Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Ғылыми жаратылыстану құзіреттілігі:
әлемнің жаратылыстану ғылыми
біртұтастығы туралы заманауи көзқарас қалыптастыру, органикалық химияның
негізгі ұғымдары мен заңдары туралы білімді дамыту.
Ақпараттық құзіреттілік:
заманауи ақпараттық технологияны қосымша
ғылыми ақпараттар іздеуге және химиялық эксперимент нәтижесін өңдеуге
қолдана білу.
Коммуникативті құзіреттілік:
оқушыларды жеке, жұппенжәне топпен
жұмыс жасауға, сұхбаттасушыларды тыңдай білуге, алға қойылған мақсаттарды
орындауда топпен ортақ шешімге келуге, әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік
пікірін білдіругедайындау.
Мәселелердің шешімін табу құзыреттілігі:
түрлі жағдайларда мәселелерді
анықтауға, жағдаяттарды сараптауға, сандық және эксперименттік есептерді
шешу алгоритмін құрастыруға, практикалық жұмыстардың жоспарын құруға,
алынған нәтижелерді кесте, сызбанұсқа, химиялық реакция теңдеулерімен
өрнектеуге, алған білімін денсаулығы мен қоршаған ортадағы мәселелерді
шешуде қолдану.
Химия пәнін оқыту процесінде биология, экология, география, физика,
математика және т.б. жаратылыстану пәндерімен байланыс орнатылады:
Биологиямен:
адамның тіршілігіне қажетті жеке химиялық қосылыстардың
биологиялық функциясы.
Экологиямен:
органикалық заттарды іс жүзінде қолданудыңоң және теріс
әсерлері, сондай-ақ осыған байланысты экологиялық мәселелер; қоршаған
ортаны ластанудан қорғау; көмірсутек шикізатын тиімді пайдалану.


75
Географиямен:
көмірсутек көздері мен химиялық өндіріс объектілерінің
Қазақстан Республикасында орналасуы.
Математикамен:
пропорционалдық
тәуелділік туралы түсінік;
сан
есептерін шығаруда, лабораториялық
және практикалық
жұмыстарды
салыстыру
және
қорытындылауда математикалық
талдауды пайдалану;
электрондық бұлттардың пішіндері, молекулалардың кеңістіктік құрылысы
және геометриясы.
Физикамен:
атом, молекула, масса, тығыздық, көлем сияқты түсініктерді
сан есептерін шығаруда пайдалану; еселік және үлестік өлшем бірліктерін
пайдалану.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия курсының мазмұндық
бағыттары келесі білім мазмұнын қамтиды: химия саласындағы ашылған
жаңалықтар; маңызды бейорганикалық, органикалық заттармен қосылыстар,
олардың құрылыс теориясы; көмірсутектер мен олардың табиғи көздері;
қазақстан мұнай және газ химиясы, осы өндірісте қолданатын заттар; оттекті,
азотты 
органикалық 
қосылыстар; 
синтетикалық
жоғары 
молекулалы
қосылыстар; химия және адам денсаулығы; қазіргі заманға сай «жасыл»,
«экологиялық» химия; қазақстанның табиғи ресурстарын үнемді және тиімді
пайдалану; химия күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте,
табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіруі;
жаратылыстану бағытындағы ғылыми жетістіктер (медицина, биотехнология,
биохимия, биоинформатика, нанохимия негіздері) [23].
Химия курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс: химияның ролі мен
маңызы; заттар мен химиялық құбылыстарды танып білудің негізгі әдістер,
химияның эксперименттік негізі; көмірсутектердің табиғи көздері, оларды
өңдеу және Қазақстандағы кен орындары; жоғары молекулалы қосылыстар,
мономер, полимер, құрылымдық буыны, полимерлену дәрежесі, полимерлену
және поликонденсациялану реакциялары; кең таралған полимерлер, олардың
қасиеттері,
практикада
қолданылуы, пластмассалар, талшықтар, каучук;
химиялық өндірістің ғылыми принциптері; қоршаған ортаның химиялық
ластануы 
мен 
зиянды
әсері; 
биогенді 
органикалық 
қосылыстардың
биологиялық маңызы;
Сонымен қатар оқушылар келесіні атқара алуы тиіс: химиялық терминдер
мен таңбаларды пайдалану; кең тараған полимерлерді қасиеттері бойынша
анықтау; молекулалардағы атомдардың өзара
әсерін ескере отырып,
органикалық қосылыстың химиялық қасиетін түсіндіру; көмірсутектер мен
олардың туындыларының құрамы мен құрылысын және олардың класын
анықтау; химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес
жүргізу; химиялық зақымдану не улану кезінде алғашқы медициналық көмек
көрсету; игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану; сандық анализ
нәтижесі мен жану өнімдерінің массасы бойынша заттардың молекулалық
формулаларын анықтауға сан есептерін шығару; химиялық ақпараттарды өз
бетінше іздеу; химия пәніне деген жоғары қызығушылық; ғылыми танудың
негізгі
әдістерін игеру мен
қолдануға деген дайындық және
қабілет;
аналитикалық біліктілік – жүргізген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу,


76
түсіндіру және қорытындылау біліктілігі; зерттеушілік біліктілік – химиялық
эксперимент орындау біліктілігі мен дағдысы; математикалық біліктілік –
химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу және
сандық баға беру; коммуникативтік біліктілік – жұп, топ құрамында жұмыс
істеу; әртүрлі көзден алынған химиялық ақпараттың шынайылығына өзінің
объективті көзқарасын білдіру; оқуын жалғастыруында профильді сауатты
таңдау;
Химия курсы бойынша оқушылар пайдалана білуі керек: химия мен химия
білімінің орны мен рөлі туралы қалыптасқан түсінік; танымдық әрекеті мен
күнделікті өміріндегі білімі; таным процесінде ғылыми негізделген икемдер;
өмірлік проблемаға ұқсайтын оқу проблемаларын шешуге жарайтын әмбебап
қабілет; химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді
күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін
дамыту; химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі
құрамдас
бөлігі ретінде көзқарасын дамыту; адамзат алдында тұрған
проблемаларды 
шешуде 
химияның 
қоғамдық
мәні 
мен 
гуманистік
бағыттылығын дамыту; оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін
заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте
қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін
тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану; қолданбалы химияны, заманауи
қоғамға қажетті заттар мен материалдар шығаратын өндіріс пен технология
негіздерін білу; заттар мен материалдарды қолданудың заманауи проблемалары
мен экологиялық аспектілерін анықтау; пәнаралық байланыстарды, химиялық
экспериментерді (көрсетілімдер, зертханалық
тәжірибелер, практикалық
жұмыстар) және есептеулерді жүргізуі;
Қазақстандағы табиғи шикізат
ресурстары және негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер,
олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы; минералды
ресурстарды тиімді пайдалануының білу.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы химия пәнін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет