Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет29/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
«Химия» оқу пәні
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы химия пәнін
оқытудың
мақсаты:


73

химия курсының негізгі мазмұнын жүйелі және саналы түрде меңгерту,
әлемнің ғылыми көрінісін түсінуге қажетті білімді өз бетінше іздену, алған
білімді функционалды және шығармашылық тұрғыда қолдану;

оқушылардың химияны оқып-үйренуге деген қызығушылығын және
ішкі серпілісін, бізді қоршаған әлемдегі заттарды химиялық тұрғыда танып-білу
дағдысын дамыту;

алған білімдерін және түсініктерін таныс емес жағдайларда түрлі
мәселелерді шешуде қолдануды үйрету;

заттарды химиялық тұрғыда тану және зерттеу әдістерін игеру;

оқушыларға органикалық химияның негіздерін – маңызды деректерді,
түсініктерді, заңдар мен теорияларды, химиялық тілді, дүниентанымдық сипат
пен химиялық өндірістің негізгі принциптері туралы түсініктерді меңгерту;

химиялық
есептердің
түрлі типтерін шешуде, лабораториялық
тәжірибелерді және
қарапайым эксперименттік зерттеулерді жүргізуде,
химиялық формулаларды, теңдеулерді түрлендіруді және оларды орынды
пайдалануда шеберліктері мен дағдыларын жетілдіру;

алған білімдерін түрлі химиялық құбылыстарды және заттардың
қасиеттерін түсіндіре білуге үйрету, заманауи технологияның дамуында және
жаңа материалдар алуда химияның рөлін бағалауға дағдыландыру;

химия оқу пәнінің
оқушыларға химиялық,
экологиялық
тәрбие
беруде,сондай-ақ жалпы мәдениеттіліктерін көтерудегі
үлесі. Химияның
заманауи технологиямен және экологиялық проблемалармен тығыз байланысы;

оқу пәнінің мүмкіндіктерін әлеуметтендіру және жеке тұлғаның
дамуына пайдалану;

оқушыларды
жаратылыстануғылымдарын оқып
үйренугеынтасын
дамыту және қоршаған ортадағы өзгермелі жағдайларға бейімдеу.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия курсының мазмұны
қоғамның
әлеуметтік-экономикалық
және 
индустриалды-инновациялық
дамуындағы рөлін ескере отырып, органикалық қосылыстардың химиялық,
электрондық және кеңістіктік құрылысының бірлігі, гомология және изомерия
құбылыстары, сонымен қатар органикалық реакциялардың жүру заңдылықтары
заманауи құрылыс теориясы тұрғысынан құрастырылған [23].
Органикалық қосылыстардың
кластарын оқып
үйренуде изомерия
құбылысына, 
функционалдық
топтардың
мөлшері 
көп 
болмағанына
қарамастан, 
изомерия
құбылысына 
байланысты
табиғатта 
көміртек
қосылыстарының орасан көп түрі кездесетіндігіне ерекше көңіл бөлінген.
Органикалық химияның толық курсында заттардың қасиеттерінің олардың
құрылысына, функционалдық топтардың сипатына тәуелділігін және тек қана
органикалық қосылыстардың түрлі кластары арасындағы ғана емес, сондай ақ,
табиғаттағы 
барлық
органикалық
және 
бейорганикалық 
қосылыстар
арасындағы генетикалық байланыс терең қарастырылады.
Тірі жасушалардың құрамына кіретін заттардың ерекше қасиеттерін ашуға
баса көңіл бөлінген. Ол үшін биологиямен пәнаралық байланыс жүзеге асады.
Органикалық заттардың түрлі кластарын оқып үйрену барысында адам


74
организміне
қажетті 
жеке 
химиялық 
қосылыстардың
биологиялық
функциялары талданады, ал бұл өз кезегінде оқушылардың пәнді саналы түрде
меңгеруіне серпін береді.
Жаратылыстану-математикалық
бағытта 
химия 
пәнін 
оқытуда
эксперименттің жетекші рөлін көрнекілік үшін ғана пайдаланып қоймай,
сондай-ақ олардың көмегімен сабақтарда проблемалық ситуацияларды тудыру
қажет.
Мектептегі 
химиялық
эксперименттің
барлық
түрлері

демонстрациялар, лабораториялық тәжірибелер және практикалық жұмыстар,
сонымен қатар экспериментті басқа да білім беру көздерімен ұштастырған
жөн. Практикалық жұмыстарда көрсетілген тәжірибелер химия кабинетінің
мүмкіндіктеріне және сыныптың ерекшеліктеріне сай (тартпа шкаф, реактивтер
мен құрал-жабдықтардың болуына) орындалады. Пәннің оқу бағдарламасында
көрсетілген тәжірибелер танымдық және әдістемелік мазмұны жағынан
осыларға пара-пар тәжірибелермен алмастырылуы мүмкін. Сонымен қатар,
пәннің оқу бағдарламасында, органикалық химияның негізі, оқу материалының
мазмұны, негізгі пәнаралық байланыстар, оқу процесінде шығарылатын
есептердің түрлері, жүргізілетін химиялық эксперименттер (демонстрациялар,
лабораториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар) қамтылады.
Жаратылыстану-математикалық бағытта химияны оқытудағы күтілетін
нәтижелер келесі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейлеріне сәйкес болуы
керек [33, 34, 35, 36]:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет