Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет39/142
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#30632
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   142

Әдебиет:


1. А. Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы,
2004, 1 бөлім, V - тарау, 54 - 63 бет.
Дәріс № 6
Тақырыбы: Мұғалімді сабаққа даярлау.
Дәріс мақсаты: Мұғалімнің оқу жоспарларының түрлері мен оларды даярлау
үлгісімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:


  1. Химиядан оқу жұмысын жоспарлаудың міндеттері мен маңызы.

  2. Мұғалімнің оқу жоспарларының түрлері.

Тірек сөздер: Жұмыс жоспары, күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары.
Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі- жоспарлау, ол екі түрлі: тақырыптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар).
Тақырыптық жоспар кластар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттерді және методикалық құралдарды пайдаланып сабақтың мақсаттары, мазмұны, типі, әдістері мен құралдарды белгіленеді. Қазіргі методикада және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың әр түрлі құрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту методикасының сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету және зертханалық эксперимент, ескертулер көрсетілген.
Сабақтың жоспарын мұғалімнің іс- әрекетіне бағыт сілтеуші шығармашылық ақыл- ойының зертханасы, педагогикалық шеберлігінің шығармашылығы деуге болады.
Сабақ жоспарында негізінен мынадай үш мәселелерге назар аударылады.

  1. өткен сабақта үйге берілген тапсырмаға байланысты сыныпта орындалатын тексеру жұмыстарының сұрақтары, өзіндік жұмыстары,

  2. жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, жаттықтыруға, өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты жұмыстар,

  3. Сыныпқа және жеке оқушыларға берілетін үй тапсырмаларын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет