Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Қорытынды
Мектептің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытуды енгізудің қажеттігі
мемлекет пен қоғам тарапынан мектептегі білім беру жүйесіне қойылып
отырған талаптардан, республиканың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-
мәдени дамуынан туындаған заңды құбылыс болып табылады және ол
оқушылардың білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін таңдауға
жағдайлар туғызуға бағытталған оқыту түріне жатады.
Бүгінгі күнгі мектеп тәжірибесінде жаратылыстану-математикалық
бағыттағы пәндерді бағдарлы сыныптарда оқыту бірқатар қиындықтармен
қабаттаса өтіп келеді, бұл әртүрлі бағдардағы оқушылардың оқу-танымдық
ерекшеліктерінің ескерілмеуінен, оқу бағдарламаларының ғылыми ақпарат
ауқымының
арттырылуына бағдарлануынан туындап отыр. Мектептегі
жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуға кешенді теориялық тұрғыдан
қараудың болмауына байланысты кейбір мәселелердің келісілмей шешілуі,
тұлғаның дара ерекшеліктеріндегі айырмашылықтарды ескермеу салдарынан
оқыту үдерісінде көптеген оқушылар физика-математикалық және химия-
биологиялық пәндерді қызықсыз, болашақ мамандықтарында қажет болмайтын
күрделі пәндер ретінде қарастырады, бұл өз кезегінде оқушылардың ғылыми
дүниетанымдарының, болашақ кәсіби жетістіктерінің қалыптасуына кері әсер
етуі мүмкін.
Бұл 
көрсетілген
қиындықтарды 
жеңілдету
үшін 
жаратылыстану-
математикалық бағыттағы пәндерді
бағдарлы сараланған білім берудің
теориялық және практикалық – әлемнің біртұтас физика-математикалық және
жаратылыстану-ғылыми бейнесін қалыптастыруға бағытталған оқу пәндері
мазмұнын бағдарлы саралаудың құралы ретіндегі және жоғары сыныптарда
бағдарлы оқытуды жүзеге асыру үшін білім беру үдерісіне қатысушылардың
күшін жұмылдырудың құралы ретіндегі аспектiлерi қарастырылды.
Бейінді 
оқытудың
теориялық
негізін 
бағдарлы 
білім
мазмұнын
қалыптастыратын
принциптер 
мен 
оқыту 
процесін
ұйымдастыратын
принциптер құрайды: ізгілендіру, мәдениетті болжау, ғылыми-тарихи, бейінді
саралау, ғылыми-жаратылыстану білімнің негізділігі, кәсіби бағыттылық пен
политехнизмнің бірлігі және өзара шарттастығы жатады. Бейінді оқыту
процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері индивидуалдық, оқу мен
ізденушілік 
танымдық
іс-әрекеттің, 
интенсивтендірудің,
проблемалық
оқытудың, диалогтық оқытудың бірлігі, оқушылардың ұжымдық және жеке іс-
әрекеттерінің, 
білім
алушылардың
шығармашылық
белсенділігінің,
дербестігінің бірлігі, оқушылардың танымдық қажеттілігі мен мотивтерін
қанағаттандыру болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы бейінді оқытудың
моделі
физика-математикалық,
хими-биологиялық
бейінді оқыту мақсаттарының
интеграциясы 
негізінде
қалыптасқан 
мақсатты 
компоненттен 
тұрады.
Әдістеменің жобалаушы компоненті педагогикалық заңдылықтарға және
зерттеу барысында бекітілген бейінді оқыту принциптеріне, білім беруді


84
жаңарту тұжырымдамасына, бейінді оқыту тұжырымдамасына, мемлекеттік
білім беру стандартына сүйенеді.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттың
мазмұндық
компоненті
инвариантты және вариативті бөлімдерде көрсетілген. Инвариантты бөлім
тұтастық идеясы мен табиғаттың бірлігінен, табиғаттың жүйелі және көп
деңгейлі құрылысынан, адам мен табиғаттың бірлігінен, білім компоненттері –
ғылыми-жаратылыстану теория, заңдар, ұғымдар, фактілерден, құндылық
компоненті мен пәндік біліктілікті, әдіснамалық және зияткерлік біліктілікті
қамтитын
іс-әрекеттік
компоненттерден 
тұрады. 
Вариативті 
бөлімнің
мазмұнына жаратылыстану-ғылыми,
әдіснамалық,
физика-математикалық,
химия-биологиялық білімдер, іс-әрекеттердің түрлері, арнайы тағайындалған
және арнайы тағайындалмаған элективті курстардың мазмұны шеңберіндегі
құндылықтар кіреді. Әдістемелік жүйенің процессуалдық компоненті –
оқушының 
өзіндік 
белсенділігін 
арттыруға 
ықпал 
ететін 
оқытудың
ұйымдастырушылық
формалары,
әдістері, 
тәсілдері, 
бейінді 
оқыту
шеңберіндегі тәрбие болып табылады. Нәтижелі компонент жаратылыстану-
математикалық бағытта бейінді оқытудың нәтижелерін көрсетеді.
Бейінді оқыту жағдайында физика-математикалық, химия-биологиялық
бағдарлар бойынша пәндердің кез келген тақырыптарын оқытуды негізгі іргелі
және қолданбалы теориялардың айналасында өрістету керек. Сабақтарды
тақырыптық және әр сабаққа бөліп жоспарлау мазмұндық және процессуалдық
компоненттердің бөлімдеріне негізделген төрт блоктан тұрады: теориялық,
практикалық, шығармашылық және қосымша. Мұндай бөлім сабақтардың сан
алуан түрінен көрінетін бейінді оқытудың
принциптері мен оқытуды
ұйымдастырудың
ерекше формасына байланысты. Сабақтың
сан алуан
түрлеріне: проблемалық лекциялар, эвристикалық әңгімелесудің элементтері
бар дәрістер, семинарлар, диспуттар, «дөңгелек үстелдер», практикумдар,
аралас сабақтар, оқу ойындары жатады. Бейіндік пәндерді оқытудың мақсатына
жетуде зерттеу іс-әрекеттерінің элементтерінен тұратын үйдегі шығармашылық
жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар (ғылыми әдебиеттерді оқу, ғылыми
тақырыптық кештер, ғылыми конференциялар, пән бойынша оқушылардың
ғылыми қоғамы, табиғатта экскурсиялар өткізу) ерекше маңызға ие.
12 жылдық білім беруге көшу экспериментінің нәтижелері бейіндік
пәндерді оқытудың әзірленген әдістемесі тиімді екенін және оны жалпы білім
беретін мектептерде физика-математикалық және химия-биологиялық білім
берудің
тиімділігін арттыру мақсатында жаратылыстану-математикалық
бейіннің шеңберінде қолдануға болатындығын көрсетті.


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет