ДНҚ молекуласын гендер және ген аралық учаскелерден тұратын, ген аралық-спейсерлер деп атайды. Гендер үлесіне ДНҚ молекуласының небәрі 2,5-3,5% көлемі тиісілі болса, спейсерларға -90-98% тиісілі. Спейсерлер қызметтері түрліше болады.
3) ДНҚ не РНҚ молекулаларының синтезделуі басталатын және ДНҚ-полимераза, РНҚ-полимераза ферменттері байланысатын учаске-промоторлар болып табылады. Промоторлар транскрипцияланатын гендермен қатар орналасады не олар гендерден алшақтау орналасуы мүмкін. Бактериялар промоторларында Прибнев боксыболады, ол транскрипция басталатын нүктеден 15 н.ж.-тей қашықтықта орналасқан.
(51) - ТАТААТ – (31)
(31) – АТАТТА – (51)
Промоторлардың жалпы ұзындығы бірнеше ондаған н.ж. тең. Эукариоттар промоторларының құрылысы күрделірек, онда ТАТА-бокс, ГЦ-бокс, ЦААТ-бокстар болады. Олармен РНҚ-полимераза транскрипцияның жалпы факторымен (ТFІІD) бір кешен түзіп барып байланысады.
4) Операторлар, энхансерлер рөлін атқарады.
Оператор промотордан кейін, құрылымдық гендерге дейін орналасады, онымен арнайы ақуыз-репрессор байланысып транскрипцияны болдырмайды (бастырмалайды).
Энхансерлер-реттеуші гендерден біршама алшақ (бірнеше ондаған мың нуклеотидтердей) орналасады. Олар транскрипция факторларымен (ТФ), мысалы ақуыз р-53, байланысып TFIID белсенділігіне әсер ету арқылы гендердің экспрессиялануын реттейді.
5) ДНҚ молекуласында транскрипцияның аяқталуына (терминациялауына) сигнал болатын локустар қызметін атқарады. Бактерияларда бұл реттеуші гендер алдында орналасқан аттенюаторлар және гендерден кейін орналасқан-терминаторлар.