Жас ерекшелігі психологиясы



бет45/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Дәрістің мазмұны:


1. Бастауыш мектеп жасында денелік даму және морфо-функционалдық өзгеріс
2. Орта балалық шақтағы психологиялық жаңа құрылымдар.
3 Орта балалық шағындағы когнитивтік даму (танымдық әрекеттер)

4. Бастауыш мектеп шағындағы тұлғалық дамуы.


5. Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекеті.
6. Бастауыш мектеп оқушысының ата-анасымен,құрдастарымен,үлкендермен қарым –қатынасы
Мақсаты:Мектепке дейінгі жастық психологиялық физиологиялық даму үрдісімен және осы кезеңдегі негізгі әрекет түрі оқу еңбегінің баланың өзін-өзі бағалауындағы маңызын түсіндіру.

1.Бастауыш мектеп жасы –қимыл –қозғалыс қабілетінің қалыптасатын және тәуелсіз әрекет ететін кезең. Орта балалық шақ қазіргі кезеңде 6-дан 12 жаска дейінгі балалар өмірінің кезеңі өте маңызды,осы уақытта олар көптеген нәрселерді үйренеді оқу мен арифметикадан бастап доп ойнаумен биге дейін.Бұл өзімен-өзі күресу нәтижесінде қоршаған ортамен байланысуддан пайда болған қиын мәселелерді шешетін және нәресте өз күшін сынайтын уақыт.Осы қиындықтарды женгендер өмірде өзіне-өзі сенімді және бейімді болып келеді; ал осы сынақтардан сәтсіз өткендерде толымсыздық комплексі пайда болады және ол көп кезеңге дейін сақталып қалады .


Э.Эриксон бұл шақты жасампаздық кезең деп атады.Ерте балалық шақпен салыстырғанда бұл кезеңде бойының өсуі баяу, бірқалыпты жүреді. 6 жастағы бала шамаман 20,5 кг салмақ және 106 см бойы болады. Мектепке келгеннен бастап бастап қыз балаларда 9 жасқа дейін , ал ер балаларда 11жасқа дейін созылады.Бала бойының өсуіне өскен ортасының, тамақтану, жыныстық және генетикалық факторлардың әсері болады. Блшалық кезеңде бойының өсуімен қатар сүйектері өседі. Сүйек өсуі кезінде көбінесе түңгілік уақыттарда ару туғызады.
6 немесе 7 жастан бастап балалар «сүтті»тістерін жоғалтады.Тұрақты тістер шықан кезде,олар кейде баланың аузында өте үлкен болып көрінеді. Май ұлпаларының дамуы 6 жасқа дейін созылады. Содан кейін теріастындағы май қабаттарының кішірейуі қалыптасады. Бұлшықеттің дамуы осы кезеңде қыз бала мен ер балаларда бірдей болады, да жасөспірімдік кезеңде ер балаларда артығырақ қалыптасады. 8 жаста баланың бас миы үлкендердің миының көлемінің 90 % құрайды. Соның ішінде мидың сана мен ойлауға жауап беретін бөлігі үлкейеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда ми жасушаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері күрделі қызмет атқарады. Әсіресе теріс индукцияның негізінде пайда болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесінде бала өзін-өзі меңгере алуын өзін-өзі тежей алуына мүмкіндігі бар.
Орта балалық шақ-балалар өзінің қозғалыстық әрекеттерінің игеруі және тәуелсіз болу уақыты.Жақсы мумкіндіктер мен арнайы оқуды пайдалануы арқылы олар велосипед тебу,скакалка секіру,билеуді,жазуды және музыкалық аспаптарды уйренуді алғашқыда бейсбол,баскетбол және футбол секілді командалық спорт турлері қозғалыс кординацияның жақсаруы арқылы өзінің негізгі мағынасына ие болады.
Ата-аналар осы кездегі балаларда қаңқасы мен байламдары әлі қатаймаған екенін білуі керек,сол себептен жаттығуларда улкен жуктемелер көптеген жарақаттарға әкеліп соқтырады.
Бастауыш мектеп жасындағы бала бақылаулы мақсатқа бағытталған қозғалыстар жасай алады.5 жасқа келгенде бала әдетте балабақшадағы дайындық топқа түседі.Ол жеткілікті локомотрлық дағдылар бар,жүгіру,бір аяқпен секіру дағдыларын біледі. Пайда болған денелік ептілік түрлі спортқа және белсенді қимылға қызығушылыққа ұрындырады. 7 жастағы бала допты 10,5м қашықтыққа лақтыра алады. Ал 10жаста екі есеге ,12 жаста үш есеге артады. Қол қимылдарының дамуы осы кезеңде нақты, қиын қимылдар жасауға дағдыланады. Дайындық сыныбындағы мұғалімдер балаларға қарандашпен, бояулармен сурет салуға, қағаз қиуға пластелин мен
Балшықтан әртүрлі бейнелер жасауға үйретеді. Осы әрекеттер барысында дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш салуға қиындықпен бейімделсе болашақта жазу дағдысын игеру де қиын болады.
Осы кезеңде өз денесін басқара алады.«Мен жасай аламын» деп өздік бағалауын дамытады.
Балалық шақ- адам өміріндегі денсаулығы жақсы болатын кезең. Тек тұмау , құлақ , ішекқұрылыс аурулары ғана кездеседі.Кейбір зерттеушілер осы аурулар баланың психологиялық дамуына жағмды әсер етеді деп анықтаған.Осы ауруларды басынан өткергеннің негізінде балаларда стресті жеңе білуге үйренеді. Сонымен қатар ауру адамға деген эмпатиялық қабілеті пайда болады.
2.Ж. Пиаженің айтуы бойынша бастауыш мектеп жасындағы балалар нақты ой-операциаларына сәйкес келетін интелектілік даму кезеңі. Баланың мектепке баруы өмірінде үлкен өзгеріске алып келеді және мектеп интелектуаллды дамуының негізін құрайды. Пиаже анықтағандай 5 жас 7 жас кезеңі операцияға дейінгі периодтан нақты операциялық ойлау деңгейіне ауысады. Ойлау интуитивті эгоцентрикалық деңгейге көтеріледі. Эгоцентризм дегеніміз- тұлғаның өз мақсатына байланысты әрекетін шоғырландыру. Балалар обьектінің өзгеретінінің әртүрлі жағдайларға түсетінін біледі. Нақты ойлауы қалыптасқан балалар өмір туралы және болашақтан не күтетіні, қандай өзгерістер болатыны туралы ой қорытындыларын жасай алады.Пиаже кері ойлау әрекетін операция деп анықтай келе бастауыш мектеп жасында бала нақты обьекті бойынша,абстракция арқылы тұжырым жасайды.Пиаженің негізгі ұғымдары математика саласында педагокикада қолдануға тиімді.Мысалы (5+8*13 немесе 13-5*8). Бұл матеметика ғылымындағы қосындының орны ауысса да ---
5 жастан кейін есінде қалған заттарды қайта жаңғырту саны артады. Бұл кезеңде белгілі бір материалды есте қалдыру үшін алдарына мақсат қойады.Бала обьектіге қарап тұрып есінде нақты қалғанын сенімді болғанша іштей қайталайды.осы кезеңдегі есте қалдыру жаттығулары: 1.Қайталау.2.Ұйымдастыру. 3.Семантикалық өңдеу,4. Саналы бейнелер құрастыру. 5.Есте сақтауға хабар іздеу.6.Сценария құрастыру. Семантика дегеніміз-сөздердің, сөйлемнің мағынасы.
3. Бастауыш мектеп жасы –ол ауызша сөйлеу қабілетінің қалыптасу кезеңі. Тілдің дамуының бұл кезеңдегі жетістігіне оқу және жазуға байланысты дағдыны меңгеруі жатады. Оқу- бұл ауызша текстінің мазмұнын түсіну ал жазу мазмұнын жазу түрінде беру.Оқу және жазу символикалық қарым-қатынастың түрі. Осы оқу, жазу арқылы қарым-қатынасын дамытып сыртқы ортамен байланыс орнатады және ішкі әлемі мен сезіміне әсер етеді.
Осы кезеңдегі сауаттылықтың негізгі компоненттеріне;
1.Қоршаған ортаның жазу дағдысына әсері.
2.Қоршаған ортаның ықпалынан ауызша сөйлеудің дамуы.
3.Қызықты тәжірибелерді үйрену.
4.Жазуға өздігінен дағдылану
5.Өздігінен ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Жеке пәндермен сабақтарды ойдағыдай үлегеру үшін алдымен баланың оған ықыласы болуы шарт. Осы жас кезеңінде тапсырма екі түрлі жолмен беріледі. 1) берілген тапсырманы орындау үшін жауап іздестіру ретінде берілмейді.2) берілген тапсырманы орындау үшін жауап іздестіру ретінде беріледі. Кост және оның жақтаушылары 6 түрлі ойлау әрекетінің даму сатыларын көрсетті;1) Есте ұстау 2)қайта жаңғырту 3) негіз салу 4) Реорганизация; жаңа ситуацияларды бұрыннан пайда болған міндеттердің негізінде шешім қабылдау.5)Бұрынғы біліммен жаңа білімнің байланысы: 6) Рефлексия. Ой толғаныс.
Бастауыш сыныпта баланың психикасының даму ерекшелігі – танып білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді., себеп – салдарлық байланыстар мен тәуелсіздіктің себебін ашуға тырысады. Бала ой қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды. Баланы бәрі қызықтырады. Мысалы: Мұхиттың тереңдігі қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше километр т.б. білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі «Неге?», «Қалай?», «Неліктен?», деген сұрақтар арқылы игеріледі. Сұрағына жауап табудың жолын іздейді., бар біліміне сүйеніп шамалайда немесе кейбір жағдайларда өзі шешуге тырысады., әрине ол оны ойша ғана шеше алады, сондай жағдайда шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой – көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі белгілі бір мәселелерді шешуге қажет білімі болмағанмен ойлау процесі жақсы дамуда және қабылдау нысаны басым болады. Төменгі сыныптардың өзінде – ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей көруден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.
Бұл жаста қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған обьектісінен ұзақ уақыт бойы зейінін алмайды, бұл әрекетін қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзіде жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін, нені орындау керек екендігін, неден кейін нені орындау қажеттігін жоспарлау кезінде бала зейінін жүйелеп ұйымдастырады.
Төменгі сыныпта оқитын балалар интелектуалды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, бұл ерекшелік ерекше ерік – жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстінде бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы баланың қиялы іс - әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекеті барысында бала қиялында арнайы талаптар қойылады, олар өз бетімен әрекет етуге ұмтылдырады. Оқу талаптары оқушы қиялының дамуына мүмкіндік береді, арнайы құралдармен пысықтап отыруға бағыттайды. Ол құралдар заттар, схемалар, кестелер, графикалық бейнелер, макеттер т.б. көрнекі құралдар, әртүрлі оқиғалар, өлеңдер ұйқастыру, ертегілер, ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өз ойынан айта бастайды. Ұнамды кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Өз әңгімесінің мазмұнына қанағаттанса, ойлап табушы қабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып, жаңасын ойлап тауып, әңгімелеп бере алады. Окушы өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларда да тудыра алады. Ең бастысы тапсырманы орындаудағы қиындықтарды жеңу, дос табу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны дамыту кезінде саналы әрекеті, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызыметте жаттықтырады.
Қиялға берілу үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рол атқарады. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шыгып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі.
Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді, сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынандай түрлері болады;біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден,оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де-тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбаларына, лексикасына, граматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден , оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі.
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдайды, өз бетінше оқып , тыңдай біледі, сөз мағынасын түсінеді , немесе әңгіме мағынасын ұғынып , соған сәйкес сұрақтар қоюға, диалог құруға шамасы жетеді. Бала өзінің сөздік қорын ықталы түрде кеңейтеді. Мүның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл- ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
Тіл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін дамытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың игерілуге тиісті үғымдардың белгілері мен жаңа типті есептерді шығарудың тәсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқытуда неғұрлым жоғары дамытушы нәтиже пайда болады. Ұғыну, егер оқыту процесінде интериоризациядан экстриоризацияға көшу үшін жалпылама сипаттағы ойлау әрекеті тәсілдерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасағанда ерекше тиімді болып шығады.
Танымдық мәселелерді дербес шеше білу, проблемалық ситуациядан өздігінен жол табу жайын сөз еткенде, оқыту процесінде оқушылардың ойы қалыптасама деген сүрақ туындайды. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов проблеманы осылай қойған болатын. Тиісті дәрежеде дербес ойлай алмаушылық оқыту процесінде білім берудің жеміссіз тәсілдерін , мысалы бастауыш сынып оқушыларына көп жағдайда жалпылаудың формалды- логикалық тәсілдерін қолданудан болады деген жорамал үсынылды. Бастауыш мектептің үзақ жылдар бойы негізгі жолы-нақтылы жекеден формалды жалпыға, үқсасқа, біртектестікке көшу жолымен жалпылауды қалыптастыру болды. Осының нәтижесінде баланың абстракциялық ойлау қабілеті қалыптасады немесе бұл қабілеттің қалыптасуы стихиялы түрде, мектептің оқыту тәсілдерінің арқасында емес, оларға қарамастан жүзеге асады. Бүл көзқарас тұрғысынан алғанда, көптеген зерттеулерге сүйеніп айтылатын, бастауыш сынып оқушыларына нақтылы ойлау, жекеден жалпыға көшу, яғни индукциялық жол деген қарсы пікір дәлелді бола алмады. Оқытуды басқаша құрып , жалқыдан жалпыға емес, жалпыдан жалқыға көшу негізінде нақтылы ұғымдарды қалыптастыру мүмкін екенін көрсететін басқаша нәтижелер алуға болады.
Осы ой-пікірлерді негізге ала отырып, оқу пәндерін оқушылардың абстракцияны толығынан игеру және кейін нақтылы құбылыстарды талдау кезінде ғылыми ұғымдарға сүйене білуге әрекет жасалды.
Бастауыш сынып оқушыларын дәстүр бойынша , ең алдымен , математиканың жалпылау объектісі- шаманың ерекше түрі болып есептелетін сандардың натуралды қатарымен таныстырып келді. Психологтар баланы алдымен жалпы ұғыммен ( “шама”) таныстырып, содан кейін барып оның жеке көріністеріне ауыстыруға болады деген болжам үсынды. Мүндай үғымның қалыптасуын мүмкін ету үшін зерттелінетін объектілердің ішкі мазмұнын ашу , ягни заттың ішкі қасиеттерін бейне бір сыртқа шығару және қайсыбір үлгілерге белгілеу, заттың сандық параметрін көрсету; мысалы оқушылармен заттың ұзындығы деген не, салмақ деген не, заттардың теңдігі деген не, оларды анықтап айтқанда шамалар арасындағы өзара қатынасты көрсету қажет. Сонымен, “сан” деген ұғымды қолданғанға дейін балалар нақты заттармен жұмыс жасап, олардың шамалық параметрін (салмағын, көлемін, ұзындығын, ауданын т.б.) бөліп шығарып, бұл заттарды жекелеген параметрлерімен салыстырып көріп, теңдік немесе теңсіздік қатынастарды таңбаларымен жауып, зат аралық қарым-қатынастармен танысып шығады. Әріптік символиканы пайдалану заттардан дерексіздене отырып шаманы ойша қарастыруға көшуге мүмкіндік берді. Осылайша төменгі сынып оқушылары натуралдық сандар қатарымен танысқанға дейін теңдеуді білуге көмектесетін математикалық құбылыстарды игереді.
Шамалардың негізгі қасиеттерін білдіретін әріптік символика, формулаларды бірінші сынып оқушыларының сандармен танысқанға дейінгі-ақ түсіне алатынын зерттеулер көрсеткен. Оқытуды осылай ұйымдастыру нәтижесінде әдеттегідей әлде қайда ертерек балалардың абстрактылы ойын, таным қабілеттерін, оқу материалын әрі қарай саналы игеруін қалыптастырудың алғы шарттары жасалынып, білімге деген қызығушылығы дами түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет