Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Ақпараттық-технологиялық 
құзіреттілік:
электронды 
білім
ресурстарының көмегімен қажетті ақпаратты өздігінен іздеу және талдау
арқылы қазіргі өзгермелі қоғамға бейімделеу шеберлігін болжайды.
Коммуникативтік құзіреттілік:
оқушылардың білімі және сезімдік
тәжірибесіне негізделген, қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларына бейімделу
шеберлігін, әр түрлі әлеуметтік топтарда адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін
меңгеруін қамтамасыз ететін, туған тілді және басқа тілдерді білу, мемлекеттік
тіл ретінде қазақ тілінде тілдесу дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өзін
көрсете білу және қарым-қатынастың негізгі міндеттерін жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді.


69
Әлеуметтік
құзіреттілік:
белсенді 
азаматтық-қоғамдық
қызмет,
экономикалық және саяси қоғамдық қарым-қатынастар туралы білім мен
тәжірибені игеруді білдіреді; нақты әлеуметтік-қоғамдық ахуалды саралай білуі
мен әр түрлі өмірлік жағдайларда, еңбек нарығы жағдайларында жеке және
қоғамдық пайдаға сәйкес әрекет етуін көздейді; өзіндік кәсіби мүмкіндіктерін
бағалай білу.
Азаматтық құзіреттілік:
азаматтық, қоғамдық қызмет саласында дамуды
көздейді.
Тұлғалық құзіреттілік:
дене бітімдік, рухани және интеллектуалдық
дамуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктері мен жеке мүддесі
үшін іс-әрекет
тәсілдерін игеруді білдіреді, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, өз
денсаулығына қамқорлықпен қарауды, болашақты шынайы жоспарлауда өз
мүмкіндігінің арасалмағын білуін және өзінің қадір-қасиетін сезіне отырып
қызметін ұйымдастыруын, өз ісі мен өміріне жауапкершілікпен қарауын
көздейді.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 
география 
курсын
оқу
барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

қазақ
тілімен

географиялық
терминдермен,
ұғымдармен,
номенклатурамен сөздік қорды байыту;

орыс тілімен
: географиялық ұғымдар арқылы сөздік қорды толықтыру;

тарихпен
: тарихи алғышарттар және дүниежүзілік шаруашылықтың
даму кезеңдері, қалалардың дамуы мен өсуінің алғышарттары – қолөнері және
сауданың пайда болуы мен дамуы;

биологиямен
: органикалық жолмен түзілген пайдалы қазбалардың
жасалу жағдайлары; өсімдіктердің химия өнеркәсібінде, фармакологияда
қолданылуы; Дүниежүзілік мұхит тірі организмдерінің маңызы; әр түрлі
табиғат ландшафтарында бірлестіктердің қалыптасуы;

химиямен
: пайдалы қазбаларды, қара және түсті металлургия, химия
өнеркәсібін, мұнай және орман химиясы өнеркәсібін оқу барысында пәннен
алынған білімді пайдалану;

физикамен
: табиғаттағы физикалық құбылыстарды; отын-энергетика
кешенін (электр стансалары, энергияның балама көздері) тақырыптарын оқу
барысында;

информатикамен
: шығармашылық жұмыстар орындау, презентация;

математикамен
: практикалық жұмыстар орындау – сызбанұсқалар,
диаграммалар сызу, статистикалық материалдарды өңдеу.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 
география 
курсында
дүниежүзінің
физикалық
та, экономикалық
та географиясы тереңдетіп
оқытылып, физикалық
және экономикалық-географиялық
нысандардың
қалыптасуы мен орналасуының заңдылықтары және факторларына ерекше
көңіл бөлінеді.
География курсының мазмұндық-әдістемелік бағыты келесі ғылымдар
тобынан тұрады: жаратылыстану-география ғылымына табиғат дамуының
заңдылықтарын зерттейтін физикалық география, қоғам мен экономиканың


70
даму заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтік-экономикалық география және
оның құрамдас бөліктері (халықтар мен елді мекендер географиясы, саяси
география,
өндіріс географиясы, ауылшаруашылық
географиясы, көлік
географиясы). Бұл екі топтың өзара байланысы 11-сыныпта оқылады.
12-сыныпта барлық география курсын қайталау мақсатында геоэкология,
геосаясат, ғаламдық проблемалар, климаттың ғаламдық өзгерісі, экономиканың
тұрақты даму сұрақтары, адам дамуы әлеуетінің көрсеткіштері, сонымен қатар
ғылымдардың келесі тобы: экономикалық өлкетану, елтану, медициналық
география, агроэкология т.б. оқытылады. Олар өзіне қатысты жаратылыстану
және қоғамдық география ғылымдарынан алынатын материалдарды біріктіреді,
сонымен
қатар 
көршілес
ғылымдардың 
(тарихтың,
этнографияның,
медицинаның) деректерін қамтиды және оқушылардың болашақ мамандығын
таңдауына маңызыды рөл атқарады.
Оқуға ұсынылатын бөлімдер негізгі мектепте оқылған география курсын
жалғасы және дамыту болып табылады, сонымен бірге тақырыптарды
тереңдету, қорытындылау жүргізіледі, оларды ғаламдық және ғаламшарлық
масштабта қарастыру көзделген. Оқушылар толық және кеңейтілген білім
алады, бұл дүниетанымдық ұғымды және ой-өрістің неғұрлым кең дамытады,
болашақ мамандықты дұрыс таңдауына көмектеседі. 11-12-сыныптардағы
«География» курсының мазмұнындағы жаңа бейінді бөлімдер оқушының
болашақ өмірінде, мамандыққа оқу барысында қажетті болатын сұрақтарды
неғұрлым терең оқуға мүмкіндік тудырады. Жоғары бейінді сыныптарда жүйелі
талдау әдісі өте тиімді, оның негізін келесі принциптер құрайды:
– талдамалы бағыт: әдебиетті оқу, әсер етуші факторларды анықтау,
проблемаларды және оларды шешу жолдарын оқу, зерттеулер және
практикалық жұмыстар жасау;
– мақсатты, проблемаларды сонымен қатар нәтижелерді саналы түрде
түсіну принципі;
– ақпаратты құрылымдау және оларды өмірге қажетті білімге айналдыру;
– интеллектуалды-зерттеушілік белсенділікті дамыту;
– инновациялық және интерактивтік әдістердің үйлесуі;
– қысқа уақытта неғұрлым үлкен материалды қабылдау.
Географияда ландшафт кешен ретінде, экономикалық аудан кешен ретінде
сияқты әр түрлі ұғымдарды белгілеу үшін кеңінен қолданылатын «кешен» (С.В.
Колесник бойынша) терминін неғұрлым терең түсінуді қалыптастыру [45].
Табиғат пен қоғамдағы өзгерістердің түрлерін оқып-білуге тиісті кеңістіктік
жүйені түсіну мен қолдану қажеттілігі туындайды, мысалы экономикалық
география, нақты жағдайда, нақты аумақта өндірістің дамытылуын және
орналастырылуын оқып, зерттейді, яғни ол белгілі бір географиялық орта,
белгілі ландшафтар жағдайында, табиғат жағдайларының
бұл даму мен
орналастырылудың ерекшеліктеріне тигізетін әсерін, табиғат ресурстарын
қоғам мүддесіне пайдаланудың жолдары мен бағыттарын зерттейді. Физикалық
география Жердің ландшафтық қабығын адамзат қоғамының тәжірибелік
мүддесі үшін, табиғат ресурстарын материалдық өндіріске тарту үшін
зерттейтіні жайындағы
ұғымды
қалыптастыру
өте маңызды. Мектеп


71
оқушылары физикалық география экономикалық географияның өндірістің
дамуы мен орналасуы туралы, оның табиғат ресурстарын қажетсінуі туралы
деректерінсіз қызмет ете алмайтындығын білулері керек.
Оқулық мәтінін қолдану, әртүрлі карталарды, білім алудың басқа да
негіздерін талдау, табиғат ресурстарын, халықты, өндірісті (өндірістің жетекші
салаларын,
өндірістің
негізгі 
аудандары 
мен 
орталықтарын), 
ауыл
шаруашылығын және ауыл шаруашылықты аудандарды, әлем елдері және әр
түрлі аймақтарда көлік кешенінің орналасу факторларын анықтау барысында,
ірі қалалардың, қалалық агломерациялардың және ғаламшар мегалополистерін
қалыптастыру
факторларын түсіндіру барысында оқушылардың
оқу
дағдылары мен біліктіліктерін одан әрі дамыту қажет.
География 
сабақтары 
оқулықтың
мазмұнын 
ескере 
отырып
құрастырылатындықтан, оны негізгі материал деп санау орынды, болашақта
оған тақырыптар бойынша мұғалім және оқушылардың біртіндеп жинақтаған
қосымша оқу материалдары қосылады. Бұл 11-12-сыныптардағы географияны
оқу әрекетінің маңызды түрі болып саналады.
Географияны бейінді деңгейде оқыту географияның жалпы білім беру
және мәдениеттану әлеуетін максималды түрде қолдануға мүмкіндік береді
және мектеп бітірушілерге шұғыл өзгеріске ұшырап отырған қоршаған ортада
өз орнын табуға, қоғам өмірінің әр түрлі салаларындағы географияның орны
мен 
рөлін 
түсінуге 
көмектеседі, 
метеорологиялық,
геологиялық,
гидрологиялық, ландшафтық, геоэкономикалық, геоэкологиялық салаларды
модельдеу және болжау құзіреттілігіне ие болуға мүмкіндік береді. Оқытудың
бейініне қарай өзіне тән ерекшеліктері бар география сабақтары, таңдау және
факультативті курстармен толықтырылады. Олар оқушылардың танымын
болашақта қажетті болатын аспектілер бойынша тереңдетеді.
Бейіндік деңгейде оқушы қазіргі заманды суреттеу және талдау, әр түрлі
елдерді және аймақтарды сипаттау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік
маңызы бар географиялық есептерді шығару үшін география ғылымының
негізгі жағдайларын қолдана алуы тиіс. Оқу жұмысында пәндік әдістердің
келесі түрлерін қолдануға болады: тақырыптық карталарды, статистика
материалдарын талдау, тақырыптық карталар және кестелердегі ақпараттарды
мәтінге кіріктіру, карталар құрастыру және оларды түсіндіру, типтік кестелер
құрастыру және оларды жіктеу, мәтінді кешенді талдау, ауызша және жазбаша
хабарламалар, эссе дайындау, мерзімді баспасөз, ғаламтор-ресурстарының
материалдарын, өз тәжірибесін қолдана отырып мәтіннің жоспарын құрастыру.
Оқушыларға зерттелетін нысанды, оны сипаттау жолын таңдауға, ағымдағы
және қорытынды жұмыстың түрлері мен формаларын өзгертуге, қорытынды
жұмысты көпшілік алдында көрсетуге ерік беріледі. Алынған білім мен
біліктілікті тәжірибелік іс-әрекетте және күнделікті өмірде қолдана білу өте
маңызды. Бейінді оқыту тұлғалық-бағдарлы оқытуды жүзеге асыруға
бағытталған, олар оқушының жеке білім алу кеңістігін құруына мүмкіндік
тудырады.
География 
сабақтарында 
зерттеушілік
әрекетті 
шағын-зерттеулер,
шығармашылық жобалар жасау, оқу мазмұнының нақты сурақтары және болып


72
жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық өзгерістер бойынша топта жұмыс істеу
түрінде
ұйымдастыруға 
болады. Проблемалық
есептер 
шығару, 
оқу
диалогтарын, аймақтық және ғаламдық сипаттағы сұрақтар бойынша, әлем
экономикасының, Қазақстан және оның аумақтары экономикасының тұрақты
дамуы туралы семинарлар ұйымдастыру мүмкіндігі бар [46].
Ізденушілік, зерттеушілік әрекет оқушылардың өз күшіне сенімін түсінуе
және арттыруға көмектеседі, өйткені өз бетінше жұмыс істеудің басты
мақсатының бірі – оны қоршаған ортадағы шындықтың әр түрде көрініс табуын
бағалау және көзқарасты қалыптастыру. Сол себепті, ізденушілік және
зерттеушілік әрекет географиялық білімді күнделікті өмірде қолдану шеберлігін
қалыптастырады, яғни құзіреттілікті тәжірибеде көрсетуге мүмкіндік тудырады.
Сонымен, дайын шешімі жоқ міндетті түрде орындалуы тиіс тапсырмаларды
орындау барысында, стандарттық минимумға сәйкес, оқушылардың базалық
деңгейден біртіндеп жоғары қарай шығармашылық деңгейге дейін жылжуы, 11-
12-сыныптарда география бойынша бейінді оқу
әрекетін анықтаушы
мақсаттарының бірі болып саналады. Бұған ойлау әрекетін белсендіру арқылы,
талдау және жинақтау, салыстыру және қорытындылау, болжау, модельдеу,
шығармашылық
жұмыстарды 
орындау 
сияқты
үдерістің
нәтижесінде
әдістемелік тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Жазбаша
және ауызша, пәндік және әдеби тілді дамыту, сұрақтар, тезистер, графиктер
құрастыру шеберлігі маңызды міндет болып табылады, сондай-ақ сабақты
тыңдау және пәндік-маңызды әңгімелерді қолдау дағдысы – коммуникативтік
дағдының қатарына жатады.
Оқуда құзіреттілік ықпал арқылы бұрыннан белгілі кейбір әдістер
маңыздылыққа ие болады, мысалы, оқушы тұлғасының шығармашылық
қызметінің әртүрлі түрлерін қамтитын оқытудың проблемалық әдісі, білім мен
біліктілікті өздігінен жаңа жағдайға жеткізе алады. Сонымен қатар, оған келесі
жағдайларды қосуға болады: таныс жағдайлардан жаңа проблемаларды көру;
таныс нысанның
жаңа функциясын көру;
нысанның
компоненттерін,
құрылымын көре білу шеберлігі; балама әдістерді және оларды шешу
жолдарын көре білу шеберлігі; проблемаларды шешудің
бұрыннан белгілі
және жаңа тәсілдерін қиыстыру шеберлігі; сұрақты шешудің қызықты
тәсілдерін жасау шеберлігі; ғылыми және кең көлемде ойлау шеберлігі;
алынған білімді қызметте қолдана білу шеберлігі; өз тәжірибесін жинақтау,
талдау және көрсете білу [33, 34].
Бейінді сыныптарда сабақтар, практикалық жұмыстар өткізу барысында
географияны оқытудың проблемалық әдісі пайдалы және тиімді. Проблема –
бұл әрдайым кедергі. Кедергіден өту – бұл қозғалыс, дамудың айнымас серігі.
Сабақтарда проблемалық
тапсырмаларды
қолдану тұлғаның
тапқырлық,
аңғарғыштық, ерекше шешім қабылдау қабілеттілігі, ақыл орамдылығы,
шапшаңдық,
ақпараттық
және
коммуникативтік мәдениеттілік сияқты
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет