77
оқып
үйренген көмірсутектерді, олардың
оттекті
және азотты
қосылыстарының химиялық құрылысын, қасиеттерін, табиғатта кездесуін және
практикалық маңызын білу;
органикалық
заттардың қасиеттерін және олардың
генетикалық
байланысын, алыну жолдарының химиялық реакция теңдеулерін құрастыру
;
органикалық заттардың қатысатын негізгі реакция типтерін (орынбасу,
қосылу, изомерлену), мономер, полимер, құрылымдық буын, полимерлену
дәрежесі, полимерлердің сызықтық және кеңістіктік құрылымын білу
;
органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру және
оларды халықаралық және тривиальді номенклатура бойынша атау
;
органикалық заттардың көптүрлілігінің себептерін, органикалық және
бейорганикалық
қосылыстардың өзара байланысын, заттардың құрамы,
құрылысы, қасиеттері және практика жүзінде қолданылуы арасындағы себеп-
салдар байланысын түсіндіру
;
органикалық заттармен қарапайым тәжірибелер жүргізу, қосылыстарды
және полимерлерді белгілері бойынша танып білу
;
химиялық
формулалар
және
теңдеулер
бойынша
органикалық
заттардың қатысуымен жүретін реакцияларға есептер шығару
;
қоршаған ортаның ластануының адам организміне және басқа тірі
ағзаларға әсерін бағалау
;
химиялық ақпараттарды түрлі ақпарат көздерінен (ғылыми-көпшілік
басылым,
компьютерлік деректер көзі, ғаламтор ресурстарынан) өз бетінше
іздеу
.
Сонымен
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
жаратылыстану
пәндерінің мазмұнын анықтау кезiнде [12]:
курс оқу материалының iргелi теориялар айналасына генерализациялау
негiзiнде құрылуы;
әрбiр
теорияға
келесi
бiлiм
компоненттерiнiң:
деректердiң,
объектiлердiң, модельдердiң, ұғымдардың, шамалардың, жалпы
және дербес
заңдардың, динамикалық және статистикалық түсiнiктердiң енуі;
жаратылыстану пәндерін оқыту кезiнде теориялық және эксперименттiк
ғылыми әдiстердiң пайдаланылуы;
оқыту үдерісінде педагогикалық мақсатта ғылымдағы теориялық
қорытындылау генезисiн келесi циклдiк спираль бойынша: деректер–модель–
салдарлар–салдарларды эксперименттiк тексеру–жаңа деректер бойынша
жүргiзу орындылығы. Бұл шығармашылық қабiлеттiлiктiң тиiмдi дамуына,
ойлау логикасының қалыптасуына ықпал етеді;
жаратылыстану пәндерінің мазмұнына
және оқыту құралы ретiнде
көрсетiлiмдiк тәжiрибелердiң, зертханалық жұмыстардың, бақылаулардың
енгiзiлуi;
жаратылыстану пәндерінің
ажырамас
құрамды
бөлiгi ретiнде
экологиялық проблемаларды және оларды шешу жолдарын қарастыратын
материалдың енгiзiлуi ескерiлуi тиiс.