Ген әрекеті нақтылы болады, яғни әрбір ген белгілі бір полипептид молекуласы туралы ақпаратты кодтайды. Бірақ кейде, бір ген бірнеше полипептид молекуласының синтезделуіне қатынасуы мүмкін. мыс. балама сплайсинг кезінде.

Ген әрекеті плейотропты болуы мүмкін, яғни бір ген бірнеше белгінің дамуын қадағалайды, себебі оның өнімі- полипептид, әртүрлі биохимиялық құбылыстарды катализдейді.
Ген әрекеті дозалық сипатқа ие болады, яғни бір геннің экспрессиялануы оның аллельдерінің дозасына байланысты болады. Мыс. НвS гені. Ол гемоглобин молекуласында құрылысы өзгерген β-глобиннің синтезделуіне алып келеді, бұл эритроциттер формасын өзгертіп-орақ пішінді анемия (қан аздылық) ауруының себебі болып табылады. Егер ағзада осы геннің екі данасы (дозасы) кездессе НвS/ НвS онда орақ жасушалы анемияның өте ауыр, қатал түрі дамып ағзаның өліп қалуына алып келеді, ал егер осы аллель бір дана (доза) күйінде кездессе НвS/ НвА, онда эритроцит формасы шамалы ғана өзгереді де анемияның жеңіл түрі дамиды.