Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


Бейіндік-бағдарлы оқытуды жүзеге асырудағы



Pdf көрінісі
бет32/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
2.3
Бейіндік-бағдарлы оқытуды жүзеге асырудағы
қолданбалы
курстарды өткізу және ұйымдастыру
Сабақтастық ұстанымына сай жоғары мектепте білім алудың негіздемесі
болатын белгілі білім мен дағдыны оқушы мектептегі оқу үдерісінен алады.
Олай болса, орта мектеп бітірушінің берік білімі болмаса, онда ол жоғары оқу
орындарында білімді меңгеруге дайын емес болғаны, яғни оқушының жоғары
мектеп талаптарына бейімделуі қиындайды. Мұндай жағдайда, көптеген мектеп
бітірушілердің жоғары оқу орындарында оқуға дайындықтары төмен болған
кезде, пәнді оқытуда орта мектеп пен жоғары мектеп бағдарламаларында
мазмұн сабақтастығына көңіл бөлу керек.
Бейіндік-бағдарлы оқыту жоспарының вариативті бөлігі мемлекеттік
жалпыға міндетті орта білім стандарты аясынан тыс оқу бағдарламаларын
жасауға және жүзеге асыруға бағытталған. Оқыту бағдарына тәуелсіз, бейіндік
пәндерге және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген
оқушыларға мектеп қолданбалы және таңдау курстарын оқуға мүмкіндік туғызу
арқылы пәнді зерделеуге бөлінетін сағат сандарын ұлғайта алады.
Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты жоғары сынып оқушыларының
кәсіптік бейімділігіне,
қызығушылығына, таңдауына
қарай жоғары оқу
орындарымен байланыс жасап, терең білім беру болғандықтан, пәндерді
тереңдетіп және кеңейтіп оқыту үшін вариативтік компонент есебінен арнайы
пәндер бойынша сабақтан тыс бағдарлы курстар, факультативті сабақтар және
үйірмелер, қолданбалы курстарды ұйымдастырып өткізген жөн [11, 47].
Қолданбалы курстар – әрбір нақты бейінді оқытудың мамандануын
анықтайтын 
жоғары 
деңгейдегі 
және 
оқушылардың
білім 
беру
компоненттерінен таңдайтын міндетті курстары [47]. Олар бейіндік пәндердің
мазмұнын толықтырып, тереңдете түседі; қосымша дайындықты қамтамасыз
ете отырып, базалық мазмұнды дамытады; білім саласындағы танымдық
қызығушылықтарын қанағаттандыруға ықпал етеді.
Қолданбалы курстар төмендегідей мақсаттарды көздейді [47]:

қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу;

болашақ мамандықтың ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі
іс-әрекеттерді орындау барысында осы мамандық иесі ретінде өзіндік
сыналуына жағдай туғызу;

оқушының шығармашылық, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру;

бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру;

оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында
келешекке қажет білік пен дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасау;

оқушының білімге деген құштарлығын жоғары дәрежеде дәйектеу
мақсатында бала бойындағы қызығушылықты, шығармашылық шабытты
жандандыру.
Қолданбалы курстар вариативтік компоненті есебінен жүзеге асырылады
және олар бірнеше функцияны атқаруы мүмкін:

бағдарлы курстардың мазмұнын толықтыруы;


79

таңдап алған бағдар аясынан тыс оқушылардың әртүрлі танымдық
мүдделерін қанағаттандыруы.
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік пәндерді оқытудағы
жаңашылдық ретінде көптілдікпен оқыту курсын енгізуге болады. Оқушылар
математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық терминдерді ағылшын,
қазақ және орыс тілдерінде оқып біледі. Бұл курс болашақта сауатты
түлектерді,
физика-математикалық, 
химия-биологиялық
факультеттердің
болашақ студенттерін шетелдерде оқуға даярлауға мүмкіндік береді.
Мысал ретінде, математика және физика пәндері бойынша қолданбалы
курстарды және олардың ерекшеліктерін ұсынамыз.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы сыныптарда математиканы
оқыту оқушыларға математиканы белгiлi бiр деңгейде меңгеруiн талап ететiн
кез келген оқу орындарында таңдаған мамандықтары бойынша бiлiмдерiн
жалғастыруға қажеттi мүмкiндiктермен қамтамасыз етуi қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математикадан қолданбалы
курсты оқыту барысында мазмұнды есептерді шығару математикалық білімді
өмірімен ұштастыруға, алған білімін еңбекпен байланысты іс-әрекеттермен
қолдана
білуге көмектеседі. Есептердің
мазмұнында теориялық
немесе
практикалық маңызы бар сұрақ туатын қандай да бір болмасын жағдаят
баяндалады. Осы тұрғыда кәсіптік мазмұнды математикалық
есептерді
қарастыру, оларды шығарудың әдіс-тәсілдерін
үйрету, есеп шығару
дағдыларын
қалыптастыру
қажет. 
Есеп 
шығару 
барысында 
кәсіптік
ұғымдардың мағынасы ашылып, нақтыланады, оның ескерілмей жатқан жаңа
бір қырлары байқалады. Мұндай есептерді пайдалануда есептің мазмұнына,
алынған жауабына мұғалімнің берген түсініктемесі оқушының кәсіптік,
өмірлік, практикалық ойлауын
қалыптастырудың
негізгі
құралы болып
табылады.
Жоғарғы сыныптарда математиканы оқыту кезінде мектептің
оқу
жоспарына таңдалған бағдарға сәйкес мынадай
қолданбалы курстарды
ұйымдастырып өткізуге болады: «Бизнес және математика», «Экономикадағы
математикалық 
әдiстер», 
«Математикалық
процестердi 
моделдеу»,
«Қолданбалы математика»,
«Сандар теориясы»,
«Олимпиада есептерін
шығару», «Математикадан стандартты емес есептерді шешу», «Геометрияның
таңдамалы теоремалары», «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық
статистика элементтері», «Жоғары математикаға бастама» және т.б. Бұл
курстар оқушыларды алған білімдерін практикада пайдалануға үйретеді және
мамандық таңдауға бағыттайды. Сонымен қатар, бұл курстарда жоғары
математика курстарының кейбір тақырыптары оқытылады және қиындығы
жоғары есептерді, логикалық есептерді және әртүрлі деңгейдегі олимпиада
есептерін шығаруға үйретеді. Аталған курстардың барлығы дерлік жоғарғы оқу
орындарындағы жүргізілетін математика курсы мазмұнымен
ұштастыра
отырылып жүргізіледі. Бұл курстарда жоғары математика және қолданбалы
математика курсының алғашқы ұғымдарымен және осы білімдердің өмірде
қолдану аясымен танысады.


80
Жаратылыстану-математикалық
бағыты бойынша оқитын
оқушылар
келешекте жоғары оқу орнына барғанда алғашқы курста міндетті түрде
«Сызықтық және жоғары алгебра» және «Аналитикалық геометрия» пәндерін
немесе «Жоғары математика» пәнін өтеді. Сондықтан, жаратылыстану-
математикалық бағытында математикадан 11-12 сыныптарға арналған «Жоғары
математикаға бастама» қолданбалы курсын ұйымдастырып өткізудің орны
ерекше. Өйткені, мектепте оқылатын білім негіздерінің бастысы – математика.
Оқушылар меңгеретін математикалық білімнің ерекшеліктері мыналар:
– математиканы оқып-үйрену мен қолданудың үздіксіздігі;
– математикалық білім барлық мамандықтар үшін бірдей тең құндылығы
болып табылады.
«Жоғары математикаға бастама» курсының мазмұны жалпы білім беретін
мектеп бағдарламасына сүйеніп
құралған. Бұл курс жоғары математиканы
оқып-үйренудің бастамасы болып табылады, онда мектеп бағдарламасы мен
жоғары оқу орындарындағы математика мазмұнының арасындағы байланысты,
сабақтастықты көрсету мақсаты көзделген.
«Жоғары математикаға бастама» курсы «Сызықтық
алгебра және
аналитикалық геометрия элементтері», «Шектер теориясы», «Бір айнымалы
функцияның дифференциалық есептелуі», «Анықталмаған және анықталған
интегралдар», «Дифференциалдық теңдеулер», «Ықтималдықтар теориясы мен
статистика элементтері» бөлімдерінен тұрады.
«Жоғары математикаға бастама» курсы жалпы орта білім беру деңгейі мен
жоғары оқу орнының білім мазмұндарына сүйеніп құрастырылып, жоғары
математиканы оқып-үйренудің бастамасы болып табылады, онда мектеп
бағдарламасы мен жоғары оқу орындарындағы математика мазмұнының
арасындағы байланысты, сабақтастықты көрсету мақсаты көзделген. Сөйтіп,
мектеп қабырғасынан олардың математикаға тереңдетіп оқыту, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығы мен құштарлығын оятады, ғылымның қай
саласында болмасын математиканың алатын орны мен атқаратын ролін жете
түсінеді.
Жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық бағытында бұл
курстарды оқытуды сол мектеп орналасқан қаладағы жоғары оқу орындарымен
тығыз байланыста жүргізу өз кезегінде оқытудың тиімділігін арттыруға үлкен
септігін тигізеді. Бұл ретте жоғары оқу орындарының мұғалімдерін сабақтан
тыс жүргізілетін арнайы курстарды жүргізуге тарту, жоғарғы сынып
оқушыларын 
жоғарғы 
оқу 
орындарындағы 
математика 
курстарының
дәрістеріне қатыстыру, студенттермен кездесулер және математика курстарына
қатысты дөңгелек үстелдер ұйымдастыру сияқты іс-шаралар тиісті дәрежеде өз
нәтижесін берері сөзсіз.
Физикадан бағдарлы сараланған білім беруде оқушылардың таңдауы
бойынша қатысатын қолданбалы курстарды ұйымдастырудың үлкен мәні бар.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика пәнінен қолданбалы
курстар физика-математикалық бағдардың құрамына енетін және оқушылардың
таңдауы бойынша қатысатын міндетті курстар болып табылады [47].


81
Физика пәнінен қосымша келесі оқу бағдарламалары ұсынылады: «Физика
және техника», «Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер
көмегімен 
шешу», 
«Ғарыш 
физикасы», 
«Физика 
және 
экология»,
«Радиотехника және электроника негіздері», «Биофизика», «Физика және
Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу
технологиясы», «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері»,
«Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.
Жалпы алғанда физикадан бағдарлы сараланған білім беруде қолданбалы
курстардың шамамен келесі түрлерін ұсынуға болады:
Пәндік қолданбалы курс,
оның міндеті –
типтік оқу жоспарының
инварианттық компоненттегі «Физика» оқу пәні бойынша білімді кеңейту және
тереңдету және оны бірнеше топқа бөлуге болады:
1) пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған көтеріңкі деңгейдегі қолданбалы
курс, ол оқу пәнімен тақырыптық та, уақытыдаа да келісімді бола алады. Бұл
жағдайдағы толықтырылған бағдарлы курс физиканы тереңдетіп оқытатын
арнайы мектептің (сыныптың) бағдарламасымен сәйкес келеді;
2) курстың жеке бөлімдері тереңдетіп оқытылатын арнайы курстар.
Мұндай курстарға «Механика», «Заттың құрылысы мен
қасиеттері»,
«Термодинамика», «Оптика», «Салыстырмалылықтың
арнайы теориясы»,
«Атом және атом ядросының физикасы» және т.б. жатуы мүмкін.
3) оқу
бағдарламасына кірмейтін негізгі курстың
жеке бөлімдері
тереңдетіліп оқылатын арнайы қолданбалы курстар. Мұндай курстар ретінде
«Гидро-аэродинамика», «Максвелл теңдеулері», «Плазма физикасы» және т.б.
болуы мүмкін.
4) оқушыларға білімді тәжірибеде қолдана алудың маңызды жолдарымен
және әдістерімен таныстыру, оқушылардың қазіргі заманғы техника мен
өндіріске қызығушылығын дамыту мақсатындағы қолданбалы курстар. Мұндай
курстарға «Физика және техника», «Физика және компьютер», «Физика және
қоршаған орта», «Электр техникасы мен радиотехника».
5) табиғатты танып білу әдістерін зерделеуге арналған қолданбалы курс.
Мұндай курстардың
мысалдары ретінде «Физика
ғылымындағы іргелі
эксперименттер», «Физика-техникалық зерттеулердің әдістері», «Физика –
техникалық модельдеу» және т.б. жатқызуға болады.
6) физика және астрономия тарихын зерделеуге арналған курстар,
физикалық эксперимент негізінде есептер шығаруға арналған қолданбалы
курстар.
Пәнаралық қолданбалы курстар, олардың міндеті – оқушылардың табиғат
пен қоғам туралы білімдерін кіріктіру. Мұндай курстарға «Ғарыш физикасы»,
«Астрофизика элементтері», «Биохимиялық физика» және т.б. жатқызуға
болады.
Оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын қолданбалы курстар, мысалы,
«Физика және техника» курсы әрбір оқушының қоршаған дүние мен техника
әлемі
туралы
ғылыми жаратылыстану көзқарасын, есептер (негізінен,
техникалық мазмұнды) шығаруға біліктіліктері мен дағдысын қалыптастыруға,
күнделікті өмірден және техника саласынан алынған теориялық қана емес,


82
практикалық материалды (тапсырманы) ой елегінен өткізе алу дағдысын
қалыптастыратындай болып ұйымдастырылуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе физикадан бағдарлы
сарланған білім беру оқушылардың физика негіздерінен біліммен қарулануына,
ғылыми ойлай алуының дамуына, ғылыми дүниетаным негіздерінің қалануына
себептесетін болады. Сонымен қатар пәнді оқытуда физиканың практикалық
қолданысымен
байланысты мәселелерге басты назар аудару
ғылыми
мәселерлерді әлеуметтік және жеке тұлғалық мәні бар міндеттер тұрғысынан
саналы түрде жұмыс жасай алатын жан жақты дамыған және ой өрісі кең
азаматты тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады. Ал, бұл қазіргі кезде білім беруді
жаңарту негіздерінің бірі болып қарастырылып отырған түйінді құдіреттіліктің
қалыптасуына
себептесетін болады. Таңдаған бағытқа (бейінге) сәйкес
тереңдетілген деңгейде оқытылуының қамтамасыз етудегі оқытудағы мақсат
қабілет қарымы ерекше дарынды балалардың білімін арттырып болашақта да
білімін ұштай түсуге бағдар беру, ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыра
отырып қол жеткізу [12].
Барлық
жалпы
орта білім берудің
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы бейіндік пәндері негізіндегі бағдарлы қолданбалы курстардың
жиынтығы әрбір оқушы үшін жеке білім теориясын құруға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндері негізіндегі
қолданбалы курстардың мақсаты:

жаратылыстану-математикалық бағыттағы сынып оқушыларының білім
деңгейін кеңейту;

оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

ғылымның іргелі негіздері мен олардың қолданылуын өз бетінше
зерделеу дағдысын қалыптастыру, табиғатқа ғылыми көзқарасын бекіту.
Қорыта
келгенде,
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
оқу
жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұны осы айтылған теориялық
негіздерге сүйене отырып дайындалған жағдайда ғана ұсынылатын қолданбалы
курстар өзінің негізгі мақсат-міндеттерін педагогикалық тұрғыда дұрыс
орындап, мектеп бітірушілерді өз бетімен ізденіп білім алуға талпындырып,
олардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге
үйретеді,
ғылымның,
өндірістің, өнердің бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе алатын мамандық
таңдауға бағыттайды.


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет