Ана тілі және әдебиетпен:
тіл лексикасы; ауызша және жазбаша
коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);
коммуникативті мәдениет.
Алгебрамен:
квадраттық
теңдеулер
мен
теңсіздіктер;
дәрежелік,
көрсеткіштік,
логаримфмдік,
тригонометриялық
функциялар;
негізгі
тригонометриялық формулалар.
Геометриямен:
кеңістіктегі векторлар; көпжақтар; денелердің көлемдері;
кеңістіктегі координаталар әдісі; кеңістіктегі симметрия
.
Химиямен:
Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі; молекула және
атом ұғымдары, атомдық-молекулалық ілім; изотоптар және атом ядросының
құрамы; массаның сақталу заңы; спектрлік анализ; химиялық элементтердің
радиоактивті изотоптарын алу; трансурандық элементтер.
Биологиямен:
мутагендік факторлар, иондаушы сәулелердің мутагендік
әрекеті; биосферадағы зат айналымы және энергияның түрленуі; рентген
сәулелерін қолдану; ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің тірі ағзалар
мен өсімдіктерге әсері.
Географиямен:
гидроэнергетикалық қорлар туралы мәліметтер және
оларды елдің әр түрлі өңірлерінде пайдалану; жергілікті және ауқымды
экологиялық проблемалар.
Информатикамен:
ақпараттық процестер; компьютердің аппараттық және
программалық құралдары; графиктік редактор және электрондық кестелер
көмегімен модельдеу; берілген тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;
«Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының
көмегімен ақпаратты іздеу және оны қарау.
Технологиямен:
материалдардың серпімділігі; металл кескіштің және басқа
құралдар мен тетіктер бөлшектерінің жылдамдығы мен қозғалысы.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарды бейімдеп оқыту
үшін оқу пәнiнiң жалпы мақсаттарын және оқушылардың қабiлеттiлiгiнен,
қызығушылығынан және кәсiптiк мүддесiнен туындайтын арнайы мақсатын
ескереді.
Қазiргi заманғы ғылыми дүниетаным тұрғысынан бейіндік-бағдарлы білім
беруде физикалық теориялардың негiзiн – Ньютон механикасы мен релятивтiк
механиканы,
молекулалық-кинетикалық
теория
мен
термодинамиканы,
электродинамика мен электрондық теорияны, толқындық, геометриялық және
63
кванттық оптиканы, кванттық механиканы, атом, атом ядросы, элементар
бөлшектер физикасын зерделеудi ескередi.
Физиканың теориялық мәндiлiгi мен практикалық бағытталуы көп
жағдайда зерттеушiлiк сипатта болып келетiн лабораториялық жұмыстар
жүйесiнде де көрiнiс табады.
Физиканы
зерделеуге
саналы
қатынас
шығармашылық
тұлғаның
қалыптасуына ықпал етеді, яғни бұл пән оқушылардың ой-өрісінің қарқынды
дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты,
әдемілікті, адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану
қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту олардың берік те
терең білімдерін, өз бетінше жұмыс істеу икемділіктерін жөне дағдыларын,
танымдық қызығушылығын, алдына қойылған мәселелерді шешуде бастама
көтеруін, мақсатқа ұмтылуын, табандылығын дамыту мен қалыптастыру -
мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Шығармашылық адамның белсенділігі
мен өз бетінше әрекет етуінің ең жоғарғы деңгейі.
Бейіндік-бағдарлы білім беруде жұмыстың креативті тәсілдеріне және
формасына ерекше орын бөлінеді, проблемалық мәселелерді талқылау арқылы
ұжымдық жұмыс жүргізу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа және
топта бірігіп және жеке жасайтын қызықты тапсырмаларға бағыттайтын
дамытушы
сипаттағы
шығармашылық
тапсырмаларды
орындау
және
практикалық есептерді шығару ұсынылады.
«Физика» пәні бойынша бейіндік-бағдарлы білім беру кезінде мұғалім
оқушылардың
өз
бетінше
танымдық
іс-әрекетін
көрсететін
оқыту
технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруына бағыт-
бағдар береді.
Оқушылардың оқу-іс-әрекетін басқару оқыту технологияларын іріктеуге
негізделген.
Іс-әрекеттік-компетенттік
тәсіл
аясында
оқу
процесін
ұйымдастыруда оқушылардың өз бетінше танымдық әрекетін көрсететін оқыту
технологияларын қолдану неғұрлым тиімді. Физиканы оқыту технологиялары:
білім
берудегі
маңыздылығы;
қолданбалылығы;
ұлттық-аймақтық
ерекшеліктерге сәйкестігі; жүйелілігі, тиімділігі; пәннің ерекшелігін ескеру;
оқушының жеке тұлғалық даму дәрежесіне сәйкестігі; оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкестігі сияқты критерийлер негізінде іріктеледі.
Осы критерийлерге сүйене келе, физиканы оқытуда: дидактикалық
бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, саралап деңгейлеп
оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, кіріктіре оқыту және т.б.
технологияларды қолдануға болады. Осы аталған технологияларды қолдануда
неғұрлым тиімдірегі интерактивті, проблемалық-іздену, коммуникативті
әдістер, ал өзін-өзі дамыту, белсенділік, оқушының зияттылығы, оның пәнге
деген қызығушылығы оқушылардың пәндік және түйінді компетенттіліктерін
қалыптастырады. Сондықтан оқыту технологияларын таңдауда алдымен
мұғалім мен оқушының қызметі ескерілуі керек.
Жоғары сыныптарда физика пәнінен бейіндік-бағдарлы білім берудің оқу
материалдарын игеру ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану
64
арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазіргі заманғы компьютерлік
технологиялар программалау, компьютерлік моделдеу, компьютерлік графика
және анимация, Web-дизайн салаларында зерттеушілік және шығармашылық
жұмыстарды орындауға үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Бейіндік-бағдарлы білім беру қазіргі сабақтарға белгілі бір талаптар
қойады. Сабақтың құрылымына қойылатын талаптарда сабақтың дидактикалық
және тәрбиелік мақсаты, білім жүйесіндегі оның мәнін дұрыс анықтау қажеттігі
туралы айтылады. Ол үшін:
1) сабақтың типін анықтап, оның құрылымын ойластырып және негіздеу
керек;
2) әрбір сабақты алдыңғы және келесі сабақтармен байланыстыру;
3) жаңа материалды оқытуың ыңғайлы әдістемелерін үйлесімін таңдап
алып қолдану;
4) оқушылардың білімін жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;
5) оқыған материалды кайталау және пысықтау;
6) әрбір сабақтың жалғасы жөне келесі сабаққа дайындық болатындай,
үйге
берілетін тапсырманың
көлемін анықтап, оның
жоспарға сәйкес
уақытында берілуі, түсінікті болуы және оқушылардың жеке мүмкіндігінің
ескерілуі, яғни үй тапсырмасы окушылардың дайындықтарына қарай қиындық
деңгейі бойынша дифференциалдануы қажет.
Оқушыларға бейіндік-бағдарлы білім беру физиканы оқыту процесінде
оқушыларды физиканың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорт пен
медицинадағы аса маңызды қолданыстармен таныстыруға, автоматика туралы
түсінік беруге, практикада кеңінен қолданылатын өлшеу приборларымен және
құрал-саймандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады [43].
Физика оқу пәнінің
оқушылардың
дүниеге
ғылыми көзқарасын
қалыптастыру үшін мүмкіндіктері зор. Физикалық теориялар мен заңдарды
оқып үйреніп, құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды ,
анықтау, нақты физикалық есептерді шешуге теориялық білімдерді қолдану
оқушылардың логикалық ойлауын, олардың танымдық қаблеттерін дамытуда
үлкен роль атқарады.
Физиканы бейіндік-бағдарлы білім беру барысында оқушылар дүниеге
ғылыми көзқарасты қалыптастыру процесінің мынадай негізгі элементтерін
қамтиды: оқып үйренетін физикалық құбылыстардың материялық табиғатын
ашу; құбылсыстар арасындағы байланыстарды тағайындау және оларды дұрыс
түсіндіру; оқып үйренетін физикалық заңдардың объективтік сипатын ашу;
оқушыларды табиғат заңдарын танып білу және оларды табиғатты қайта
өзгерту пайдалану үшін мүмкіндігіне көздерін жеткізу; табиғатты тану
процесінің диалектикалық сипатын ашу; физикадағы ғылыми жетістіктерді
көрсету.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық процестің өте шапшаң қарқынмен
дамуы жаратылыстану пәндеріне оның ішінде физика пәнінің мектепте
оқытылуына көп көңіл аудару-тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса
маңызды.
65
Жаратылыстану-математикалық бағытта физиканы оқыту оқушыларда
білімді, диалектикалы- материалистік дүниетанымды әрі қрай жалғастыруға
қажетті физика білімінің деңгейін қамтамасыз етуге тиісті.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын, Әлемнің бір- тұтас физикалық
көрінісін
дұрыс
қалыптастыру
үшін
оқу
материалы
диалектикалық
материализм тұрғысынан баяндалады:
а) дүниетанымдық және таным процесінің диалектикалық сипаты;
ә) әлемнің материялық біртұтастығы;
б) материя мен қозғалыстың ажырамайтыны;
в) физикалық құбылыстардың диалектикалық сипаты, себеп-салдарлық
байланыстың және физикалық заңдардың объективтілігі;
г) материялық әлемнің сарқылмастық қасиеті.
Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім
мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет
келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда
физикалық эксперементтің маңызы зор.
Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын,
шығармашылақ қабілетін арттыруға болады [43].
Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі
мүмкін емес. Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы
білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту, оқыту оның шығармашылық
қабілетінің дамуына әсер етеді. Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық
деңгейде игере алады, яғни шығармашалық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның
шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету
қажет. Сондықтан, ең алдымен оқушы даяр білімді мұғалімнің түсіндіруімен
алатын дәстүрлі оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі күнге мектепте
сабақтаға белсенді бірде-бір тұлға – оқу материалын түсіндіруші мұғалім, ал
оқушының рөлі тыңдаумен, оқумен және оны білімді тексеру кезінде қайта
айтып берумен шектеледі. Шығармашылық үрдістегі басты мәселе – есептің
шартынан оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік
арқылы
жеңу.
Толғандыратын
мәселе
(есеп,
зертханалық
жұмыс,
эксперементтік тапсырма, т.б.) оны толық билеп, күші мен назары соған ауады.
Адам басқа жұмыстармен шұғылданса да, оның сана түкпірінде осы мәселенің
шешімі қарастырылып жатады. Оның ұзақтығы шығармашылық қызметтің
тәжірибесіне байланысты. Бастапқыда оқушы есепті бір апта немесе одан да
көп уақытта шығаруы мүмкін. Ол оның сана түкпірінде жүреді. Ол есепті
міндетті түрде шығарады, тек ешкімнен көмек сұрамауы маңызды.
Шығармашылық қызметтен тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрынғыдан да
тез
шығарылатын
болады.
Шығармашылық
қабілеттерін
арттыруда
эксперименттік тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше. Экспериментті
жүргізудің
дидактикалық
құрылымы
төмендегідей
болуы
мүмкін:
демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық
практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер.
Мұғалімнің үйге эксперименттік тапсырмалар беруі сирек кездеседі.
Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы,
66
біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреуде (кітапты оқыту, есеп
шығару), екінші оқушының алдына тек қана өздігінен эксперементтік тәжірибе
жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.
Физикалық эксперименттік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше
қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық
(техникалық)
жағдайлар
ескеріледі.
Үйге
берілетін
эксперименттік
тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді
шешуге бағытталған:
тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
физикалық
шамаларды
өлшеу арқылы физикалық
заңдар мен
заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;
физикалық
процестерді тұрмыстық
техника көмегімен басқару
мүмкіндігін түсіндіі (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр –
дыбыс реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы
міндетін анықтау);
тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу
және есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының
қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы
анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер
олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);
техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май
қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп,
құбылысты түсіндіру керек).
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру
процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез
игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет.
Үйде оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы
дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және
тереңдетуге көмектеседі.
Үйге
берілген бақылаулар мен тәжірибелердідің қорытындылары,
есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың
үй
жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады.
Үй жұмысының
қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және
қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе,
нақтылық
және
реттілік
қалыптасады.
Үйдегі
тәжірибелерді
және
бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата
білуге үйретеді.
Эксперименттік
есептерді
шешу
тәсілдері
оларды
шешудегі
эксперементтік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін
барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау
қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде
алынса, онда эксперементті қою және өлшеу лер жүргізу маңызды.
67
Есеп түріндегі эксперементтік тапсырмаларды шешу және жазу келесі
элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер
жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.
Жоғарыдағыдай, үй тәжірибелерін орындау оқушылардың теориялық
білімдерін күнделікті өмірмен логикалық түрде байланыстырады.
Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің
қолданылу аясын кеңейтеді. Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын
арттырады. Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы
табандылыққа
үйретеді. Эксперементтік есептердің
бағалы жері
–
ол
оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.
Екіншіден тіпті оңай деген эксперементтік тапсырманың өзі зерттеушілік
қабілеті бар оқушыларды табуға жағдай жасайды.
«Физика» оқу пәнінің бағдарлы деңгейі – белгілі бір бағыт пен оқу
бағдарын таңдап алған оқушылардың игеруі міндетті болып табылатын деңгей.
Мазмұнның бағдарлы деңгейі жаратылыстану-математикалық бағыттағы әр
түрлі бағдарлар аясындағы оқушылардың
физикадан жалпыбілімдік
дайындығын кеңейтуді және тереңдетуді қамтамасыз етеді. «Физика» оқу
пәнінің бағдарлы деңгейі таңдап алынған бағыт пен мамандану саласындағы
білім берудің келесі деңгейімен (орта және жоғары кәсіби) сабақтастықты
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |