Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтын алдын-алу мәселелері Бала тәрбиесі баршамызға ортақ екенің бәріміз жақсы білеміз.
Қазіргі таңда қоғамда шешімін табылмай жатқан мәселелер көп.
Солардың бірі-жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет.
«Аутодеструктив»сөзі латын тілінен «қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деп аударылады.
Аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі мен есірткі заттарын қабылдап, денсаулығына және психикасына зиян келтіруі, ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Аутодеструктивті міңез-құлық қалыпты дамуға, адамның психологиясына кері әсері етеді. Яғни, суицид ауырыжастар арасында мұндай дерттің кеңінен таралуы алаңдатарлық жағдай. Жалпы, жасөспірімдік кезең-адамның тұлға болып қалып тасуына әсер ететің маңызды фактор екенің түсінікті. Бұл кезең де олар нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болып келеді. Ал жеткіншектік шаққа аяқ басқанда адамның қалыптасуы сана-сезімнің дамуындағы өзгеріспен пен анықталды. Жасөспірім өзің ересекпін деп сезіне бастайды, яғни ол мұндай құбылысты айналадағылардан да талап етуге ұмтылыды. Бүгінде білім саласында осы тақырып жөніңде арнайы сабақтар өткізіліп, аутодеструктивті міңез-құлықты болдырмаудың жолдары кеңінен түсіндірілуде. Білім беру мекемелерінің психологтары аутодеструктивті мінез-құлық бойынша ерекше назардағы балалармен (аутодеструктивті мінез-құлық өлшемдері бойынша анықталған «тәуекел топ») жұмысты әлеуметтік педагогтармен, инспектормен, сынып жетекшілерімен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен өзара бірлесіп атқарыланады.
«Еркше назардағы» оқушылар – бұл педагогтар тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін санаттағы балалар тобы. Оларға әр түрлі өлшемдер (критерии) арқылы 4 топқа бөлінетін барлық оқушыларды жатқызуға болады.
Бірінші топ – ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР 1. Ішкі ағзаларының созылмалы ауруы бар;
2. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің мәселелері бар;
3. Жиі және ұзақ ауыра береді; 4. Психоневропотологта есепте тұрады; 5. Ауыр дәрігерлік отаны басынан өткізген;
6. Стресс алған.
Екінші топ – ӘЛЕУМЕТТІК ӨЛШЕМДЕР 1. Асоциалды отбасында тұрады
(балаға дұрыс көңіл бөлмеу немесе агрессиялық қатынас);
2. Отбасы құрылымының бұзылуы
(толық емес, тек формалды түрде толық, яғни бала тәрбиесімен ата-анасының біреуі ғана айналысады, өгей әке, өгей ананың пайда болуы және т.б.);
3. Аз қамтылған отбасында тұрады;
4. Ата-анасыішімдікішедінемесеесірткі қолданады;
5. Оралмандар отбасынан
(бейімделу және тіл меңгеру мәселелері);
6. Тұрғылықты жерін, мектепті, сыныбын ауыстырудағы бейімделу мәселелері;
7. Өз бетімен үйден кету.