Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет8/11
Дата11.09.2017
өлшемі0,94 Mb.
#32047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланатын әдебиеттер


1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

ІІ- бөлім, VІІ – тарау, 132 -136 беттер.

2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

VІІІ –тарау, 90-92, 94 -95 беттер.

3. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983.
Дәріс № 8

Тақырыбы: Органикалық химияның пайда болуы және қалыптасуы.

Дәріс мақсаты: Органикалық химияның даму тарихының А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясына дейінгі кезеңіне шолу.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Органикалық химияның даму тарихының кезеңдері.

  2. Органикалық заттар ұғымдарын түсіндіретін теориялар.

Тірек сөздер: Органикалық заттар, витализм, изомерия, радикалдар теориясы типтер

теориясы.



Дәрістің мазмұны:
ХVІІІ ғасырда органикалық заттар деген ұғым пайда болды. Оны 1807 жылы Я. Берцеллиус ұсынды. Вталистік ілім, оның күйреуі.

Заттардың құрылысын зерттеудегі органикалық химияның даму тарихын төмендегі кезеңдерге бөлуге болады.



  1. Органикалық заттардың құрылыс теориясына дейінгі (ХІХ ғ. 30-40 жылдар аралығы)

  2. Заттардың құрылыс теориясы және стереохимия туралы классикалық теориясының дәуірі (ХІХ ғ. 40- 60 жылдар аралығы)

  3. Заттар құрылысы туралы электрондық және квант - механикалық қөзқарастың қалыптасқан кезі. (ХІХ ғ. 60 жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін)

Ең алғаш органикалық заттар алынып, құрамы зерттелді, изомерия құбылысы ашылды.

Органикалық заттар жөнінде ұғымдарды түсіндіретін теория қажет болды.

Күрделі радикалдар теориясы.

1.Органикалық заттар құрамына кіретін күрделі радикалдар туралы түсінік пайда болды.

(Либих, Ф. Велер)

2. Орынбасу теориясы. (Ж.Б. Дюма, Лоран)

3. Көп негізді қышқылдар құрылысы теориясы.

4. Типтер теориясы. (Ш. Жерар).



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. «Органикалық заттар» ұғымын енгізген кім?

  2. «Витализм» ілімін қалай түсінесің?

  3. Органикалық химия даму тарихының кезеңдерін ата.

  4. Радикалдар теориясының тұжырымдамаларын оқы.

  5. Орынбасу теориясын түсіндір.

  6. Типтердің унитарлы теориясын түсіндір.

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

ІІ- бөлім, ІХ – тарау, 154 - 187 беттер.

2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

ХІ –тарау, 96- 138 беттер.

3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

VІІ – тарау, 78-81 беттер

4. М.И. Ибраев, К.А. Сарманова Органикалық химия негіздері. А. «Рауан»

1990. 3-9 беттер.

Дәріс №9

Тақырыбы: Химиялық құрылыс теориясы.

Дәріс мақсаты: Химиялық құрылыс теориясының алғы шарттары мен қағидаларының

мәнін ашу.



Қарастырылатын сұрақтар:
  1. Құрылыс теориясының алғы шарттары.


  2. Бутлеровтың құрылыс теориясы.

  3. Изомерия.

  4. Молекуладағы атомдардың өзара әсері.

Тірек сөздер: А. Кекуле, химиялық құрылыс, изомерия, таутомерия.

Дәрістің мазмұны:
ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарында бүкіл химия ғылымы тарихи үлкен дағдарысқа ұшырады – ғылым дамуын өте тежеуілдетіп алды. Оған себеп болған сол кездегі химия ғылымындағы өзара түсініспеушілік, бір нәрсеге әртүрлі қөзқараспен қарау еді.

Александр Михайлович Бутлеров (1828-1886) органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын 1861 жылы ұсынды. Теорияны ол атомистикалық принцип тұрғысынан мазмұндады. Бұл кезде атом – молекулалық ілім гипотезадан теорияға айналған еді. 1860 жылы Карлсруэде өткен химиктердің халықаралық конгресінде атом, молекула, валенттілік деген сияқты ұғымдарға жалпы келісім жасалып, нақты түсініктер берілді.

А.М. Бутлеров өз теориясында радикалдар және типтер теорияларының барлық алдыңғы қатарлы жетістіктерін дұрыс пайдалана білді.

«Химиялық құрылыс» дегенде А.М. Бутлеров заттар молекулаларындағы атомдардың өзара байланысыу тәртібін түсінді және оның химиялық реакциялар жүргізу арқылы анықтауға, сөйтіп, әрбір зат үшін оның құрылыс формуласын жазуға болады деп көрсетті. Ондай формула зат үшін тек біреу ғана болуға тиіс екенін айтты.

Изомерия ұғымына түсінік беру құрылыс теориясы үшін үлкен сынақ еді. Ол одан сүрінбей өтті. Құрылыс теориясында болжау ғана жасалған изобутан, изобутилен, изомайқышқылы, үшінші реттік спирттер және т.б. көптеген заттар синтезделіп алынды. Бұл жағдай заттардың химиялық құрлыс теориясының дұрыстығына көзді әбден жеткізді.

Құрылыс теориясының қағидаларына сүйеніп Бутлеров Э.Эрленмейердің – қанықпаған қосылыстарда көміртегі атомдарының арасында қос байланыс болуға тиіс,- деген болжауының дұрыс екенін этиленнің формуласын тәжірибелер арқылы анықтауда дәлелдеп берді.

Химиялық құрылыс теориясы, қос байланыс туралы ұғымның тууы, А. Кекуленің ароматты қосылыстардың құрылысын жасап, сипаттауына мүмкіндік берді.

А.М. Бутлеров өзінін теориялық орныққан пікірлерін 1864-1866 жылдары басылып шыққан: «Органикалық химияның толық оқытуына кіріспе» деген кітабына кіргізді. Бұл органикалық химияның талаптарына сай жазылған тұңғыш оқулық еді



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Метан типін кім ұсынды?

  2. А.Купердің органикалық химияға қосқан үлесі.

  3. В.В. Марковниковтің органикалық химияға қосқан үлесі.

  4. Эрленмейердің органикалық химияға қосқан үлесі.

  5. Химиялық құрылыс теориясын оқы.

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

ІІ- бөлім, ІХ – тарау, 188-203 беттер.

2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

ХVІІ –тарау, 138-148 беттер.

3. М.И. Ибраев, К.А. Сарманова Органикалық химия негіздері. А. «Рауан»

1990. 12-16 беттер.

Дәріс № 10

Тақырыбы: Аналитикалық химияның дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

Дәріс мақсаты: Химияның іргелі ғылымдарының бірі - аналитикалық химияның даму

тарихымен танысу.



  1. ХІХ ғасыр басындағы аналитикалық химия.

  2. Спектральды анализдің ашылуы.

Тірек сөздер: тұздар анализі, аналитикалық таразы, фильтр, спектральды анализ

Дәрістің мазмұны:
ХІХ ғасырда алғашқы айларында сапалық анализ дами бастады. В.А. Лашпадиус «Руководство по химическому анализу минеральных гел» и Г.Розе «Руководство по аналитической химии».

ХІХ ғасыр ортасында К.Ф. Резениустың «Руководство к качественному химическому анализу» кітабы бірнеше рет орыс тіліне аударылды. ХІХ ғасырдың алғашқы айларында сандық анализден салмақтық әдіс кеңінен қолданылды. Онда тұнбаны тұндыру, тұнбаны бөлу, құрғату күйдіру әдістері дамыды.

1823 жылы алғашқы аналитикалық таразы өндірілді. Талдауда фильтрлеуші материал қолданылды. «Фильтр» деген немістің «войлок» деген сөзін білдіреді. Алхимикпен иатрохимиктер войлок арқылы фильтрлесе ХVІІІ ғасырдан бастап қағаз күлсіз фильтр қағазы 1883 жылы практикаға қолданылды. ХІХ ғасырда титрлеу анализі қолданылды. Онда ерітіндіні, индикатор, өлшеуіш ыдыстар пайдаланылды. Титрлеу анализінің негізін салған Гей –Люссак көлемдік анализдің дамуы Ф.Мор үлес қосты. Қазір де сол Мор есімді ыдыс, құрал бар (Мор пипеткасы, Мор қысқыш, Мор тұзы, Мор таразысы). Оның оқулықтарда титрлеу анализі жасалады.

Спектральды анализдің ашылуы . 1666 жылы И. Ньютон күн спектрін зерттеген болатын. 1859 жылы Кирхгофф пен Р. Бунзен спектральды анализ жасады. Ағылшын химигі У. Крукс 1861 спектральды әдіспен талийды ашты. 1863 жылы неміс металлугі өзінің ассистенті спектральды әдіспен екеуі Рихтер индийді ашты.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. ХІХ ғасыр басында сапалық анализ жүргізген химиктер және олардың еңбектерін ата.

  2. Фильтр сөзінің шығу, мағынасы қандай?

  3. Көлемдік анализге үлес қосқан ғалым?

  4. Күн спектрін алғаш зерттеген ғалым.

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

ХVІІІ –тарау, 112- 115 беттер.
Дәріс № 11

Тақырыбы: Физикалық химияның дамуы.

Дәріс мақсаты: Студенттердің химияның іргелі ғылымдарының бірі – физикалық химия теорияларының даму тарихы мен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Каталог: dmdocuments
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
    dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
    dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
    dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
    dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
    dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет