрологияның әдістерін жетілдірумен ғана астрономиялық есептерді ойдағыдай шығаруға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қандай қашықтықтарды өлшеу үшін (немесе қандай космостық объектілерге дейін) а.б.-ті, парсекті қолданған тиімді?
2.Күнге ең жақын жұлдыз Проксима Центавраға дейінгі қашықтық, егер оның параллаксы 0,75 болса қаншаға тең?
3. 1 парсекпен 1 жарық жылының ара қатынасы қаншаға тең?
4.Берілген әдебиеттерді пайдаланып Доплер эффектісінің моделін көрсет.
Әдебиеттер:
1.Гинзбург В.А. Как устроена Вселенная и как она развивается во времени. М., Знание 1968 (серия «Физика, астрономия» №7) 28-36 б
2.Киттель Ч идр. Механика /Перевод с англ. М., Наука 1971, 344-350, 381-383 б
3.Новиков И.Д. Как взовалась Вселенная М., Наука 1988, 28-34, 169-175 б
№8,9 лабороториялық сабақ.
Тақырыбы:Жаратылыстық-ғылыми зерттеудің методологиясы.
Теория
Ғылым – обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы.
Ғылымның түпкілікті мақсаты қандай да бір нақтылықтың мәні туралы білу, яғни нақты білімге жету.
Ғылым ХVІІ-ғ-да Европада капиталистік қатынастар бекіген кезде қалыптасты. Бұған дейін антикалық заманнан біздің ХХІ ғасырға дейін қаншама даму жолдарынан өтседе-ғылыми зерттеудің тәсілдері (подход) көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Бұл тәсілді барынша жүйелі, жинақтаған түрде ағылшын философы және мемлекет қайраткері Фрэнсис Бэкон (1561-1626) тұжырымдады. Оны методологияның-танымның әдістері туралы ғылымның негізін қалаушы деуге болады.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Барлық қоғамдар да қылмысқа қарсы күрес басты әлеуметтік мәселе. Онымен күрестің нәтижелілігі – қылмыстың себебін ашумен тікелей байланысты. Бұл іспен айналысатын ғылымдар көп, соның ішінде бұл мәселеге жаратылыстық-ғылыми көзқарас беретін бағыт – қылмыстық құқықтық антропологиялық мектебі (АШУП). Ол Италияда 19 ғасырдың 70 жылдарында пайда болды. Оның негізін салған Турин қаласындағы соттық медициналық профессоры, антрополог – Чезаре Ломброзо (1835-1909) Өмірге адаммен бірге келетін қылмысқа икемдік – жағдай (положение) туралы пікірін ұсынды. Ломброзо мен оның пікірін жақтаушылар қылмысты алдын алу мен жасалған қылмыстың құқықтық жағын қарағанда бұл жағдайды есепке алуды ұсынды. АШУП-қызметкерлерінің бағалауына сәйкес, қылмыстың 40% осы негізге сәйкес келеді де, қалғаны кездейсоқ болады. Ломброзо теориясына сәйкес қылмысты жасауға себеп болған жағдайдың бірі – текке (генге) байланысты.
2. АШУП – қызметкерлері антропологиялық белгілеріне қарап туа біткен қылмыскерлердің үш тобын анықтаған: «кісі өлтірушілер», «ұрылар» және «зорлық жасаушылар». Мысалға бірінші топтағылардың көздері қанға толған «әйнек көзді», үлкен төмен иілген (бүркіттікіндей) мұрын, ұры тісі (клык), бет, жақ сүйектері дамыған. Үшінші типтегілердің – танауы қушық, бетінде жүндері сирек, маңдайы төмен, тереңде жатқандай болып көрінетін қысық көз, аузы, ерні, тілі үлкен.
3. Жоғарыда көрсетілген, жағдайларды ғылыми зерттеудің алғы шарты ретінде қарастырып, АШУП қызметкерлерінің тұжырымының ақиқаттығымен немесе жалғандығын дәлелдейтін зерттеу жұмысының жоспарын құрыңыз. (әртүрлі нұсқалар болуы керек).
«Неден бастау керек?», «қалай жалғастыру керек?» деген сұрақтарға жауап беру үшін, Ф.Бэкон кезінен бері өзгермей келе жатқан төмендегі методологиялық бағытты пайдаланыңыз. Оның негізгі бағыттары:
Мәселені ғылыми тұрғыдан қарау (усмотрение научной проблемы)
Шешілуге тиісті ғылыми міндетті анықтау:
Зерттеу обьектісін таңдау.
Зерттеу әдісін таңдау.
Тәжірибе жүргізіп, алғашқы нәтижелерді өңдеу.
Нәтиженің орындалғаны туралы қортынды.
Үлгі ретінде зерттеу жүргізуге ұсынылған кезеңдерді басшылыққа ала отырып, одан қортынды шығаруды жоспарлаңыз.
Талқылауға ұсынылған бір нұсқа төмендегідей.
Мәселені ғылыми тұрғыдан қарау:
Тұқым қуалау белгілері белгілі-бір жағдайда қылмыстық тәртіп бұзуға негіз бола ма?
Шешілуге тиісті ғылыми міндет:
Нақты ғылыми түрде қылмыскердің ішінде туғаннан биологиялық аномалиясы барлар басымдығын не жоқтығын дәлелдеу. Мұндай тұжырымның сандық мәнін көрсету. ЕСКЕРТУ: Бұл міндетті орындау Ломброзо болжамы шеңберінде немесе оған қатыссыз да орындауға болады. Бірінші жағдайда Ломброзо қарастырған қылмыскерлері мен оған сәйкес белгілердің жоғарыда көрсетілген типтерін ғана қарастыруға болады. Екінші жағдайда мұндай шектеулер ескерілмейді.
Зерттеу обьектісін таңдау:
Обьект ретінде үлгі немесе түпнұсқа пайдалануға болады. Бірінші жағдайда мысалға зертханадағы жануарлар. Бұл жағдайда зерттеу жұмысы жеңілдеп, нәтижесін алу тездейді, бірақ нәтижені интерпретация – түсіндіру қиындайды. Екінші жағдайда нағыз (заведых) қылмыскерді пайдалануға немесе әлеуметтік дұрыс адамдардың қылмысты адамдардың мінезін бейнелеуін (моделировать криминальные поведения) көрсетіп қарастыруға болады.
Зерттеу әдісін таңдау:
Көбіне тәжірибеге бірдей обьектілерді алғанның өзінде әдісті таңдау ең қиыны болады, өйткені мұндай ғылыми міндетті шешуге арналған әдістер өте көп түрлі.
Сонымен қатар, зерттеу обьектісін таңдау мен зерттеу әдісін таңдау бір-бірімен байланысты-шартты. Сіздердің зерттеулеріңізде мұндай арқатнас айқын көрінеді.
Бұл жағдайды негіздеңіз-дәлелдеңіз. Осы зерттеудегі бақылауларыңызбен ғылыми тәжірибелеріңіз (эксперимент) арасында таңдау жасаңыз.
Көбіне нәтижелі және сенімді болатын ғылыми тәжірибе екенін ескеріңіз. Бірақ барлық уақытта бірдей жүзеге асырыла бермейді. Сондықтан көбіне байқаумен шектелуге тура келеді.
Ғылыми тәжірибенің әдісін ұсынып, оның мақсатқа сәйкес келіп орындауға болатындығын негіздеңіз. Қаралған зерттеуге бақылау әдісін ұсыныңыз. Белгілі бір шешімге келу үшін алынған нәтижені қалай өңдеу керек?
Ойша дұрыс байымдау немесе «ойша тәжірибе жасау» арқылы нақты зерттеу жұмысын келесіде жүргіземіз.
Ғылыми методология мазмұны белгілі ғылыми міндетті жоспарлауға және ғылыми зерттеу жүргізуге, оны шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |